«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 49-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еркiн қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткізілетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларда көзделген іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 13 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 11 наурыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 99 бұйрығымен
бекітілген
Еркiн қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан
Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткізілетін, өткізу
бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын
тауарлардың тiзбесi
№ |
Атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН* коды |
ЭҚ ӨЖ* коды |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Резервуарлар, цистерналар, бактар және ұқсас сыйымдылықтағы қара металдан жасалған әр-түрлі заттар үшін (сығылған және сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 300 л-ден астам, қаптағыш немесе қызу шығармау немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалары құрылғыларынсыз |
7309 00 100 0 |
25.29.11 |
2 |
Қара металдан жасалған сығылған және сұйытылған газ үшін ыдыстар, өзге де, сыйымдылығы 1000 л немесе одан астам |
7311 00 990 0 |
25.29.12 |
3 |
Оқ-дәрілерге арналған контейнерлер |
7326 90 980-ден |
25.99.29 |
4 |
Бу қыздырғыштарымен су қазандары, кеме жабдықтарына арналмаған; бу қыздырғыштары және бу қазандарының бөлшектері, кеме жабдықтарына арналмаған |
8402 20 000 9 |
25.30.11 |
5 |
8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандарын қолдану үшін қосалқы жабдықтар (мысалы, экономайзерлер, бу қыздырғыштар, күйе жойғыштар, газ рекуператорлары) |
8404 10 000 0 |
25.30.12 |
6 |
Айналатын немесе поршеньге қайта түсетін қозғалысты ұшқын арқылы от алдыру, iштен жану қозғалтқыштары |
8407-дан |
29.10.11 |
7 |
Қысымнан от алатын поршеньдi iштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер), жаңалары |
8408 20-дан, |
28.11.13 |
8 |
Отын, май немесе iштен жану қозғалтқыштары үшiн суыту сұйығына арналған сорғылар, жаңалары |
8413 30-дан |
28.13.11 |
9 |
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiне арналған кептiргiштер, жаңалары |
8419 31 000 0 |
28.93.16 |
10 |
Дистилляциялауға және ректификациялауға арналған аппараттар: өзге де |
8419 40 000 9 |
28.29.11 |
11 |
Жылу алмастырғыштар |
8419 50 000 0 |
28.25.11 |
12 |
Өзге де машиналар, агрегаттар және жабдық |
8419 89 989 0 |
25.29.60 |
13 |
Бөлiктер: өзге де |
8419 90 850 9 |
28.25.30 |
14 |
Сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған (қолмен басқару тетiгi бар немесе онсыз) механикалық құрылғылар, жаңалары |
8424 81-ден |
28.30.60 |
15 |
Өзге де шынжыр табанды бұрылмайтын және бұрылатын опырмасы бар бульдозерлер; өзге де грейдерлер мен жобалаушылар; дірілді жол аунақтары; өзге де экскаваторлар мен бір шөмішті тиегіштер; өзге де шынжыр табанды экскаваторлар; өзге де толық бұрылатын машиналар |
8429 11 009 0 |
28.92.21 |
16 |
Басқа да бұрғылау немесе өткiн машиналары |
8430 41 000 |
28.92.12 |
17 |
Жер асты жұмыстарына арналмаған басқа да машиналар және өздiгiнен жүретiн тетiктер |
8430 50 000 9 |
29.10.59 |
18 |
8430 41 немесе 8430 49 қосалқы позициясының бұрғылау немесе өткiн машиналарының бөлiктерi |
8431 43 000 0 |
28.92.61 |
19 |
Топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары, жаңалары |
8432-ден |
28.30.31 |
20 |
Пресс-жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетiктер, сабанды немесе пiшендi дестелерге буып-түюге арналған престер, пiшен шалғылары, жаңалары |
8433 20-дан, |
28.30.59 |
21 |
Жұмыртқаларды, жемiстердi немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сұрыптауға немесе калибрлеуге арналған машиналар, жаңалары |
8433 60 000 0 |
28.93.20 |
22 |
Ауыл шаруашылығына, бау-бақшаға, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе омарташылыққа арналған жабдық, механикалық немесе қыздырғыш құрылғылары бар тұқым өсiруге арналған жабдықты қоса алғанда; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер, жаңалары |
8436-дан |
28.30.84 |
23 |
