Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 18-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 шілдеде № 3582 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.12.2016 № 8-9 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар қосымша берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы З. Мусина
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

  2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 18-8 Батыс Қазақстан
облыстық маслихатының
шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар


Аурулар

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)

1.
Бастапқы өкпе гипертензиясы
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Босентан қабығымен қапталған таблеткалар;
Силденафил қабығымен қапталған таблеткалар
2.
Юневильдық артрит
Диспансерлік есепте тұрған балалар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат
3.
Ревматоидтық артрит
Диспансерлік есепте тұрған ересектер
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат
4.
Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырылғаннан кейінгі жағдай
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Тенофовир үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар
5.
Эпилепсия
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Леветирацетам үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады