Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10700 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндетің атқарушы
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін аткарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/146 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесін мемлекеттiк қорғау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 48) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың мiндеттерi мен функциялары

      2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу;

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады.

3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың ұйымдық құрылымы

      3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады.

      4. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлар болып табылады.

      Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауға өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

      1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретін құжаттарын тексеру;

      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдарын, өзге де объектілер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін, заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою және олардың одан әрі тиесілі болуы туралы мәселені шешу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.01.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

      6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады