Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №24-246/V "Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 қазандағы № 26-299/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қарашада № 3535 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 маусымдағы № 3-35/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 09.06.2016 № 3-35/VI шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағының 5) тармақшасы, 9 бабы және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихат ШЕШТІ :
      1. "Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі №24-246/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3352 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымындағы 68-69 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Үржар аудандық мәслихатының Регламентінде "2.2. Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі" бөлімінің, 20 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "20.Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментіне мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.".
      2. Осы шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Ережепов
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады