"Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларын бекіту туралы"

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10840 тіркелді.

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2015 ж __________________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 266 бұйрығымен
бекітілген

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды
азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды анықтау және өтемді негізде алып қою жөніндегі алдын алу іс-шараларының тиімділігін арттыру, жұмысты жетілдіру мақсатында әзірленді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар;

      2) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;

      3) оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар;

      4) жарылғыш зат - сыртқы әсер етудің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөле отырып және газдың пайда болуымен өздігінен жылдам таралатын химиялық өзгеруге қабілетті зат.

      3. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген мөлшерде ақшалай сыйақы алады.

      4. Атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өтемді тапсыруға шығыстарды қаржыландыру осы мақсаттар үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      5. Ерікті түрде тапсырылған барлық атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының 20-бабына сәйкес кәдеге жаратуға жатады.

      Антикварлық қару (орталық соққыдағы біртұтас патрондармен атуға арналып жасалған атыс қаруынан басқа, 1899 жылға дейін жасалған атыс қаруы) және мәдени құндылығы бар қару комиссияның шешімі бойынша Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттері жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің заттай коллекцияларына немесе мұражайларына берілуі мүмкін.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыру және тіркеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өзінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кез келгеніне арыз береді, онда өзінің деректерін, тапсырылатын қару-жарақ заттарының атауын, қарудың маркасын, калибрін, нөмірін, оқ-дәрінің санын және оларды алған (сатып алған) жерін көрсетеді.

      7. Ерікті түрде тапсыру туралы арыз, сондай-ақ ерікті түрде тапсырылған барлық атыс қаруы, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеледі және ресімделеді.

      8. Азамат ішкі істер органына телефонмен немесе басқа да электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, атыс қаруын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру ниеті туралы арыз берген (хабарлаған) кезде аталған заттардың тұрған жеріне ішкі істер органының қызметкері шығады, ол арызды және аталған заттарды қабылдауды жүргізеді.

      9. Азаматтар тапсыратын атыс қаруы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің "Криминалдық қару" және "Тіркелген қару" (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ "Криминалдық қару" және "Тіркелген қару") есептері бойынша тексеріледі.

      Егер тапсырылатын қарудың сәйкестендіру нөмірі болса және "Тіркелген қару" есебінде тұрмаса, онда қаруға "КримҚ" деген ақпараттық-іздестіру карточкасы толтырылады және "Криминалдық қару" деген деректер банкіне ақпарат енгізу үшін ақпараттық-техникалық қызметтің өңірлік бөлімшесіне жіберіледі.

      10. Тапсырылған ойық ұңғылы қарудан атыс жүргізіледі. Атылған оқтар мен ғильзалар тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалистикалық оқ-гильзотекасына жіберіледі.

3-тарау. Тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәріні және жарылғыш заттар үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құру және оның жұмыс істеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар үшін азаматтарға сыйақы белгілеу туралы мәселелерді комиссия шешеді.

      Комиссия құрамы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі, тыл және қаржымен қамтамасыз ету, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, жедел-криминалистикалық және ақпараттандыру және байланыс қызметтері бөліністерінің қызметкерлерінен тұрады.

      Комиссия төрағасы болып қалалық немесе аудандық ішкі істер органының (бұдан әрі - ҚАІІО) бастығы орынбасарларының бірі тағайындалады. Комиссия хатшысы болып комиссия отырысын ұйымдастыратын ҚАІІО-ның лицензиялық-рұқсат беру жұмысының қызметкері тағайындалады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комиссия облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің әрбір ҚАПб-да құрылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Комиссия бір айдан аспайтын мерзімде ұсынылған материалдарды қарайды, ерікті түрде тапсырылған заттар мен құралдардың техникалық жай-күйін, сондай-ақ олардың ерікті түрде тапсырылғаны үшін берілетін сыйақы мөлшерін анықтайды.

      14. Комиссияның хатшысы азаматтың бұйымдар мен заттарды ерікті түрде тапсыру туралы өтініші негізінде мынадай материалдардан:

      1) ерікті түрде тапсыру туралы өтініштен;

      2) осы заттар атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылатындығы, сондай-ақ қарудың атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысынан;

      3) Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ-ның "Криминалдық қару" және "Тіркелген кару" есептері бойынша тексеру туралы материалдардан;

      4) атылған оқтар мен гильзаларды (ойық ұңғылы қару) Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалистикалық оқ-гильзатекасы бойынша тексеру туралы анықтамадан тұратын "Заттар мен құралдарды ерікті түрде өтемді тапсыру туралы істі" (бұдан әрі - Іс) қалыптастырады.

      15. Көзделген тексерулерді жүргізгеннен кейін комиссия тапсырылатын заттардың, құралдардың техникалық жай-күйі мен сыйақылар мөлшері туралы екі данада (1-қосымша) жазбаша қорытынды шығарады, оны ҚАІІО бастығы бекітеді және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.

      Қорытындының бірінші данасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің бухгалтериясына жолданады және ол тапсырылған қару үшін азаматқа сыйақы төлеуге негіз болып табылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. ҚАПб комиссияларының жұмыс материалдарын апта сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері жинақтайды, есептіліктің бекітілген нысандары бойынша Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының тиісті қызметтеріне (Әкімшілік полиция комитеті, Криминалдық полиция және Қаржымен қамтамасыз ету департаменттеріне) жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Сыйақы төлеу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Өздерінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген мынадай айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде:

      1) автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      2) ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әр бірлігі үшін елу еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      3) қысқа ойық ұңғылы атыс қаруының (пистолеттер, револьверлер) әр бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      5) жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      6) әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін жеті еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      7) жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін алты еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;

      8) калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін сыйақы;

      калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін сыйақы белгіленеді.

      18. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеруі қажет.

      18-1. Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін айқындау кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 3 санатты қолданады.

      1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100 %-ы есебінен жүргізіледі.

      2-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі.

      3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 %-ы есебінен жүргізіледі.

      19. Мыналарға:

      1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған;

      2) Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ-ның "Криминалдық қару" және "Тіркелген қару" есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға;

      3) қолдан жасалған оқ-дәріге;

      4) тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға сыйақы төленбейді.

      20. Сыйақы төлеуді аумақтық ішкі істер органдарының қаржы қызметтері тұрғындардан атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды өтемді түрде алып қою жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін ашылған бюджет шотынан аудару арқылы жүзеге асырады.

      21. ҚАПб азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері (комиссиялар мүшелері) ақшалай қаражат төлеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің қаржымен қамтамасыз егу қызметтеріне (бухгалтерияларына) мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) ҚАІІО бастығы бекіткен және барлық комиссия мүшелері қол қойған азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі және оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі қорытынды;

      2) атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе оқ-дәріні ерікті түрде тапсырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) ақшаны алушының деректері және ақшаны алушының таңдауы бойынша банкте ашылған жинақ шотының немесе төлем карточкасының (карт-шотының) нөмірі көрсетілген салымшы кітапшасы (жинақ кітапшасы) парақтарының көшірмесі.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Азамат сыйақы сомасын оның карт-шотына, жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен не ішкі істер органының кассасы арқылы алады.

      23. Ақша қаражатын заңсыз төлеуге әкеп соқтырған осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін оған жол берген кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

  Заңсыз сақталған атыс қаруын,
оқ-дәріні және жарылғыш
заттарды азаматтардың
ерікті түрде өтемді тапсыру
қағидаларға 1-қосымша

      Нысан

      "БЕКІТЕМІН"

      ___________ІІО бастығы

      ______________________

      201 жылғы " "

Азаматтар тапсыратын атыс қаруының, жарылғыш заттардың,
оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін
сыйақы белгілеу жөніндегі комиссияның
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Төрағасы: ___________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      1) __________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      3) __________________________________________________________________

      4) _____________________________________________ құрамындағы комиссия

      ______________________________________________________ тұратын азамат

      (үйінің мекенжайы)

      (Т.А.Ә.)_____________________________________________________________

      қаруды ______________________________________________________________

      (атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)

      жарылғыш заттарды____________________________________________________

      (атауы, салмағы, саны)

      оқ-дәріні ерікті түрде тапсыруы туралы материалдарды қарап, олардың

      техникалық жай-күйін тексеріп, мыналарды_____________________________

      _____________________________________________________________________

      (саны, калибрі, қандай қарудан)

АНЫҚТАДЫ:

      Азамат ______________________________________________ тапсырған

      (Т.А.Ә.)

      Қаруға_______________________________________________________________

      жарылғыш заттарға____________________________________________________

      оқ-дәріге____________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы "___"_____№______бұйрығы

      қолданылды, оларды тапсырғаны үшін:

      қаруға ______________ - еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,

      жарылғыш заттарға ___ - еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,

      оқ-дәріге _______ - еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу қажет.

      Мынадай себептер бойынша _____________ тапсырылған қаруға жоғарыда

      көрсетілген қаулының күші қолданылмайды _____________________________

      (қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар)

      Төлеуге жататын жиыны:_______________________________________________

      (сомасы жазумен)

      Комиссия төрағасы____________________________________________________

      Комиссия мүшелері____________________________________________________

      201____жылғы "___"____________

  Заңсыз сақталған атыс қаруын,
оқ-дәріні және жарылғыш
заттарды азаматтардың
ерікті түрде өтемді тапсыру
қағидаларға 2-қосымша

Атыс қаруының санаттары

      1. 1-санаттағы қаруға:

      1) пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;

      2) бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.

      2. 2-санаттағы қаруға:

      пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.

      Оған:

      1) декоративтік, коррозияға қарсы жабындары мен элементтері ішінара (жергілікті) жоғалған; жөндеу арқылы жойылатын немесе орны толатын, зақымдаудан немесе жоғалудан болған жекелеген ақаулықтары;

      2) дұрыс жинамаудан, ретке келтірмеуден немесе кірлеуден туындайтын, ауыстырмай немесе қалпына келтірмей жөндеу не тазалау және майлау арқылы жойылатын, жекелеген тораптар мен тетіктердің қызмет көрсетуінде бұзушылықтары немесе ақаулықтары;

      3) жойылғаннан кейін бетінде айтарлықтай ақау қалдырмайтын бөлшектердің сыртқы және ішкі жабындарында аз байқалатын жергілікті коррозиясы бар қарулар жатады.

      3. 3-санаттағы қаруға:

      негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.

      Оған:

      1) бөлшектердің сыртқы және ішкі жабындарының кеңінен коррозияға ұшырауы немесе оның терең ойық түріндегі іздері; коррозиялық процестер салдарынан бөлшектердің пішіні мен көлемінің өзгеруі; сыналану және коррозиядан болған тетіктер функцияларының өзге де бұзылулары;

      2) ұңғының жабылуына кедергі келтіретін немесе қаруға механикалық әсер ету кезінде (шайқау, соғу, ұру, "қирауға" күш салу) олардың өздігінен ашылуына әкелетін тетікті жабатын бөлшектердің бұзылуы немесе болмауы;

      3) ұңғының кез келген бөлігіндегі жарылу, майысу, қампаю түріндегі бұзылулары;

      4) ұңғының стандарттық профилі мен көлеміне және оның арналарына, патрон салатын орындарға (қоспаларын қыру, жонып өңдеу, үлкейту, кеңейту, бұрғылау, тығыздау) енгізілген өзгерістері;

      5) мамандандырылған шеберханалар жағдайынан тыс жасалған (дәнекерлеу, балқыту, бандаждар орнату, сынықтарды біріктіру, жамаулар мен қаптамалардың, өздігінен жасалған қару бөлшектерінің немесе қарудың басқа модельдері бөлшектерінің және оларды басқа алмастырушылардың болуы) жөндеу белгілері бар;

      6) кездейсоқ атуға алып келетін (сыртқы шүріппелердің сақтандырушы взводтарының тозуы, сақтандырғыштардың өздігінен қосылуы немесе олардың оқталғаннан кейін жұмыс істемеуі) сақтандыру құрылғыларының ақаулықтары;

      7) соғу-басу тетігі бөлшектерінің тозуынан болған немесе оларға өзгерістер енгізу жолымен әдейі қол жеткізілген қарудың тиісті модельдері немесе топтары үшін белгіленген нормамен салыстырғанда оқталған жағдайдан шүріппені (сыртқы шүріппелердің) басу үшін қажет күштің 20 пайыздан астамға азаюы;

      8) қалыппен қосылған жерінде табанның қозғалуы (люфт); табанның бұзылуынан, жабу тетігі бөлшектерінің бұзылуынан туындаған қалыпқа қатысты ұңғының қозғалуы (люфт); ұңғының тұрақты бөлігі мен қалыптың арасында 0,2 мм-ден асатын саңылаудың болуы;

      9) табанның бұзылуы, табанның пішіні мен мөлшерін стандарттық түрмен салыстырғанда өздігінен әзгертулері бар қарулар жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады