"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы N 317 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда N 3588 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қыркүйектегі № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.09.2015 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттын мәтінінде түпнұсканын пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 144 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3391, 2014 жылғы 15 шілдедегі № 80 (17014), 2014 жылғы 17 шілдедегі № 81 (17018) "Дидар" және 2014 жылғы 14 шілдедегі № 79 (19526), 2014 жылғы 16 шілдедегі № 80 (19527) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.";
      8-тармағы 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      регламенттің 1-қосымшасы орыс тілінде жаңа редакцияда мазмұндалды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады;";
      8 тармағы 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады;";
      8 тармағы 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады;";
      8 тармағы 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулыға 4 қосымшаға сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      5-тармақтың 7), 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) 7-іс-қимыл – облыстың жергілікті атқарушы органы маманының материалдарды жинақтауы, қорытынды дайындауы және материалдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 7 (жеті) жұмыс күні;
      8) 8-іс-қимыл – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ұсынылған материалдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісімдеуі. Орындалу ұзақтығы - 25 (жиырма бес) жұмыс күні;
      9) 9-іс-қимыл - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өзінің жинақтаған қорытындысымен материалдарды облыстың жергілікті атқарушы органына түпкілікті шешім қабылдау үшін жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 7 (жеті) жұмыс күні;";
      7-тармақтың 7), 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;";
      7-тармақтың 7), 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) облыстың жергілікті атқарушы органы материалдарды жинақтайды және қорытынды дайындайды, материалдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 7 (жеті) жұмыс күні;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған материалдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісімдейді. Орындалу ұзақтығы - 25 (жиырма бес) жұмыс күні;
      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өзінің жинақтаған қорытындысымен материалдарды облыстың жергілікті атқарушы органына түпкілікті шешім қабылдау үшін жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 7 (жеті) жұмыс күні;";
      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау, осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбiр iс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.";
      қосымша осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      мынадай мазмұндағы 9 тармақпен толықтырылсын:
      "9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулыға 6 қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

Облыс әкімі
 
 

Д. Ахметов
 
 




Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 28 " қарашадағы № 317


қаулысына 1 қосымша



"Мемлекет жеке меншікке


сататын нақты жер


учаскелерінің кадастрлық


(бағалау) құнын бекіту"


мемлекеттік көрсетілетін қызмет


регламентіне 3 қосымша

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

2.ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде


 

      Шартты белгілер:



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 28 " қарашадағы № 317


қаулысына 2 қосымша



"Жер учаскелерін қалыптастыру


жөніндегі жерге орналастыру


жобаларын бекiту"


мемлекеттік көрсетілетін қызмет


регламентіне 5 қосымша

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Шартты белгілер:



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 28 " қарашадағы № 317 қаулысына 3 қосымша



"Жер учаскесінің нысаналы


мақсатын өзгертуге


шешім беру" мемлекеттік


көрсетілетін қызмет


регламентіне 5 қосымша

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Шартты белгілер:



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 28 " қарашадағы № 317


қаулысына 4 қосымша



"Іздестіру жұмыстарын жүргізу


үшін жер учаскесін пайдалануға


рұқсат беру" мемлекеттік


көрсетілетін қызмет


регламентіне 5 қосымша

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Шартты белгілер:



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 28 " қарашадағы № 317


қаулысына 5 қосымша



"Суармалы егістікті


суарылмайтын алқап түрлеріне


ауыстыруға рұқсат беру"


мемлекеттік көрсетілетін қызмет


регламентіне 1 қосымша

Әрбір iс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 28 " қарашадағы № 317


қаулысына 6 қосымша



"Суармалы егістікті


суарылмайтын алқап түрлеріне


ауыстыруға рұқсат беру"


мемлекеттік көрсетілетін қызмет


регламентіне 2 қосымша

"Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Шартты белгілер:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады