Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 06.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" құқықтық-ақпарат жүйесіне ресми жариялауға жіберу қамтамасыз етілсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 196 бұйрығымен бекітілген |
нысан
Мемлекеттік кіріс
департаментінің
басшысына (кеденнің)
____________________
Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен
төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн
салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды
мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
1. Жалпы ақпарат
Алушы/импорттаушы____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсіпкердің аты-жөні
(бар болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
Салық төлеушінің Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігі
Сериясы және нөмірі
Есепке қойылған күні 20__ ж. "___" ___________
_____________________________________________________________________
(қосылған құн салығын төлеуші – сыртқы экономикалық қызметіне
қатысушының тіркеу орыны бойынша мемлекеттік кірістер органының
атауы)
2. Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен
төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн
салығы жөніндегі декларацияда көрсету
20__ж. "___" ____________ № ______________________ тауарларға
декларациясына сәйкес есепке жатқызу әдісімен бюджетке төлеуге
жататын қосылған құн салығы сомасын
(____________________________________________________________), теңге
(соманы жазба түрде)
_____________________________________________________________________
(салық кезеңі)
Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетуге міндеттенеді
3. Есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу
жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану
Тауарлар ретінде кіргізілгендер:
_____________________________________________________________________
(тауарлардың атауы)
_____________________________________________________________________
Осымен байланысты, кедендік реэкспорттық рәсімде бұрын
әкетілген импортталған тауарларды және қаржы лизингіне берілгендерді
қоспағанда, көрсетілген тауарларды қатаң олардың нысан алу мақсатымен
сәйкес ашып айтқанда, одан әрі өткізу үшін емес, пайдалануға
міндеттенеді.
Көрсетілген тауарларды нысан алу мақсатында пайдаланбаған
жағдайда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларына
сәйкес қосылған құн салығының сомасын және өсімпұлды төлеуге
міндеттенеді.
_____________________________________________________________________
Басшы ___________________________________________/____________/
(басшының аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
не дара кәсіпкердің аты-жөні
(бар болған жағдайда))
_______________________________________________________________
(жеке куәлігінің нөмірі, кіммен берілген және берілген күні)
Міндеттеме қабылданды 20___ ж. "___" __________________________
Лауазымды тұлға ____________________________________/_________/
(кедендік рәсімдеуді жүзеге асырушы (қолы)
лауазымды тұлғаның аты-жөні (бар болған жағдайда))
Күні 20___ ж. "___" ______________
Импортталатын тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асырушы
Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесінің
лауазымды тұлғасының жеке нөмірленген мөрі
Ескерту: Импортталатын тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге
асырушы мемлекеттік кірістер органының құрылымдық бөлімшесіне
міндеттеме үш данада табыс етіледі.