Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 06 қазандағы N 266 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қазанда N 3516 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Д. Ә. Тілеубаев) "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары жөніндегі комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы Р. Сүлейменов

      2014 жылғы " 6 " қазан
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      басшысы Ғ. Сүлейменов

      2014 жылғы " 7 " қазан

  Шығыс Қазақстан облысы
Әкімдігінің
2014 жылғы " 6 " қазандағы
№ 266 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері


р/с

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Шекарасының ұзындығы (км)

Аумағы (га)

Орташа ені (м)

Шекарасының ұзындығы (км)

Аумағы (га)

Орташа ені (м)

1

Шешек бұлағы

11,0

361,4

100-650

12,3

52,6

35-55

2

Аблакетка өзені

6,8

454,3

225-500

11,4

72,9

55

3

Бражинский бұлағы

26,7

753,0

70-500

28,8

127,6

35-55

4

Овечий ключ бұлағы

18,5

592,0

80-500

20,4

112,3

35-75

5

Жуков бұлағы

11,9

318,3

50-500

12,8

49,4

35-55

6

Безымянный бұлағы (Ушанов ауылы)

5,5

315,0

125-500

12,1

47,5

35-55

7

Атауы жоқ бұлақ (Красин кенті)

1,7

16,9

140-340

2,1

5,7

35

8

Атауы жоқ бұлақ (Ескі Согра кенті)

6,1

295,9

500

8,2

44,8

35-100

9

Моховка өзені

3,4

261,1

250-500

9,5

49,1

35-175

10

Безымянный бұлағы (Моховка өзенінің саласы)

3,7

260,2

100-500

8,4

33,7

35-50

11

"Ескек каналы" су тоғаны

5,3

177,5

150-300

7,7

26,3

35

12

Мельничная ескі арнасы

-

(3,1 км Үлбі өзенінің бұрын белгіленген су қорғау аймақтарына енген)

-

(71,6 га Үлбі өзенінің бұрын белгіленген су қорғау аймақтарына енген)

120-300

5,4

32,2

35-75

      Ескертпе:
      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу" жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады