РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа сөз басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімен қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 18 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығына қосымша |
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар
1. Осы Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын Талаптар (бұдан әрі - талаптар) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және кемені қауінсіз пайдалануды қамтамасыз ету, кеме бортында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің талаптарын орындау үшін жеткілікті өздігінен жүзетін кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.
3. Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:
1) капитан-механик;
2) капитан;
3) механик;
4) кеме жүргізушісі-кеме механигі;
5) кеме жүргізушісі;
6) кеме механигі;
7) электромеханик.
4. Аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін кемелері экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:
1) капитан;
2) капитанның аға көмекшісі;
3) капитанның екінші көмекшісі;
4) капитанның үшінші көмекшісі;
5) аға механик;
6) екінші механик;
7) үшінші механик;
8) төртінші механик;
9) электромеханик (электрик);
10) радио маманы;
11) кеме аспазы.
5. Экипаж саны ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативтерінен (осы талаптарға 1-қосымша) және аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамының нормативтерінен (осы талаптарға 2-қосымша) аз болған кезде кемені пайдалануға рұқсат етілмейді.
6. Ең аз құрамға жолаушыларға, кемелердің командалық құрамына және кеме командасына қызмет көрсететін қызметкерлер кірмейді.
7. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелердегі кеме экипажының ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механик лауазымы көзделеді.
Басты дизель-электр қондырғысы бар кемелердегі ең аз құрамға жолаушылар кемесінде екі электромеханик және басқа үлгідегі кемелерде бір электромеханик енгізіледі.
"А" нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғы мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам бір моторшы матросқа (рульдеушіге) ұлғайтылады.
"А" нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғы мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам тиісті мамандығы бар бір маманға ұлғайтылады.
8. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан артық баржаларды (қосалқы баржаларды) жүк теплоходтарын және сүйрейтін кемелермен (итергіштермен) жүргізғен кезде өздігінен жүзетін кеме экипажының штатына әрбір екі баржаға қатардағы құрамның бір адамы қосылады.
Ұзындығы 75 метрден астам өздігінен жүзетін кемелердің немесе ұзындығы 75 метрден астам құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы және артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрам саны кемінде екі адамды құрайды.
9. Осы талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі экипаждың штат кестесін әзірлейді және бекітеді, ол кемеге оны пайдалануға енгізгенге дейін беріледі.
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ен аз құрамының нормативтері
Автоматтандыру дәрежесі | Экипаж құрамының ең аз саны | ||||||||
Кеме қатынасы тіркелімінің класындағы "А" нышаны бар кемелер | Кеме қатынасы тіркелімінің класындағы "А" нышанысыз кемелер | ||||||||
Кемелерді уақыт бойынша пайдалану тәртібі | Сағат 12-ні қоса алғанда, оған дейін | Сағат 16-ны қоса алғанда, оған дейін | Тәулік бойы | Сағат 12-ні қоса алғанда, оған дейін | Сағат 16-ны қоса алғанда, оған дейін | Тәулік бойы | |||
Кеме экипаждарының уақыт бойынша жұмыс тәртібі | 1 ауысымды | 2 ауысымды | 8 сағаттан 3 ауысымды | 12 сағаттан 2 ауысымды | 1 ауысымды | 2 ауысымды | 8 сағаттан 3 ауысымды | 12 сағаттан 2 ауысымды | |
Кемелер тобы | Кәсіптік құрамы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Өздігінен жүретін құрғақ жүк кемелері | |||||||||
Жүккөтерғіштігі 600 тоннаны қоса алғанда, оған дейін | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізуші-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 3 | 2 | 2 | 4 | 6 | 4 | |
Электромеханик (электрик) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Барлығы: | 4 | 5 | 7 | 5 | 5 | 9 | 13 | 9 | |
Жүккөтергіштігі 601-1000 тонна | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 2 | 2 | 1 | 2 | 4 | 4 | |
Барлығы: | 3 | 4 | 5 | 4 | 3 | 6 | 10 | 8 | |
Жүккөтергіштігі 1001-2400 тонна | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 3 | 2 | 2 | 4 | 6 | 4 | |
Электромеханик (электрик) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Барлығы: | 4 | 5 | 7 | 5 | 5 | 9 | 13 | 9 | |
Жүккөтергіштігі 2401-550 тонна | Капитан-механик | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | - | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | - | - | 4 | 3 | - | - | 6 | 4 | |
Электромеханик (электрик) | - | - | 1 | 1 | - | - | 1 | 1 | |
Барлығы: | - | - | 8 | 6 | - | - | 13 | 9 | |
Өздігінен жүзетін мұнай құйылатын (танкерлер) | |||||||||
Жүккөтергіштігі 599 тоннаға дейін | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 2 | 2 | 1 | 2 | 2 | 2 | |
Барлығы: | 3 | 4 | 5 | 4 | 3 | 6 | 8 | 6 | |
Жүккөтергіштігі 600-1500 тонна | Капитан-механик | - | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | - | 2 | 3 | 2 | - | 4 | 6 | 4 | |
Электромеханик (электрик) | - | 1 | 1 | 1 | - | 1 | 1 | 1 | |
Барлығы: | - | 5 | 7 | 5 | - | 9 | 13 | 9 | |
Жүккөтерғіштігі 1501-3300 тонна | Капитан-механик | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | - | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | - | - | 4 | 3 | - | - | 7 | 5 | |
Электромеханик (электрик) | - | - | 1 | 1 | - | - | 1 | 1 | |
Барлығы: | - | - | 8 | 6 | - | - | 14 | 10 | |
Жүккөтергіштігі 3301 тонна және одан артық | Капитан-механик | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | - | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | - | - | 4 | 3 | - | - | 7 | 5 | |
Электромеханик (электрик) | - | - | 1 | 1 | - | - | 1 | 1 | |
Боцман | - | - | 1 | 1 | - | - | 1 | 1 | |
Барлығы: | - | - | 9 | 7 | - | - | 15 | 11 | |
Сүйреткіштер және итергіштер | |||||||||
Басты қозғалтқыштарының қуаты 55-тен 184 квт-қа дейін | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Барлығы: | 2 | 3 | 4 | 3 | 3 | 5 | 7 | 5 | |
Қуаты 185-тен 300 квт-қа дейін | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 2 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Барлығы: | 3 | 4 | 5 | 4 | 3 | 5 | 7 | 5 | |
Қуаты 301-ден 750 квт-ка дейін | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | 1 | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 3 | 3 | 2 | 4 | 6 | 5 | |
Электромеханик (электрик) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Барлығы: | 4 | 5 | 7 | 6 | 5 | 9 | 13 | 10 | |
Қуаты 751 квт және одан артық | Капитан-механик | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Механик | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 | |
Кеме жүргізушісі-кеме механик | - | - | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Кеме механигі | - | - | - | - | - | - | 2 | 1 | |
Қатардағы құрам | - | - | 4 | 3 | - | - | 7 | 5 | |
Электромеханик (электрик) | - | - | 1 | 1 | - | - | 1 | 1 | |
Барлығы: | - | - | 8 | 6 | - | - | 14 | 10 | |
Су ығыстырғыш жолаушы кемелері | |||||||||
Отыратын орындары 100 орынға дейін | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | - | - | - | |
Механик | - | - | - | - | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 4 | 3 | - | - | - | - | |
Барлығы: | 3 | 4 | 7 | 5 | - | - | - | - | |
Отыратын орындары 101 орын және одан артық | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - |
Капитан | - | - | - | - | - | - | - | - | |
Механик | - | - | - | - | - | - | - | - | |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | 1 | - | - | - | - | |
Қатардағы құрам | 2 | 2 | 4 | 3 | - | - | - | - | |
Барлығы: | 3 | 4 | 7 | 5 | - | - | - | - | |
Су асты қанаттары бар жүрдек кемелер | Капитан-механик | 1 | 1 | 1 | - | - | - | - | - |
Кеме жүргізушісі-кеме механигі | - | 1 | 2 | - | - | - | - | - | |
Қатардағы құрам | 2 | 4 | 4 | - | - | - | - | - | |
Барлығы: | 3 | 6 | 7 | - | - | - | - | - |
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 2-қосымша |
Аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік
кемелері экипаждарының ең аз құрамының нормативтері
Экипаждардың ең аз құрамы | Кеме экипаждарының шағын құрамының саны | |||||
Автоматтандыру дәрежесі | Кеме қатынасы тіркелімінің А, А-1, А-2, А-3 белгісі бар кемелері | Кеме қатынасы тізілімі класындағы автоматтандыру белгісі жоқ кемелер | ||||
Теңізде жүзу түрі | Шет елдерге жүзу | Жағалауда жүзу | Шет елдерге жүзу | Жағалауда жүзу | ||
Кеме экипаждарының жұмыс режимі | 3 ауысымды | 3 ауысымды | 2 ауысымды | 3 ауысымды | 3 ауысымды | 2 ауысымды |
Экипаждың кәсіптік құрамы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Капитан | 1 | l | 1 | 1 | 1 | 1 |
Капитанның аға көмекшісі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Капитанның екінші көмекшісі | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
Капитанның үшінші көмекшісі | - | - | - | - | - | - |
Аға механик | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Екінші механик | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Үшінші механик | 1/0 | 1/0 | 1/0 | 1 | 1 | - |
Төртінші механик | - | - | - | - | - | - |
Электромеханик (электрик) | 1 | 1 | 1 | 1 | - | 1 |
Қатардағы құрам | 3 | 3 | 2 | 3 | 3 | 2 |
Радио маманы | 1/0 | 1/0 | 1/0 | 1/0 | 1/0 | 1/0 |
Кеме аспазы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Барлығы: | 11/9 | 11/9 | 9/7 | 12/11 | 11/10 | 9/8 |
Кәсіптерді командалық және қатардағы құрам қоса атқарған кезде (шет елдерге жүзуге шықпай) | ||||||
Капитан-механик (механиктің көмекшісі) | - | 1 | 1 | - | - | - |
Капитанның көмекшісі-механиктің көмекшісі | - | 2 | 1 | - | - | - |
Электромеханик-электромеханиктің көмекшісі | - | 1 | 1 | - | - | - |
Қатардағы құрам | - | 3 | 2 | - | - | - |
Кеме аспазы | - | 1 | 1 | - | - | - |
Барлығы: | - | 8 | 6 | - | - | - |