Тұқымдарды, астықты немесе құрғақ бұршақ дақылдарын тазартуға, сұрыптауға немесе калибрлеуге арналған машиналар; ауыл шаруашылық фермаларында пайдаланылатын жабдықтан басқа, ұн тарту өнеркәсiбiне арналған немесе дәндi немесе құрғақ бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған жабдық, жаңалары |
8437-ден (8437 90 000 0-ден басқа) |
28.93.20 |
24 |
Сығу қондырғысымен жабдықталған машиналарды қоса алғанда, тұрмыстық немесе кiр жуатын орындарға арналған кiр жуғыш машиналар |
8450 |
29.71.13 |
25 |
Трансмиссиялық бiлiктер (жұдырықшалы және иiндiлердi қоса алғанда) мен қос иiндер |
8483 10 |
28.15.22 |
26 |
Дыбыс жазушы немесе дыбыс шығаратын аппаратуралар |
8519 50 000 0 |
32.30.31 |
27 |
Магниттік таспада бейнежазғыш немесе бейнені қайта шығаратын көрсеткiш, бейнетюнермен құрамдас немесе құрамдас емес аппаратура |
8521 10 |
32.30.31 |
28 |
Өзге де бейнежазғыш немесе бейнені қайта шығаратын көрсеткiш, бейнетюнермен құрамдас немесе құрамдас емес аппаратура |
8521 90 000 |
32.30.3 |
29 |
Радиотелефон, радиотелеграф байланысына немесе радиохабарларын таратуға арналған бiр корпусқа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген қабылдау аппаратурасы |
8527 91 110 0 |
32.30.44 |
30 |
Құрамына теледидар қабылдағыш аппаратурасы кiрмейтiн мониторлар және проекторлар; құрамына радиохабарларын кеңiнен тарату қабылдағышы немесе дыбыс немесе бейне жазатын немесе шығаратын аппаратурасы кiретiн немесе кiрмейтiн теледидар байланысына арналған қабылдағыш аппаратура |
8528 |
26.40.20 |
31 |
Жанармай-электрлі локомотивтер |
8602 10 000 0 |
35.20.12 |
32 |
Өзге де жаңа отырылатын тартқыштар; өзге де жаңа жартылай тiркемелерге арналған дөңгелектi тракторлар |
8701 20 101 8 |
29.10.43 |
33 |
Ауылшаруашылық жұмыстарына арналған шынжыр табанды тракторлар және орман шаруашылығына арналған тракторлар, жаңа |
8701 30 000 9 |
28.92.50 |
34 |
Ауылшаруашылық жұмыстарына арналған тракторлар (қатар жүретiн жүргiзушi басқаратын тракторларды қоспағанда) және орман шаруашылығына арналған тракторлар, дөңгелектi, жаңалары |
8701 90-нан |
28.30.21 |
35 |
Жүргiзушiнi қоса алғанда 10 немесе одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары, жаңалары |
8702-ден (8702 |
29.10.30 |
36 |
Жеңiл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды қоса алғанда, жаңалары |
8703-тен (8703 |
29.10.2 |
37 |
Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, жаңалары |
8704-тен |
28.92.29 |
38 |
Жылжымалы локациялық станциялар |
8705 90 900-ден |
29.10.59 |
39 |
Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетонараластырғыштар, жолдарды тазалауға арналған автомобильдер, су құю-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер), жаңалары |
8705-ден |
29.10.5 |
40 |
8703 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған шассилер, жаңалары |
8706 00 910 |
29.10.44 |
41 |
Танкілер және өзге де өздігінен жүретін брондалған соғыс көлік құралдары |
8710 00 000 0 |
30.40.10 |
42 |
Ауыл шаруашылығына арналған өздiгiнен жүк тиейтiн немесе өздiгiнен жүк түсiретiн тiркемелер мен жартылай тiркемелер, жаңалары; жүктерді тасымалдауға арналған тіркемелер-цистерналар және жартылай тіркемелер-цистерналар |
8716 20 000 0 |
28.30.70 |
43 |
Ғарыштық мақсаттағы зымырандардың старттық кешендерiне арналған жабдық |
8805 10 100 0 |
28.99.39 |
44 |
Өзi жүретiн артиллериялық қару |
9301 10 000 0 |
25.40.11 |
45 |
Зымырандық ату қондырғылары және ұқсас ату қондырғылары |
9301 20 000 0 |
25.40.11 |
46 |
Зымырандық ату қондырғыларынан басқа, өзге де соғыс қару-жарақтары |
9301 90 000 0 |
25.40.11 |
47 |
Бомбалар, гранаталар, су асты миналары, миналар, ракеталар және әскери қимылдарды енгізу үшін ұқсас шаралар, олардың бөлшектері; оқтар, басқа да оқ-дәрілер, снарядтар және олардың бөлшектері, бытыра және басқа да оқтар үшін бытыралар енгізу |
9306 90 100 0 |
25.40.13 |
48 |
Басқа оқ-дәрiлер және олардың бөлiктерi |
9306 90 900 0 |
25.40.13 |
*Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ЭҚ ӨЖ - Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуiшi.
Тауарлар номенклатурасы Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызмет Тауар номенклатурасының кодтарына және Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуiшiне сәйкес өнiм кодымен де және атауымен де айқындалады.