"Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 177 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 3545 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 15.07.2015 № 224 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Уалиевке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Сериккалиев

  2014 жылғы 16 мамырдағы № 177
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы: Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі мал жәрдемі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091100, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 20.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады.
      15. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында Теректі ауданының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
      4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
      6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептілік ұсыну;
      8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      9) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      10) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру;
      11) ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      12) мүдделi тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      13) ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргiзеді;
      14) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;
      15) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      16) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      17) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы қаулы шешімдер қабылдау;
      18) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      19) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      20) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      22) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ақпарат беру;
      23) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ұсыну;
      24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      27) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыру;
      30) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыру;
      31) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзуді жүзеге асыру;
      32) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беруді жүзеге асыру;
      33) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы орган ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органына жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
      17. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік орган өзінің құзыреті шегінде:
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға;
      мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
      мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
      мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға құқылы;
      2) мемлекеттік органның міндеттері:
      Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
      заңнамада белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
      21. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
      2) заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      5) мемлекеттік мекеменінің басқа мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіреді;
      6) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және жұмысқа дербес жауап береді;
      7) бөлімге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, облыстық, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауап береді;
      8) Қазақстан Республикаларының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
      "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның бірінші басшысы реттеп отырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады