Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10884 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 215 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 260, 266, 322, 329-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік алып жүру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 249 бұйрығына
  1-қосымша

Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау,
тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды
растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 260, 266-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;

      межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;

      3. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғалар, немесе олардың өкілдері мемлекеттік кірістер органына көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), оларды жөнелтуші (межелі) ел туралы мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсынады.

      Мұндай құжаттар мемлекеттік кірістер органына электрондық құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.

      4. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекттік кірістер органы көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың куәландырылған көшірмелерінің екі данасын қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны қабылдайды.

      Тауарлар теміржол көлігімен келген жағдайда, өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органы теміржол жөнелтпе құжатының бірыңғай үлгісін, сондай-ақ теміржол жөнелтпе құжатының және коммерциялық құжатының куәландырылған көшірмелерінің екі данасын қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны қабылдайды.

      5. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растау үшін мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын құжаттарда:

      кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуы туралы белгілер;

      уақытша сақтау орнының атауы және уақытша сақтау орны иесінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылған уақытша сақтау орнының есептік нөмірі қамтылуы тиіс.

      Уақытша сақтау орнының есептік нөмірі мынадай схема бойынша қалыптастырылады:

      112233/444444,

      мұнда 11 және 22 - тиісінше тіркеу күні мен айы,

      33 - ағымдағы жылдың соңғы екі саны,

      444444 - уақытша сақтау орнында орналастырылған тауарларды есепке алу кітабы бойынша реттік нөмірі.

      6. Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарларды өзге орындарда уақытша сақтаған жағдайда, ұсынылған құжаттарда сақтау орнының мекенжайы және уақытша сақтауға орналастыру күні көрсетіледі, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар алушының мөрі болуы тиіс болса, аталған адамның мөрімен расталады.

      Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдары өзге орындарға уақытша сақтауға орналастырылған кезде қосымша:

      тауарға қатысты өкілеттіктері бар адамның еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжат;

      тауарлар мен көлік құралдарын Кодекстің 265-бабы 1-тармағының тармақшасында көзделген өзге уақытша сақтау орындарына орналастыру кезінде өзге уақытша сақтау орны орналасқан аумақ алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатынын растайтын құжаттың көшірмесі;

      тауарлар мен көлік құралдарын Кодекстің 265-бабы 1-тармағының тармақшасында көзделген өзге уақытша сақтау орындарына орналастыру кезінде өзге уақытша сақтау орны орналасқан темір жол учаскесі тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатынын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатынын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      7. Мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын қүжатты тіркейді.

      8. Тауарларды уақытша сақтау орнына орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу нөмірі мынадай схема бойынша қалыптастырылады:

      11111/223344//555555, мұнда

      11111 — уақытша сақтау орнына тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруды растайтын құжатты тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;

      22 және 33 -— тиісінше тіркеу күні мен айы,

      44 - ағымдағы жылдың соңғы екі саны,

      555555 - тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі.

      9. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау ұсынылған құжаттардың және олардың көшірмелерінің бірінші парақтарының бос орнында жауапты лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылған, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша сақтау орнының тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылған мөртабан қою болып табылады.

      Осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша теміржол құжаттамасының барлық парақтарының бос орындарына, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың бірінші парақтарында және олардың көшірмелерінде мөр қою теміржол көлігімен келген тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.

      10. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органында тіркеу туралы белгілері бар көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттар көшірмелерінің бір данасы тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаларға немесе олардың өкілдеріне беріледі, ал тіркеу туралы мемлекеттік кірістер органының белгілері бар көшірменің екінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады.

      Межелі кеден органында немесе мемлекеттік кірістер органының тіркеу туралы белгілері бар транзиттік декларация тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғаларға немесе олардың өкілдеріне беріледі.

  Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау, тауарлар мен көлік
құралдарын уақытша сақтауға
орналастыруды растайтын
құжаттарды қабылдау және
тіркеу қағидаларына
Қосымша

      Нысан

Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың
тіркелуін растайтын мөртаңбаның нысаны

Мемлекетік кірістер органының коды


(Мемлекетік органның атауы)

"ТАУАР УАҚЫТША САҚТАУҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ"


Тауарды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу №___________________________________

_______________________________________________________

Уақытша сақтау орны________________________________________

___________________________________________________________

Сақтау мерзімінің аяқталған күні 20__ж. "__"_______________



      Ескертпе: мөртаңбаның ұсынылатын мөлшері - 60 х 90 мм

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 249 бұйрығына
  2-қосымша

Кедендік алып жүру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік алып жүру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 322-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзиттің кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Автомобиль көлік құралдарын кедендік алып жүруді кедендік транзит кеден рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кеден рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;

      кедендік наряд - кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының құрамы;

      межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы.

      4. Кодекстің 322-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда кедендік транзит кеден рәсімінде тауарларды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органының басшысы Кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдайды.

      Мемлекеттік кірістер органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 322-бабына сәйкес осындай шешім қабылданған сәттен бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.

      5. Кодекстің 120-бабы 3-тармағына сәйкес кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кедендік алып жүру туралы шешім қабылданғаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірмей төленеді.

      6. Тауарларды тасымалдаушыда кедендік алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары өтемейді.

2. Кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібі

      7. Кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда, міндетті түрде:

      мемлекеттік кірістер органы мынадай құжаттарды ресімдейді:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік алып жүру туралы шешім;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспар- тапсырма;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі;

      4) көлік құралын қарап тексеру актісі (жөнелтуші кеден органында толтырылады);

      5) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы акт;

      тасымалдаушы не тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) транзиттік декларация не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған өзге құжаттар;

      2) кедендік алып жүру үшін алымның төленуін растайтын құжат (төлем туралы түбіртек, электрондық терминал беретін чек, банк кассасының түбіртегі немесе электрондық үкімет жүйесінде қалыптастырылатын электрондық чек).

      8. Кедендік алып жүру туралы шешім, қабылдап алу-беру актісі және жоспар-тапсырма осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналында тіркеледі.

      Кедендік алып жүру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат жедел байланыс арнасы арқылы межелі кеден органына жіберіледі.

      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналының нөмірленуі бірден басталады.

      9. Тауарлар мен көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады. Қол қойылғаннан кейін бір данасы жөнелтуші кеден органында, ал екіншісі - межелі кеден органында сақталады. Қабылдап алу-беру актісінде міндетті түрде барлық бағандар толтырылады.

      10. Кедендік алып жүруді тасымалдаушының не тауарларға қатысты өкілеттігі бар адамның алып жүретін көлік құралында немесе мемлекеттік кірістер органының автокөлік құралында кедендік наряд жүзеге асырады.

      11. Кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде бір кедендік наряд 10-нан аспайтын көлік құралын алып жүреді. Қозғалыс пен аялдамалар уақытында кедендік наряд белгіленген бағыт бойы алып жүретін көлікті бақылайды.

      12. Алып жүретін көлік құралдарының бірі бұзылған кезде жөндеу немесе тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу аяқталғанға дейін бүкіл колонна тоқтатылады. Авария немесе көлік құралының бұзылуы салдарынан тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу кезінде көліктің жүк бөлігіне пломба салынады.

      Аварияның немесе көлік құралының сынуы салдарынан тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде көліктің жүк бөлігі пломбаланады. Кедендік наряд тауарды қайта тиеу себептерін, тауардың саны мен басқа да ерекшеліктерін, ескі және жаңа пломбаның нөмірлерін көрсете отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы екі данада акт (бұдан әрі - акт) жасайды. Пломбаны салудың мүмкін еместігі актіде көрсетіледі. Актіге кедендік нарядтың лауазымды адамы мен тасымалдаушы қол қояды. Актінің бірінші данасы кедендік нарядтың лауазымды адамында қалады, ал актінің екінші данасы межелі кеден органына ұсынылады.

      13. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері кезінде кедендік наряд тасымалдаушыға оның міндеттерін атқаруға жәрдем көрсетеді. Көліктік оқиға туралы хаттама аға кедендік нарядтың қатысуымен толтырылады.

      14. Кедендік наряд көлік құралдарының түріне, санына, тасымалдаудың мерзімі мен шарттарына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ нарядтың құрамына әсер ететін өзге факторларға сүйене отырып қалыптастырылады.

      15. Кедендік алып жүру басталар алдында кедендік нарядтың жеке құрамына нұсқау беру жүргізіледі, оның денсаулық жағдайы, жарақтануы, қызметтік міндеттерін білуі тексеріледі.

  Кедендік алып жүру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Кедендік алып жүру туралы
№___________шешім

      Күні

      Шешімді қабылдау орны

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік органның атауы, лауазымды адамның Т.А.Ә.) транзиттік

      декларация (ХЖТ кітапшасы)_________________________бойынша тауарларды

      кедендік бақылаумен өткізудің материалдарын және кедендік бақылау мен ресімдеу үшін ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарды: тауар көлік құжаттарын; коммерциялық құжаттарды; кедендік және басқа құжаттарды қарап,

Анықтады:

      1. Тіркеу нөмірі автомобиль көлік құралымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша (жүру бағыты) кедендік бақылаудағы тауарлар

      __________________________________________________________өткізіледі;

      тауардың атауы

      2. Кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдау үшін Кодекстің 322-бабы 2-тармағына сәйкес негіздер:


1) тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы.

2) Кодекстің 16-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынбау не жеткіліксіз болуы.

3) егерде кемдегенде осы қаулылардың бірі орындалмаса, заңды күшіне енген әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыда белгіленген кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасылмаддаушының міндеттемелерін бірнеше рет орындамауы.

4) Кодекстің 331-бабына сәйкес тасылмаддаушының кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы.

5) халықаралық шарттарда көзделген

      __________________________________________________________

      (тиісті ұяшықта көрсетіңіз

)

      Жазылғандардың негізінде "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы", Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 322-бабын басшылыққа ала отырып.

Шешім қабылдады:

      1._________мемлекеттік кірістер органынан______________________ мемлекеттік кірістер органына дейін бағыт бойынша тіркеу нөмірі______ автокөлік құралын кедендік алып жүру жүзеге асырылсын.

      2. Кедендік алып жүру үшін алымдар_____________теңге сомасында өндіріп алынсын.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы___________________Т.А.Ә.

      (тегі бар болса), қолы

      Шешімді ресімдеген лауазымды адамның Т.А.Ә. (тегі бар болса), қолы, жеке нөмірлік мөрі_____________________________

      Шешіммен таныстым, келісемін 20_____ж._______________

      ___________________________

      (Тасымалдаушының қолы)

      20___ж. "___"________төленді.

      Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдардың төленгенін растайтын құжат

      _______№_____20___ж. "___"________________

      Құжаттарды дайындау мен төлемдердің түсуін тексеруді

      ________________________________________ мемлекеттік кірістер

      органының лауазымды адамы

      ______________________________________________________жүргізді.

      (Т.А.Ә. (тегі бар болса), қолы, жеке нөмірлік мөрінің бедері)

  Кедендік алып жүру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      "БЕКІТЕМІН"

      Аумақтық мемлекеттік кірістер

      органының басшысы

      _____________________________

      Т.А.Ә. (тегі бар болса)

      20___ж. "__" _____________

№____________жоспар-тапсырма

      1. Кедендік нарядтың құрамы:

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә. (тегі бар болса), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. арнайы құралдардың атауы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Жұмыс уақыты 20__жылғы "__" - 20___жылғы "__"______дейін

      4. Кедендік нарядтың қозғалыс бағыты:

      (қозғалыс бағыты, алып жүрудегі көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу

      нөмірі, ілеспе құжаттардың (транзиттік декларацияның), нөмірлері.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Іссапарға тапсырма

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органы

      бөлімшесінің бастығы

      Т.А.Ә.
(тегі бар болса), қолы
Кедендік алып жүру
қағидаларына
3-қосымшаНысан

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру
актісі

      _______________________________ 20___жылғы "___"______

      (елді мекеннің атауы)

      Мемлекеттік тіркеу нөмірлері №_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________автокөлік құралдарында келе жатқан

      тауарды (көлік құралын) кедендік алып жүруге

      Нарядтың аға қызметкері______________________________________________

      ____________________________________________________________тапсырды,

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә. (болған кезде тегі),

      лауазымы)

      ал нарядтың аға қызметкері___________________________________________

      ____________________________________________________________қабылдады

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә. (тегі бар болса)

      тауарға ілеспе құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тауар (көлік құралы) өзгермеген қалпында, жүк бөліктеріне

      №__________________________________________________пломбалар салынған

      Қосымша салынған пломбалар

      №____________________________________________________

      Нарядтың аға __________________________________

      қызметкері______________ (жеке нөмірлік, мөрінің бедері, қолы)

      (мемлекеттік кірістер органының

      атауы, лауазымы, Т.А.Ә (тегі бар

      болса)

      Нарядтың аға қызметкері

      _____________________ _______________________________

      (мемлекеттік кірістер (жеке нөмірлік мөрінің бедері, қолы)

      органының атауы, лауазымы,

      Т.А.Ә. (тегі бар болса)

  Кедендік алып жүру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеу актісі №________________________ _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      Тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеудің басталған күні мен уақыты:

      20____ж. "__"___________ ____с.________мин.

      _____________________________________________________________________

      (кедендік алып жүруді жүзеге асыратындардың лауазымы, Т.А.Ә. (бар

      болса тегі)

      _____________________________________________________________________

      (декларанттың, тауарларға (көлік құралдарына) қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның не олардың өкілдерінің қатысуымен:

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс орны, лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса тегі) және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, тұратын жері)

      _____________________________________________________________________

      Тауарды қайта тиеу себептері:

      Тауардың саны мен басқа ерекшеліктері:___________

      тауар орын. Құжаттар бойынша брутто салмақ_____кг

      Ескі пломба нөмірлері:_________________________________________

      Жаңа пломба нөмірлері:_________________________________________

      Сәйкестендіру құралдары салынды_________саны______________дана.

      Лауазымды тұлғалар:____________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі), жеке нөмірлік мөрі)

      _____________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі), жеке нөмірлік мөрі)

      ___________________________________________________________қатысуымен

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі))

      Түсірілетін көлік құралының нөмірі:__________________________________

      Тиелетін көлік құралының нөмірі:_____________________________________

      жөнелтуші:

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы; ТЕН (БСН, ЖСН)/СЖН; жеке тұлға үшін - Т.А.Ә. (бар

      болса тегі), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі),

      _____________________________________________________________________

      жөнелткен тауарды (тауарлар партиясын) кедендік қайта тиеу жүргізілді

      _____________________________________________________________дан (ға)

      (ел)

      алушының мекенжайына (әкелу кезінде толтырылады):

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы; ТЕН (БСН, ЖСН)/СЖН;

      _____________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін - Т.А.Ә. (бар болса тегі), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі)

      мынадай құжаттар бойынша:____________________________________________

      (кедендік декларация, ХЖТ кітапшасы, көліктік

      (тасымалдау) құжаттары, коммерциялық және өзге құжаттар)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тауарларды қайта тиеу орны___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кедендік бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылды:

      _____________________________________________________________________

      Қайта тиеу нәтижесінде мыналар анықталды:

      Тауардың іс жүзіндегі нетто салмағы_____кг, брутто_____кг, орын

      саны______

      _____________________________________________________________________

      (есептеу деректері көрсетіледі)

      қайта тиеу нәтижелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Актіге қоса беріледі:________________________________________________

      (мыналар болған кезде: құжаттар, фотосуреттер және т.с.с.)

      Тауарларды кедендік қайта тіркеудің аяқталған күні мен уақыты:

      20___ж. "___"______ _____с.______мин.

      Актінің екінші данасын қолыма алдым____________________________

      (күні, уақыты, қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі)

      Қызметтік белгілері (мемлекеттік кірістер органына арналған данада

      ғана толтырылады)____________________________________________________

      ____________________________________________________________

      Кедендік алып жүру

      қағидаларына

      5-қосымша

      Нысан

Алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналы

р/р

Кедендік алып жүру туралы шешімнің, Тапсырма-жоспардың, қабылдап алу-беру актісінің нөмірі

Күні

Транзиттік декларацияның нөмірі

Алып жүретін автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Төлем құжатының нөмірі

Жөнелтушінің деректері (заңды тұлға үшін - атауы және тіркеу орны бойынша мекенжайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә.(тегі бар болса), тұратын мекенжайы)

Алушының деректері (заңды тұлға үшін-атауы, тіркеу орны бойынша мекен жайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә.(тегі бар болса), тұратын мекенжайы)

Межел і кеден орган ы (жүру жолын да наряд ауысқ ан кезде мемле кеттік кіріс тер орган ы)

Нарядтың аға қызметкері (Т.А.Ә.) (тегі бар болса)

Нарядтың аға қызметкерінің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Ескертпе: Журнал мемлекеттік кірістер органының іс номенклатурасында тіркелуі, тігілуі, нөмірленуі және мемлекеттік кірістер органының мөрімен мөрленуі тиіс.

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      2015 жылғы 31 наурыздағы

      № 249 бұйрығына

      3-қосымша

Кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін ұcынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидалары

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 329-бабына сәйкес әзірленді және кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушының межелі кеден органына құжаттарды беруін тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда Кодекспен белгіленген мынадай терминдер қолданылады:

      тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) Кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;

      жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кеден рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;

      межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші мемлекеттік кірістер органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;

      транзиттік декларация - кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізген кезде қолданылатын, кедендік декларацияның бір түрі болып табылады. Кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған, Кодекстің 280-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтері бар құжаттар ұсынылуы мүмкін.

      3. Тасымалдаушы Кодекстің 329-бабына сәйкес транзиттік декларацияны, сондай-ақ кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуын ресімдеу кезінде құжаттарды беруді тіркеу үшін межелі кеден органына құжаттарды ұсынады.

      4. Межелі кеден органының лауазымды адамы тасымалдаушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап бір сағат ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу туралы хабарламаларды тіркеу журналына құжаттарды тіркейді.

      5. Межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы құжаттарды тіркегеннен кейін тасымалдаушыға мұндай тіркеу туралы жазбаша растама береді.

      Құжаттарды тіркеу туралы растаманы берілген құжаттардың нөмірлерін, парақтардың жалпы санын, қолы мен жеке нөмірлі мөр бедері қойылған құжаттарды тіркеу күні мен уақытын көрсете отырып, уәкілетті лауазымды адам еркін нысанда жасайды.

      6. Межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы, транзитті аяқтау кезінде мынадай:

      1) жөнелтуші кеден органдарының белгісімен транзиттік декларация;

      2) транзиттік декларацияны құрайтын құжаттар тізімдемесінде көрсетілген құжаттар (транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттар қолданылған жағдайда);

      3) межелі кеден органының талап етуі бойынша тауарлар;

      4) Кодекстің 324-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кеден рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы мемлекеттік кірістер органына құжаттар ұсынылған жағдайларда құжаттарды тіркейді.

      Құжаттарды тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам бас тартудың негіздерін көрсете отырып, жазбаша нысанда ресімдейді, ол мұндай бас тарту туралы қабылданған шешімнің күні мен уақытын қоя отырып, уәкілетті лауазымды адамның қолтаңбасымен және жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылады.

      Құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы тасымалдаушыға ұсынылған құжаттарды қайтарады.

      7. Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамының ескертулері жойылған жағдайда тасымалдаушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен кеден органына қайта жүгінеді.

      8. Мемлекеттік кірістер органының кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуын ресімдеуі кезінде құжаттарды беруді тіркеуден бас тарту туралы шешімге тасымалдаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.

      Кедендік транзиттің

      кеден рәсімін аяқтау

      үшін ұсынылатын

      құжаттарды беруді

      тіркеу қағидаларына

      1-қосымша

      Нысан

Тауарлардың келуі туралы хабарламаларды тіркеу журналы _____________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы мен коды)

Келу туралы хабарал аманың реттік нөмірі

Келу туралы хабарал аманың қабылда нған күні мен уақыты

Көлік құрал ының (тірк еменің) тірке у нөмір і

Көлікт ік (тасым алдау) құжатт ар бойынш а жалпы брутто салмағ ы (кг), қосымш а өлшем бірліг індегі көлемі

Тасымалд аушының атауы

ХЖТ кітапш асының нөмірі (ХЖТ Конвец иясына сәйкес тауарл арды тасыма лдау кезінд е)

Көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірі мен күні

Кіру кезін де бар болса бақыл ау талон ының нөмір і мен күні

Бар болса кедендік тексеру (қарап тексеру) акті сінің нөмі рі мен күні

Келу туралы хабарл аманы тіркег ен лауазы мды адамны ң Т.А.Ә. және жеке нөмірл і мөріні ң нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады