Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10699 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2019 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1290 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сйкес, Басқарушы компаниясын басқару үшiн адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларын;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1290 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгілінген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген

Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық
iрiктеуді жүргiзу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1290 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Осы Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 3-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және егер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі орталық немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Атқарушы органның басшысы ретінде адамды не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған басқарушы компанияның атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын адамды сайлау "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) - қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн АЭА арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi;

      2) басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;

      3) конкурсқа қатысушылар - басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды іріктеу конкурсына қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар;

      4) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі - бірыңғай үйлестіру орталығы) - міндеттері арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын заңды тұлға;

      5) уәкiлеттi орган - АЭА құру, олардың жұмыс iстеуi және таратылуы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Конкурстың мәні атқарушы органның басшысын сайлау үшін жеке тұлғаларды не басқарушы компанияны атқарушы органының функциясын жеке дара орындаушы адамды іріктеу болып табылады.

      4. Конкурстық іріктеу ашық болып табылады және Қазақстан Республикасының Президентіне АЭА құру туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.

      5. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды іріктеуге арналған конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып құрады.

      6. Басқарушы компанияның атқарушы орган функциясын жеке дара атқаратын адаммен немесе атқарушы орган басшысымен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды іріктеу арналған тұлғаны іріктеу конкурсы еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп өткізеді.

2. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды
конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі

      7. Уәкілетті орган басқарушы компанияны басқару үшін адамды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы және қатысушылар конкурсқа қатысуға өтініш беретін күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім туралы хабарландыруды қазақ, орыс және (немесе) басқа тілдерде республикалық және (немесе) халықаралық деңгейде басылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналыстырады.

      8. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеу рәсімі мынадай екі кезеңнен тұрады:

      1) уәкілетті органның конкурсқа қатысуға өтінімдерді басқарушы компанияларды басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарауы;

      2) Конкурстық комиссияның конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарауы және олармен әңгімелесу жүргізуі, оның қорытындысы бойынша басқарушы компанияны басқарудың атқарушы органына сайлау үшін ұсынылған адамдарды айқындау жүзеге асырылады.

      9. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды іріктеу конкурсына қатысу үшін конкурс қатысушылары уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) электронды және қағаз тасығыштарда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға қатысушы толтырған және қол қойған өтінім;

      2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған кезде көшірмелері;

      3) конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған кезде оның көшірмесі;

      4) жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломның, сондай-ақ бар болса, магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған кезде көшірмелері;

      5) бар болса, сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері;

      6) соттылықтың бар/жоғын растайтын құжат;

      7) бар болса ұсыным хаттар;

      8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде қосымша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

      Сондай-ақ, қатысушы басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды қоса бере алады.

      10. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде уәкілетті орган:

      1) өтінім берілген күні оны өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді;

      2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, олардың осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;

      3) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тізбесіне сәйкес болмаған жағдайда, өтінімді ол берілген күні қайтарады. Өтінімді қайтару конкурсқа қатысушыны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін уәкілетті органға өтініммен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.

      11. Конкурсқа қатысушы ұсынған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкілетті органның құжатты қабылдаған күні туралы белгі сала отырып, өтінім берушіге жіберіледі (табысталады).

      12. Өтінім мен конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттардың талап етілген біліктілік талаптарына сәйкессіздігін және оларда көрсетілген деректердің дұрыстығын уәкілетті органның қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      13. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган айқындаған конкурстың екінші кезеңінде қатысуға жіберілген қатысушылар тізімін конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      14. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

      1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;

      2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;

      3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;

      4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;

      5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);

      6) мемлекеттің, басқарушы компанияның және АЭА қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу әдістері.

      15. Конкурстық комиссия әңгімелесу жүргізеді және конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылған конкурстық ұсыныстарды қарайды. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өткізілген конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға Конкурстық комиссияның отырысына қатысқан оның мүшелерінің барлығы қол қояды.

      16. Конкурстық комиссия отырыстар өткізеді және, егер оның отырысында оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан болса, шешім қабылдайды, бұл ретте конкурстық комиссияның әр мүшесі бір дауысқа ие. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысқан мүшелер санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

3. Өткізілген конкурстың қорытындысын шығару

      17. Уәкілетті орган Конкурстық комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурс нәтижелері туралы хабарлайды.

      18. Акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған конкурсқа қатысушы атқарушы органның басшысы немесе басқарушы компанияның атқарушы органының функцияларын жеке дара орындаушы адам ретінде сайлауға ұсынылады.

      19. Конкурсқа қатысуға басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келетін екі адамнан кем қатысқан жағдайда, Конкурс өткізілмеген болып танылады.

      20. Конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда, уәкілетті орган конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кешіктермей конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.

  Басқарушы компанияны басқару үшін
адамдарды конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына қосымша

      Нысан

      фотосуреттiң орны

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім

      ___________________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      (Басқарушы компанияның атауы)

      1. Жалпы мәлiметтер

Туған күнi және орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi



      2. Бiлiмi:

Оқу орнының атауы

Түскен уақыты - бiтiрген уақыты

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi, бiлiктiлiгi

Оқу орны орналасқан жер

1.







      3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi,

      апа-сiңлi-қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының)

      ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) туралы

      мәлiметтер:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.






      4. Кандидаттың заңды адамдардың жарғылық капиталына қатысуы

      және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:

Заңды адамның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.





      5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi

      семинарлардан, курстардан өткені туралы мәлiметтер:

Ұйымның атауы

Өткiзілген күнi және орны

Сертификат деректемелерi

1.





      6. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.

      Бұл тармақта:

      кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған лауазымдары

      туралы;

      осы ұйымның мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiлген, осы

      мәліметтерді берген күнi кандидат басқа ұйымдарда атқарған

      лауазымдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Жұмыс кезеңi

(күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк жазасының болуы

Қызметтен шығу, босатылу себептерi








      7. Қолда бар жарияланымдары, ғылыми әзiрленiмдері және басқа

      да жетiстiктерi:

      ________________________________________________________

      (иә/жоқ, бар болған жағдайда күнiн, басылымдарды көрсету)

      ____________________________________________________________________

      8. Кандидаттың бұрын банкрот деп танылған не лицензиясынан

      айыру, ерiксiз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      туралы шешiм қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкерi болғаны

      туралы мәлiметтер:

      ____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн)

      9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшiн қызметтiк

      мiндеттерiн орындаудан шеттетуi туралы деректердiң болуы:

      ____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, күнiн, қолдану негiздерi мен қадағалау органының атауы

      көрсетiлсiн)

      10. Кандидат арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқан

      қатысушыларға қатынасы бойынша афилиирленген адам болып

      табылатын-табылмайтын туралы мәлімет

      ____________________________________________________________________

      (иә/жоқ)

      Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық әрі дұрыс болып

      табылатындығын растаймын.

      Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      ____________________________

      (баспа әрiптерiмен)

      Конкурсқа қатысушы толтырады:

      Мен __________________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық

      iрiктеуді жүргiзу қағидаларымен бекітілген талаптарға, сондай-ақ оның

      талаптарына сәйкес келетінімді растаймын

      Күні_______________________ Қолы___________________________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген

Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарға
қойылатын біліктілік талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1290 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Конкурсқа қатысуға келесідей біліктілік талаптарына сай келетін жеке тұлғалар жіберіледі:

      1) жоғары білімі бар. Тең жағдайларда артықшылық Басқарушы компанияның негізгі қызметіне және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына (экономика, қаржы, басқару (менеджмент) саласындағы және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына сәйкес келетін басқа салаларда (магистр, ғылым кандидаты/докторы, PhD дәрежесі) сай келетін салаларда қосымша білімі бар үміткерлерге беріледі;

      2) арнайы экономикалық аймақтарды басқару не арнайы экономикалы аймақтың тиісті салалық бағытына сай келетін белгілі бір жобаларды іске асыру бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және/немесе ірі компанияларда, оның ішінде: компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін листингтік/жария компанияларда басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын қамтиды.

      2. Конкурсқа қатысуға мынадай жеке адамдар жіберілмейді:

      1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

      2) оны мәжбүреп тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшылары, басқарманың бірінші басшылары (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырған адамдар) және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, акционерлік қоғамның орналастырылған (дауыс беретін) акцияларының жалпы санының он және одан артық пайызы мөлшеріндегі акцияларды иеленуші, пайдаланушы, билік етуші акционер болғандар.

      Көрсетілген шарт осы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      3) Арнайы экономикалық аймақтың қазіргі қатысушыларына қатынасы бойынша афилиирленген адамдар болып табылатындар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады