Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11039 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 13.01.2016 № 2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8211 тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» № 43-47 (27986) газетінде жарияланған:
      аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі қосымшасымен немесе техникалық және кәсіби білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен не болмаса орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен;»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдау комиссиясы:
      1) оқуға түсетін кандидаттардың жеке істерін тексеруді жүзеге асырады;
      2) соңғы кәсіби іріктеуге қатысуға жіберілген оқуға кандидаттардың тізімін бекітеді;
      3) соңғы кәсіби іріктеу жүргізеді;
      4) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады;
      5) конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді;
      6) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, оқуға кандидаттарға соңғы кәсіби іріктеу жүргізуді ұйымдастырады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Мандаттық комиссия:
      1) ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы одан әрі соңғы кәсіби іріктеуден өту үшін ұсынған кандидаттардың жеке істерін іріктеп тексеруді және талдауды жүзеге асырады;
      2) соңғы кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген кандидаттармен әңгіме өткізеді;
      3) оқуға кандидаттардың оқуға қабылдау мәселелері жөніндегі шағымдары бойынша қорытынды шешім қабылдайды;
      4) оқуға кандидаттарды кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша талдау жасайды және осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Оқуға кандидат ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының қабылдау комиссиясына салыстыру үшін: жалпы орта білімі туралы аттестаттың көшірмесін қосымшасымен немесе техникалық және кәсіби білім туралы дипломның көшірмесін қосымшасымен не болмаса орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесін қосымшасымен, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша сертификатын көрсетеді.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Оқуға кандидаттарды оқу орнына қабылдау тәртібі, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау мәселелері және кәсіби іріктеу нәтижелері туралы соңғы шешімдері ақпараттық тақтада орналастырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      «20-1. Оқуға кандидаттарға: медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығын, дене шынықтыру дайындығын тексеруден тұратын соңғы кәсіби іріктеу жүргізіледі.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Соңғы кәсіби іріктеу жүргізу үшін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны бастығының бұйрығымен арнайы (пәндік, сарапшылық) комиссия (бұдан әрі – арнайы комиссия) құрылады.
      Аталған комиссияның төрағалығына қабылдау комиссиясының мүшесі тағайындалады, арнайы комиссияның құрамына саны үш адамнан кем емес ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдарының тәжірибелі және білікті қызметкерлері, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының оқытушылары енгізіледі.»;
      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Оқуға кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізу «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы № 437 қбп бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10328 тіркелген) сәйкес жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Оқуға кандидаттың кәсіби жарамдылығын тексеруді арнайы комиссия жүзеге асырады және қызметтік іс-қимылдың жоспарланып отырған учаскесіне (бағытына) қойылатын талаптарға оның кәсіби біліктілігінің сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған.»;
      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау соңғы кәсіби іріктеудің деректері ескеріле отырып, сертификат балына сәйкес мандаттық комиссияның шешімі бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.»;
      аталған Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      2) «Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» № 141 (28080) газетінде жарияланған:
      аталған бұйрықпен бекітілген жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
      2-тармақта:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша қазақ тілінің базалық деңгейін білу.»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      5-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, дипломға қосымшаның көшірмесі (транскрипт);»;
      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдау комиссиясы:
      1) оқуға түсетін кандидаттардың жеке істерін тексеруді жүзеге асырады;
      2) соңғы кәсіби іріктеуге қатысуға жіберілген оқуға кандидаттардың тізімін бекітеді;
      3) соңғы кәсіби іріктеу жүргізеді;
      4) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады;
      5) конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді;
      6) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
      13-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, оқуға кандидаттарға соңғы кәсіби іріктеу жүргізуді ұйымдастырады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мандаттық комиссия:
      1) ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы одан әрі соңғы кәсіби іріктеуден өту үшін ұсынған оқуға кандидаттардың жеке істерін іріктеп тексеруді және талдауды жүзеге асырады;
      2) соңғы кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген оқуға кандидаттармен әңгіме өткізеді;
      3) оқуға кандидаттардың оқуға қабылдау мәселелері жөніндегі шағымдары бойынша қорытынды шешім қабылдайды;
      4) оқуға кандидаттарды кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша талдау жасайды және осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Оқуға кандидат ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясына салыстыру үшін: жеке басын куәландыратын құжатын, жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы дипломын, дипломға қосымшасын (транскрипт), әскери билетін немесе әскерге шақырылушының куәлігін, «КАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін растайтын сертификатын көрсетеді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Оқуға кандидаттарды оқу орнына қабылдау тәртібі, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау мәселелері және кәсіби іріктеу нәтижелері туралы соңғы шешімдері ақпараттық тақтада орналастырылады.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Оқуға кандидаттарға медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығына, дене шынықтыру дайындығына, саясаттанудан білімін және жазба-сөйлеу дағдыларын (эссе жазу формасындағы жазбаша жұмысты орындау) тексеретін соңғы кәсіби іріктеу жүргізіледі.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Оқуға кандидаттың кәсіби жарамдылығын тексеруді арнайы комиссия жүзеге асырады және қызметтік іс-қимылдың жоспарланып отырған учаскесіне (бағытына) қойылатын талаптарға оның кәсіби біліктілігінің сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған.»;
      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Оқуға кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізу «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы № 437 қбп бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10328 тіркелген) сәйкес жүргізіледі.»;
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағасы                                   Н. Әбіқаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ______________А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 9 сәуір

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық қауіпсіздік комитеті  
Төрағасының          
2015 жылғы 20 наурыздағы   
№ 15 бұйрығына қосымша    

Жоғары білімнің кәсіби оқу  
бағдарламасын іске асыратын 
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің арнаулы
(әскери) оқу орындарына оқуға 
қабылдау қағидаларына     
1-қосымша         

Мамандықтар тізбесі

Бакалавриат мамандықтары

Мамандықтар тобының атауы

Пәндер тізбесі

Оқу мерзімі

Бейіндік пәні

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдарын басқару

Әскери іс және қауіпсіздік

1) Қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыған тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) Математика;
4) Таңдау пәні – физика.

4 жыл

Физика

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады