"Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 мамырда № 11070 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін»;
      Аталған бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі салалық сараптамаларды орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар, егер тиісті қызмет саласы бойынша қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, ақысыз негізде жүргізеді.».
      12-тармақты 8) тармақшамен мынадай редакцияда толықтыру:
      «8) ұсынылған қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, халық денсаулығын қорғау шараларының тиімді орындалуы, толықтырылуы және жеткіліктігі.».
      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы деректердің жинақтылығы сараптамалық ұйымдармен және (немесе) құрылыс жобасын және бастапқы құжаттамаларды алған тұлғамен 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде олардың алған күнінен бастап.».
      24-тармақтың екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органның ведомствосына немесе орталық немесе аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасымен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін;
      Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы немесе оның аумақтық бөлімшелерінде санитарлы-эпидемиологиялық сараптама жүргізу сала уәкілетті органдар ведомстволарына.».
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Экологиялық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ведомстволарының орталық немесе аумақтық бөлімшелерінің және (немесе) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аттестатталған сараптама ұйымдарының бастапқы құжаттармен бірге жобаның материалдарын электрондық портал арқылы алған күні мемлекеттік экологиялық сараптама, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының басталған күні болып табылады.».
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық сараптамаларды қоса алғанда) жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ:
      1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, ықтимал қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен, сондай-ақ 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабының ережелеріне сәйкес өндірістік обьектілердің санитарлық классификациясына (бұдан әрі - обьектілердің санитарлық классификациясы) сәйкес І категория объектілер бойынша;
      2) ықтимал қауіпті санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІ категория объектілер бойынша;
      3) ықтимал қауіпті санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІ категория объектілер бойынша, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІІ және IV категория объектілер бойынша.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін жұмыс он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                            Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі
      ________В.Школьник
      2015 "___"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады