Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10794 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 301 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы 41-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы № 301
бұйрығымен бекітілген

Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға
жататын авиация персоналының лауазымдары мен
кәсіптерінің тізбесі

      1. Ұшу авиация персоналының лауазымдары:

      1) коммерциялық авиация пилоты;

      2) пилот-нұсқаушы;

      3) пилот-емтиханшы;

      4) әуесқой пилот;

      5) жеңіл ұшақ пилоты;

      6) планер пилоты;

      7) еркін ұшатын аэростат пилоты;

      8) желілік пилот;

      9) аса жеңіл авиация пилоты;

      10) штурман;

      11) штурман-нұсқаушы;

      12) бортинженер (бортмеханик);

      13) бортрадист

      14) бортоператор

      15) бортсерік.

      2. Жердегі авиация персоналының лауазымдары:

      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері;

      2) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның бастығы;

      3) әуеайлақ қызметінің басшысы;

      4) ұшу қызметінің басшысы;

      5) инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы;

      6) электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы;

      7) әуе кемелерін пайдалану жөніндегі жетекші инженер;

      8) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші инженер;

      9) инженерлік-авиациялық қызметтің инженер-механигі;

      10) инженерлік-авиациялық қызметтің инженер-механигі;

      11) ұшу аппараты мен қозғалтқыштар инженері;

      12) авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтар инженері;

      13) жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер;

      14) жердегі көлік жөніндегі инженер;

      15) әуеайлақтарды пайдалану жөніндегі инженер;

      16) ұшуды электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі инженер;

      17) объективті бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөніндегі авиация технигі (механигі);

      18) планер және қозғалтқыштар жөніндегі авиация механигі (технигі);

      19) аспаптар және электр жабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі);

      20) радиожабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі);

      21) жанар-жағармай материалдары жөніндегі авиатехник;

      21) аса жеңіл авиация механигі (технигі).

      3. Ұшу авиация персоналының кәсіптері:

      1) инженер-пилот;

      2) пилот;

      3) әуесқой пилот;

      4) аса жеңіл авиация пилоты;

      5) жеңіл ұшақ пилоты;

      6) планер пилоты;

      7) еркін ұшатын аэростат пилоты;

      8) штурман;

      9) бортинженер (бортмеханик);

      10) бортрадист;

      11) бортсерік;

      12) бортоператор.

      4. Жердегі авиация персоналының кәсіптері:

      1) инженер-механик;

      2) инженер-авионик;

      3) механик,

      4) авионик;

      5) техник-механик;

      6) техник-авионик;

      7) аса жеңіл авиация технигі;

      8) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады