"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10540 тіркелді

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 тіркелген, № 231-235 (27309) 2012 жылғы 12 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:
      789-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру құқықтық кадастрдан (бұдан әрі - Сауал) жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алуға жазбаша сауалдары негізінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      Құқық қорғау, сот органдарының өндірістегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжат бойынша, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының олардың құзыретіне сәйкес жазбаша өтініш жасаған жағдайларда, хатта талап етілген ақпарат негізі, сұралатын ақпараттарды пайдалану мақсаты, сондай-ақ сұралатын субъектілердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жеке тұлғаның ЖСН, заңды тұлғаның атауы және БСН) көрсетіледі.
      8. Құқық қорғау, сот органдары өкілдерінің, сот орындаушыларының, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілеттігі ресми бланкіде басылған және мөрмен куәландырылған ақпарат алуға жазбаша сұрау хатты ұсынумен расталады.
      Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген ордермен куәландырылады.
      Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының өкілеттігі соттың борышкерді дәрменсіз деп тану туралы шешімімен және сыртқы бақылауды енгізу туралы ұйғарымымен және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларын тағайындау туралы бұйрығымен расталады.
      Мәжбүрлі таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы) өкілеттігі тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұрығымен және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхатпен расталады.
      Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтары туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.
      Кондоминиум объектісі қатысушының өкілеттігі құқық белгілейтін құжатты не кондоминиумның осы қатысушысына меншік құқығының негізінде жататын жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын хаттамасын ұсынумен расталады.
      Өзге тұлғалардың өкілеттігі құқық иесінің жазбаша нотариалды куәландырылған келісімімен расталады.
      Кондоминиум объектісі қатысушыларына жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама ғана беріледі.
      9. Тіркеуші орган құқық қорғау, сот органдарының өндірістегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, сот орындаушыларының өндірісінде атқарушылық құжат бойынша, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ақпарат алуға сұрау салу берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат береді.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Орталық өтініш иесінің немесе уәкілетті өкілінің, адвокаттың, уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының, тарату комиссиясының (таратушы), кондоминиум объектісі қатысушысының сауалының негізінде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дан ақпаратты сауал келіп түскен сәттен бастап 20 минут ішінде электрондық түрде ұсынады. Осы ереженің 10-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды алғанға дейін, өтініш беруші осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалға қол қояды.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-нан «электрондық үкімет» порталын пайдаланып Интернет-ресурс арқылы ақпарат ұсыну кезінде, электрондық құжат жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Ақпаратты бірнеше тіркеуші органдар ұсынған жағдайда, электрондық құжат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.»;
      13-қосымша осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                         Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі
      ______________ А. Исекешев
      2015 жылғы___________ақпан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ________________ Б.Сұлтанов
      2015 жылғы___________ақпан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі
      ________________Е. Досаев
      2015 жылғы___________ақпан

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 107 бұйрығына 1-қосымша

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне  
1-Қосымша     

Нысан

_____________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

      Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сауал №_________

Мен,_________________________________________________________________
   (Т.А.Ә., паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері және жеке
тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
__________________________________________________атынан әрекет етуші
      (уәкілетті өкіл толтырылады)
____________________________________________________________негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
      - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша;
      - жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.

Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі__________________________________
Объектінің тұрған жері_______________________________________________
Мына құжаттарды қоса беремін:________________________________________
Күні_______,_______________________________________/_________________
     (өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі:______тексерілді: күні__20_____ж.
_____________________________________________________________________
      (маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Ескертпе:
      Сауалда арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжат мәліметтері, жеке басын растайтын төлқұжат деректер, жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және деректемелері, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, мекенжай, нақты жылжымайтын мүлік объектісіне ақпарат алу үшін кадастрлік нөмір көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 107 бұйрығына 1-қосымша

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне 2-қосымша

Нысан

__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

      Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама

«___»_________                                  №_______

_____________________________________________________________берілген
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туғаны күні және ЖСН);
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы мен БСН (оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)

оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісіне:

Жылжымайтын мүліктің түрі

Кадастрлық нөмірі

Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер)

Мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды (бар болған жағдайда)





1) құқығы тіркелді:

Құқықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі жеке тұлғаның - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, заңды тұлғаның атауы

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтың туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықт ың пайда болуының негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты






Бұрын көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген:

1) құқығы тіркелді:

Құқықтық

Мазмұны

Құқық иесі жеке тұлғаның - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, заңды тұлғаның атауы

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтың туындау негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

Құқықтың тоқтатылған негіздемесі, тіркелген күні, уақыты







2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықтың пайда болуының негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

Ауыртпалықтың тоқтатылған негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілелер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

Тоқтатылған негіздемесі, тіркелген күні, уақыты






Орындаушы:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы:_______________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы:_____________________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

М.О.
_____________________________________________________________________
Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтінде жарамды болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады