"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 ақпанда № 10316 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 30.07.2015 № 639 бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 4-тармағына сәйкес, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8467 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 299 (27573) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі щеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) босатылатын баға (ТМККК шеңберіндегі бөлшек сауда бағасы) - бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, босатылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг жүргізу - ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасында өндірілетін және әкелінетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша деректерді жинау, өңдеу және талдау (бұдан әрі - мониторинг);
      4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган);
      5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сарапшы ұйым (бұдан әрі - сарапшы ұйым) - дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа түпнұсқалық дәрілік заттарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйым;
      6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - ТМККК шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды және оларды өнім берушілерге жеткізу бойынша қамтамасыз етуді, қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютор);
      7) импорт бағасы - дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде инвойста көрсетілетін баға;
      8) мониторинг субъектілері - медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
      9) орташа көтерме сауда бағасы - дәрілік нысанын, дозасын, өлшеп-орамын есепке ала отырып, белгілі бір өндірушінің сауда атауы бірдей дәрілік препаратының көтерме бағасының орташа арифметикалық мәні;
      10) өндіруші бағасы - өндірістік шығындардың барлық түрлерін, жүкқұжат пен жалпы әкімшілік шығыстарды қамтитын, дәрілік затты және медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйымның босату бағасы;
      11) өтініш беруші - дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізуге, тіркеуге/тіркелген бағаларды өзгертуге өтініш, құжаттар және материалдар беруге уәкілетті әзірлеуші, өндіруші, тіркеу куәлігінің иесі, өндірушінің ресми өкілінің мәртебесіне ие заңды тұлға;
      12) сатып алуды ұйымдастырушылар - өтінім берушімен немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесінде анықталған өнім беруші немесе адам;
      13) тіркелген баға - өндірушінің бағасын, қауіпсіздікті және сапаны, логистиканы бағалауға жұмсалған шығындарды, заңнамамен көзделген жағдайларда кедендік баж салығын есепке ала отырып, уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның саудалық атауы бойынша бағасы;
      14) ТМККК шеңберіндегі көтерме сауда бағасы - дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның көтерме саудада өткізу кезіндегі саудалық атауы бойынша бағасы;
      15) уәкілетті органның формулярлық комиссиясы - дәрілік заттарды тиімді пайдалану әдістерін енгізетін, формулярлық жүйенің қызметін барлық деңгейлерде үйлестіретін және Республикалық дәрілік формулярды әзірлейтін алқалық, консультациялық-кеңесші және сарапшы орган (бұдан әрі - формулярлық комиссия);
      16) халықаралық референттік баға - басқа елдердегі, соның ішінде халқының тұрмыс деңгейі ұқсас және бірыңғай кедендік кеңістік елдеріндегі дәрілік препараттардың орташа көтерме сауда бағасы;
      17) ТМККК шеңберінде дәрілік препаратқа шекті баға - уәкілетті орган белгілеген және одан жоғары бағада, сатып алуды жүргізуге болмайтын баға.».
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті баға өндірушінің ұсынған, орташа көтерме сауда бағаларының негізінде айқындалады. Бағаны есептеу ең төмен бағаны белгілеуді негізделеді. Жоғарыда көрсетілген бағалардың бірі болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың алдыңғы жылғы сатып алынған бағалардың ең төмен бағасы ескеріледі.
      Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаны қалыптастырған кезде қосымша Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы қосылады.
      Долларға қатысты теңгенің ресми курсы 15 пайыздан аса өзгерген жағдайда шекті бағаны қалыптастырған кезде долларға қатысты теңгенің ресми курсы коэфиценті ескеріледі.».
      2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 26 желтоқсанда туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                               Т. Дүйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады