Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 853 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету" кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Pecпубликасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген |
"Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету"
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету" кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды кәсіпорындарда оқыту, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау, персоналды басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) әуе кемесi (ӘК) – жер бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесудi болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
2) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
3) біліктілік деңгейі – күрделілік, еңбек іс-қимылдарының стандарттан тыс болуы, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын қызметкердің даярлық деңгейі мен құзыретіне қатысты талаптар жиынтығы;
4) болжам (ауа райы) – белгілі бір уақыт немесе кезеңде белгілі бір аймақта немесе әуе кеңістігі бөлігінде күтілетін метеорологиялық жағдайлардың сипаттамасы;
5) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
6) негізгі топ – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
7) кәсіби кіші топ – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің тұтас жиынтығынан қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
8) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттер деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
9) кәсіп – арнайы даярлықтың нәтижесінде пайда болған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) метеорологиялық ақпарат – әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайларға қатысты метеорологиялық мәлімет, болжам және кез келген басқа хабарлама;
11) метеорологиялық бақылау – бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бағалау;
12) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) ӘК – әуе кемесі;
2) ДМҰ – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым
3) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
4) 6) БА – басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
5) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
6) КС – кәсіби стандарт
2. КС паспорты
4. КС атауы: Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету.
5. Қызметтің КС әзірлеудің мақсаты: әуе қозғалысын метеорологиялық қамтамасыз ету.
6. КС қысқаша сипаттамасы: азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін және ұшуды қауіпсіз, тұрақты және тиімді орындауға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қызметкерлерге арналған стандарт.
7. Негізгі топ: әуе көлігі саласындағы қызмет.
8. Кәсіби кіші топ: ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету.
3. Кәсіптердің карточкалары
9. Кәсіптердің тізбесі:
1) техник-метеоролог, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
2) техник-аспапшы, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
3) ауа райы инженері, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
4) инженер-метеоролог, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
5) байланыс инженері, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
6) инженер-электроншы, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
7) меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
8) инженер-аспапшы, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
10. Кәсіптердің карточкалары осы кәсіби стандартқа Қосымшада келтірілген.
"Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету" кәсіби стандартына қосымша |
"Техник-метеоролог" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Техник-метеоролог | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 4 | |
Кәсіби білім деңгейі | Техникалық және кәсіби білімнің жоғарылатылған деңгейі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе | |
Еңбек функциялары | 1) Әуеайлақтағы нақты ауа райына метеорологиялық бақылау жүргізу | |
2) Тұтынушыларға әуеайлақтағы нақты ауа райы жағдайы туралы уақытылы мәлімдеу | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Метеорологиялық бақылауды жүзеге асыру әдістемесін іс жүзінде қолдану | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Кешенді радиотехникалық автоматтандырылған метеорологиялық станцияның бағдарламалық жасақтамасын іс жүзінде қолдану | ||
Білімі: | ||
1. Кешенді радиотехникалық автоматтандырылған метеорологиялық станцияның жұмыс істеу принципі | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Командада жұмыс істей білу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | техник-аспапшы, ауа райын болжау инженері, инженер-метеоролог,байланыс инженері, инженер-электроншы, меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Техник-аспапшы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Техник-аспапшы | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 4 | |
Кәсіби білім деңгейі | Техникалық және кәсіби білімнің жоғарылатылған деңгейі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе | |
Еңбек функциялары | 1) Метеорологиялық аспаптар мен құрал-саймандарды дұрыс техникалық пайдалану және олардың үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету | |
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Метеорологилық аспаптар мен құрал-саймандарды жұмысқа дайындау, оның ішінде техникалық тескеру, параметрлерді бақылау. | ||
Білімі: | ||
1. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 15-бабының 26-тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен бекітілетін Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету ережелері. | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар | Командада жұмыс істей білу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | Техник-метеоролог, ауа райын болжау инженері, байланыс инженері, инженер-электроншы, меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Ауа райын болжау инженері" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Ауа райын болжау инженері | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
Кәсіби білім деңгейі | "Инженер-метеоролог" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, практикалық тәжірибесі | |
Еңбек функциялары | 1) Аэросиноптиктік материалды талдау негізінде метеорологиялық ақпаратты, оның ішінде әуеайлақ, ұшу аудандары мен алаңдары бойынша ауа райы болжамын және ӘК ұшу эшелонында ескертулерді дайындау | |
2) ӘК экипаждарына, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына, іздестіру-құтқару қызметтерінің органдарына, әуежайлардың әкімшіліктері мен басқа әуе кемесі пайдаланушыларына метеорологиялық ақпаратты ұсыну | ||
1) Мамандардың біліктілік деңгейін арттыру үшін халықаралық аэронавигацияға метеорологиялық қызмет көрсету бойынша оқу-әдістемелік сабақтарды өткізу | ||
2) Метеорологиялық жағдайдың ӘК ұшуына әсері мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық қызметтерді көрсету | ||
3) Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету қызметінің кезекші ауысым мамандарының жұмысын үйлестіру | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Метеорологиялық жағдайдың ӘК ұшуына әсерін талдаудың негізінде осы саладағы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету әдістемесін практикада пайдалану. | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес метеорологиялық құжаттаманы ресімдеу | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
3 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Халықаралық аэронавигацияға метеорологиялық қызмет көрсету жөніндегі мамандардың біліктілік деңгейін арттыру сабақтарына арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
4 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Метеорологиялық жағдайдың ӘК ұшуды орындауына әсерін талдау | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
5 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Техникалық, қаржылық және адами факторларды ескере отырып, өндірістік қарым-қатынастар мен басқару принциптерінің негіздерін іс жүзінде қолдану | ||
Білімі: | ||
1. Еңбекті ұйымдастыру мен басқару негіздері | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Өз бетінше жұмыс істей білу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | техник-метеоролог, техник-аспапшы, инженер-метеоролог, байланыс инженері, инженер-электроншы, меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Инженер-метеоролог" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | Инженер-метеоролог | |
Кәсіптің атауы | 5 | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | ||
Кәсіби білім деңгейі | "Инженер-метеоролог" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, практикалық тәжірибесі | |
Еңбек функциялары | 1) Нақты ауа райын метеорологиялық бақылауды ұйымдастыру және тұтынушыларға деректерді беру | |
2) Метеорологиялық бақылаулардың технологиясының сақталуын және жұмыс құжаттамасын ресімдеуді бақылау | ||
3) Метеорологиялық бақылау мамандарының біліктілік деңгейін арттыру үшін оқу-әдістемелік сабақтарды өткізу | ||
4) Кезекші метеорологиялық бақылау ауысымы мамандарының жұмысын үйлестіру | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Осы саладағы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес нақты ауа райын метеорологиялық бақылауды жүзеге асыру әдістемелерін қолдану | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Метеорологиялық бақылау деректерін талдау және әуе кемелерінің экипаждарына, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына, іздестіру-құтқару қызметтерінің органдарына, әуежайлардың әкімшіліктері мен аэронавигацияны жүзеге асыру немесе дамытумен байланысты басқа органдарға арналған ақпараттың негізінде оны қалыптастыру. | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
3 еңбек функциясы |
1. Метеорологиялық бақылау жөніндегі мамандардың біліктілік деңгейін арттыру сабақтарына арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу | |
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
4 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Техникалық, қаржылық және адами факторларды ескере отырып, өндірістік қарым-қатынастар мен басқару принциптерінің негіздерін іс жүзінде қолдан. | ||
Білімі: | ||
1. Еңбекті ұйымдастыру мен басқару негіздері | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Өз бетінше жұмыс істей білу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | Техник-метеоролог, техник-аспапшы, ауа райы болжамы инженері, байланыс инженері, инженер-электроншы, меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Байланыс инженері" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Байланыс инженері | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
Кәсіби білім деңгейі | Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм | |
Еңбек функциялары | 1) Ұшуды авиациялық метеорологиялық қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық кешенінің жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс арналарын ұйымдастыру және сүйемелдеу | |
2) Кәсіпорынның байланыс құралдарын, оның ішінде аналогтық және цифрлық телефония, радиожелі құралдарын ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу | ||
1) Кәсіпорынның жергілікті деректерді тарату желісіне кіруді ұйымдастыру | ||
2) Жоспарлы экономикалық қызмет | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Сымды және цифрлық байланыс арналарын жобалау және құру | ||
Білімі: | ||
1. Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Байланыс желілерін, оның ішінде аналогтық және цифрлық телефония, қысқа толқынды және ультрақысқа толқынды радиожелі құралдарын ұйымдастыру және құру | ||
Білімі: | ||
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілері | ||
3 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Жұмыс станциясын/серверді пайдалану бойынша шектеулерді белгілеу | ||
Білімі: | ||
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілері | ||
4 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен қорытындыларын талдау, оларды жалпылау және жүйелендіру, қажетті есептерді жүргізу | ||
Білімі: | ||
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормалары | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Бастамашылдық, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан кірісу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | техник-метеоролог, техник-аспапшы, ауа райын болжау инженері, инженер-метеоролог, инженер-электроншы, меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Инженер электроншы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Инженер электроншы | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
Кәсіби білім деңгейі | Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм | |
Еңбек функциялары | 1) Электрондық жабдықтың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету | |
2) Автоматтандырылған жұмыс орындарына лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы орнату | ||
3) Жоспарлы экономикалық қызмет | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Электрондық жабдықты жұмысқа дайындау, оның ішінде жеке құрылғылар мен түйіндерді техникалық тексеру, жабдық блоктарының параметрлері мен сенімділігін бақылау | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Нысандандырылған бағдарламалау тілдерін пайдалану | ||
Білімі: | ||
1. Ақпараттандыру саласындағы құжаттаманы толтыру мен ресімдеу жөніндегі халықаралық және мемлекеттік стандарттарды, техникалық талаптарды, ережелер мен нұсқаулықтарды білу | ||
3 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен қорытындыларын талдау, оларды жалпылау және жүйелендіру, қажетті есептерді жүргізу | ||
Білімі: | ||
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормалары | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Өз бетінше жұмыс істей алу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | Техник-метеоролог, техник-аспапшы, ауа райын болжау инженері, инженер-метеоролог, байланыс инженері, меторологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Метеорологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер электроншы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Метеорологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер электроншы | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
Кәсіби білім деңгейі | Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм | |
Еңбек функциялары | 1) Метеорологиялық радиолокациялық жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету | |
2) Жоспарлы экономикалық қызмет | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Метеорологиялық радиолокациялық жабдықты, оның ішінде жеке құрылғылар мен түйіндерді техникалық тексеру, жабдық блоктарының параметрлері мен сенімділігін бақылау | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Ақпаратты, техникалық деректерді, метеорологиялық радиолокациялық жабдықтың жұмыс көрсеткіштері мен қорытындыларын талдау, оларды жалпылау және жүйелендіру | ||
Білімі: | ||
1. Техникалық есептеулерді жүргізу және зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін анықтау әдістемелері | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Өз бетінше жұмыс істеу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | Техник-метеоролог, техник-аспапшы, ауа райын болжау инженері,инженер-метеоролог, байланыс инженері, инженер-электроншы, инженер-аспапшы | |
"Инженер-аспапшы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Кәсіптің коды | ||
Кәсіптің атауы | Инженер-аспапшы | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
Кәсіби білім деңгейі | Техникалық және кәсіби білімнің жоғарылатылған деңгейі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе | |
Еңбек функциялары | 1) Метеорологиялық аспаптар мен құрал-саймандарды дұрыс техникалық пайдалану және үздіксіз жұмысын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету | |
4) Жоспарлы экономикалық қызмет | ||
1 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары:: | |
1. Ақауларды уақытылы анықтау және оларды жою масқатында метеорологиялық аспаптар мен құрал-сайманды тестілеуді жүргізу | ||
Білімі: | ||
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету" 3-қосымшасы; | ||
2 еңбек функциясы | Біліктері мен дағдылары: | |
1. Ақпаратты, техникалық деректерді, метеорологиялық аспаптар мен құрал-саймандардың жұмыс көрсеткіштері мен қорытындыларын талдау, оларды жалпылау және жүйелендіру | ||
Білімі: | ||
1. Техникалық-экономикалық есептеулерді жүргізу негіздері | ||
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар |
Өз бетінше жұмыс істеу | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | Техник-метеоролог, техник- аспапшы, ауа райын болжау инженері, инженер-метеоролог, байланыс инженері, инженер-электроншы, метеорологиялық радиолокациялық жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер электроншы | |
Кәсіби стандарттың техникалық деректері | ||
Әзірледі | "Personnel Recruitment Center "Career-Holdings" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
Нұсқаның нөмірі мен шыққан жылы | 1-нұсқа, 2014 жыл | |
Болжамды қайта қарау күні | 2017 |