Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қант әкелудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 ақпанда № 10262 тіркелді

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 435 000 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу 2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждар төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті белгіленген тәртіппен тізбесі және осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға не әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген кәсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін:
      кедендік әкелу баждарын төлемей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі беретін лицензиялар негізінде;
      Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен бекітілген мөлшерлемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі беретін лицензияларсыз ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қантты кедендік декларациялауды жүзеге асыру қажеттілігі туралы хабардар етсін;
      2) қабылданатын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 26 қаңтар

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 қаңтар

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 45 бұйрығына қосымша  

Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі

р/с

Қант өндіретін кәсіпорын атауы

1.

«Орталық Азия Қант корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады