РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 24/289-V (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3589 тіркелген) шешіміне сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 3 682 517,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 453 857,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 762,0 мың теңге, соның ішінде:
мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар – 14,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 498,5 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 3 190 261,2 мың теңге, соның ішінде:
субвенциялар – 2 613 678,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 262,0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 876,9 мың теңге;
2) шығындар – 3 666 711,6 мың теңге, соның ішінде:
жергілікті атқарушы органдардың қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету – 14,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 47 593,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 57 885,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 262,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 5 544,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 37 331,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 37 331,0 мың теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2015 № 38-2 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.10.2015 № 39-5/1 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 41-2 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 42-2 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. 2015 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері "2015- 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 24/289-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 25/311-V шешіміне сәйкес 61,6 пайыз көлемінде орындауға алынсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.03.2015 № 33-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне, бюджет қаражаты есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда еңбекақылары жиырма бес пайызға көбейтіліп белгіленсін.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін жергілікті өкілді органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.
4. Аудандық жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві 3 760,8 мың теңге сомасында бекітілсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.12.2015 № 41-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына арналған әлеуметтік көмекке облыстық бюджеттен 38 313,0 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.10.2015 № 39-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. 2 қосымшаға сәйкес 2015 жылға аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 79202,1 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.10.2015 № 39-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. 3 қосымшаға сәйкес 2015 жылға аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 103484,7 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттер ескерілсін.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.10.2015 № 39-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. 2 қосымшаға сәйкес 2015 жылға аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 352 189,4 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 42-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. 7 қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
10. 8 қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі ескерілсін.
11. 4 қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.03.2015 № 33-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
12. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Сихварт |
Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы |
Р. Беспаев |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 1 қосымша |
2015 жылға арналған аудандық бюджет
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 42-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 2 қосымша |
2016 жылға арналған аудандық бюджет
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 3 қосымша |
2017 жылға арналған аудандық бюджет
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 4 қосымша |
2015 жылға арналған облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.10.2015 № 39-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Атауы | Сомасы |
1 | Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттілікті жіктеуге, соның ішінде | 48 712,0 |
патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу | 2 807,0 | |
балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге | 45 905,0 | |
2 | Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге | 6 770,0 |
3 | Мал дәрігерлік дәрі-дәрмекті қолдану | 12 323,0 |
4 | Мал дәрігерлік дәрі-дәрмекті уақытша сақтау | 24,0 |
5 | Ақпараттық баспа мәліметтерді, әлеуметтік маңызы бар жарнамаларды әзірлеу және дайындау үшін | 2 000,0 |
6 | Автокөлік сатып алу үшін | 1 610,0 |
7 | Көптілді білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша 5 және 11 сынып оқушыларына кітаптар, дәптерлер мен мультимедиалық дисктер сатып алу үшін | 7 763,1 |
| Барлығы | 79 202,1 |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 5 қосымша |
2015 жылға арналған облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері
Ескерту. 5 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.10.2015 № 39-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Атауы | Сомасы |
1 | Білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға | 103 484,7 |
| Барлығы | 103 484,7 |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 6 қосымша |
2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
Ескерту. 6 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 42-2 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 7 қосымша |
2015 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне 8 қосымша |
2015 жылға арналған секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Функционалдық топ | |||
| Әкімшілік | ||
| | Бағдарлама | |
| | | Атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
4 | | | Білім беру |
| 464 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі |
| | 003 | Жалпы білім беру |
5 | | | Денсаулық сақтау |
| 123 | | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты |
| | 002 | Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-2 шешіміне № 9 қосымша |
2015 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі
Ескерту. 9 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 16.03.2015 № 33-5/1 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1 | Көкпекті ауылында 36 пәтерлік тұрғын-үй құрылысының ЖСҚ жалғастыру әзірлеу | 7 300,0 |
2 | Бастаушы ауылында 132 орынға арналған мектеп құрылысы | 175 987,0 |
| Барлығы | 183 287,0 |