Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10984 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 84 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9-бабының 7-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 277 бұйрығымен
бекітілді

Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның
Үлгілік шарты

      ____________________20__жылғы "___" ______________

      қол қойылатын қала) (жасалған күні)

      Бұдан әрі Концедент деп аталатын _______________________ атынан (мемлекеттік орган)_____________________________________________

      негізінде әрекет ететін(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен

      деректемелері)_______________________________________________________

      ______________(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және

      бұдан әрі Концессионер деп аталатын ________ атынан (заңды, жеке тұлға және т.б.)

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      негізінде әрекет ететін _____________________________ екінші тараптан

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап, деп аталатындар

      Концессиялар жөніндегі комиссияның _____________________________________________________________________

      (комиссияның толық атауын көрсету)

      20__ жылғы "___" ___________________ № ____ шешіміне сәйкес концессия объектілерін салуға немесе реконструкциялауға және пайдалануға арналған Үлгілік шартты жасасты.

1. Анықтамалар

      1. Осы Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шартты) мынадай түсініктер қолданылады:

      1) Арнайы қаржы компаниясы "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Концессионер құратын компания;

      2) баланс ұстаушы – балансына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлға;

      3) жобалау құжаттамасы – концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес әзірленуі мен бекітілуі талап етілетін құжаттама;

      4) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарларда, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбекақысын төлеу құнында, жұмысты орындау кезіндеб пайдаланылатын тауарлар құнын және қосымша мердігерлер шарттарының бағаларын шегерумен, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмысты (көрсетілетін қызметті) өндірушінің еңбекақысын төлеу қорында жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;

      5) кадрлар – Концессионердің сол немесе өзге қызмет саласындағы даярланған, білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы;

      6) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санат бойынша бөлумен, келісімшартты орындау кезінде тартылған персоналдың жалпы санына қатысты пайызбен алынған қазақстандық кадрлардың саны;

      7) концессия объектісін пайдалану – Концессионердің концессия объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісінің тағайындауына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және/немесе жұмыстарды орындау және/немесе қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      8) концессия объектісін басқару – концессия объектісін сенімгерлік басқару;

      9) концессиялық жоба – Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессия объектісін құруды (реконструкциялауды) және пайдалануды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жиынтығы;

      10) концессиялық жобаны басқару – жобаны басқару рәсімдерінің орындалуы: жобаның шарттарын айқындау, тұжырымдау, өзгерту, жобаны жоспарлау, жобаны техникалық орындау (жоспарлау мен бақылауды қоспағанда), жобаның орындалуын бақылау;

      11) концессия объектісі – концессия объектісінің атауы;

      12) тауардағы жергілікті қамту – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды өндірушінің тауарды өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар мен шығындар құнының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы

      13) тәуекелдер – пайда болған жағдайда оң немесе теріс әсері болатын, ақша түріндегі сатып алуларға немесе шығындарға алып келетін оқиға немесе шарт;

      14) үлгілік шарт – осы Үлгілік шартты, Үлгілік шартта көрсетілген және Үлгілік шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын Үлгілік шарттың барлық қосымшалары (егер олар болса, оған қоса берілетін құжаттар).

2. Үлгілік шарттың нысанасы және концессия объектісі

      2. Үлгілік шарттың нысанасы Тараптардың __________________________ (керегін көрсету) қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында концессия объектісін салуға және/немесе реконструкциялауға және пайдалануға, концессия объектісін сенімгерлік басқаруға немесе концессионерге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе концедентке немесе оның уәкілетті тұлғасына мүліктік жалға алуға (жалдауға) беруге бағытталған қызметін жүзеге асыру кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.

      3. Салынатын және/немесе реконструкцияланатын концессияобъектісін сипаттау, мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, концессия объектісінің болжанған бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технология мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктер Үлгілік шартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Концедент Үлгілік шартта көрсетілген қызметті Концессионер жүзеге асыру үшін

      _____________________________________________________________________

      (концессия объектісімен біртұтас болады және/немесе концессия объектісімен

      _____________________________________________________________________

      жалпы тағайындау бойынша пайдалануға

      _____________________________________________________________________

      арналған – керегін көрсету) мүлікті (бұдан әрі – өзге мүлік) Концессионерге беруге құқылы.

      Өзге мүліктің құрамы және оның сипаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, берілетін мүліктің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілер тізбесі, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімі Үлгілік шартқа 2-қосымшада келтірілген.

      Концедент иелену және пайдалану құқығы Үлгілік шартқа сәйкес Концессионерге берілетін өзге мүліктің меншік иесі екендігіне кепілдік береді. (егер бұл Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі).

      Концедент мүддесін қорғайтын уәкілетті мемлекеттік орган туралы мәліметтер __________________________________.

      Егер Концессиялық жобамен қарастырылса қоса беріледі.

      5. Концессия объектісі және өзге мүлік осы Үлгілік шарт жасалған кезде, _________________________________ (құқық белгілеуші құжаттардың және/немесе өзге мүлікке қатысты

      _____________________________________________________________________

      Концеденттің меншік құқықтарын

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың атауы мен деректемелері негізінде меншік құқығында Концедентке тиесілі. Концеденттің меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және/немесе түпнұсқалары Үлгілік шартқа қоса беріледі (егер қажет болса, енгізіледі).

      6. Концессия объектісінде мынадай ауыртпалықтар мен пайдалану шектеулері бар және/немесе тіркелген _____________________________________________________(керегін көрсету).

      7. Концессионер Үлгілік шарт бойынша қызметін жүзеге асырған кезде пайдалануға арналған концессия объектісінің құрамына кірмейтін, жылжымайтын мүлік объектілерін құрады, олардың сипаттамасы, мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, мүліктің болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технология мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда,техникалық-экономикалық ерекшеліктері Үлгілік шартқа 3-қосымшада көрсетілген. (егер бұл Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі). Егер Концессиялық жобамен қарастырылса қоса беріледі.

      8. Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі осы Үлгілік шартқа 4-қосымшада көрсетілген.

      9. Концессиялық жобаның өнімі, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері және оларды өткізу нарығы __________________ (керегін көрсету).

      10. Концессиялық жобаның өндірістік бағдарламасы концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – ТЭН) қаржылық-экономикалық бөлімінде көрсетілген (Үлгілік шартқа 5-қосымша).

      11. Концессиялық жобаны іске асырудың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері концессиялық жобаның басты негіздемелері мен базалық шарттары көрсетілетін, сондай-ақ:

      1) концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес рұқсаттар мен лицензиялар алу үшін көзделген болжамды мерзімдерді;

      2) концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес жұмыстарды орындау үшін көзделген мерзімдерді;

      3) мемлекеттік қолдау шараларының төлемдері мен мемлекеттік бюджет қаражатынан өзге де төлемдердің сомасы мен кестесін;

      4) концессия объектісін пайдалану кезіндегі коммерциялық табыс пен таза пайданың сомаларын;

      5) концессиялық жобаға арналған жылжымайтын мүлікті және жер учаскелерін иеліктен айыру бойынша өтемақыларды төлеуге арналған жалпы соманы;

      6) концессиялық жобаны іске асыруға кедергі болатын жағдайларды жоюға арналған шығындардың жалпы сомасын;

      7) концессия объектісін пайдалану кезеңінде өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары мен мәнін (табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асырған жағдайда енгізіледі);

      8) тарифтерді қалыптастыру тәртібін және мыналардың:

      тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) енгізілген шығындар көлемдерінің және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифті қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың;

      тарифте ескерілетін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер тозуының жыл сайынғы сомаларының; реттелетін қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) түрлері бойынша реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) болжамды көлемінің;

      инвестицияланған капиталды қайтарудың жыл сайынғы сомаларының; инвестицияланған жеке қаражатқа жыл сайынғы пайданың есептеулерін қамтитын тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) енгізілетін жыл сайынғы пайда болжамын;

      9) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын есептеу әдістерін, негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізу мерзімдерін және амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарын;

      10) нормативтік техникалық шығындар болжамы мен шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының болжамды техникалық және технологиялық нормаларын;

      11) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жыл сайынғы болжамды сметасын;

      12) штаттық кестені және еңбекақы төлеудің шекті деңгейін;

      13) инвестицияланған капиталды тартудың болжамды шекті мөлшері мен алдын ала шарттарын (пайыздық мәнінде инвестицияланған капитал құрылымындағы қарыздық және меншікті қаражаттың арақатынасы, қарыз капиталының сыйақы мөлшерлемесі және меншікті қаражат пайдасының мөлшерлемесі, нысаналы пайдалану, игеру кестесі, инвестицияланған капиталды қайтару шарттары) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-де бекітіледі (Үлгілік шартқа 5-қосымша).

      12. Концессиялық жобаның өніміне, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу жүйесі осы Үлгілік шартқа 6-қосымшада көрсетілген. Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру кезінде осы Үлгілік шартқа 6-қосымшада тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тәртібі (формулалар), болжамды тарифтік сметалар және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелген болжамды тарифтер келтірілген. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі – тіркелім) енгізілген концессионерлер уәкілетті органның оны тіркелімге енгізу туралы хабарламасын алған сәттен бастап он күн мерзімінде уәкілетті органға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен бекіту жөніндегі өтінімді ұсынады.

      13. Үлгілік шарттан туындайтын немесе Үлгілік шартқа сәйкес ұсынылған Концессионердің барлық құқықтары, өкілеттіктері мен міндеттері Үлгілік шарттың қолданылу кезеңі ішінде Концессионер үшін айрықша болып табылады және Концедент Концессионердің осы құқықтары мен міндеттемелерінің ешбіреуін Үлгілік шарттың қолданылу кезеңі ішінде Концессионердің жазбаша келісімінсіз кез келген өзге тұлғаға бермеуге міндеттенеді.

3. Концессионерге жер учаскелерін беру тәртібі

      14. Концессионерге осы Үлгілік шартты орындау мақсатында жер учаскелеріне құқық беру оны жасау, бұзу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес айқындалатын тиісті шарт негізінде іске асырылады.

      15. Концессия объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесін сипаттау, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгілік шартқа 7-қосымшада келтірілген.

      16. Үлгілік шарттың 6-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті салуға және пайдалануға қажетті жер учаскесін сипаттау, оның ішінде кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгілік шартқа 8-қосымшада келтірілген. Егер концессиялық жобада көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      17. Жер учаскелері концессия объектісін салу кезеңінде уақытша өтеусіз пайдалану шартымен беріледі.

      18. Егер Жер учаскесі шартында ________________________________(жалдау, қосалқы жалдау – керегін көрсету) өзгеше көзделмесе, Концессионердің жер учаскесіне өзінің құқықтарын өзге тұлғаларға беруге және жер учаскесін қосалқы жалдауға беруге құқығы жоқ.

      19. Үлгілік шартты тоқтату Концессионердің жер учаскесінеқұқықтарын тоқтау үшін негіз болып табылады.

4. Концессиялық жобаның инвестициялары

      20. Концессиялық жобаны қаржыландыру көздері, құрылымы,мерзімдері, кестесі және шарттары, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялар, сыртқы қаржыландыру шарттары, қаржыландыру схемасы мен оны ұйымдастыру Үлгілік шартқа 9-қосымшада көрсетілген.Табиғи монополиялар салаларындағы концессиялық жобаны іске асырған кезде табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген концессиялық жобаның инвестициялық бағдарламасы осы Үлгілік шартқа 9-қосымша болып табылады.

      21. Егер көрсетілген ереже осы Үлгілік шартты жасау туралы Концедент шешімімен регламенттелген жағдайда, шарт мәтінінде қарастырылады. Концедент Концессионерге Үлгілік шартқа 9-қосымшада көрсетілген шарттарда, көлемдерде, нысандар мен мерзімде концессия объектісінің

      _____________________________________________________________________

      (құруға, құруға және реконструкциялауға, реконструкциялауға керегін көрсету) шығыстарын қаржыландыруға қаражат жіберуге міндетті.

      22. Инвестициялар, оның ішінде концессия объектісін жасау және/немесе реконструкциялау бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру Үлгілік шарттың 12-бөлімінде көрсетілген шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері есебінен өтеуге жатады.

      23. Концессионер концессия объектісін пайдалануға байланысты қызмет бойынша есеп айырысулар үшін жеке банктік есепшот ашады.

      24. Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есепке алудың үлгі есепшоттары жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктерін негізге ала отырып, Концессионер есепке алу саясатын қабылдауға міндетті.

      Концессионер бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, есепке алу саясатының сақталуын қамтамасыз ету, активтерді сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жымқыру және қателік жағдайларының алдын алу және оларды анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операцияларды тиімді жүргізу мақсатында Концедент өкілдері қосыла алатын ішкі бақылау қызметін ұйымдастыруға құқылы.

      (Егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын болса, енгізіледі) Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Концессионер мыналарға:

      реттелетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердiң бөлек есебін жүргiзуге, осыған байланысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тәртiппен табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердiң бөлек есебін жүргiзу әдістемелерін келісуге;

      табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган көздеген тәртіппен есепке алу саясатын келісуге міндетті.

5. Концессиялық жобаны басқаруды ұйымдастыру

      25. Концессиялық жобаны басқарудың институционалдық схемасы Үлгілік шартқа 10-қосымшада көрсетілген.

      26. Мемлекеттік меншікке берілетін немесе мемлекеттік меншіктегі концессия объектісінің баланс ұстаушы

      _____________________________________________________________________

      болып табылады.(заңды тұлғаның деректемелерін көрсету)

      27. Баланс ұстаушы Үлгілік шарт бойынша Концедент мүддесіне орай концессия объектісіне қатысты мынадай құқықтар мен міндеттерге ие:

      _____________________________________________________________________ (керегін көрсету)

      28. Концессия объектісінің техникалық жай-күйін бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану сатысында оны басқару

      _____________________________________________________________________

      жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ, құзыретінің негіздемелерін (шарт,сенімхат және

      _____________________________________________________________________

      басқалары) көрсету

      29. Концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану _____________________________________________________________________

      сатысында оны басқару жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ, _____________________________________________________________________

      құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және басқалары) көрсету

      30. Концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағаларын бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады __________________________________________

      (тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе

      пайдалану____________________________________________________________

      сатысында оны басқару жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ,

      _____________________________________________________________________

      құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және басқалары) көрсету

6. Концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялауды
ұйымдастыру

      31. Концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау оның материалдары, күші және қаражатын пайдалану арқылы Концессионер тартатын қаражат есебінен жүзеге асырылады. Концессия объектісін құру және реконструкциялау кезеңінде пайда болатын тәуекелдер Концессионерге жүктеледі.

      Салынып жатқан, реконструкцияланатын концессия объектісінің техникалық құрамына, ұсынылған материалдар мен жабдықтардың тиісті емес сапасына, сондай-ақ үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығымен ұсынылған материалдар мен жабдықтарды ұсынуға жауапты болады.

      32. Концессионер Үлгілік шарттың 6-тармағында көрсетілген концессия объектісін және жылжымайтын мүлік объектілерін құрады және (немесе) реконструкциялайды, Үлгілік шартқа 1, 3-қосымшаларда және жобалау құжаттамасында көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес объектілерге қажетті жақсартулар жүргізеді.

      33. Концедент Концессионерге және оның уәкілеттік берген тұлғаларына концессия объектісіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      34. Концессионер осы Үлгілік шарттың 27-тармағында көрсетілген тұлғамен келісу бойынша, оның іс-қимылына жеке өзінікі секілді жауап беретін үшінші тұлғаларды (қажет болған жағдайда нақты тартылатын тұлғаларды көрсетуге болады)________________________________________(құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау керегін көрсету) концессия объектісі бойынша жұмысты орындауға тартуға құқылы.

      35. ___________________________________________________________ (Концессионер, Концедент – керегін көрсету)

      20__ жылғы "___" _____________ дейінгі Үлгілік шарттың 6-тармағында

      көрсетілген концессия объектісін және жылжымайтын мүлік объектілерін

      _____________________________________________________________________

      (құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау –керегін көрсету)

      қажетті жобалау құжаттамасын ________________________________________

      (әзірлеуге және Концедентпен келісуге,

      ___________________________________________________________ міндетті.

      әзірлеуге және Концессионерге беруге – керегін көрсету)

      Жобалау құжаттамасы Үлгілік шартқа 1, 3-қосымшаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылатын талаптарға сәйкес келуі қажет.

      36. Концессионер Концеденттің келісімінсіз әзірленетін жобалау құжаттамасын беруге немесе өзге тәсілмен пайдалануға, сондай-ақ жобалау құжаттамасын немесе оның бір бөлігін үшінші тұлғаларға иеліктен шығарып беруге құқығы жоқ.

      37. Концедент концессия объектісін ____________________________

      (құру, құру және

      _____________________________________________________________________

      реконструкциялау, реконструкциялау – керегін көрсету) бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру кезінде Концессионерге мынадай іс-қимылдарды: ______________________________________________(нақты іс-қимылдарды көрсету) жүзеге асыру жолымен жәрдемдесуге міндетті.

      38. Концессионер жобалау құжаттамасының осы Үлгілік шартта белгіленген талаптарға, техникалық регламенттердің және Қазақстан Республикасының өзге да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда Концессионер бұл туралы Концедентті дереу ескертуге және Концедент шешімінің негізінде жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізгенге дейін концессия объектісін

      ____________________________________________________________________

      (құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау – керегін көрсету) бойынша жұмысты тоқтата тұруға міндетті Жобалау құжаттамасының осы Үлгілік шартта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтаған кезде жобалау құжаттамасын

      __________________________________ әзірлеген жағдайда осы Үлгілік шартта (Концессионер, Концедент керегін көрсету) көрсетілген тәртіппен және мөлшерде _________________________________ (Концессионер, Концедент керегін көрсету) алдында жауапкершілікте болады.

      39. Концессионер объектілерді сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және Үлгілік шартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген техникалық-экономикалық ерекшеліктерге сәйкес пайдалануға береді.

      40. Концессионер осы Үлгілік шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін _____________________________________________________________________

      (құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау керегін көрсету) пайдалануға беру мүмкін болмаған Тараптарға тәуелді емес мән-жайларды анықтаған кезде Концессионер осы Үлгілік шартты орындау бойынша Тараптардың кейінгі іс-қимылдарын келісу мақсатында көрсетілген жағдайлар туралы Концедентке дереу хабарлауға міндетті.

      41. Концессионер қажет болған жағдайда, концессия объектісін құрудың/реконструкциялаудың барлық кезеңінде көлік құралдарының жүріп өтуін қамтамасыз ететін уақытша айналма жолды жоспарлауға, салуға және оған қызмет көрсетуге міндетті. Мұндай шығыстар концессия объектісін салу құнына жатады.

      42. Концедент Үлгілік шартқа 1, 3-қосымшаларда және Үлгілік шарттың 34-тармағында көрсетілген, бірақ күтпеген мән-жағдайлар пайда болғанда талап етілетін бастапқы жобалау құжаттамасында көрсетілмеге қосымша жұмыстарды орындауды Концессионерге тапсыруға құқығы бар.

      43. Концессионер ____________ күнде немесе Тараптардың Келісімі (мерзімін көрсету) бойынша басқа мерзімде Үлгілік шарттың 41-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындау шығыстарының сметасын, сондай-ақ қосымша жұмыстардың орындалу кестесін ұсынады. Бұл ретте, Концедент тиісті құжаттарды алған күннен бастап 20 күннен аспайтын қысқа мерзімде Концессионерге оларды бекіту немесе бас тарту туралы хабарлауға міндеттенеді. Қосымша жұмыстардың құны мынадай тәртіппен айқындалатын болады: ________________________________________________

      (тәртібін көрсету)

      44. Концессионер, егер:

      1) қосымша жұмыстар бастапқы жобалау құжаттамасы мен Үлгілік шартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген талаптарға айтарлықтай өзгерістерге әкелмейтін болса;

      2) қосымша жұмыстар концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау шығындарының _______________________артық ұлғаюына,(сомасын көрсету) Үлгілік шартқа сәйкес Концессионердің міндеттерін орындау мерзімінің ______________________ артуына әкелмесе, өз есебінен жоғарыда аталған (мерзімін көрсету) Концедентке қажетті, Үлгілік шарттың 41-тармағында көрсетілген қосымша жұмыстарды орындауға міндетті.

      45. Үлгілік шарттың 41-тармағында көрсетілген жобалау кезінде жіберілген және Концессионер үшін _____________________ асатын сомаға (сомасын көрсету) қосымша шығындар алып келетін қателер мен жіберілген олқылықтар салдарынан пайда болмаған қосымша жұмыстар шығыстарын Концессионердің осы шығындарды төлеуге қаржы ресурстарын тарту мүмкіндігі болмаған жағдайда Концедент өтейді.

      46. Үлгілік шарттың 41-тармағында көрсетілген қосымша жұмыстарды орындау қаржылық-экономикалық жоспар көрсеткіштерін бұзатын болса (Үлгілік шартқа 5-қосымша), Үлгілік шарттың 118-тармағына сәйкес Тараптардың көрсеткіштерді қалпына келтіруге құқығы бар.

      47. Концессионер жұмыскерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларға сәйкес қауіпсіздік бойынша жауапты жұмыскерді тағайындау және функцияларын атқаруы бойынша жауапкершілікте болады.

7. Концессия объектісін пайдалану

      48. Концессия объектісін пайдалану мынадай құқықтық режим негізінде жүзеге асырылады: _________________________________________

      (керегін көрсету: сенімгерлік басқару,

      _____________________________________________________________________

      мүліктік жалдау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және басқа)

      Концессия объектісін, өзге де мүлікті, сондай-ақ құрылуы Үлгілік шарттың 6-тармағында қарастырылған объектілерді пайдалану тәртібінің ерекше шарттары, техникалық және өзге де сипаттамалары Үлгі шартқа 11-қосымшада көрсетілген.

      49. Концессия объектісі _______________________________________

      (мерзімін көрсету) мерзімге пайдалануға беріледі.

      50. Концессионер өзінің басқа мүлкінен оған пайдалануға берілген мүлікті жекешелейді. Егер Концессиялық жобада көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      51. Пайдалануға берілген мүлік Концессионердің жеке балансында көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі. Егер Концессиялық жобада көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      52. ______________________________________ концессия объектісін (Концедент/Концессионер) пайдалану кезінде дербес және өз есебінен (керегі көрсетілсін):

      1) мүліктің техникалық құрамын және сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) мүлікті ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады;

      3) инженерлік желілер мен электр жабдықтарын пайдалануды жүзеге асырады;

      4) мүлікті пайдаланумен байланысты барлық төлемдерді жүргізеді;

      5) қолданыстағы заңнамада белгіленген өртке қарсы, санитариялық және өзге да нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      53. Концессионердің концессия объектісін иеліктен шығаруға, оның мүлкін кепілге беруге, Концеденттің рұқсатынсыз қабырғаларды бұзуды немесе тұрғызуды, ғимараттың жоспарлануын өзгертуді, концессия объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуді қоса алғанда, мүлікке қандай да бір өзгеріс (ағымдағы және күрделі жөндеуден басқа) енгізуге құқығы жоқ, сондай-ақ: __________________________________ құқығы жоқ. (қажетті шектеулерді көрсету)

      54. Концессионер концессия объектісін концессия объектісінің бейініне сәйкес пайдаланады және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      _____________________________________________________________________

      (экономика саласына (аясына) байланысты барлық қызмет түрлері

      _____________________________________________________________________

      көрсетіледі (негізгі және өзге де қызмет). Егер Концессиялық жобада көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      55. Концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлері:

      _____________________________________________________________________

      (критерийлерін көрсету)

      _____________________________________________________________________

      56. Концессия объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібі:

      _____________________________________________________________________

      (концессия объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібін көрсету)

      57. Концессия объектісін шектелген нысаналы пайдалану құқығы үшінші тұлғаларға мынадай тәртіппен беріледі:

      _____________________________________________________________________

      (үшінші тұлғаларды және концессия объектісін нысаналы пайдалану

      ____________________________________________________________________.

      тәртібін көрсету)

      58. Концессионер Үлгілік шарттың 53-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін Концедент мынадай шаралар қабылдайды:

      _____________________________________________________________________

      (экономиканың тиісті саласында (аясында) қызмет түрлерін Концессионердің

      _____________________________________________________________________

      жүзеге асыруына қойылатын талаптарына, сондай-ақ

      _____________________________________________________________________

      Концеденттің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі. Концессионердің концессия объектісін пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      59. Концессия объектісіншектелген нысаналы пайдалану құқығын ұсыну мақсатында Үлгілік шарттың 56-тармағына сәйкес Концедент және Концессионер мынадай шаралар қабылдайды:

      _____________________________________________________________________

      (экономиканың тиісті саласында (аясында) Концессионердің қызмет

      _____________________________________________________________________

      түрлерін жүзеге асыруына қойылатын талаптарға, сондай-ақ Концедент

      ____________________________________________________________________.

      және Концессионердің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі). Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      60. Негізделген қажеттілік болған кезде Концедент концессия объектісін пайдалану шарттарын түзету жүргізуді талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда Тараптар Концедент талаптарына жауап беретін концессия объектісін пайдалану бойынша шарттарға түзетулерді келісуге міндеттенеді.

      Концессия объектісін пайдалану бойынша шарттарды қайта қарау 6-қосымшада қарастырылған ТЭН-нің қаржылық-экономикалық жоспардың және 9-қосымшада қарастырылған инвестициялық бағдарламаның көрсеткіштерін бұзуға алып келетін болса, Тараптар оны Үлгілік шарттың 120-тармағына сәйкес қайта қарауға құқылы.

8. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін
Концедентке немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға, оның ішінде
концессия объектісін Концеденттің сатып алу құқығымен мүліктік
жалға (жалдауға) беру

      61. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін Концедентке немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалға (жалдауға) берудің жалпы шарттары:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      62. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін Концеденттің сатып алуының жалпы шарттары:

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

9. Салық салу

      63. Концессионер Үлгілік шарт бойынша қызметінің шеңберінде мынадай салықтық міндеттемелерді атқарады: __________________________

      ____________________________________________________________________.

      (керегін көрсету)

      Үлгілік шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелердің туындаған сәтіндегі қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Үлгілік шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерді орындау Концессионерді Үлгі шарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттемелердің туындаған күніне қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

10. Концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту

      64. Концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін әрбір _____________________ мерзімнің соңында Тараптар концессия объектісін (мерзімін көрсету) күрделі жөндеу, жаңғырту жүргізу қажеттігіне, қызмет көрсету және күтіп-ұстау бойынша шарттарды өзгерту және тиісті шығындар қажеттілігі тұрғысынан концессия объектісін бағалауды орындайды.

      65. Концессия объектісін оны пайдалану кезеңінде күрделі жөндеуді: ___________________________________________ жүзеге асырады.

      (Концедент /Концессионер)

      66. __________________ пайдалану кезеңінде концессия объектісін (Концедент/Концессионер) жаңғыртуды объектіні жетілдіру, жаңарту, оны жаңа талаптар мен нормаларға, технологияларға, техникалық шарттарға, сапа көрсеткіштеріне сәйкес келтіру жолымен жүзеге асырады.

      67. Концессия объектісі күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      ____________________________________________________________________.

      (керегін көрсету)

      68. Концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту Концедентпен келісілген техникалық тапсырма мен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Концессия объектісін күрделі жөндеуді және/немесе жаңғыртуды жүргізген кезеңде Концедентпен келісу немесе оның тапсырмасы бойынша концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу кезеңінде толығымен немесе ішінара тоқтатылуы мүмкін. (Табиғи монополиялар салаларында концессиялық объектіні іске асыру кезінде енгізіледі)

      Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғыртуды жүргізудің мерзімі мен қаржыландыру көздері 9-қосымшада келтірілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қолдау шаралары

      69. Концессионерге Концедент мынадай мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады:

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін_____________________________________________________________

      _______және ұсыну тәртібін көрсету)

12. Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері
(бөлімде қажетті шарттар көрсетіледі)

      70. Концессионердің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

      1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен субсидиялар;

      3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу;

      4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстау шығындарының көлемі шегінде Концессионердің пайдалану шығындарын өтеу;

      5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақы, сондай-ақ Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдалану үшін жалға алу ақысын төлеу;

      6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлем болып табылады.

      71. Концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға жұмсалған инвестициялық шығындарды Концессионерге өтеу осы Үлгілік шарт бойынша _______________________________________________ аспауы қажет.(сомасын көрсету) Өтемақыны төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      72. Концессионерге пайдалану шығындарын өтеу Үлгілік шарт бойынша _____________________________________________________ аспауы қажет.(сомасын көрсету)

      73. Концессия объектісін басқару үшін сыйақы ____________________________________________________________ құрайды. (сомасын көрсету)

      74. Концедент Концессионерге концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға арналған инвестициялық шығындардың өтемақысын, пайдалану шығындарының өтемақысын және концессия объектісін басқару үшін сыйақыны, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемді (керегін көрсету) мынадай тәртіппен және мерзімде:____________________________________________________________

      қажетті деректерді, соның ішінде есептеу және төлемдер мөлшерін____________________________________________________________

      төлейді өзгерту тәртібін көрсету)

      75. Концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға арналған инвестициялық шығындардың өтемақысын, пайдалану шығындарының өтемақысын және сыйақыларды төлеу кезінде осы Үлгілік шартта және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген концессия объектісін құру (реконструкциялау) және пайдалану сапасының критерийлері мынадай тәртіппен _______________________________ есепке (тәртібін көрсету) алынады.

      76. Концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін Үлгілік шартты бұзған жағдайда, бұзу күніне нақты инвестициялық шығындардың өтемақысы мынадай тәртіппен және мөлшерде жүргізіледі:

      _____________________________________________________________________

      77. Осы Үлгілік шарт бойынша қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған жылжымалы мүлік, өнім мен кірістер __________________ меншігі (Концедент/Концессионер) болып табылады.

      78. Концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу нәтижесінде алынған пайда мынадай тәртіппен ___________________________ (деректер, тұлғалар мен шығындар элементтері бойынша көрсетіледі) бөлінеді.

      79. Концессионер Концедентке концессия объектісін пайдаланғаны үшін төлемді мынадай тәртіппен және мөлшерде төлейді:

      _____________________________________________________________________

      (қажетті деректерді, оның ішінде төлемді

      есептеу______________________________________________________________

      және оның мөлшерінің өзгерту тәртібін көрсету).

      80. Тараптардың шығыстары концессия келісімшарты мерзімінен бұрын тоқталған кезде келесі тәртіпте өтеледі:

      _____________________________________________________________________

      (қажетті мәліметтерді көрсету).

13. Кадрларды оқыту

      (егер Концессионердің концессиялар объектісін пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе бөлім енгізуледі)

      81. Кадрларды оқыту, біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      82. Концессионер жыл сайын кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бекітеді және Концедентке ұсынады.

14. Жергілікті қамту

      (егер Концессионердің концессиялар объектісін пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе бөлім енгізуледі)

      83. Кадрлардағы жергілікті қамту мыналарды құрауы тиіс:

      1) бірінші санат – басқарушы құрам – _______________________ %;

      2) екінші санат – жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар__________________ %;

      3) үшінші санат – білікті жұмысшылар - _____________________ %.

      84. Жергілікті қамту:

      1) Концессионер алатын (сатып алатын) жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) – ______ %

      2) Концессионер алатын (сатып алатын) тауарларда _____ % құрауы тиіс.

      85. Жергілікті қамтуды есептеу Үлгілік шартқа 12-қосымшада көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

15. Концессия объектісіне және өзге да жылжымайтын мүлікке
меншік құқығы және оны беру тәртібі

      86. Құрылған және пайдалануға берілген концессия объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады.

      Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды және одан әрі мемлекеттік концессия объектісін Концессионерге пайдалануға беруді (соңғысы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Концессионер концессия объектісін мемлекеттік меншікке ресімдеу кезінде және концессия объектісін пайдалануға беру кезеңінде концессия объектісін күтіп-ұстауды және сақтауды қамтамасыз ету міндетін қабылдайды.

      87. Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған жылжымайтын мүлік объектілер ____________________________________________________

      меншігіне (негіздемесі мен қабылдап алатын тұлғаны көрсету) мынадай тәртіппен беруге жатады

      _____________________________________________________________________

      (тәртібін, оның ішінде мүліктің құнын,

      _____________________________________________________________________

      ауыртпалықтардың болуын айқындау тәртібін көрсету)

      88. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, оны мерзімінен бұрын бұзғаннан кейін және Үлгілік шартта көзделген өзге де жағдайларда Концессионер концессия объектісін және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке береді, ал Концедент ______________________ мерзім ішінде қабылдайды. (мерзімін көрсету).

      Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      89. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ концессия объектісін пайдалануға берген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Концессионер Концедентке беретін концессия объектісі Үлгілік шартқа 13-қосымшада көрсетілген жай-күйде болуға тиіс, оның бейініне сәйкес пайдалануға жарамды болуға және Үлгілік шарттың 5-тармағында көрсетілген ауыртпалықтардан басқа оған үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      90. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін Үлгілік шартты мерзімінен бұрынбұзған жағдайда Концессионер Концедентке беретін концессия объектісіне Үлгілік шарттың 5-тармағында көрсетілген ауыртпалықтардан басқа, үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      91. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер Үлгілік шартқа 14-қосымшада көрсетілген жай-күйде және санда өзге мүлікті және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда, оны мерзімінен бұрын бұзғанда және Үлгілік шартта көзделген өзге де жағдайларда күннен _____ күн аралығында (мерзімін көрсету) Концедентке қайтарады, ал Концедент қабылдайды. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      92. Концессия объектісінің, сондай-ақ Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілердің, құны мынадай тәртіппен айқындалады:

      _____________________________________________________________________

      (тәртібін көрсету)

      93. Концеденттің ______________________________________________

      (олар басталған жағдайда Концедент _____________________________________________________________________

      қол қоюдан бас тартуға құқылы мән-жайларды көрсету) жағдайда концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқығы бар.

      94. Концедент Үлгілік шарттың 92-тармағының негізінде көрсетілген объектілерді және/немесе өзге мүлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда Концессионер Үлгілік шарттың 92-тармағында көрсетілген мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.

16. Арнайы қаржылық компания

      95. Арнайы қаржылық компанияның жарғылық капиталына қатысу үлестері (акцияларға құқықтары)

      _____________________________________________________________________

      (қатысушылар және жарғылық капиталдағы үлесінің

      _____________________________________________________________________

      тиесілі.немесе акцияларға құқықтарының көлемін көрсету)

      96. Арнайы қаржылық компания Үлгілік шартты орындау мақсатында осы Үлгілік шартта айқындалған мерзімге және шарттарға сәйкес құрылады. Арнайы қаржылық компания Үлгілік шарттан туындайтын міндеттемелерді орындауға Концессионермен ортақ толық жауапкершілікте болады. Концессионер Үлгілік шарттың 143-тармағында белгіленген тәртіппен арнайы қаржылық компанияның ортақ жауапкершілігі туралы міндеттемелерді ресімдеуге міндетті.

      97. Арнайы қаржылық компанияға, сондай-ақ Концедентке қатысты құрылтайшылардың қатынастары мен міндеттемелері Қазақстан Республикасының "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" заңнамасына сәйкес реттеледі.

      98. Концессионер және арнайы қаржылық компания осы Үлгілік шарт бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" заңнамасында талап етілетін концессиялық жобада көзделген техникалық, экономикалық және қаржылық сипаттағы сапа мен кепілдіктерді сақтауға міндетті.

      99. Арнайы қаржылық компанияның жарғылық капиталындағы (акцияларға құқықтарындағы) үлестерін иеліктен шығару Қазақстан Республикасының "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

      100. Концессионердің жарғылық капиталынан бір немесе бірнеше қатысушының шығуына немесе бір немесе бірнеше қатысушының келуіне алып келетін Концессионердің жарғылық капиталдағы (акцияларға құқықтарының) үлестерін иеліктен шығаруы Концедентті алдын ала хабардар ету арқылы жүргізіледі. Концессиялық жобада көзделген болса, осы бөлім енгізіледі.

17. Концеденттің құқықтары мен міндеттері

      101. Концедент:

      1) Концессионермен Үлгілік шарттың талаптары мен Үлгілік шарттардағы кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы келіссөздер жүргізуге;

      2) Концессионердің кінәсінен болған концессия объектісініңжай-күйі нашарлаған жағдайда, Концессионерден залалдарды өтеуді талап етуге;

      3) Концессионердің жедел қызметіне және Үлгілік шартты іске асыру барысына араласпай, ___________ күннен кешіктірмей берілген алдын ала хабарландырумен бірге жұмыс уақыты ішінде, тиісті бюджеттің немесе өзге де қаражаттың (алайда Концессионердің қаражаты емес) есебінен аудиторлық ұйымды, тәуелсіз консалтингтік ұйымды немесе тиісті мәселелер бойынша консультациялар жөніндегі қызметтерді көрсететін (жұмыстарды атқаратын) өзге де тұлғаны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді, концессия объектісіне, өзге мүлікке, сондай-ақ Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерде кез келген бару кезінде Концессионер белгілеген қауіпсіздік шараларын осындай тұлғалардың сақтауы шартымен жүзеге асыруға;

      4) Концессионердің Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасын, Үлгілік шарттың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;

      5) Үлгілік шарттың ережелеріне сәйкес Концессионерден концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану туралы ақпаратты алуға, оның ішінде қаржылық есептілікпен танысуға;

      6) Концессионердің Үлгілік шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттарды Концессионерден талап етуге және алуға;

      7) Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасына және Үлгілік шартта белгіленген рәсімге сәйкес Концессионер маңызды шарттарын бұзған жағдайда, Үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда Үлгілік шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;

      8) Концессионердiң Үлгілік шарт бойынша маңызды міндеттерді тиісінше орындамаған жағдайда Үлгілік шартта белгіленген шарттарда және тәртіппен шығындар үшін өтемақы алуға, сондай-ақ Үлгілік шартқа сәйкес концессия объектісін пайдалану бойынша Концессионердің инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау қорытындылары бойынша сыйақы бойынша төлемдер сомасын азайтуға;

      9) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес Концессионердің өзіне қабылдаған концессиялық жобаны іске асыруға меншікті капитал салымы бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;

      10) Концессиялар туралы заңнамаға және Үлгілік шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзегеасыруға құқығы бар.

      102. Концедент міндетті:

      1) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионерге Үлгілік шартты қолданудың барлық мерзіміне концессия объектісіне иелік ету және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ Концессионердің концессия объектісіне аталған құқықтарын растайтын құжаттарды белгіленген тәртіппен, концессия объектісіне мемлекеттік меншік құқығын тіркеуден кейін, егер мұндай тіркеу Үлгілік шарт мерзімінің аяқталуына дейін туындайтын болса, уақытылы беруге;

      2) Жер заңнамаға және осы Үлгілік шартқа сәйкес концессия объектісін құру және пайдалану мақсаттары үшін Концессионерге жер учаскелерін беруді қамтамасыз етуге;

      3) объектіні құру және пайдалану мақсаттары үшін Концессионерге берілген жер учаскелерінде қауіпті материалдар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес мұндай материалдарды жою бойынша жәрдем көрсетуге;

      4) концессия объектісін салу және пайдалану мақсаттары үшін инженерлік желілерді (энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, телекоммуникациялар және т.б.) орнату, қосу және/немесе пайдалануға қолжетімділік бойынша жәрдем көрсетуге;

      5) Үлгілік шартта көзделген шарттарды сақтауға;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында және Үлгілік шарттабелгіленген тәртіппен концессия объектісіне мемлекеттік меншік құқығын тіркеуді қамтамасыз етуге;

      7) Концессия туралы заңнамада және Үлгілік шартта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;

      8) мүмкіндік болған жағдайда, Концессионерге оның өтініші бойынша:

      Концеденттің беру құқығы бар Үлгілік шартқа қатысы бар, бірақ дайын түрде жоқ құқықтық актілердің көшірмелерін алу үшін өтінгенде;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес қажетті қандай дабір шешімдерді, лицензияларды немесе келісімдерді алу үшін өтінгенде жәрдемдесуге міндетті.

18. Концессионердің құқықтары мен міндеттері

      103. Концессионер:

      1) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессия туралы заңнамада және Үлгілік шартта көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты иелікету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      2) концессия объектісін салу мен пайдалану үшін жер заңнамада және Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелеріне иелік ету мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;

      3) Концедентпен келісу бойынша концессия объектісін салуды және/немесе пайдалануды қаржыландыру мақсатында қаржылық құралдарды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ концессия объектісін салу және пайдалану үшін қаржыландыруды алу мақсатында қарыз беруші ретінде шығуға;

      4) Концедентпен келісу бойынша, егер бұл жобалау-сметалық құжаттамада белгіленген тәртіппен көзделсе, концессия объектісін бөліктер бойынша пайдалануға беруге. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі;

      5) Үлгілік шарт пен Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына сәйкес Шарттың орындалуына байланысты болған шығындардың өтемін алуға;

      6) Үлгілік шартта белгіленген рәсімге сәйкес Концедент ерекше шарттарды бұзған жағдайда Үлгілік шартты бұзуды талап етуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын инвестициялық преференциялардың субъектісі болуға;

      8) Концедентпен келісу бойынша, концессия объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану бойынша жұмыстарды орындауға кез келген үшінші тұлғаларды тартуға, олардың іс-қимылына Үлгілік шартқа сәйкес Концессионер толық жауапкершілікте болады;

      9) концессия объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе осы Үлгілік шарт бойынша оған ұсынылған құқықтар шеңберінде кез келген іс-қимыл жасауға;

      10) Шартқа сәйкес концессия объектісін пайдалануға беруден Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгілік шартқа сәйкес табыстар алуға;

      11) Концессионер ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға жүгінуге;

      12) Қазақстан Республикасының Концессия туралы заңнамасына және Үлгілік шартқа сәйкес өзге да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      104. Концессионер:

      1) Үлгілік шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін, сондай-ақ, жобалау құжаттамасына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау және пайдалану бойынша жұмыстарды өз есебінен, дербес немесе өзге де тұлғаларды (мердігерлік ұйымдар) тартумен орындауға және көрсетілген концессия объектісін құруды және/немесе реконструкциялауды және пайдалануды инвестициялауды жүзеге асыруға;

      2) пайдалану кезінде концессия объектісінің, сондай-ақ Үлгілікшарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілердің бейінін сақтауға;

      3) концессия объектісінің нысаналы бағытына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге;

      4) концессия объектiсін салуды және/немесе реконструкциялауды жүзеге асыру кезiнде тиiмдi, сапалы әдiстер мен технологияларды таңдауға және пайдалануға;

      5) концессия объектiсін салу және/немесе реконструкциялау және пайдалану жөніндегі жұмыстар сапасын техникалық және авторлық қадағалау мен технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуге;

      6) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау кезінде Концессионер көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін, оның ішінде уақытша айналма жолдар бойынша қамтамасыз етеді;

      7) уәкiлеттi органдар қызметтік функцияларын орындауы кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына, Концедент пен оның өкілдеріне олардың Үлгілік шарттың сақталуына бақылауды жүзеге асыруы кезінде, осындай тұлғалар кез келген уақытта объектіге келгенде Концессионер белгілеген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына кiруге рұқсат беру және осындай тұлғалар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды уақтылы, өз есебінен және өз күшімен жоюға;

      8) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау және пайдалану кезінде, егер олар мемлекеттік немесе ұлттық стандарттарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасында жасалған жабдықтар мен материалдарды басым тәртіппен қолдануға;

      9) концессия объектісін салу және пайдалану кезiнде, егер осындай мердігерлік ұйымдардың көрсететін қызметтері ұлттық немесе халықаралық стандарттарды қанағаттандырған жағдайда, басым тәртіппен қазақстандық мердігерлік ұйымдарды тартуға;

      10) концессия объектісін салу және пайдалану үшін жұмысшыларды жалдауды жүзеге асырған кезде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;

      11) сапа және экологиялық қауіпсіздік менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;

      12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін өзге де мiндеттi төлемдердi уақтылы төлеуге;

      13) өзінің қызметi процесінде концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау мен пайдалану үшін қолданылатын аумақта орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектілердi, сондай-ақ Үлгілік шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді сақтауға;

      14) Үлгілік шарт бойынша Концессионер қызметiнен жай-күйi бұзылған жер учаскелерiн және басқа да табиғи объектiлердi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Үлгілік шартқа сәйкес одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге дейiн қалпына келтiруге;

      15) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң, ол мерзімінен бұрын бұзылған және Шартта көзделген басқа да жағдайларда, белгіленген тәртіппен табиғи тозуын ескере отырып, техникалық жарамды қалпында концессия объектісін және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке беруге. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі;

      16) егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, концессия объектісін тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдерінің басынан аяғына дейін концессия объектісі мүлігінің сақталуына жауапты болуға;

      17) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;

      18) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау мен пайдалану кезінде қолданыстағы қазақстандық және халықаралық стандарттарды сақтауға;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес концессиялық жобаны іске асыруға тартылған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      20) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін меншікті капиталын салу бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға;

      21) жыл сайын сатып алуды жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауданы және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органына белгіленген нысанда және мерзімде ұсынуға;

      22) Қазақстан Республикасының Концессия туралы заңнамасында және Үлгілік шартта белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

19. Археологиялық олжалар

      105. Егер концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау жұмыстарын орындау кезінде археологиялық олжалар табылса, археологиялық қызығушылықты алдын ала тексеру мақсатында Концессионер жұмыстарды тоқтата тұрады және бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органға және Концедентке дереу хабарлайды. Жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты бойынша ғана жалғастырылуы мүмкін. Олжалардың табылу себебі бойынша жұмыстардың тоқтатылуы форс-мажорлық мән-жайлар болып саналады.

      106. Концессионер археологиялық олжаларға байланысты кідіртуді мүмкін болғанша қысқартуға міндетті. Осы мақсат үшін ол құзыретті органдармен неғұрлым қолайлы шешімдерді анықтау бойынша, сондай-ақ Концедент бекітетін олжаларды алу жоспарын және оны жаңа мерзімдерге сәйкес келтіру үшін концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесін өзгерту бойынша Концедентпен ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.

20. Концеденттің Үлгілік шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      107. Концедент Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Концессионердің Үлгілік шарттың ережелерін орындауын, Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін, (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) сондай-ақ концессия объектісін пайдалану бойынша міндеттемелердің Үлгілік шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

      108. Бақылаудың негізгі бағыттары:

      1) концессия объектілерін пайдалану мен бейінін сақтаудың тиімділігі;

      2) өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемін ұлғайту мен сапасын жақсарту;

      3) қызметтің өзіндік құнын төмендету және кіріс бөлігін арттыру;

      4) Үлгілік шартта айқындалған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;

      5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.

      109. Концессионердің Үлгілік шарттың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне концессия объектісіне, сондай-ақ Үлгілік шарт бойынша қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      110. Концессионер _____________________________________________

      (ай сайын, тоқсан сайын, әр жартыжылдықта, күн сайын – керегін көрсету)

      Концедентке Концессионердің Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті есептілік кезең аяқталған күннен бастап ______ күн ішінде ұсынады. Есеп мынадай деректерді қамтуы қажет

      ____________________________________________________________________.

      (Тараптармен келісілген деректер көрсетіледі)

      111. Концессионер қызметін бақылау барысында Концессионердің Үлгілік шарттың талаптарын орындауына елеулі әсер ететін бұзушылықты Концедент анықтаса, Концедент Концессионердің жіберілген бұзушылықтарын _________ күнтізбелік күн ішінде жоюы туралы талабын жазбаша түрде жібереді.

      112. Тараптар Үлгілік шарт бойынша міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Үлгілік шартта көзделген міндеттерді тиісінше орындауға ықпал етуі мүмкін елеулі оқиғалардың басталғаны туралы бір-біріне дереу хабарлауға міндетті.

      113. Концессионер жыл сайын ___________ кешіктірмей Концедентке(мерзімін көрсету) өзінің концессия объектісін басқару бойынша қызметі туралы есеп береді.

      114. Концессионер жыл сайын сатып алуды өткізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органына белгіленген нысанда және мерзімде ұсынуға міндетті.

21. Тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі іс-шаралар

      115. Концессиялық жоба бойынша міндеттемелердің орындалмауы және қосымша шығындар тәуекелдерін Тараптар Үлгілік шарт талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көтереді.

      116. Үлгілік шарттың өзге бөлімдерінде белгіленген тәуекелдерді бөлуді ескере отырып, Тараптар тәуекелдерді былайша бөлу туралы шешімге келді:

      ____________________________________________________________________.

      (керегін көрсету)

      117. Тәуекелдерді басқару мүмкіндігін бағалау Үлгілік шартқа 15-қосымшада белгіленген тәртіппен тұрақсыздандыратын және қолайлы оқиғаларды талдау негізінде жүзеге асырылады.

      118. Тұрақсыздандыратын оқиғалар мыналар болып табылады:

      1) Концеденттің Үлгілік шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы;

      2) Үлгілік шарттың 12-бөлімінде көзделген _________ артық төлемдер (мерзімін көрсету) мерзімін бұзу;

      3) мемлекеттік органдардың тарапынан лицензиялар, аккредиттеу және Үлгілік шартты орындау үшін қажет өзге де рұқсат беру құжаттарын беру бойынша белгіленген мерзімдердің бұзылуы;

      4) заңнамаға және Үлгілік шартқа сәйкес Концедент міндеттемелерін, формальдылық пен міндеттерін уақтылы орындау бойынша оң тарихы бола тұрып, Концеденттің немесе өзге де мемлекеттік органдардың іс-қимылы нәтижесінде Концедент осы Үлгілік шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін орындай алмауы;

      5) Үлгілік шарттың 33-бөліміне сәйкес кез-келген еңсерілмес күш жағдаяттары (Концедент шығыны _____________________ асатын мөлшерде); (сомасын көрсету)

      6) Осы Үлгілік шартты жасасқаннан кейін қолданысқа енгізілген:

      Үлгілік шартта көзделген концессия объектісін құрудың және/немесе реконструкциялаудың мерзімдері мен шарттарына, концессия объектісін экономикалық басқаруға және оның функционалдылығына немесе инвестиция мен төлемдердің тетіктері мен шарттарына теріс әсер ететін;

      Үлгілік шарттың ережелеріне өзгерістер енгізу қажеттігін туындататын;

      Үлгілік шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерге, тауарларға, жұмыстарға қол жеткізуді ұсынудың көлеміне немесе орындау тәртібі мен ұсыну шарттарына әсер ететін;

      Үлгілік шартты жасасу сәтінде қолданылған бухгалтерлік қағидаттарды өзгертуге әкелетін немесе концессиялық жоба шеңберінде берілетін негізгі құралдарды амортизациялаудың, инвестицияларды есепке алудың жаңа тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы заңнамасының кез келген ережесі;

      7) Концессионердің кінәсінсіз болған, концессия объектісінің дайындығына теріс әсер ететін және концессия объектісін пайдалануға беруді кідірте алатын кез келген орындалу мерзімінің (______________) бұзылуы (қосымша маңызды жұмыстарды көрсету, мысалы: кіреберіс жолдары немесе жол желісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар);

      8) Үлгілік шарттың 19-бөліміне сәйкес кез келген археологиялық олжа;

      9) жобалық құжаттаманы бекіту мерзімінің бұзылуы немесе Концессионер кінәсінсіз болған __________________ астам күннің ішінде (күндерін немесе айларын көрсету) бекітпеуі;

      10) Концессионер кінәсінсіз болған, концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау мерзімінің бұзылуы мен шығындардың _____________________________________________________ сомаға ұлғайту;

      (сомасы көрсетілсін)

      11) Концессионер кінәсінсіз болған қажетті лицензияларды, рұқсаттарды жою немесе олардың күшін жою;

      12) концессиялық жобаны сақтандыру бойынша шығындарды _________________________________________________ мөлшерінде ұлғайту;

      (сомасын көрсету)

      13) Үлгілік шарттың 41-тармағына сәйкес қосымша жұмыстар;

      14) (концессиялық жобаның ерекше сипаттамаларына байланысты басқа да ықтималды тұрақсыздандыратын оқиғаларды қосу).

      119. Қолайлы оқиғалар мыналар болып табылады:

      1) қаржы-экономикалық жоспарда көзделген деректерге қарағанда осындай төмендету жалпы соманы ________________________ артық болатын мөлшерде шығындарды төмендету;

      2) жобалық құжаттамада көзделген деректерге қарағанда концессия объектісін құруға жұмсалған шығындарды төмендетуге әкелетін, осындай төмендету жалпы сомадан ______________________ артық болатын мөлшерде Концедент мақұлдаған техникалық және технологиялық өзгерістер;

      3) концессия объектісін пайдалану бойынша шығындарды __________ астам сомаға төмендету;

      4) теріс салдардың орнына оң нәтижеге және қаржы-экономикалық параметрлердің жақсаруына әкелетін тұрақсыздандыратын оқиғалар анықтамасында аталған кез келген оқиға немесе мән-жай;

      5) (концессиялық жобаның ерекше сипаттамаларына байланысты басқа да мүмкін қолайлы оқиғаларды қосу).

      120. Егер:

      1) қолайлы оқиғаның; және/немесе

      2) тұрақсыздандыратын оқиғаның салдарынан баланстың бұзылуы болса, Тараптар қаржы-экономикалық жоспарға сәйкес қаржылық балансты қалпына келтіруге құқылы.

      121. Егер қандай да бір жағдай немесе Үлгілік шарттың 117, 118-тармақтарындааталған мән-жайлардың бірі оң мағынадағы өзгерістерге әкелсе, балансты қалпына келтіру Концеденттің пайдасына жүргізіледі.

      122. Қарсы Тарапқа қолайлы және/немесе тұрақсыздандыратын оқиғаның пайда болуы туралы растайтын құжатты берген сәттен бастап күнтiзбелiк ____________ күн мерзімінде Тараптар концессиялық жобаның қаржылық шарттарын тексеруді орындайды және қаржылық параметрлері баланстың бұзылуы туындаған күннің алдындағы күні болған деңгейіне қайтып келетіндей етіп қаржы-экономикалық жоспардың көрсеткіштерін қалпына келтiруді көздейтін шарттарды қайта қарау бойынша бiрлескен, балама шешiм қабылдайды:

      1) Концедентке және/немесе Концессионерге сыйақыларды және өзгеде төлемдерді ұлғайту немесе азайту;

      2) Концедентке және/немесе Концессионерге өтемақы ретінде сомаларды (біржолғы төлем немесе мерзімдік сомалар) төлеу;

      3) Үлгілік шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе мерзімін ұзарту;

      4) (басқа жағдайларды қосу).

22. Тараптардың жауапкершілігі

      123. Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесетиісінше орындамағаны үшін Тараптар Үлгілік шартта және Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

      124. Тараптардың бірі жобалау құжаттамасының Үлгілік шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған кезде осы сәйкессіздікті анықтаған Тарап екінші Тарапқа бұл туралы дереу ескертеді және Концеденттің шешімі негізінде жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізген сәтке дейін Концессионер объектілерді құру және/немесе реконструкциялау бойынша жұмыстарды тоқтата тұрады.

      Жобалау құжаттамасының Үлгілік шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде жобалау құжаттамасын әзірлеген __________________________________ Үлгілік шартқа 16-қосымшада (Концессионер, Концедент – керегін көрсету) көрсетілген тәртіппен және мөлшерде ___________ алдында жауап береді. (Концессионер, Концедент – керегін көрсету)

      125. Концессионер Концеденттің алдында объектіні___________________________________________________ кезде Үлгілік шартта (салған, реконструкцияланған және пайдаланған керегін көрсету) белгіленген талаптарды, техникалық регламенттердің, жобалау құжаттамасының талаптарын, концессия объектінің сапасына қойылатын өзге де міндетті талаптарды бұзғаны үшін жауап береді.

      126. Үлгілік шартта көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Концедент бұзушылықтар анықталған күннен бастап __________ күн ішінде (күнтізбелік күндер саны, өзге мерзім керегін көрсету) Концессионерге жазбаша түрде Үлгілік шарттың және/немесе талаптары бұзылған құжаттың тармағын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды өтеусіз жою, сондай-ақ Концессионердің бұзушылығынан туындаған залалды Концедентке өтеу талабын жібереді. Бұл ретте бұзушылықтарды жою мерзімі ________________________________________________ құрайды.

      (күнтізбелік күндер саны, өзге мерзім – керегін көрсету)

      127. Концессионер Концеденттің алдында концессия объектісін ______________ жөніндегі жұмыстардың сапасы үшін концессия объектісін (салу және/немесе реконструкциялау – керегін көрсету) Концедентке берген күннен бастап _________ жыл ішінде жауапты болады.

      Концессия объектісінде Концессионердің концессия объектісінсапасыз __________ туындаған ақаулықтар анықталған кезде Концессионер (салуынан және/немесе реконструкциялауынан – керегін көрсету) Концеденттен анықталған ақаулар туралы хабарламаны алған күннен бастап _________ күннің ішінде не Тараптармен жазбаша келісілген өзге мерзімде мұндай ақауларды өз есебінен жояды.

      128. Екінші Тараптың Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған Тараптардың шығындарын өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      _____________________________________________________________________

      (Тараптармен келісілген тәртіп көрсетіледі)

      129. Концессионер Концедентке осы Үлгілік шартта көзделген міндеттемелерді Концессионер орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері бұзылған жағдайда ________________ түрінде тиісті бюджетке (айыппұл, өсімақы – керегін көрсету) тұрақсыздық айыбын төлейді.

      130. Концедент міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Концедент

      _____________________________________________________________________

      (айыппұл, өсімақы – керегін көрсету) түрінде Концессионерге тұрақсыздық айыбын төлейді.

      131. Айыппұлдарды, өсімақыларды төлеу мөлшері, тәртібі мен мерзімі Үлгілік шартқа 16-қосымшада көрсетілген.

      132. Концессионер _____________________________________________

      (Үлгілік шарттың күшіне енген, өзге – керегін көрсету) күннен бастап _________________________________________________

      (концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі) мөлшерде Үлгілік шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді мынадай нысандарда: __________________________________ ұсынады. (концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)

      133. Екінші Тараптың Үлгілік шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы Үлгілік шартта көзделген міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда, Тарап Үлгілік шарт бойынша өз міндеттерін орындауды бастамауға немесе екінші Тарапты ол туралы дереу хабардар ете отырып, олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      134. (Егер концессиялық жоба көзделген болса, енгізіледі) Концессионер концессия объектісін пайдалану кезінде Концеденттің мүдделеріне тиісті қамқорлық көрсетпесе, оның табиғи тозуын, сондай-ақ жіберіп алған пайдасын ескере отырып, концессия объектісін сенімгерлік басқару кезінде жіберіп алған пайдасын және мүліктің жойылуынан немесе бүлінуінен болған шығындарды өтейді. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      135. Егер Концессионер осы шығындар еңсерілмес күш салдарынан немесе Концеденттің іс-қимылынан пайда болғанын дәлелдей алмаса, келтірілген шығындар үшін жауапты болады.

      136. (Егер концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Концессия объектісін басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша борыштар Концессионердің мүлігі және оған тиісті төлемдер есебінен өтеледі. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      137. (Егер концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Концессионер осы Үлгілік шарттың тиісінше орындалмауына байланысты ықтимал шығындарды өтеуді қамтамасыз ету үшін Концедентке Үлгілік шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Егер Концессиялық жобамен көзделсе, осы тармақ енгізіледі.

      Үлгілік шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шарттары Үлгілік шартқа 17-қосымшада көрсетілген.

23. Құқықтар мен міндеттерді беру

      138. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және Үлгілік шартта белгіленген шарттарды сақтай отырып, Концессионер өзінің Үлгілік шарт бойынша құқықтарын немесе оның бір бөлігін басқа адамдарға беруге құқылы.

      Үлгілік шарт бойынша талаптар басқаға берілген немесе борышы аударылған жағдайда Концессионердің құқықтары мен міндеттерін басқа адамға/адамдарға ауысуы осындай адамның/адамдардың "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Үлгілік шарт бойынша концессионерді айқындау жөніндегі конкурстың конкурстық құжаттамасында белгіленген конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.

      139. Заңды тұлға Концессионерді қайта ұйымдастырған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттерін қайта ұйымдастырылған немесе пайда болған заңды тұлғаға беру қайта ұйымдастырылған немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлға "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Үлгілік шарт бойынша Концессионерді айқындау жөніндегі конкурстың конкурстық құжаттамасында белгіленген конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.

      140. Құқықты беру:

      1) өтеулі немесе өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде басқа адамға құқықты ішінара немесе толық иеліктен айыру;

      2) құқықты басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;

      3) банкроттылық кезінде конкурстық іс жүргізу процесінде құқығынан айыру;

      4) құқыққа ақыны, оның ішінде кепілдік кезінде өндіріп алу жолымен жүзеге асырылады.

      141. Барлық жағдайларда, Үлгілік бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа адамға/адамдарға беру Концеденттің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.

      142. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына Концессионер болып табылатын заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын немесе акцияға айырбасталатын құнды қағаздарын айналымға бастапқы шығарылуы, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру Концедентті алдын ала хабардар ете отырып, жүзеге асырылады.

      143. Үлгілік шарт бойынша құқықты (оның бір бөлігін) кепілге беру Концеденттің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Үлгілік шарт бойынша құқық кепілдік ретінде алынған кредитті Үлгілік шартта көзделген мақсаттарға Концессионердің өзі немесе арнайы қаржы компаниясы пайдалануға тиіс.

      144. Құқық ішінара басқа адамға берілген жағдайда Концессионер мен осындай адам құқықтарды бірлесіп жүзеге асыру және Үлгілік келісімшарт бойынша міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Бірлескен қызмет туралы шарт немесе Концессионер мен үшінші тұлға арасындағы Үлгілік шарт бойынша қызметі шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт Концедентпен келісіледі және Үлгілік шарттың Тараптары үшін міндетті күші бар Үлгілік келісімшартқа қосымша болып табылады.

      145. Концессионер және Үлгілік шарт бойынша құқық берілетін үшінші тұлға Үлгілік келісімшарт бойынша ортақ жауапкершілікте болады.

      146. Үлгілік шартты тоқтату Үлгілік шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді өзге тұлғаларға беру туралы мәмілелерді тоқтатуға негіз бола алады.

      147. Құқықты беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, Концессионердің шығыстарына жатқызылады.

      148. Үлгілік шарт бойынша құқықты беру Үлгілік шарттың 161-тармағына сәйкес Үлгілік шартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеледі және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

      Концедент Үлгілік шарт бойынша құқығын беруден бас тартуға құқылы.

      149. Концессионер Концеденттің рұқсаты болмай тұрып жасаған Үлгілік шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де іс-қимылдар оларды жасасу сәтінен бастап жарамсыз деп саналады.

      150. Үлгілік шарттың 148-тармағында көрсетілген мәмілелерді жасасу туралы Концедентті оны жасасқаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етпеу мәмілелерді жарамсыз деп тануға негіз болады.

24. Қолданылатын құқық

      151. Үлгілік шарттың негізінде қол қойылған Үлгілік шарт және басқа да мәмілелер үшін Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

      152. Үлгілік шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер бойынша құқықтар мен міндеттерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

      153. Концессионер Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласында қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындау міндеттемесін өзіне қабылдайды.

      154. Егер олар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмесе, Қазақстан Республикасы концессия туралы заңнамасының нормалары қолданылады.

25. Дауларды шешу тәртібі

      155. Үлгілік шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешіледі.

      156. Егер Үлгілік шартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар алты айдың ішінде келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда Тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

26. Үлгілік шарт тұрақтылығының кепілдіктері

      157. Концессионерге Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасына сәйкес оның құқықтарын қорғауға кепілдік беріледі.

      158. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе, Үлгілік шарттың талаптарын өзгертуге және толықтыруға Тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.

      159. Егер ол осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалса және заңнамада нормативтік құқықтық актінің кері күші тікелей көзделмеген болса, Үлгілік шарт бойынша Концессионердің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар Үлгілік шартқа қолданылмайды.

      160. Үлгілік шарттың 160-тармағында белгіленген кепілдіктер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеттігі саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулықты сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.(Табиғи монополиялар саласындағы концессиялық жобаны іске асырукезінде енгізіледі)

      161. Үлгілік шарттың ______________ тармақтарында көзделген табиғи

      монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне

      тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту

      тәртібін регламенттейтін ережелер, заңнамада оның қолданысы бұрын

      жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады деп

      белгіленген жағдайлардан басқа кезде өз күшін сақтайды.

27. Үлгілік шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату шарттары

      162. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Үлгілік шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың шарттарын және ондағы бекітілген концессиялық жобаның бастапқы параметрлері мен сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтыруларды Үлгілік шартқа жазбаша нысандағы қосымша келісімдер жасасу жолымен енгізуге құқығы бар.

      Үлгілік шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың шарттарына және ондағы бекітілген концессиялық жобаның бастапқы параметрлері мен сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу оларды Үлгілік шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессиялар жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.

      163. Үлгілік шарт:

      1) Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылған;

      3) сот шешімі;

      4) Концессионер таратылған;

      5) Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасында және Үлгілік шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.

      164. Концедент концессия объектісін ___________________________ (құру/реконструкциялау және пайдалану керегін көрсету) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға және адамгершілікке қауіп төндіретін, атап айтқанда:

      _____________________________________________________________________

      экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі) жағдайларда Үлгілік шарттың талаптарын біржақты өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады.

      165. Концедент осы тараудың 163-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, Концедент Концессионерге Үлгілік шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды өтейді, сондай-ақ, Үлгілік шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу Концессионердің дөрекі салғырттығынан не оның Үлгілік шарт талаптарын бұзушылығынан туындаған жағдайдан басқа, Үлгілік шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтырады.

      166. Егер Тараптар концессия объектісін __________________ іске (құруды/реконструкциялауды және пайдалануды керегін көрсету) асыру үшін мемлекеттің инфрақұрылымдық облигациялары бойынша кепілгерлігі таңдалса, онда инфрақұрылымдық облигациялар айналысының мерзімі ішінде облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін Үлгілік шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

28. Үлгілік шарт тілі

      167. Үлгілік шарт қазақ және Тараптар үшін қолайлы тілде, теңзаңды күші бар ______________ түпнұсқа данада жасалды, олардың ішінде __________ данасы Концедент үшін және ______ данасы Концессионер үшін жасалды.

      168. Үлгілік шарттың мазмұнын айқындау және түсіндіру кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ___________ тілдегі (тілді көрсету) мәтін нұсқасының күші басым.

      169. Тараптар қазақ (немесе) орыс тілдері қарым-қатынас тілі ретінде қолданылады деп уағдаласады.

      170. Үлгілік шарт күшіне енген күннен бастап Үлгілік шартты орындауға қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілінде жасалады.

29. Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі

      171. Үлгілік шарт тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және _____________________________________ қолданылады.(мерзімі концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)

      172. Концессия объектісін құру мерзімі 20__ жылғы "___" _______

      173. __________________________________________________________ (моральдық жағынан ескірген және іс жүзінде тозған жабдықты____________________________________________________________________ жаңғырту, жаңа, неғұрлым өнімді жабдықпен ауыстыру, өзге мүліктің_____________________________________________________________________сипаттамалары мен пайдалану қасиеттерін жақсарту жөніндегі

      ____________________________________________________________________

      іс-шараларды жүзеге асыру – керегін көрсету) мерзімі 20__ жылғы "___" _______________

      174. (Егер Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионердің объектіні пайдалану мерзімі 20__ жылғы "___" ________________ бастап 20__ жылғы "___" _______________ аралығында.

      175. Концессионердің Концедентке тиесілі Үлгілік шарттың 186-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды пайдалану мерзімі – ____________________________________________________________ құрайды.

      (күн, ай, жыл – керегін көрсету)

30. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша
құқықтар

      176. Концедентке Концессионер Үлгілік шартты орындаған кезде өзесебінен алған зияткерлік қызметтің мынадай нәтижелеріне айрықша құқықтар тиесілі:

      _____________________________________________________________________

      (зияткерлік меншік объектілерінің атауы)

      Зияткерлік қызметтің көрсетілген нәтижелеріне Концеденттің құқықтарын тіркеуді Қазақстан Республикасының азаматттық заңнамасында белгіленген тәртіппен

      _____________________________________________________________________

      (Концедент немесе Концеденттен алынған өкілеттіктің негізінде

      _____________________________________________________________________

      Концессионер – керегін көрсету) жүзеге асырады.

      177. Концессионердің Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерін орындауы мақсатында Концедент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Үлгілік шарттың 173-тармағында көрсетілген мерзімге Үлгілік шарттың 175-тармағында көзделген зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану құқықтарын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шарт жасасады.

      178. Үлгілік шартты тоқтату Үлгілік шарттың 176-тармағында көзделген зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану құқығын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады.

      179. Концессионер Үлгілік шарттың 175-тармағында көрсетілген зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқықты беру кезінде, ол зияткерлік қызмет нәтижелеріне барлық айрықша мүліктік құқықтың заңды құқық иеленушісі болып табылатынына, Концессионер үшінші тұлғалардың зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарға қатысты барлық өзара қарым-қатынастардың реттелгені және зияткерлік қызметтің нәтижелері үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтары мен талаптарынан бос екендігіне кепілдік береді. Концессионер зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарға қатысты үшінші тұлғалардың барлық талаптары, наразылықтары мен даулары бойынша толық жауапкершілікте болады.

      180. Концеденке зияткерлік қызметтің нәтижелерін берумен бір мезгілде Концедентке зияткерлік қызметтің нәтижелеріне меншік құқығы ауысады және оларды пайдаланудың айрықша мүлік құқықтары ауысады.

      Концедент зияткерлік қызметтің нәтижелеріне билік етуге және оларды кез келген нысанда, кез келген тәсілмен және өзінің қалауы бойынша:

      1) зияткерлік қызметтің нәтижелерін қалпына келтіруге (қалпына келтіру құқығы);

      2) зияткерлік қызметтің нәтижелерін кез келген тәсілмен таратуға: сатуға, өзге де операцияларды жасауға (тарату құқығы);

      3) зияткерлік қызметтің нәтижелерін жария көрсетуге (жария көрсету құқығы);

      4) автормен жазбаша келісім бойынша зияткерлік қызметтің нәтижелеріне өзгерістер енгізуге, қайта жасау немесе басқа тәсілмен автормен жазбаша келісім бойынша коммерциялық орындылығы үшін зияткерлік қызметтің нәтижелерін қайта өңдеуге (өзгерту құқығы);

      5) зияткерлік қызметтің нәтижелерін іс жүзінде сату, пайдалануға айрықша мүлік құқықтарын іске асыруға құқылы.

      181. Үлгілік шарттың 175-тармағында көзделмеген және Концессионерге тиесілі зияткерлік қызмет объектілерін пайдалану құқығын Концедентке беру мынадай: ___________________________________(шарттарды көрсету) шарттарға сәйкес келуге тиіс жекелеген шарттар мен келісімдердің негізінде жүзеге асырылады.

31. Сақтандыру

      182. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді айқындайды, оларды Концессионер заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.

      183. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер және мыналарға:

      1) құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға және қоймаға орналастыруға;

      2) жалға алынған немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті қоса алғанда, Концессионердің _______________________________________(құрылыста, құрылыста және пайдалануда керегін көрсету) пайдаланылатын мүлкіне;

      3) жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның салдарларын жоюға арналған шығыстарға;

      4) үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді.

      184. Мемлекеттің қарыздар бойынша кепілгерлігін алуға үміткер Концессионердің осы Үлгілік шартқа 18-қосымшада келтірілген мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарызды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы тиіс.

      185. Концессионер Қазақстан Республикасының сақтандыру қызмет туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру компанияларын өзінің қалауы бойынша таңдайды.

32. Құпиялылық

      186. Үлгілік шарттың ережелері, Үлгілік шартты орындау процесінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.

      187. Тараптар:

      1) Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық істерді жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпаратты беру;

      2) ақпарат Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;

      3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Үлгілік шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызмет көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;

      4) институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      188. Концессия объектісін _______________________________(құру, реконструкциялау, пайдалану – керегін көрсету) жүргізуге жатқызылған барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша ______________________ жылға құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.

33. Еңсерілмеген күш мән-жайлары (форс-мажор)

      189. Тараптар Үлгілік шарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер осындай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмеген күш мән-жайларынан туындаса, жауапкершілікте болмайды.

      190. Еңсерілмеген күш мән-жайларына: мысалы, Үлгілік шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, дүлей зілзалалар сияқты осындай мән-жайлар кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады. Келтірілген тізбе толық болып табылмайды. Осындай мән-жайларға, атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті көрсетілетін қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.

      191. Еңсерілмеген күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.

      192. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын мейлінше азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

      193. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған Үлгілік шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажорды тоқтатқан сәттен бастап жаңартылады.

34. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бойынша талаптар

      194. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Концессионер:

      1) концессия объектісін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде концессия объектісін салуға тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға және олардың сақталуын бақылауға;

      2) концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес концессия объектісінің жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың саны мен химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) жұмыстарды жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ жеке меншікті жоюға қауіп төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті барлық шараларды қолдану;

      5) концессия объектісін пайдалану кезінде Концессионердің қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

      195. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын болса, концессия объектілерін салу және/немесе реконструкциялау, пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.

      196. Үлгілік шарт бойынша жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптар:

      1) жұмыстарға арнаулы даярлығы және біліктілігі бар адамдарды, құрылыс жұмыстарына басшылық етуге арнайы білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;

      2) құрылыс жұмыстарын істейтін адамдарды арнайы киімдермен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

      3) қауіпсіздік талаптары мен санитариялық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін машиналарды, жабдықтар мен заттарды қолдану;

      4) жарылғыш заттар мен жарылу құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;

      5) жұмыстардың технологиялық циклын қамтамасыз ету және қауіпті жағдайларды болжау үшін қажетті және жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де бақылаулар кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы айқындау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;

      6) атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды жүйелі түрде бақылау;

      7) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу аймақтарының шектерін нақтылайтын деректермен техникалық құжаттамалар мен аварияларды жою жоспарларын уақытылы толықтыру;

      8) ғимараттарды әзірлеу және жабдықтаудың жобалау жүйелерін, жобалары мен технологиялық схемаларын сақтау болып табылады.

      197. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда Концессионердің лауазымды тұлғалары жұмыстарды дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.

      198. Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда Концессионер бұл туралы жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етуге міндетті.

      199. Үлгілік шарт бойынша қызмет әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, Концессионер жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша жұмыстарды бастауға құқылы емес. Қауіптің алдын алу үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде Концессионер Үлгілік шарт бойынша қызметтерді халық қауіпті аймақтан көшірілгеннен кейін ғанақайта бастауға құқылы.

      200. Концессионер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Концессионер алдында шарттық міндеттемелер мен еңбек міндеттерін орындаумен байланысты, Концессионердің кінәсінан азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлейді.

      201. Концессионер авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлеуге және оларды жобалау құжаттама құрамында бекітуге міндетті.

35. Қорытынды ережелер

      202. Үлгілік шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.

      203. Үлгілік шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:

      Концедент _____________________________________________________

      Концессионер __________________________________________________

      Үлгілік шарттың талаптарын өзгертетін Үлгілік шарт бойынша хат алмасудың заңды күші жоқ.

      204. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Үлгілік шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Үлгілік шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мирасқорға көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан орнын және өзге де деректемелерінің өзгеруі туралы бірін-бірі жазбаша түрде күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге міндетті.

36. Тараптардың орналасқан жері және банктік деректемелері

      Концедент Концессионер

      ____________________ ___________________

      ____________________ ___________________

      Тараптардың қолдары

      ____________________ ___________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      Осы Үлгілік шарт Концедент пен Концессионер арасында пайда болған өзара құқықты реттейді. Концедент, осы Үлгілік шартты қолдана отырып, Концессионердің таңдауы бойынша конкурс қорытындылары негізінде өзінің концессия шартының соңғы жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте, осы Үлгілік шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасына, Концеденттің конкурстық құжаттамасына, Концессионердің конкурстық өтінімі мен конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Үлгілік шартта курсивпен бөлінген түсіндірмелерді Концедент толтыруы тиіс.

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
1-қосымша

Концессия объектісі

      (Қосымшада құрылатын және/немесе реконструкцияланатын концессияобъектісінің сипаттамасы, концессия объектісі мүлкінің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ _______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
2-қосымша

Өзге мүлік

      (Қосымшада өзге мүліктің құрамы және оның сипаттамасы, оныңішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, берілетін мүліктің мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілердің тізбесі егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      __________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
3-қосымша

Концессия объектісінің құрамына кірмейтін
жылжымайтын мүлік объектілері

      (Қосымшада мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, мүліктің болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар және технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, сипаттамасы, техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      __________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
4-қосымша

Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі

      (Қосымшада Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіегжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
5-қосымша

Қаржылық-экономикалық жоспар

      (Қосымшада концессиялық жобаның өндірістік бағдарламасы, осы Шарттың 2-бөлімі 10-тармағының талаптарын ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
6-қосымша

Концессионер өндіретін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін
қызметтерге тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру және бекіту
тәртібі

      (Қосымшада концессиялық жобаның өніміне, жұмыстарына жәнекөрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу жүйесі егжей-тегжейлі көрсетіледі.

      Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру кезінде осы қосымша осы Шарттың 2-бөлімі 11-тармағының талаптарына сәйкес қалыптастырылады).

      Тараптардың қолдары

      _____________________ ______________________

      Концессионердің атынан Концеденттің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
7-қосымша

Концессия объектісінің жер учаскесі

      (Қосымшада концессия объектісін құру және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің сипаттамасы, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
8-қосымша

Концессия объектісі болып табылмайтын жылжымайтын мүлік
объектілеріне арналған жер учаскесі

      (Қосымшада Үлгілік шарттың 6-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті құру және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің сипаттамасы, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
9-қосымша

Қаржыландыру көздері

      (Қосымшада концессиялық жобаны қаржыландыру көздері, құрылымы,

      мерзімдері, кестелері мен шарттары, оның ішінде негізгі қорлардағы

      инвестициялар, сыртқы қаржыландыру шарттары, схемасы және

      қаржыландыруды ұйымдастыру егжей-тегжейлі көрсетіледі.

      Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру

      кезінде осы қосымшада Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар

      және реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес

      әзірленген және бекітілген табиғи монополиялар субъектінің

      инвестициялық бағдарламасы келтіріледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
10-қосымша

Концессиялық жобаны басқарудың институционалдық
схемасы

      (Қосымшада концессиялық жобаны басқарудың институционалдық схемасы егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      __________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
11-қосымша

Экономиканың әртүрлі салаларында концессия объектісін
Пайдалану шарттары

      (Қосымшада төменде көрсетілген шарттардан басқа, концессия объектісін пайдалануға қажетті өзге де шарттар егжей-тегжейлі көрсетіле алады)

1. Концессия объектісін жалдаудың жалпы шарттары

      1. Концессия объектісін жалға беру қабылдап алу-тапсыру актісі (беру сәтіндегі концессия объектісінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) бойынша жүзеге асырылады, оған Концессионердің, баланс ұстаушының өкілдері қол қояды және Концедент бекітеді әрі ол осы Үлгілік шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. Үлгілік шартқа қол қою арқылы Концедент және жазбаша келісімімен баланс ұстаушы жалға берілетін концессия объектісінің беру сәтінде кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және Үлгілік шарттың қолданылуы кезінде Үлгілік шартқа қатысы жоқ үшінші тұлғалармен талап етілмейтіндігін куәландырады.

      3. Үлгілік шарт "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және концессия объектісін жалдау жөніндегі шарттар осындай тіркеу сәтінен бастап күшіне енген деп есептеледі.

      Үлгілік шартты мемлекеттік тіркеу Концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Концессионер өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жалға алынған үй-жайлардағы техникалық құралдар мен инженерлік жабдықты дұрыс пайдалануға, сондай-ақ осы тармақта көзделген шарттардың тиісінше орындалмауының салдарына толық жауап береді.

      5. Концеденттің:

      1) баланс ұстаушымен келісім бойынша концессия объектісін, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге Концессионерге жазбаша рұқсат беруге;

      2) жалдау ақысын аударудың уақыттылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыруға;

      3) жалдау ақысының уақытылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;

      4) концессия объектісінің нысаналы пайдаланылуын тексерудіжүзеге асыруға құқығы бар

      6. Концессионердің:

      1) жалдау ақысын аванспен төлеуге;

      2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен концессия объектісін,онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат алу үшін Концедентке жүгінуге құқығы бар

      7. Концедент:

      1) баланс ұстаушының концессия объектісін Концессионерге қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша беруін және шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оны бекітуді қамтамасыз етуге;

      2) шартпен белгіленген тәртіппен Концессионердің концессия объектісін иеленуіне және пайдалануына кедергі келтірмеуге;

      3) жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы Концессионерді жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге;

      4) Концессионерге жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті.

      8. Концессионер:

      1) ай сайын жалдау ақысын, сондай-ақ басқа жалдау төлемдерін (айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге;

      2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің) көшірмелерін ұсына отырып, тоқсан сайын Концедентпен есеп айырысуды салыстырып тексеруді жүргізуге;

      3) қабылдап алынған концессия объектісін Үлгілік шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;

      4) концессия объектісін тиісті тәртіпте ұстауға, концессия объектісіне немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін іс-қимылдарды жасамауға;

      5) концессия объектісін жарамды жай-күйде ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізуге және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу жүргізуге;

      6) концессия объектісінің жекелеген элементтері, инженерлік құрылғылар Концессионердің кінәсынан, сол сияқты табиғи тозуына байланысты болса да істен шыққан жағдайда, өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

      7) Концеденттің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз концессия объектісін, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;

      8) концессия объектісіне және концессия объектісі орналасқан жер учаскесіне Концедент, санитариялық қадағалау қызметтері және Қазақстан Республикасы заңнамасының және концессия объектісін пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;

      9) Үлгілік шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;

      10) Үлгілік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл бұрын концессия объектісін жалдауды ұзарту ниеті туралы жазбаша өтініш беруге міндетті. Мұндай өтініштің болмауы Концедентке концессия объектісін басқа заңды немесе жеке тұлғаларға мүліктік жалға (жалдауға) беруіне негіз береді;

      11) Үлгілік шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған жағдайда, Концессионер мен баланс ұстаушының қолдары қойылған және Концедент бекіткен қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға күнтізбелік он күн ішінде концессия объектісін қайтаруды қамтамасыз етуге;

      12) концессия объектісі Концессионердің кінәсы бойынша пайдалануға жарамсыз күйге келтірілген жағдайда, өз қаражатының есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға;

      13) концессия объектісін жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық күйде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге міндетті.

      9. Концеденттің талабы бойынша мынадай:

      1) егер Концессионер концессия объектісін Үлгілік шарттың талаптарын елеулі бұза отырып, мұндай іс-қимылдарды тоқтату туралы Концеденттің жазбаша ескертуіне қарамастан, пайдаланған;

      2) егер Концессионер Үлгілік шарт бойынша берілген концессия объектісін мақсатқа сай пайдаланбаған;

      3) егер Концессионер қасақана немесе байқаусызда концессия объектісін елеулі нашарлатқан;

      4) егер Концессионер концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын Үлгілік шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін екі реттен астам төлемеген;

      5) егер Концессионер Үлгілік шартта белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті Концессионерге жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімде концессия объектісіне күрделі жөндеу жүргізбесе, Концедент Концессионерге өз міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын жоюды талап етуге құқылы;

      6) Концедент концессия объектісін алып қою туралы шешім қабылдаған;

      7) баланс ұстаушы Концеденттің атына Үлгілік шартты бұзу себептерін негіздей отырып жазбаша өтініш жасаған жағдайларда Үлгілік шарт бұзылуы және концессия объектісі баланс ұстаушыға қайтарылуы мүмкін.

      10. Шарт Концессионердің талабы бойынша мерзімінен бұрын мынадай:

      1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе концессия объектісінің мәніне сәйкес Концессионердің пайдалануына концессия объектісін бермеген, не концессия объектісін пайдалануға кедергі жасаған;

      2) концессия объектісінің баланс ұстаушысы Үлгілік шартпен белгіленген мерзімде, ал олар Үлгілік шартта болмаған жағдайда – оған жүктелген міндеттің ақылға қонымды мерзімінде концессия объектісін күрделі жөндеуді жүргізбеген;

      3) Концессионерге берілген концессия объектісінің, Концедент Үлгілік шартты жасасқан кезде айтпаған, Үлгілік шартты жасасқан кезде Концессионерге алдын ала белгілі болмаған және концессия объектісін қарап тексерген немесе оның ақаусыздығын тексерген уақытта оның табуы мүмкін болмаған, пайдалануға кедергі жасайтын ақаулары болған;

      4) егер концессия объектісі Концессионер жауап бермейтін мән-жайлар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

      11. Егер Концессионер өз қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органдардың) жазбаша рұқсатымен концессия объектісі үшін зиянсыз ажыратылмайтын жақсартулар жүргізген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының азамат заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Концессионер Үлгілік шарт тоқтатылғаннан кейін осы жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар.

      Концессионер жүргізген концессия объектісінің ажырайтын жақсартулары оның меншігі болып табылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Концедент пен баланс ұстаушының келісімінсіз Концессионер жасаған ажыратылмайтын жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.

      12. Мүліктік жалға (жалдауға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын есептеу концессия объектісін қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша концессия объектісін баланс ұстаушыға қайтару сәтіне дейін жүргізіледі. Концессионер мен баланс ұстаушы қол қойған және Концедент бекіткен қабылдап алу-тапсыру актісі мүліктік жалдың (жалдаудың) аяқталу фактісін растайтын құжат болып табылады.

2. Концессия объектісін сенімгерлік басқарудың жалпы шарттары

      1. Концедент Концессионерге концессия объектісін сенімгерлік басқаруға береді, ал Концессионер осы Шарт бойынша пайда табушы болатын Концеденттің мүддесіне концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      2. Концессия объектісі Концессионерге Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасында және Үлгілік шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлік басқаруға беріледі.

      3. Концессионер концессия объектісін сенімгерлік басқаруды иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.

      4. Осы Шарт Концессионердің концессия объектісіне сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      5. Концедент концессия объектісі Концессионерге берілген күні:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/ салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      6. Концессия объектісін сенімгерлік басқаруға беру Концессионерге оның меншік құқығының өтуіне әкеп соқтырмайды.

      7. Концессионердің концессия объектісін басқару бойынша құқықтары мен міндеттері концессия объектісі Концессионерге берілген сәттен басталады. Концессия объектісін беру (қабылдап алу-тапсыру актісін жасау, Қазақстан Республикасының Акционерлiк қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін концессия объектісіне байланысты өзгесі) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Концеденттің:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша концессия объектісін басқару жөніндегі Концессионердің қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) Концессионердің қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Концессионердің міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде концессия объектісін басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу, Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша Концессионердің есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де іс-қимылдарды жасауға құқығы бар.

      9. Концессионердің:

      1) Концедент мүддесінде Сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісіне қатысты заңды және іс жүзіндегі іс-қимылдарды жасауға;

      2) концессия объектісін сенімгерлік басқару кезінде жүргізілген қажетті шығыстарды оған сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісінің мүлкін пайдаланудан түскен кірістер есебінен ғана өтеуге;

      3) сыйақы беру құқығын қоспағанда, осы Шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісін сатып алуға құқығы бар.

      10. Концедент:

      1) Концессионерге осы Шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін беруге;

      2) Концессионерге осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Концессионерді хабардар етпей, концессия объектісін сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) концессия объектісін кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға, әрі осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғалар арқылы сатуға қоймауға міндетті.

      11. Концессионер:

      1) концессия объектісін тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) концессия объектісінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісімен өз атынан, бұл ретте Концессионер ретінде іс-қимыл жасап отырғанын көрсете отырып, мәмілелер жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының Азамат заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) осы Шартқа сәйкес Концессионердің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) концессия объектісін іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі іс-қимылдарды жасамауға;

      7) Концедентке өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға;

      8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша іс-қимылдар нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

      9) Концедентке _________________ өз қызметі туралы есеп беруге; (ұсыну мерзімдері)

      10) жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсыруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;

      11) осы Шарт тоқтатылған (шарттың мерзімі аяқталған, мерзімінен бұрын бұзылған) кезде концессия объектісін Концедентке беруге;

      12) өзге міндеттерге (сенімгерлік басқаруға берілетін концессия объектілеріне байланысты) міндетті.

      12. Концессионер концессия объектісін басқару кезінде ол онцеденттің мүддесіне, еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиян немесе залалды есепке алмағанда, келтірген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      14. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Концедент жүзеге асырады.

      Осы мақсатта Концедент басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Концессионер осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссияның өзі белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.

      15. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасын басшылыққа алады.

      16. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы, ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, ол үшін осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

3. Объектіні пайдалану кезіндегі бірлескен қызметтің жалпы шарттары

      1. Үлгілік шарттың Тараптары (серіктестер) мүлік пен күш-жігерді біріктіру негізінде мынадай _____________________________

      өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бірлесіп өндіру мен өткізуді ұйымдастыру саласында ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.

      2. Серіктестердің бірлескен қызметі Үлгілік шартқа 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын болады, онда тараптар кезеңдерді, мерзімдерді және басқа да шарттарды айқындайды.

      3. Тараптар мынадай мөлшерде міндеттемелерді орындау бойынша шығыстарды өздеріне алады:

      - 1-ші серіктес салым ретінде: ________________________ салады;

      - 2-ші серіктес салым ретінде: ________________________ салады.

      4. Тараптар арасындағы келісілген бағалау бойынша серіктестердің ортақ мүлкі __________ %, 2-нікі __________ % құрайды. Тараптар ортақ мүліктегі үлестерге жалпы келісіммен ғана иелік етеді.

      5. Ортақ мүлік 1-ші серіктестің жеке балансында ескеріледі, ақша салымдары есеп шотқа ақша аудару арқылы жүргізіледі.

      6. Бірлескен қызмет нәтижесінде дайындалған өнімдер ___________ арқылы өткізіледі.

      7. Өнімдерді өткізуден түскен табыстар, тараптар арасында серіктестіктер үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

      8. Тараптар басқа тарап алдында олардың іс-қимылы үшін жауапкершілікті өздеріне ала отырып, өз міндеттемелерін орындауға үшінші тұлғаларды тарта алады.

      9. Бірлескен істі жүргізуде құжаттарды ресімдеуді және жалпы басқаруды _____________________________________________________ өзіне алады.

      10. Барлық серіктестердің келісімі мынадай мәселелерді: ____________________________________________________ шешу үшін қажет.

      11. Тараптар бір-біріне, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттаманы қоса алғанда, техникалық және өзге де ақпаратты беруге міндеттенеді.

      12. Серіктестер, құпия сипатының бар екендігі арнайы айтылған, алынған ақпараттарға, сондай-ақ білімге, тәжірибеге қатысты құпиялықты сақтауға міндеттенеді.

      13. Бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған шығындарды бөлу серіктестер үлестеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.

      14. Үлгілік шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған тарап, тез арада басқа тарапты бұл туралы хабардар етуге және бұзушылықты жою үшін оған байланыстының барлығын жасауға міндеттенеді.

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
12-қосымша

Жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі

      (Қосымшада жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі егжей-тегжейлікөрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
13-қосымша

Қайтарылатын концессия объектісінің жай-күйіне қойылатын
талаптар

      (Қосымшада концессия объектісінің сипаттамасы, концессияобъектісі мүлкінің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
14-қосымша

Өзге мүліктің жай-күйіне қойылатын талаптар

      (Қосымшада концессия объектісінің сипаттамасы, концессияобъектісі мүлкінің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
15-қосымша

Тәуекелдерді бағалау және басқару әдістемесі

      (Қосымшада тәуекелдерді бағалау және шектеу әдістемесін көрсету қажет. Қаржылық-экономикалық тепе-теңдікке белгілі бір тұрақсыздандыратын немесе қолайлы оқиғаның әсер етуін бағалау үшін концессиялық жобаның ағымдағы сәттегі қаржылық рентабельділігін өлшеу тетігін қарастыру қажет. Тұрақсыздандыратын немесе қолайлы оқиғаға одан кейінгі бейімделу тұрақсыздандыратын немесе қолайлы оқиға басталғаннан соң бірден ағымдағы жағдайды қалпына келтіруі қажет, сол арада кейін белгіленген нақты рентабельділіктен айтарлықтай ерекшеленетін (жоғарылау немесе төмендеу жағына) Үлгілік шартты жасау күніне белгіленген рентабельділікке жүгіне отырып, бейімделуіне арналған тараптардың құқықтарын бағалауды өткізу ақылға қонымсыз болар еді).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
16-қосымша

Тұрақсыздық айыптарының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі

      (Қосымшада айыппұлдардың, өсімақылардың мөлшері, тәртібі жәнетөлеу мерзімдері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
17-қосымша

Концессия объектісіндегі шектеулер

      (Қосымшада концессия объектісіндегі және жобаға қатысатын Концессионердің өзге мүлкіндегі бар шектеулер көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      _________________ _____________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

      2015 жылғы 27 наурыздағы

  № 277
Экономиканың әртүрлі
салаларында (аясында)
концессияның Үлгілік шартына
18-қосымша

Мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну шарттары

      (Қосымшада Үлгілік шарт бойынша мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну шарттары көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________ ______________________

      Концеденттің атынан Концессионердің атынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады