Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 21-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 3498 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 12-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 22.02.2024 № 12-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3279 тіркелген, 2013 жылғы 8 мамырдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) түрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      5 тармақтың 4 абзацы мынадай редакцияда жазылсын "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы, немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрағасы Е. Аюпов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Тойшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады