Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10449 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Қоса беріліп отырған Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы бекіту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 12 ақпандағы
№ 79 бұйрығымен бекітілген

Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін айқындайды (бұдан әрі – көміртегі бірліктері).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) айналым - әртүрлі көміртегі бірліктерінің тізілімдері арасында не көміртегі бірліктерінің бір тізілімі ішінде көміртегі бірліктерін бір шоттан екінші шотқа аударумен байланысты олармен жасалатын кез келген операция;

      2) бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі бақылау комитеті - бірлесіп жүзеге асыру жобаларын іске асыруды бақылауды жүзеге асыратын халықаралық орган;

      3) есептік кезең - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен белгіленген парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелердің қолданылу кезеңі;

      4) есептік кезеңнің белгіленген мөлшер резерві - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар талаптарына сәйкес көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде сақталуға тиіс белгіленген мөлшер бірлігінің ең аз көлемі;

      5) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

      6) операцияларды халықаралық тіркеу журналы - операциялардың шынайылығын тексеру мақсатында іске асырылатын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының хатшылығы басқаратын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жасалған операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;

      7) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

      8) таза даму тетігінің тізілімі - таза даму тетігі жөнінде жобалармен шығарылатын шығарындылардың сертификатталған азаюымен операциялар жүргізу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының таза даму тетігі атқарушы органы жасаған тізілім;

      9) таза даму тетігі тізілімінің операторы - климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық шарт шеңберінде таза даму тетігі тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын халықаралық ұйым;

      10) туынды көміртегі бірліктері - ормандарды қайта қалпына келтіру және орман отырғызу бойынша қызметтің нәтижесінде парниктік газдарды сіңіруді арттыру жөніндегі жобалармен шығарылатын шығарындылардың сертификатталған азаюының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бірліктері;

      11) шығарындыларды азаю бірлігі - бірлесіп жүзеге асыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;

      12) шығарындылардың сертификатталған азайту бірлігі - таза даму тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі.

      3. Көміртегі бірліктерімен құру және айналым бойынша мынадай операция түрлері жүргізіледі:

      1) құру және айналымға енгізу;

      2) бір түрлі басқа түрге айырбастау;

      3) көміртегі бірліктерін бір тізілімнен екіншісіне беру;

      4) бір көміртегі бірліктерінің тізілімі шеңберінде бір тұлғадан екіншісіне беру;

      5) айналымнан алып тастау;

      6) қолданылу мерзімін өзгерту;

      7) күшін жою;

      8) келесі есепті кезеңге ауыстыру.

      4. Қазақстан Республикасының аумағындағы көміртегі бірліктерін құру және онымен жұмыс жасау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7702 болып тiркелген) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын оператор қалыптастыратын және жүргізетін Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі жүргізілетін операциялар негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі көміртегі бірліктері тізілімдерінің жүйесі үшін белгіленген деректер алмасу бойынша халықаралық стандарттарды қолдана отырып, таза даму тетігі тізілімі мен операцияларды халықаралық тіркеу журналы арасында көміртегі бірліктерімен операция жасау бойынша тұрақты хабар алмасуды жүргізеді.

      6. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операцияларды халықаралық тіркеу журналына жіберетін операциялар жүргізу жөніндегі ұсыныстарда жасалатын операция түрі, көміртегі бірліктерінің түрі мен мөлшері, бірліктер берілетін және алынатын тізілімдер мен шоттар, сондай-ақ өзге де қажетті ақпараттар қамтылуға тиіс.

      7. Көміртегі бірліктері айналымы жөніндегі операциялар Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген мерзімде жүргізіледі.

2. Көміртегі бірліктерін құру тәртібі

      8. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген мөлшердегі бірліктерді, шығарындыларды азайту бірліктері мен сіңіру бірліктерін құрады және айналымға енгізеді.

      9. Шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктері мен туынды көміртегі бірліктерін таза даму тетігі тізілімінің операторы құрады және айналымға енгізеді.

      10. Белгіленген мөлшердегі бірліктерді құруды уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген, белгіленген мөлшерді анықтау жөніндегі рәсімінен өткеннен кейін және операцияларды халықаралық тіркеу журналына тиісті деректер ұсынылғаннан кейін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.

      11. Белгіленген мөлшердегі бірліктер Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне операцияларды халықаралық тіркеу журналынан ұсынылған операцияны мақұлдау туралы хабарлама алу арқылы енгізіледі.

      12. Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын бірлесіп жүзеге асыру жобалары бойынша шығарындыларды азайту бірліктерін құруды уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді не Бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі бақылау комитеті операцияларды халықаралық тіркеу журналына ұсынатын деректердің негізінде құрылады.

      13. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын бірлесіп жүзеге асыру жобалары бойынша - шығарындыларды құру бойынша операцияларды жүргізу белгіленген мөлшер бірліктерінің тиісті мөлшерін ауыстыру немесе сіңіру бірліктерін шығарындыларды азайту бірліктеріне ауыстыру арқылы жүргізіледі.

      14. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы сіңіру бірліктерін бүкіл есептік кезеңдегі парниктік газдар сіңірулерін мемлекеттік түгендеу нәтижелері бойынша қабылданған уәкілетті органның шешімі бойынша енгізеді. Уәкілетті органның шешімімен белгіленген мерзімде ол тиісті ұсынысты операцияларды халықаралық тіркеу журналына жолдайды.

      15. Операцияларды халықаралық тіркеу журналынан ұсынылған операцияны мақұлдау туралы хабарлама мен уәкілетті органның растауын алғаннан кейін оператор Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне сіңіру бірліктерінің тиісті мөлшерін тіркейді.

3. Көміртегі бірліктері айналымының тәртібі

      16. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінен басқа көміртегі бірліктерінің тізіліміне шығарындыларды азайту бірліктерін беру бойынша операция уәкілетті органның шешімі негізінде жасалады.

      17. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы уәкілетті органның шешімі негізінде шығарындыларды азайту бірліктерінің берілетін мөлшерін көрсете отырып, операцияларды халықаралық тіркеу журналына тиісті ұсыныс жолдайды.

      18. Шығарындыларды азайту бірліктерін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінен басқа көміртегі бірліктерінің тізіліміне біржола беру операцияларды халықаралық тіркеу журналынан ұсынылған операцияны мақұлдау туралы хабарлама алған кезде жүргізіледі.

      19. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне шығарындыларды азайту бірліктерін беруді тізілімінен осындай беру жүргізілетін көміртегі бірліктері тізілімінің операторы жүзеге асырады.

      20. Қазақстан Республикасының белгіленген мөлшердің бір бөлігін басқа мемлекеттің көміртегі бірліктерінің тізіліміне беру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт аясында белгіленген есептік кезеңнің белгіленген мөлшерінің резервін қамтамасыз ету жөніндегі талаптары сақталған жағдайда жүргізіледі.

      21. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі шеңберінде шығарындыларды азайту бірліктері мен шығарындылардың сертификатталған азаю бірліктерін бір тұлғаның шотынан басқа тұлғаның шотына беру оларды беру жүргізілетін шоттары арасында тұлғалармен жүзеге асырылады.

      22. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы көміртегі бірліктерін айналымнан шығаруды операцияларды халықаралық тіркеу журналынан алынған тиісті хабарлама негізінде немесе уәкілетті органның шешімі негізінде мынадай жағдайларда жүргізеді:

      1) көміртегі бірліктерін артық көлемде немесе тиісті негіздемесіз шығару;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген, Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерін шығаруына негіз болған талаптар мен өлшемдерін сақтамау фактілерінің белгіленуі;

      3) Қазақстан Республикасының өзіне тиесілі көміртегі бірліктерін айналымнан ерікті түрде алып тастауы.

      23. Оператор операцияларды халықаралық тіркеу журналынан хабарлама не уәкілетті органның тиісті шешімін алған күнінен бастап, егер халықаралық көміртегі бірліктері аталған мерзім ішінде шағымдалмаған және қайта қарастырылмаған болса, бір ай мерзімде халықаралық көміртегі бірліктерін айналымнан шығару операциясын жүргізеді.

      24. Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы туынды көміртегі бірліктерін көміртегі бірліктерінің басқа түріне ауыстыруды операцияларды халықаралық тіркеу журналынан алынған тиісті хабарламасы немесе уәкілетті органның тиісті шешімі негізінде жүргізеді.

      25. Уәкілетті орган туынды көміртегі бірліктерін алмастыру туралы шешімді олардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты туынды көміртегі бірліктерін алмастыру үшін қолданылатын көміртегі бірліктерінің түрін көрсете отырып қабылдайды.

      26. Оператор операцияларды халықаралық тіркеу журналынан хабарлама не уәкілетті органның тиісті шешімін алған күнінен бастап, егер туынды көміртегі бірліктері аталған мерзім ішінде шағымдалмаған және қайта қарастырылмаған болса, туынды көміртегі бірліктерін алмастыру бойынша операцияны бір ай мерзімде жүргізеді.

      27. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы көміртегі бірліктерінің күшін жоюды уәкілетті органның шешімі негізінде оларды көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің арнаулы шотына аудару арқылы жүргізеді.

      28. Көміртегі бірліктерінің күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген есепті кезең аяқталғаннан кейін белгіленген мерзімде қабылдайды.

      29. Күші жойылатын көміртегі бірліктерінің көлемін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт бойынша белгіленген парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі мөлшерлік міндеттемелер негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады