Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қатынастары саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру қағидалары бекітілсін.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 54 бұйрығымен бекітілген
Жер қатынастары саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жер қатынастары саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленген және жер қатынастары саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар:
1) жерге орналастыру, кадастр мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, басқа да кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген тұлғаларға;
2) біліктілігін (біліктілік разряды/санаты) арттыруға ниет білдірген жер қатынастары саласындағы ұйымдардың қызметкерлеріне;
3) тиісті кәсіп (мамандық/біліктілік) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес кәсіпті (мамандықты/біліктілікті) өз бетімен игерген тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Қағидалар мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) апелляция – мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі орган қабылдаған шешімді қайта қарау туралы уәждеу сауалы бар, сертификаттаудан өткен үміткердің немесе тұлғаның жазбаша өтініші;
2) бағалау - сертификаттау туралы шешім қабылданатын, оның көмегімен үміткер біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру сызбасындағы талаптарды орындау сәйкестігі белгіленетін процесс;
3) берілген сертификаттарды есепке алу тізілімі - берілген сертификаттарды есепке алу журналы;
4) біліктілік – білімінің, дайындығының деңгейіне даярлауға және/немесе жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар;
5) біліктілік беру – жер қатынастары саласындағы нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттіліктердің, кәсіптік білімнің, дағдылардың жиынтығын растау рәсімі;
6) біліктілік деңгейі – жұмыстарды орындау кезінде күрделілігін, стандартты еместігін және жауапкершілік дәрежесін есепке алатын ұлттық біліктілік шеңберінде (бұдан әрі - ҰБШ) және салалық біліктілік шеңберінде (бұдан әрі - СБШ) біліктіліктің әртүрлі деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығы;
7) біліктілік сәйкестігін растау - жер қатынастары саласындағы сертификатталған тұлғаның біліктілікке сәйкестігін растау және біліктілік беру сертификаты түрінде құжаттамалық куәландыру нәтижесі болып табылатын рәсім;
8) біліктілігінің сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы - аудитор – нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 тіркелген «Тауарды шығаратын елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін артыру және оларды аттестаттау қағидасын және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығымен белгіленген тәртіппенаттестатталған маман;
9) емтихан - үміткердің құзыреттілік дәрежесін бір немесе бірнеше тәсілдермен, мысалы, лауазымның және жұмыс орнының ерекшелігін ескере отырып, ауызша, жазбаша, практика, қадағалау арқылы айқындайтын, бағалау нысаны;
10) емтихан алушы – практикалық қызмет тәжірибесі бар, тиісті қызмет саласында кәсіптік білімі бар, сертификатталатын маман деңгейінен төмен емес, емтиханды өткізуге және/немесе бағалауға құзыретті тұлға;
11) қайта сертификаттау – сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған соң сертификаттау рәсімінің қайта өткізілуі;
12) мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі ұйым - мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жұмыстарын орындау үшін білім беру қызметтерін көрсетуден тәуелсіз аккредиттелген заңды тұлға;
13) мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру сызбасы – мамандардың жер қатынастары саласында ҰБШ-да және кәсіптік стандарттарда, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау және осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттай отырып, біліктілік беру тәсілі;
14) сертификат – маманның біліктілік (кәсіби құзыреттілік) деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
15) сертификаттау – мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі ұйым үміткердің ҰБШ-та біліктілік және құзыреттілік деңгейіне және кәсіптік стандарттарға қойылатын белгілі бір талаптарға сәйкестігін белгілейтін, біліктілігінің сәйкестігін растаудың және оны берудің тиісті сертификатын беретін рәсім;
16) үміткер – жер қатынастары саласындағы маманның біліктілігін иеленуге үміткер өтініш беруші.
2. Жер қатынастары саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру тәртібі Жалпы талаптар
4. Мамандар біліктілігінің сәйкестігін растауды және оны беруді жөніндегі ұйым (бұдан әрі - СРҰ) жүзеге асырады.
5. Үміткерлер біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беруге арналған өтініштерін (бұдан әрі – өтініш) СРҰ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдайды және олар өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Мамандар біліктілігін сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімдерін өткізу мақсатында СРҰ жанында өкілеттік мерзімі/күнтізбелік бір жыл болатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
3. Біліктілік комиссиясының қызметі
7. Комиссия СРҰ басшысының бұйрығымен құрылады және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) үміткерлер ұсынған өтініштерді үш жұмыс күні ішінде қарайды;
2) үміткерлерге отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы он жұмыс күні ішінде хабарлайды;
3) сәйкестікті растау және біліктілік беру сызбасына сәйкес біліктілік емтихандарын қабылдайды;
4) емтиханның қорытындысы бойынша біліктілікті растау/растамау туралы қорытынды дайындайды және оны СРҰ-ға сертификаттау бойынша шешім қабылдауға ұсынады. Емтиханның нәтижесі сол күні біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасы рәсімделгеннен кейін хабарланады;
5) біліктілікті беру үшін үміткерді одан әрі кәсіптік даярлау бойынша ұсынымдар береді;
6) өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
8. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, сертификаттаудың қаралатын саласындағы сарапшы-аудиторы, комиссия мүшелері (бейіні бойынша үштен кем емес) кіреді.
Комиссия төрағасы сарапшы-аудиторлар, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, ұйымдардың, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.
Комиссия мүшелері сарапшы-аудиторлар, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің, қызметкерлердің салалық бірлестіктердің өкілдері арасынан тағайындалады.
9. Комиссия төрағасы:
1) біліктілік комиссиясының отырысын өткізеді;
2) біліктілік сәйкестікті растау және оны беру рәсімінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;
3) СРҰ-ға комиссияның жұмыс нәтижелерінің талдауын ұсынады және оның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) емтихан қорытындылары бойынша біліктілікті растау немесе растамау туралы хаттаманы бекітеді.
10. Комиссия хатшысы:
1) комиссия мүшелеріне отырыстың күні мен уақыты туралы хабарлайды;
2) комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді;
3) комиссия жұмысының материалдарын ресімдейді және оны бекіту үшін белгіленген тәртіппен СРҰ-ге жолдайды.
Хатшы сертификатталатын мамандардың бейініне сәйкес келетін білімі бар мамандардан ішінен біліктілік комиссия құрамында бекітіледі. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
11. Емтихан алушылар:
1) өзінің кәсіптік қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты СРҰ-ға ұсынады;
2) өзінің құзыреттілік деңгейін үнемі өз дәрежесінде ұстайды және арттырады;
3) өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
12. Комиссия көпшіліктің қарапайым дауыс беруі арқылы:
1) кәсібі бойынша біліктілікті растау (растамау) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу);
2) кәсібі бойынша біліктілік беру (бермеу) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу) шешімдерінің бірін қабылдайды.
Шешім, егер комиссия отырысына оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда шешім емтихан тапсырушының пайдасына қабылданады.
13. Комиссияның тиісті біліктілік сәйкестігін растау немесе оны беру туралы шешімі хаттамамен ресімдіп оның негізінде СРҰ бұйрығымен бекітіледі.
4. Біліктілік сәйкестігін растау және оны беру
14. СРҰ біліктілік сәйкестігін растау және оны беру тәртібі:
1) үміткерден өтініштерді қабылдауды;
2) Жоспарға сәйкес өтінішті бағалай отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік сәйкестігін растауды және оны беруді;
3) тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, СРҰ мен үміткер арасында біліктілік сәйкестігін растау және оны беру қызметтерін жүргізуге арналған шарт жасауды;
4) біліктілік сәйкестігін растау және оны беру және бағалау нәтижелерін құжаттау сызбасының талаптарына сәйкес емтихан өткізуді;
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау бойынша шешім қабылдау және оң шешім қабылданған жағдайда жеті жұмыс күні ішінде біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сертификатын беруді;
6) біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сызбасына сәйкес қайта сертификаттауды қамтиды. Қайта сертификаттау процесі және сертификатты жаңа мерзімге ұзарту өтініш беруші ұсынған өтініш негізінде жүргізіледі.
7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген сертификаттарды есепке алу тізіліміндегі тиісті жазбамен сертификат беруді қамтиды.
5. Апелляциялық комиссияның құзыреті
15. Даулы мәселелерді қарастыру және қатысушылардың құқықтарын қорғау үшін Апелляциялық комиссия (бұдан әрі - АК) құрылады. Үміткер емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда, емтихан нәтижесі жарияланған соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға шағым береді. Апелляцияны қарау мерзімі жеті жұмыс күні.
16. АК СРҰ басшысының бұйрығымен құрылады және АК туралы ереже негізінде жұмыс істейді.
Комиссия мүшелері АК құрамына кіре алмайды.
АК функцияларына мыналар кіреді:
1) сертификаттаудан өткен үміткерлердің немесе тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;
2) келіп түскен апелляциялардың есебін жүргізеді;
3) біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сызбасын жетілдіру туралы ұсыныс енгізу кіреді.
Апелляцияны қарау емтихан нәтижелерін бағалау процесінің дұрыстығын тексеруді, талаптарды сақтауды және даулы мәселелердің шешімін болжайды.
17. АК шешімдер қабылдауды құжатпен растайды, бұл ретте өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
6. Қорытынды ережелер
18. Емтиханды жақсы тапсырған үміткерлерге Сертификат беріледі.
19. Сертификат:
1) техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарын бітірген, диплом алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде сертификаттаудан өткен тұлғалар үшін мерзімсіз болып табылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, барлығына үш жыл мерзімге беріледі.
20. Сертификат жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалудың жариялануын растайтын құжатпен қоса берілген өтініш негізінде үш жұмыс күні ішінде СРҰ оның телнұсқасын береді.
21. Сертификат бүлінген жағдайда, сертификат алған тұлға, нөмірін, берілген күнін, қолданылу мерзімін көрсете отырып, сертификаттың телнұсқасын беру туралы үш күн мерзімі ішінде СРҰ-ға өтініш береді. Сертификаттың бүлінген телнұсқасы өтінішке қоса беріледі.
22. СРҰ Сертификаттың жоғалуы мен бүлінуі туралы өтінішті қарайды және Сертификаттарды беруді есепке алу тізілімінің негізінде «Телнұсқа» сөзін, бұрынғы нөмірлерін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, Сертификатының телнұсқасын береді.
Жер қатынастары саласындағы
мамандар біліктілігінің сәйкестігін
растау және оны беру қағидалар
1-қосымша
нысан
Біліктілік сәйкестігін растауға және оны беруге арналған өтініш
4 х 6 суреті |
______________________________________________________________(кімге)
(мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру органының
толық атауы)
_____________________________________________________________(кімнен)
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны,
e-mail)
_____________________________________________________________________
бойынша сәйкестікті (сәйкестікті растау және біліктілікті беру
саласын көрсету) растауды сұраймын.
Мен, ________________________________________________________________
саласындағы сертификаттау процесіне қатысты нормативтік құжаттардың
шарттарымен және талаптарымен таныстым және қабылдаймын.
Менің өтінішімдегі нысанда келтірілген деректерімді тізілімде
жариялауға болады.
Мен берген мәліметтер рас, келешекте мамандар біліктілігінің
сәйкестігін растау және оны беру органына менің жеке деректерімдегі
барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндеттенемін. Мен дұрыс емес
ақпарат берген жағдайда тізілімнен шығарылатынымды түсінемін және
қабылдаймын.
Қосымшалар:
1. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).
2. Жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда).
3. Білімі туралы құжаттың (көшірмесі, болған жағдайда).
4. Тиісті мамандық бойынша еңбек өтілін растайтын құжат
(көшірмесі болған жағдайда).
5. Өтініш берілген сертификаттау саласындағы біліктілікті
арттыру туралы куәлік (көшірмесі, болған жағдайда).
Күні, өтініш берушінің қолы, қол қоюларды таратып жазу.
Ескерту: барлық көшірмелердің әр беті ұйымның мөрімен немесе
нотариалды түрде расталады.
Жер қатынастары саласындағы
мамандар біліктілігінің сәйкестігін
растау және оны беру қағидалар
2-қосымша
нысан
Біліктілік сәйкестігін растауға және оны беруге арналған жоспар
20___жылғы « » __________
_____________________________________________________________________
(Біліктілік сәйкестіктігін растау және оны беру жөніндегі органның
атауы)
_____________________________________________________________________
(қызметтің атауы)
Қоса берілген құжаттарымен 20___жылғы « » __________өтінішін қарап
қосымша құжаттармен
______________________________________ Біліктілік сәйкестігін растау
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекен жайы, телефоны)
және біліктілік беруге арналған мыналарды ШЕШТІ:
1. _________________________________________________ сызбасы бойынша
(сәйкестікті растау және біліктілік беру схемасының нөмірі)
сәйкестікті растау және біліктілік беру.
2. Сәйкестікті растау және біліктілік беру үшін өтініш берушінің
құзыреттілігін тексеруді
__________________________________________________ базасында жүргізу.
(құзыреттілікке тексеру жүргізілетін орталықтың атауы)
3. Сәйкестікті растауды және біліктілік беруді
_____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні, (қажеттілігіне қарай
тармақтардың нөмірлерін көрсету) талаптарына сәйкес өткізу.
4. Жұмыстарды _______________________________________________________
__________________________________________________ негізінде жүргізу.
(шарттың нөмірі мен күнін көрсету)
____________________________________ М.О. _________________
(сәйкестікті растау жөніндегі орган (аты-жөні, тегі)
басшысының қолы)
Жер қатынастары саласындағы
мамандар біліктілігінің сәйкестігін
растау және оны беру қағидалар
3-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________
Сәйкестікті растау және оны беру жөніндегі органның атауы
СЕРТИФИКАТ
Осы сертификат ___________________________________________________ ке
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(сертификат берілген нормативтік құжатты көрсету)
_____________________________________________________________________
(біліктілігін бере отырып/растай отырып, берілді)
берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген
№ _____________________________________
20___ жылғы "____"_________ берілді.
20___ жылғы "____"_________ жылға дейін жарамды
Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын бітірген, диплом
алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл сертификаттаудан өткен тұлға
үшін мерзімсіз болады.
Заңды тұлғаның басшысы (егер мамандар біліктілігінің
сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі орган заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшесі болып табылған жағдайда)
_____________________ _________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (тегі,аты-жөні)
МО
Мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және біліктілігін беру
органының басшысы
_____________________ _________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (тегі,аты-жөні)
МО
Жер қатынастары саласындағы
мамандар біліктілігінің сәйкестігін
растау және оны беру қағидалар
4-қосымша
нысан
Берілген сертификаттарды есепке алу тізілімі
Р/№ |
Сертификаттың тіркеу нөмірі |
Сертификаттың берілген күні (күні, айы, жылы) |
Сертификат алған тұлға т.а.ә. |
Сертификат берген уәкілетті органның атауы |
Кәсіптің (мамандықтың) аталуын немесе кәсіптік қызмет саласының атауы |
Сертификаттың жарамды мерзімі |
Алушының қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |