Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 17.05.2018 № 30/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/6 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-167 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 13 шілдеде № 79 "Рудный Алтай" және 2011 жылғы 13 шілдеде № 80 "Дидар" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
"Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы";
мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгертілмейді:
"1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Екібасова |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Абакумов |