Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 03.12.2014 N 1458 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5- бабының
2-тармағына, 7- бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары белгіленсін:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) қырық бес және одан үлкен жастағылар;
15) есірткіге тәуелділер;
16) ВЖА – жұқтырған азаматтар;
17) мектеп және кәсіби оқу орындарының түлектері;
18) жалғыз басты тұратын адамдар;
19) ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан артық);
20) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар
21) екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар;
22) мамандықтары жоқ, жұмыс іздеп жүрген тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С.С. Жұмаділовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі |
Н. Шерубаев |