Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10217 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, 2004 жылғы 10 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 30 (23668) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулыда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарының (бұдан әрі – банкнотар мен монеталар) төлемділігі олардың Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілетінің болуы, сондай-ақ банкноттар мен монеталарда қолдан жасау белгілерінің болмауы болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мынадай ақаулары бар:

      1) бояғыш заттар төгілген, оның ішінде жайылып кеткен бояулармен жазылған жазбалары бар;

      2) ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін бөгде жазбалары бар;

      3) машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін бөгде жазбалары бар;

      4) жыртылған банкноттар, желімденген немесе желімденбеген бөліктері еш даусыз бір банкноттікі болып табылатын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің бірігіп елу пайызынан астам көлемін құрайтын банкноттар;

      5) бұрышынан немесе шетінен көлемінің бір пайызынан астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінен елуден астам пайызын сақтап қалған;

      6) ұзынынан он миллиметрден астам жыртығы бар, оның ішінде түссіз жабысқақ таспамен желімденген;

      7) банкноттағы тесіктердің болуы оны тесуді куәландыратын жағдайларды қоспағанда, диаметрінде үш және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;

      8) банкнот бейнесінің жоғалуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;

      9) от шалған және күйген, бірақ бұл ретте Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінен елуден астам пайызын сақтап қалған;

      10) қорғаныш жібі жойылған;

      11) банкнот бейнесінің және ашықтығының төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және (немесе) сырт жақтары кірлеген банкноттар. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майлардың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан банкнот бетінің қараюымен сипатталатын банкноттардың жай-күйі;

      12) үлбіреу және қағаздың қаттылығын жоғалту белгілері бар банкноттар тозығы жеткен банкноттар болып табылады.";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бастапқы түсін өзгерткен, бірақ аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе қырында жазбаша және (немесе) сандық белгілерін сақтаған монеталар жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Төлем банкноттары мен монеталарына жатқызуға болмайтын, Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілмеген зақымдары бар, "ҮЛГІ", "SPECIMEN" жазуы бар банкноттар, сондай-ақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінен елуден астам пайызын сақтап қалған, қайта жасалған банкноттардың түпнұсқа бөлігі болып табылатын, желімнің немесе кесілген жерінде жабысқақ таспаның іздері бар, тігінен түзу кесілген банкноттар мен монеталар төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар болып табылады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоймаған, шынайылығына күмән тудырмайтын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің жетпіс пайыздан кем емес, олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың шынайылығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған банкноттар жатады.

      14. Төлем монеталарына Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы болып табылатын, бүліну сипатына қарамастан аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе қырында жазбаша және (немесе) сандық белгілерін сақтап қалған шынайы монеталар, оның ішінде ақаулы (зақымданған) монеталар, сондай-ақ биколорлыққа жататын монеталардың екі бөлігі жатады.";

      15-1-тармақта орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұлттық Банк заңды төлем құралы ретінде айналысқа енгізген банкноттар мен монеталар шынайы банкноттар мен монеталар болып табылады.

      17. Төлем банкноттары мен монеталары тозу дәрежесі бойынша айналысқа жарамды, тозығы жеткен, ақаулы (зақымданған), айналыстан алынатын болып бөлінеді. Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар өз кезегінде эмиссиялық ораудағы банкноттар мен монеталар және айналыста болған банкноттар мен монеталар болып бөлінеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қолдан жасалған банкноттар мен монеталар айырбасталуға, клиентке қайтарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының аумақтық құқық қорғау органдарына берілуге тиіс.";

      2-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қоса алғанда 2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 200, 500, 1000 және 2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      3-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қоса алғанда 2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 5000 және 10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      4-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 200 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      5-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 500 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      6-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 1000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      7-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      8-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 5000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      9-қосымшада:

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады