Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-02/119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10727 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 13-бабының 18-33) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      _____________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 4 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 16 наурыз

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 18-02/119 бұйрығымен 
бекітілген         

Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар
сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және
басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру
құралдарының тиесілілік нормалары

р/с

Өрт сөндіру құралдары

Құрал-сайман саны

Келетін адам саны

Турбазаларда (демалушы 100 адамға шаққанда)

6-10 адам

10-30 адам

30 адамнан көп

1

Өнімділігі минутына/600-800 литрлік өрт сөндіру мотопомпалары, дана

-

-

-

1

2

Күректер, дана

1

3

5

30

3

Балталар, дана

1

2

3

10

4

Сабалағыштар, дана

4

8

10

20

5

Қол аралар немесе бензин аралары, дана

-

1

1

10

6

Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер, дана

1

3

5

8

7

12 литр мөлшерінде суға арналған шелектер немесе резеңке ыдыстар, дана

1

3

5

30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады