Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10557 тіркелді

      «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                        Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 143 бұйрығымен 
бекітілген     

Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары

      Ескерту. Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 07.12.2016 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына сәйкес әзірленген.
      2. Оқыту курсының ұзақтығы:
      жеке күзет ұйымының басшыларын даярлау бойынша – 99 оқу сағатын;
      заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау бойынша – 99 оқу сағатын;
      жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау бойынша – 146 оқу сағатын;
      жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бойынша – 19 оқу сағатын;
      заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 32 оқу сағатын;
      аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерде заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау және объектілерді күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 36 оқу сағатын;
      жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 72 оқу сағатын құрайды.
      3. Жеке күзет ұйымдарының басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы кезінде екі жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.
      Күзетшілердің біліктілігін арттыру лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы кезінде жыл сайын және өтілі бір жылдан аса үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылдау кезінде жүргізіледі.
      4. Мамандандырылған оқу орталықтарына жергілікті жағдайларға байланысты тақырыптық жоспарлар және тақырып мазмұндарын жасауға, тапсырыс берушінің келісімі бойынша Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары шеңберінде теориялық және практикалық сабақтар арасында оқу сағаттарының ара қатынасын түзетуге құқық берілген.
      5. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу кезінде жеке күзет ұйымдарының басшыларының не күзетшілерінің келісімі бойынша қажет болған жағдайда электрондық және пневматикалық тирлерді пайдалануға жол беріледі.
      6. Даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін оқу орталығында өткен тақырыптар бойынша емтихандар өткізіледі. Емтихандарды құрамында кемінде 3 адам бар комиссия өткізеді, оның төрағасы барлық күзет қызметі субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізетін бөліністің уәкілетті органының өкілі болып табылады.
      Білім алушылардың емтиханды қайта тапсыруы емтиханды алғаш тапсырғаннан кейін кемінде 2 аптадан соң өткізілуі мүмкін.
      7. Емтихандарды табысты тапсырған адамдарға оқу орталығының басшысы және емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қойған мамандандырылған оқу орталығының біліктілікті беру/растау туралы куәлігі беріледі.
      Даярлау/біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы куәлік баспаханалық офсеттік тәсілмен дайындалады, түсі жасыл, көлемі 115х75мм болады.
      Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке күзет ұйымдары басшыларын даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
      Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
      Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
      Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
      Куәлікті дайындау кезінде мемлекеттік нышандарды пайдалануға жол берілмейді, куәліктердің саны мен қорғалу дәрежесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісіледі.

2-тарау. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы

      Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      1) құқықтық білім негіздері – 28 сағат;
      2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері – 38 сағат;
      3) жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіби даярлау негіздері – 11 сағат;
      4) психологиялық даярлық – 6 сағат;
      5) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат;
      6) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 6 сағат.

3-тарау. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары

р/с

Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

5

1. Құқықтық білім негіздері

1
 

Қазақстан Республикасының күзет қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері. Күзет қызметінің құқықтық негіздері, тапсырмалары және қағидаттары. Күзет қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
 

8
 

4
 

4
 

2
 

Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері.

5
 

4
 

1
 

3
 

Еңбек заңнамасының негіздері.

4
 

2
 

2
 

4
 

Жеке күзет ұйымының жұмыскерлері қолданатын мәжбүрлеу шараларының құқықтық сипаттамасы.
 

2
 

2
 

-
 

5
 

Жеке күзет ұйымының кәсіби қызметіне қатысты қылмыстық заңнаманың негіздері. Күзетшілердің дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануының құқықтық негіздері.
 

2
 

1
 

1
 

6
 

Қылмыстың ұғымы және құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. (Конституция, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс).
 

3
 

3
 

-
 

7
 

Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар.
 

2
 

1
 

1
 

8
 

Емтихан
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:

28

17

11

2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері

9
 

Жеке күзет ұйымдарының қызметі туралы жалпы ережелер. Объектілер, оларды іздеу, жіктеу, күзетуге қабылдау. Келісімшарттарды әзірлеу және жасасу. Күзетілетін объектіге құжаттама дайындау.
 

8
 

4
 

4
 

10
 

Жеке күзет қызметін басқару.
 

8
 

4
 

4
 

11
 

Әр түрлі мақсаттағы объектілерді күзетудің ерекшеліктері.

6
 

2
 

4
 

12
 

Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

4
 

2
 

2
 

13
 

Жеке күзет ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3
 

3
 

-
 

14
 

Күзет ұйымдарының оның ішінде құқық қорғау органдарымен, құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасу.

3
 

3
 

-
 

15
 

Жеке күзет ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің негіздері.

4
 

2
 

2
 

16
 

Күзет қызметтері маркетингінің негіздері.
 

2
 

2
 

-
 


Барлығы:

38
 

22
 

16
 

3. Жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіби даярлау негіздері

17
 

Қызметтік және арнайы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
 

4
 

-
 

4
 

18
 

Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
 

4
 

-
 

4
 

19
 

Террорға қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
 

3
 

-
 

3
 


Барлығы:
 

11
 

-
 

11
 

4. Психологиялық даярлық

20
 

Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы – бағынысты. Бағыныстылардың психотиптері.
 

1
 

1
 

-
 

21
 

Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. "Мінезі қиын" қарамағындыларға психологиялық ықпал ету әдістері.
 

1
 

1
 

-
 

22
 

Жеке тұлғаның қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы. Қысылтаяң жағдайдың ұғымы. Қысылтаяң жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық даярлық. Психоэмоционалдық қобалжуды басу.
 

4
 

-
 

4
 


Барлығы: 

6
 

2
 

4
 

5. Терроризмге қарсы даярлық

23
 

Терроризмге азаматтық қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

24
 

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары.
 

2
 

1
 

1
 

25
 

Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі.
 

3
 

1
 

2
 

26
 

Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі.
 

3
 

1
 

2
 


Барлығы:

10
 

5
 

5
 

6. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету

27
 

Төтенше жағдайлар ұғымы және оларды жіктеу. Төтенше жағдайларда ескерту және әрекет ету бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы.
 

1
 

1
 

-
 

28
 

Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.
 

1
 

1
 

-
 

29
 

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
 

1
 

1
 

-
 

30
 

Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары.
 

2
 

2
 

-
 

31
 

Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу.

1
 

1
 

-
 


Барлығы:

6

6

-

4-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы

      9. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      1) құқықтық білім негіздері – 10 сағат;
      2) қызметтік даярлық – 17 сағат;
      3) арнайы техника және байланыс негіздері – 4 сағат;
      4) криминалистика – 8 сағат;
      5) атыс даярлығы – 17 сағат;
      6) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 19 сағат;
      7) медициналық даярлық – 4 сағат;
      8) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат;
      9) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету – 10 сағат.

5-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары

р/с

Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық білім негіздері

1
 

Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары.
 

2
 

2
 

-
 

2
 

Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік.
 

2
 

2
 

-
 

3
 

Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

4
 

Қызметтік қаруды және арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

5
 

Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы.
 

2
 

2
 

-
 


Барлығы:
 

10
 

10
 

-
 

2. Қызметтік даярлық
 

6
 

Күзет қызметін ұйымдастыру, тапсырмалары мен негізгі бағыттары.
 

1
 

1
 

-
 

7
 

Құқық қорғау органдарымен оның ішінде құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасу.
 

2
 

2
 

-
 

8
 

Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілердің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі
 

2
 

2
 

-
 

9
 

Күзетілетін объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тексеру жүргізудің негіздері мен тәртібі.
 

2
 

-
 

2
 

10
 

Құтқару қызметтерін шақыру және оларды объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу.
 

2
 

-
 

2
 

11
 

Стационарлық күзетілетін объектілерде, айналып өтетін бекеттерде және мобильдік топтарда қызмет өткеру тәртібі.
 

2
 

2
 

-
 

12
 

а) Банктерде және басқа да ауқымды материалдық құндылықтар сақталатын орындарда;
б) сауда мекемелерінде қызметті ұйымдастырудың және өткерудің ерекшеліктері.
 

2
 

2
 

-
 

13
 

Оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру. Іздерді және заттай айғақтарды сақтау.
 

1
 

1
 

-
 

14
 

Қысылтаяң жағдайлар. Жағдайға баға беру психологиясы. Қысылтаяң мән-жайлардың дамуын болжау. Өзін-өзі ұстай білу.
 

2
 

1
 

1
 

15
 

Кәсіби мәдениет және әдеп.
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы:
 

17
 

12
 

5
 

3. Арнайы техника мен байланыс құралдарының негіздері
 

16
 

Қазіргі заманғы сигнализация құралдарының мақсаты, оларды объектілерде орналастыру орындары. Бөтен адмадар кірген жағдайда іске қосылу белгілері.
 

1
 

1
 

-
 

17
 

Орталықтандырып басқарған пульттерінің және автономды сигнализацияның көмегімен объектілерді күзетуді ұйымдастыру ерекшеліктері. Көп шепті сигнализация құру арқылы аса маңызды объектілерді қорғау қағидаттары.
 

1
 

1
 

-
 

18
 

Күзетте пайдаланылатын сымды және радиобайланыс құралдары.
 

1
 

1
 

-
 

19
 

Күзет-өрт сигнализациясы құралдарының объектілерді күзетуді қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы.
 

1
 

-
 

1
 


Барлығы:
 

4
 

3
 

1
 

4. Криминалистика
 

20
 

Оқиға орнын қарау әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау.
 

3
 

3
 

-
 

21
 

Құжаттарды қолдан жасау, фотосуретті ауыстыру белгілері және оларды анықтау тәсілдері.
 

2
 

2
 

-
 

22
 

Сөзбен сипаттау портретін іздестіру мақсатында пайдалану.
 

3
 

-
 

3
 


Барлығы:
 

8
 

5
 

3
 

5. Атыс даярлығы
 

23
 

Атыс негіздері. Баллистика
 

2
 

2
 

-
 

24
 

Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі.
 

3
 

3
 

-
 

25
 

Қызметтік қарудың мақсаты, жауынгерлік ерекшелігі, құрылысы. Қызметтік қарудың материалдық бөлігі.
 

4
 

2
 

2
 

26
 

Қарудан ату тәсілдері мен ережелері. Қарумен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
 

2
 

-
 

2
 

27
 

Қызметтік қаруды қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары.
 

1
 

-
 

1
 

28
 

Қызметтік қарудан атуға арналған жаттығуларды орындау тәртібі.
 

2
 

-
 

2
 

29
 

Қызметтік қаруды теориялық жағынан және оның материалдық базасын білу бойынша сынақ. Практикалық атыстар.
 

3
 

-
 

3
 


Барлығы:
 

17
 

7
 

10
 

6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы
 

30
 

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын және қол кісендерін қолданудың құқықтық негіздері.
 

2
 

1
 

1
 

31
 

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданатын жұмыскерлердің құқықтары мен жауапкершілігі.
 

1
 

1
 

-
 

32
 

Сырттай тексеру тәсілдері. Қауіпсіздік шаралары.
 

2
 

1
 

1
 

33
 

Қоян-қолтық ұрыс элементтері бар соққылар және ондай соққылардан қорғану. Резеңке таяқпен соғу және қорғану.
 

2
 

-
 

2
 

34
 

Әр түрлі қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау.
 

2
 

-
 

2
 

35
 

Суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен қаруланған адамның соққыларынан қорғану.
 

2
 

-
 

2
 

36
 

Қарумен қауіп төндіруден қорғану және қылмыскерді қауіпсіздендіру.
 

2
 

-
 

2
 

37
 

Қылмыскерді босату, ұстау және оған ілесіп жүрген кезде әріптесіне көмектесу.
 

3
 

1
 

2
 

38
 

Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары.
 

3
 

1
 

2
 


Барлығы:
 

19
 

5
 

14
 

7. Медициналық даярлық
 

39
 

Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек.
 

1
 

-
 

1
 

40
 

Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны байлау.
 

1
 

1
 

-
 

41
 

Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек.
 

1
 

1
 

-
 

42
 

Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері.
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы:
 

4
 

3
 

1
 

8. Терроризмге қарсы даярлық
 

43
 

Терроризмге азаматтық қарсы іс-қимыл жасасудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

44
 

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты.
 

2
 

1
 

1
 

45
 

Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі.
 

3
 

1
 

2
 

46
 

Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі.
 

3
 

1
 

2
 


Барлығы:
 

10
 

5
 

5
 

9. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету
 

47
 

Төтенше жағдайлар ұғымы және оларды жіктеу.
 

1
 

1
 

-
 

48
 

Төтенше жағдайларда ескерту және әрекеттер бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы.
 

1
 

1
 

-
 

49
 

Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.
 

1
 

1
 

-
 

50
 

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
 

2
 

2
 

-
 

51
 

Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары.
 

3
 

1
 

2
 

52
 

Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу.
 

2
 

2
 

-
 


Барлығы:
 

10
 

8
 

2
 

6-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы

      10. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      1) құқықтық білім негіздері – 10 сағат;
      2) арнайы-тактикалық (оның ішінде терроризмге қарсы) даярлық – 36 сағат;
      3) арнайы техника және байланыс негіздері – 4 сағат;
      4) криминалистика – 4 сағат;
      5) атыс даярлығы – 34 сағат;
      6) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 34 сағат;
      7) медициналық даярлық – 4 сағат;
      8) кәсіби-қолданбалы тренингтер – 10 сағат;
      9) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 2 сағат;
      10) кешенді оқыту (оқыту процесінде алған білімді нығайту, практикалық дағдыларды қалыптастыру) – 8 сағат.
 

7-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары

р/с

Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық білім негіздері

1
 

Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары.
 

2
 

2
 

-
 

2
 

Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік.
 

2
 

2
 

-
 

3
 

Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

4
 

Дене күшін, арнайы құралдарды және қызметтік қаруды қолданудың құқықтық негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

5
 

Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы.
 

2
 

2
 

-
 


Барлығы:
 

10
 

10
 

-
 

2. Арнайы тактикалық даярлық
 

6
 

Жеке тұлғаның қауіпсіздігі негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

7
 

Арнайы күзет операцияларын өткізу негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

8
 

Автомобильдерді пайдалана отырып, арнайы күзет операцияларын өткізу негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

9
 

Минаға қарсы бақылау.
 

6
 

2
 

4
 

10
 

Күзетілетін адамды бақылауды анықтау негіздері.
 

6
 

2
 

4
 

11
 

Күзетілетін адамды қорғаудың негізгі әдістері мен тәсілдері.
 

18
 

-
 

18
 


Барлығы:
 

36
 

10
 

26
 

3. Арнайы техника және байланыс негіздері
 

12
 

Күзет қызметінде қолданылатын техникалық құралдардың жалпы сипаттамасы.
 

2
 

-
 

2
 

13
 

Күзет қызметінде пайдаланылатын сымды радиобайланыс құралдары.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:
 

4
 

-
 

4
 

4. Криминалистика
 

14
 

Адамның сыртқы белгілері бойынша ажырату.
 

2
 

-
 

2
 

15
 

Жалған құжаттардың белгілері және оларды тану тәсілдері.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:
 

4
 

-
 

4
 

5. Атыс даярлығы
 

16
 

Қаруды және оқ-дәрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
 

2
 

2
 

-
 

17
 

Тапаншадан ату тәсілдері мен ережелері.
 

2
 

-
 

2
 

18
 

Қозғалмайтын нысана бойынша тапаншадан оқ ату.
 

4
 

-
 

4
 

19
 

Шектеулі уақытта пайда болатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату.
 

6
 

-
 

6
 

20
 

Нысаналар тобы бойынша тапаншадан оқ ату.
 

4
 

-
 

4
 

21
 

Қозғалыс кезінде тапаншадан оқ ату.
 

6
 

-
 

6
 

22
 

Қозғалатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату.
 

4
 

-
 

4
 

23
 

Автомобильден оқ ату.
 

2
 

-
 

2
 

24
 

Жіктеу жаттығуларын орындау.
 

4
 

-
 

4
 


Барлығы:
 

34
 

2
 

32
 

6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы
 

25
 

Дене күшін қолдану. Қоян-қолтық ұрыс тактикасының негіздері.
 

2
 

-
 

2
 

26
 

Құлау, тоңқалаң асу және аударылу техникасы.
 

2
 

-
 

2
 

27
 

Қолмен соққы беру техникасы.
 

2
 

-
 

2
 

28
 

Қолмен соққы беруден қорғану.
 

4
 

-
 

4
 

29
 

Аяқпен соққы беру техникасы.
 

2
 

-
 

2
 

30
 

Аяқпен соққы беруден қорғану.
 

2
 

-
 

2
 

31
 

Лақтырулар.
 

4
 

-
 

4
 

32
 

Ауыртатын тәсілдер.
 

4
 

-
 

4
 

33
 

Қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау.
 

2
 

-
 

2
 

34
 

Қарусыздандыру тәсілдері.
 

4
 

-
 

4
 

35
 

Күрделі жағдайларда қоян-қолтық ұрыс жүргізу тактикасы.
 

4
 

-
 

4
 

36
 

Сынақтар тапсыратын бақылау сабақтары.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:
 

34
 

-
 

34
 

7. Медициналық даярлық
 

37
 

Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек.
 

1
 

-
 

1
 

38
 

Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны байлау.
 

1
 

1
 

-
 

39
 

Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек.
 

1
 

1
 

-
 

40
 

Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері.
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы:

4

3

1

8. Кәсіби-қолданбалы тренингтер

41

Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Ауытқушылығы бар жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату.

2

-

2

42

Терроризмнің психологиялық аспектілері.

3

2

1

43

Күзетшінің қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы.

2

-

2

44

Әр түрлі жағдайларға психикалық қасиеттерін – есте сақтауын, назарын, байқағыштығын, психикалық реакциясының шапшаңдығын, креативтігін (шығармашылық тәсіл) жетілдіру жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қатынас тренингі (практикалық сабақ).

3

-

3


Барлығы:

10

2

8

9. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет

45

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

2

-

2


Барлығы: 

2

-

2

8-тарау. Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы

      11. Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      1) құқықтық даярлық – 4 сағат;
      2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру – 5 сағат;
      3) кәсіби даярлық – 4 сағат;
      4) психологиялық даярлық – 2 сағат;
      5) терроризмге қарсы даярлық – 2 сағат;
      6) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 2 сағат.

9-тарау. Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
жөніндегі үлгілік оқу жоспары

р/с

Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық даярлық
 

1
 

Семинар өткізу кезінде күзет қызметі субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдау.
 

2
 

2
 

-
 

2
 

Құқықтық сипаттағы тапсырмаларды шешу жөніндегі ахуалдық тренинг.

2

2

-


Барлығы:

4

4

-

2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру

3
 

Жеке күзет қызметін басқаруды жетілдіру. Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

1

1

-

4

Жеке күзет ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1

1

-

5

Күзет ұйымдарының құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуы.
 

1

1

-

6
 

Жеке күзет ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің негіздері.
 

1
 

1
 

-
 

7
 

Күзет қызметтерінің маркетингі негіздері.
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы: 

5

5

-

3. Кәсіби даярлық

8

Қызметтік және арнайы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

2

-
 

2
 

9

Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

2

-

2


Барлығы:

4
 

-
 

4
 

4. Психологиялық даярлық
 

10
 

Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы – қарамағындағы. Қарамағындағылардың психотиптері.
 

1
 

1
 

-
 

11
 

Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. "Мінезі қиын" қарамағындыларға психологиялық ықпал ету әдістері.
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы:

2
 

2
 

-
 

5. Терроризмге қарсы даярлық
 

12
 

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары.

1
 

-
 

1
 

13
 

Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі.

1
 

1
 

-
 


Барлығы:
 

2
 

1
 

1
 

6. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет
 

14
 

Төтенше оқиғалар ұғымы және оларды жіктеу. Төтенше жағдайларда ескерту және іс-әрекет бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы
 

1
 

1
 

-
 

15
 

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

1
 

1
 

-
 


Барлығы:

2

2

-

10-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жырылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу бағдарламасы

      12. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      1) құқықтық даярлық – 5 сағат;
      2) қызметтік даярлық – 9 сағат;
      3) криминалистика – 4 сағат;
      4) атыс даярлығы – 6 сағат;
      5) медициналық даярлық – 2 сағат;
      6) терроризмге қарсы даярлық – 2 сағат;
      7) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 4 сағат.

11-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жырылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу жоспары

р/с

Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық даярлық
 

1
 

Күзет қызметінің құқықтық негіздері.
 

2
 

2
 

-
 

2
 

Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.
 

1
 

1
 

-
 

3
 

Қылмыстық құқық бойынша әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар. Күзет жұмыскерлерінің дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануының құқықтық негіздері.
 

1
 

1
 

-
 

4
 

Еңбек заңнамасының негіздері.
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы:
 

5
 

5
 

-
 

2. Қызметтік даярлық
 

5
 

Күзет қызметін жүзеге асыру кезінде күзетшілердің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілерге қойылатын талаптар.
 

1
 

1
 

-
 

6
 

Күзетілетін объектілердегі күзет-режимдік іс-шаралардың мазмұны. Өткізу режимі. Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу.
 

2
 

2
 

-
 

7
 

Күзет жұмыскерінің қысылтаяң жағдайларда іс-әрекетінің тактикасы.
 

2
 

2
 

-
 

8
 

Есту және көру қабілетін дамыту, адамдармен психологиялық байланыс орнату және жеке адамның психодиагностикасы, өзін-өзі психологиялық реттеу және қысылтаяң жағдайлардан шығу жөніндегі психотренингтер.
 

4
 

-
 

4
 


Барлығы:
 

9
 

5
 

4
 

3. Криминалистика
 

9
 

Оқиға орнын қарау.
Қылмыстың іздерін сақтау. Адамды сыртқы белгілері бойынша ажырату.
 

2
 

-
 

2
 

10
 

Жалған құжаттардың, олардың фото суреттерін ауыстыру белгілері және оларды тану тәсілдері.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:
 

4
 

-
 

4
 

4. Атыс даярлығы
 

11
 

Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атыс қаруының материалдық бөлігі. Қаруды қолданудың алгоритмі.
 

2
 

-
 

2
 

12
 

Атыс тәсілдері мен ережелері. Атыс сайысының негізгі элементтері: ұстау, алу, қаруды ату күйіне келтіру, қозғалмайтын, пайда болатын және қозғалатын нысана бойынша атыс жүргізу кезінде қозғалудың негіздері.
 

4
 

-
 

4
 


Барлығы:
 

6
 

-
 

6
 

5. Медициналық даярлық

13
 

Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері. Таңғыш қалақ, бұраулар және таңғыштар тарту техникасы.
 

1
 

-
 

1
 

14
 

Қан кеткенде, кеуде және іш жарақаттанғанда, соғылғанда, шыққанда, сынғанда, күйгенде, үсіп қалғанда, электр-зақымдарда, естен танған жағдайда, жылу және күн өткен кездегі алғашқы медициналық көмек.
 

1
 

-
 

1
 


Барлығы:
 

2
 

-
 

2
 

6. Терроризмге қарсы даярлық

15
 

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты.
 

1
 

-
 

1
 

16
 

Аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды жарылу қаупі бар заттардың болуына тексеру тәртібі.
 

1
 

-
 

1
 


Барлығы:
 

2
 

-
 

2
 

7. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет
 

17
 

Төтенше жағдайлар ұғымы және оларды жіктеу. Төтенше жағдайларда ескерту және іс-әрекет бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы.
 

1
 

1
 

-
 

18
 

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.
 

1
 

1
 

-
 

19
 

Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары.
 

1
 

1
 

-
 

20
 

Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу
 

1
 

1
 

-
 


Барлығы

4

4

-

      Аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзетуді жүзеге асыратын күзетшілер "Қызметтік даярлық" пәні шеңберінде мынадай тақырыпты қосымша тыңдасын:
 

1
 

Аумағында
а) қару және оқ-дәрілер;
б) жарылғыш заттар бар объектілерді күзету бойынша қызмет өткерудің ерекшеліктері.
 

4
 

4
 

-
 

12-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу бағдарламасы

      13. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      1) құқықтық даярлық – 4 сағат;
      2) арнайы-тактикалық (оның ішінде терроризмге қарсы) даярлық – 18 сағат;
      3) атыс даярлығы – 18 сағат;
      4) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 18 сағат;
      5) медициналық даярлық – 2 сағат;
      6) кәсіби-қолданбалы тренингтер – 5 сағат;
      7) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет ету – 1 сағат;
      8) кешенді оқыту (оқыту процесінде алған білімді нығайту, практикалық дағдыларды қалыптастыру) – 6 сағат.

13-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу жоспары

р/с

Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық даярлық

1
 

Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің құқықтары мен міндеттері. Оққағардың өз өкілеттігін асыра пайдалануы.

2
 

2
 

-
 

2
 

Мәселелерді шешудегі ахуалдық тренинг.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:

4

2

2

2. Арнайы-тактикалық даярлық

3
 

Минаға қарсы бақылау.
 

4
 

-
 

4
 

4
 

Күзетілетін адамды байқауды анықтау негіздері.
 

2
 

-
 

2
 

5
 

Күзетілетін адамды қорғау тәсілдерінің тактикасын және техникасын жетілдіру.
 

6
 

-
 

6
 

6
 

Кешенді оқыту.
 

6
 

-
 

6
 


Барлығы:

18

-

18

3. Атыс даярлығы

7
 

Қаруды және оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
 

2
 

2
 

-
 

8
 

Тапаншадан оқ ату тәсілдері мен ережелері техникасын жетілдіру.
 

1
 

-
 

1
 

9
 

Қозғалмайтын нысана бойынша тапаншадан оқ ату техникасын жетілдіру.
 

1
 

-
 

1
 

10
 

Шектеулі уақытта пайда болатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату.
 

2
 

-
 

2
 

11
 

Нысаналар тобы бойынша тапаншадан оқ ату.
 

2
 

-
 

2
 

12
 

Қозғалыс кезінде тапаншадан оқ ату.
 

4
 

-
 

4
 

13
 

Қозғалатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату.
 

2
 

-
 

2
 

14
 

Автомобильден оқ ату.
 

2
 

-
 

2
 

15
 

Жіктеу жаттығуын орындау.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:

18
 

2
 

16
 

4. Арнайы дене шынықтыру даярлығы

16
 

Құлау, тоңқалаң асу және аударылу техникасын жетілдіру.
 

2
 

-
 

2
 

17
 

Қолмен, аяқпен соққы беру техникасын жетілдіру.
 

2
 

-
 

2
 

18
 

Қолмен, аяқпен соққы беруден қорғану техникасын жетілдіру.
 

2
 

-
 

2
 

19
 

Лақтырулар техникасын жетілдіру.
 

2
 

-
 

2
 

20
 

Ауыртатын тәсілдерді жетілдіру.
 

2
 

-
 

2
 

21
 

Қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау.
 

2
 

-
 

2
 

22
 

Қарусыздандыру тәсілдері.
 

2
 

-
 

2
 

23
 

Күрделі жағдайларда қоян-қолтық ұрыс жүргізу тактикасы.
 

2
 

-
 

2
 

24
 

Сынақтар тапсыратын бақылау сабақтары.
 

2
 

-
 

2
 


Барлығы:
 

18
 

-
 

18
 

5. Медициналық даярлық

25
 

Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері.
 

1
 

-
 

1
 

26
 

Қан кеткенде, кеуде және іш жарақаттанғанда, соғылғанда, шыққанда, сынғанда, күйгенде, үсіп қалғанда, электро-зақымдарда, естен танған жағдайда, жылу және күн өткенде, жануарлар, жыландар, улы жәндіктер шаққанда, әртүрлі уланулар кезіндегі алғашқы медициналық көмек.
 

1
 

-
 

1
 


Барлығы:
 

2
 

-
 

2
 

6. Кәсіби-қолданбалы тренингтер

27
 

Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Ауытқушылығы бар жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату.

1
 

-
 

1
 

28
 

Терроризмнің психологиялық аспектілері.

2
 

2
 

-
 

29
 

Күзетшінің қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы.

1
 

-
 

1
 

30
 

Әртүрлі жағдайларға психикалық қасиеттерін – есте сақтауын, назарын, байқағыштығын, психикалық реакциясының шапшаңдығын, креативтігін (шығармашылық тәсіл) жетілдіру жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қатынас тренингі (практикалық сабақ).

1
 

-
 

1
 


Барлығы:

5

2

3

7. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет

31

Эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

1

1

-


Барлығы:

1

1

-

Жеке күзет ұйымында басшы 
және күзетші лауазымдарын 
атқаратын жұмыскерлерді 
даярлау және олардың   
біліктілігін арттыру жөніндегі
үлгілік оқу бағдарламалары мен
үлгілік оқу жоспарларына
1-қосымша    

Нысан          

Жеке күзет ұйымдары басшыларын даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі

      Мамандандырылған оқу орталығының атауы:
____________________________________________________________________
      Мекенжайы: ___________________________________________________
      ________ КУӘЛІК

      Осы куәлік
_____________________________________________________________________
____ берілді, яғни ол 20__ жылғы "__" ___________бастап 20__ жылғы
"__" ________дейін __________________________________________ оқыды.
                   (мамандандырылған оқу орталығының атауы)
       Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы "___" _________ № _______шешімімен "Жеке күзет ұйымының басшысы" біліктілігі берілді/расталды
      Комиссия төрағасы________________________________
      Директор ________________________________________
      Комиссия мүшесі__________________________________
      м.о.
      20__ жылғы "__" _____________ Тіркеу № __________

Жеке күзет ұйымында басшы 
және күзетші лауазымдарын 
атқаратын жұмыскерлерді 
даярлау және олардың    
біліктілігін арттыру жөніндегі
үлгілік оқу бағдарламалары мен
үлгілік оқу жоспарларына
2-қосымша         

Нысан

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі

      Мамандандырылған оқу орталығының атауы:
____________________________________________________________________
      Мекенжайы:
____________________________________________________________________
       ____ КУӘЛІК

      Осы куәлік
_____________________________________________________________________
________________ берілді, яғни ол 20__ жылғы "__"_______ бастап 20__
жылғы "__"_________дейін______________________________________ оқыды.
                      (мамандандырылған оқу орталығының атауы)
      Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы "__" ______ № _______ шешімімен "Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетші" біліктілігі берілді/расталды
      Комиссия төрағасы________________________________
      Директор ________________________________________
      Комиссия мүшесі__________________________________
      м.о.
      20__ жылғы "__" _____________Тіркеу № __________

Жеке күзет ұйымында басшы  
және күзетші лауазымдарын 
атқаратын жұмыскерлерді  
даярлау және олардың     
біліктілігін арттыру жөніндегі
үлгілік оқу бағдарламалары мен
үлгілік оқу жоспарларына  
3-қосымша       

Нысан

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі

      Мамандандырылған оқу орталығының атауы:
_____________________________________________________________________
      Мекенжайы:
_____________________________________________________________________        ______ КУӘЛІК
Осы куәлік
_____________________________________________________________________
__________берілді, яғни ол 20__ жылғы "__"______________ бастап 20__жылғы "__" _________дейін_________________________________ оқыды.
                      (мамандандырылған оқу орталығының атауы)
      Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы "__" ______ № _______ шешімімен "Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетші" біліктілігі берілді/расталды
      Комиссия төрағасы ________________________________
      Директор _________________________________________
      Комиссия мүшесі __________________________________
      м.о.
      20__ жылғы "__" ____________ Тіркеу № __________

Жеке күзет ұйымында басшы 
және күзетші лауазымдарын  
атқаратын жұмыскерлерді  
даярлау және олардың    
біліктілігін арттыру жөніндегі
үлгілік оқу бағдарламалары мен
үлгілік оқу жоспарларына
4-қосымша

Нысан

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі

Мамандандырылған оқу орталығының атауы:
_____________________________________________________________________
Мекенжайы:
_____________________________________________________________________
______ КУӘЛІК
Осы куәлік___________________________________________________берілді,
яғни ол 20__ жылғы "__"_________ бастап 20__ жылғы "__" _________
дейін________________________________________ оқыды.
       (мамандандырылған оқу орталығының атауы)

      Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы "__" ______ № _______ шешімімен "Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі күзетші" біліктілігі берілді/расталды
      Комиссия төрағасы ________________________________
      Директор ________________________________________
      Комиссия мүшесі _________________________________
      м.о.
      20__ жылғы "__" ____________ Тіркеу № ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады