"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 409 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11228 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Функциялары:
      1) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
      3) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, қақтығыс аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тарту туралы шешімдерді орындайды;
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
      5) медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өңірлік қолбасшылықтарды құрылымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асырады;
      6) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
      7) қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      8) әскерді жауынгерлік әзірлікке келтіру, соғыс уақытында жедел қолдану, әскердің төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету жоспарларын әзірлеу және уақтылы нақтылау;
      9) әскердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
      10) әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметін жоспарлау;
      11) жедел қамтамасыз етуді, бағынысты және өзара іс-қимыл жасасатын басқару органдарымен, сондай-ақ Бас қолбасшылықтың басқа да басқармаларымен, бөлімдерімен және қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      12) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылымдық бөліністерімен, министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру және ұстану;
      13) өңірлік қолбасшылықтарға, құрамалар мен әскери бөлімдерге жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттердің орындалуын ұйымдастыру;
      14) әскердің төтенше жағдайлар пайда болған кездегі әрекет ету жоспарын әзірлеу және уақтылы нақтылау;
      15) өңірлік қолбасшылықтарға, құрамалар мен әскери бөлімдерге жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттердің орындалуын ұйымдастыру;
      16) қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің нәтижелерін қорыту және талдау, жедел жағдайды, жауынгерлік қызметтегі әскери тәртіптің жай-күйін, статистикалық және есептілік деректерді бақылау, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау мүддесінде күштер мен құралдарды пайдалануды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      17) түзеу мекемелерін және айдауылдау кезінде қамауға алынған адамдарды сенімді күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
      18) арнайы және әскери тасымалдауды жүзеге асыру;
      19) әскердің жеке құрамын, олардың штаттық және тізімдік санын есепке алу, оның жай-күйін ұдайы бақылауды жүзеге асыру және штаттық тәртіпті сақтау;
      20) жасақтау жоспарын әзірлеу, өңірлік қолбасшылықтар, құрамалар мен әскери бөлімдер үшін шақырылушыларды зерделеуді және іріктеуді ұйымдастыру, олардың шақыру бойынша әскери қызметшілермен жасақталуының жай-күйін бақылау;
      21) өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалар мен әскери бөлімдердің сержанттар мен сарбаздар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерімен жасақталуын, оларды оқыту және әскери қызметті өткеруін бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеруді регламенттейтін жекелеген нормативтік құжаттарды әзірлеу;
      22) әскерді жұмылдырып өрістетуді жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізу;
      23) әскерді өрістетудің жұмылдыру жоспарын нақтылау және құралымдарды дербес жұмылдыруды қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу, штаттарды, штаттық-лауазымдық есептерді, соғыс уақытындағы құралымдар бойынша жасақтау есептерін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
      24) байланыс жүйесін жетілдіру, күштер мен құралдарды оңтайлы пайдалану, байланыстың жаңа технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      25) басқару пункттеріндегі байланыс техникасы мен әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін өрістету және пайдалану жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларға басшылық етуді жүзеге асыру;
      26) байланыс жүйесін техникалық қамтамасыз ету, жаңа телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға енгізу;
      27) әскерді басқару жөніндегі үлгілік автоматтандырылған міндеттер кешендерін әзірлеуді, оларды енгізуді және сүйемелдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      28) автоматтандырылған міндеттер кешендерін бағдарламалық-математикалық, ақпараттық, технологиялық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
      29) бөлінген қорларды бөлу бойынша ұсыныстар дайындау, есептеу техникасының жеткізілуін, әскерге пайдалануға берілуін және пайдаланылуын бақылау;
      30) құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру, орындаушылық тәртіпті арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      31) режимдік және ерекше күзетілетін объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      32) орналасу және маңызды мемлекеттік объектілерді күзету және арнайы жүктерді алып жүру жөніндегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау орындарындағы жедел-қызметтік және қоғамдық-саяси жағдайдың деректерін үздіксіз жинау, зерделеу және бағалау, шешім қабылдау үшін есептер мен ұсыныстарды дайындау;
      33) құпиялауға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесін әзірлеуге қатысу;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
      35) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсат етілген әскердің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты тексеру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету;
      36) әскери-педагогикалық ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде Әскери институт пен оқу бөліміндегі білім беру үдерісін жетілдіру;
      37) оқушылардың барлық санатымен оқу үдерісінің сапасы мен қарқындылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды, құжаттарды әзірлеу;
      38) командирлік және жауынгерлік даярлық, жауынгерлік сайыс нәтижелерін, әскери қызмет пен әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстың жай-күйін қорыту, оқу үдерісі мен оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау;
      39) әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясатына адалдығын қалыптастыру, әскердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі деңгейін жан-жақты арттыруға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      40) әскери қызметтің мәртебесін арттыру, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның зейнеткерлері мен ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мақсатында жан-жақты қамтамасыз ету;
      41) әскери қызметшілер мен қызметшілерді қазақстандық патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу, жауынгерлердің Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға моральдық-психологиялық әзірлігін қалыптастыру;
      42) әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін қорыту және талдау және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды дайындау;
      43) құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, өз құзыреті шегінде анықтауды іске асыру, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және іске асыру, анықтау, тергеу, сот органдарынан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімдер орналасқан жерін өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздеу;
      44) Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың, бөлімдер мен жоғары әскери оқу орынның жұмысын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету;
      45) әскерді офицерлер құрамымен жасақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
      46) бейбіт және соғыс уақытында қызметтік-жауынгерлік міндеттерді автотехникалық қамтамасыз ету;
      47) бейбіт және соғыс уақытында қызметтік-жауынгерлік міндеттерді авиациялық қамтамасыз ету;
      48) әскердің өңірлік қолбасшылықтарын, құрамалары мен бөлімдерін тылдың материалдық және техникалық құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      49) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      50) әскерде емдеу-алдын алу, санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
      51) әскерді қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету, қаржылық жоспарлау және қаржыландыру әдістемелерін жетілдіру;
      52) әскери қалашықтардың ғимараттары мен құрылыстарын салуды, күрделі және ағымдағы жөндеуді және әскери бөлімдерді пәтерге орналастыруды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен бөлімдерінің қызметін шаруашылық қамтамасыз ету;
      53) төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының зерделеуін бақылауды жүзеге асыру;
      54) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасу, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қаматамасыз ету, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап беру;
      55) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының нақты жүктемесіне талдау жүргізу, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтау және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітіліген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Функциялары:
      1) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастырады;
      2) мемлекетке жүктелген халықаралық шарттарға сәйкес нысандардың қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз етеді;
      3) сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;
      4) жазаны орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      5) сотталғандардың жалпы және кәсіптік білім алуын ұйымдастырады;
      6) сотталғандардың еңбекпен қамтылуын ұйымдастырады;
      7) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
      8) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
      9) қылмыстардың анықталуын, жолын кесуді, алдын-алуды және ашылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      10) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
      11) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында және мекемелерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді қарайды, оларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      12) Комитеттің жұмыс бағыты бойынша ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйесін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
      13) мемлекеттік құпияларды қорғауды, ішкі істер органдарындағы құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      14) төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
      15) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;
      16) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
      1) өзiнiң орынбасарларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін, Комитеттің құрылымдық бөліністері, Комитеттің аумақтық бөліністері, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгiлейдi;
      2) Комитеттің қызметкерлерін және жұмыскерлерін заңнамада белгіленген тәртіпте марапаттайды, тәртіптік жазаға тартады;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің штат саны лимиті шегінде Комитеттің және қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық бөліністерінің штат кестесін бекітеді;
      4) заңнамаға және Министр бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық бөліністерінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органдарының басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға ұсынады;
      6) әділет капитанын қоса алғанға дейінгі кезектi арнаулы атақтарды береді;
      7) Комитеттiң құрылымдық бөлiністерi туралы ережелерді бекітеді;
      8) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдiредi;
      9) белгіленген тәртiппен Комитеттің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерін және жұмыскерлерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдарына, мекемелері мен ұйымдарына практикалық көмек көрсету және олардың қызметіне тексеру жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға жiбередi, заңнамаға сәйкес демалыстар береді;
      10) Комитеттiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлік дайындығын сақтауын ұйымдастырады;
      11) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi;
      12) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      13) Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында штаттық тәртіптің сақталуын бақылайды;
      14) Комитеттің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының лимиттік және штаттық санын есепке алуды жүргізеді;
      15) Министр бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді;
      16) Комитеттің, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының штаттық саны туралы есептілік құрастыруды бақылайды;
      17) Комитеттің және оның құрылымдық бөліністерінің жұмыс жоспарын бекітеді;
      18) өз орынбасарларына, Комитеттің құрылымдық бөліністерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына өкілеттіктер береді;
      19) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес оның құзыретiне жататын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Комитет төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Функциялары:
      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
      2) азаматтық қорғау саласындағы жоспарлауды қамтамасыз ету;
      3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және стандарттардың жобаларын әзірлеу, бекіту және келісу;
      4) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын әзірлеу;
      5) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлеу;
      6) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша ұсыныстар дайындау;
      7) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеу;
      8) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын әзірлеу;
      9) азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификаттың нысанын әзірлеу;
      10) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын әзірлеу;
      11) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      12) шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
      13) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу;
      14) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      15) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын әзірлеу;
      16) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын әзірлеу;
      17) мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің үлгілерін әзірлеу;
      18) мемлекеттік инспекторға қызметтік куәлік, омырауға тағатын белгі беру қағидаларын әзірлеу;
      19) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлеу;
      20) азаматтық қорғау органдарының және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін әзірлеу;
      21) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      22) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын әзірлеу;
      23) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлеу;
      24) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу;
      25) құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды әзірлеу;
      26) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін Министрлік басшылығына енгізу;
      27) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
      28) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының жоспарын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне бекітуге ұсыну үшін Министрлік басшылығына енгізу;
      29) Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарын жою үшін мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды белгіленген тәртіпте дайындау;
      30) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
      31) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
      32) азаматтық қорғау саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
      33) қауіпсіздік паспорттарының және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлері каталогтарының құрылымын айқындау бойынша Министрлікке ұсыныстар дайындау;
      34) азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды – санаттарға жатқызу жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке дайындау;
      35) аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілетін бірыңғай үлгідегі куәліктің нысанын әзірлеу;
      36) азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      37) азаматтық қорғау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіру;
      38) өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіру;
      39) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жұмысын үйлестіру;
      40) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
      41) мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, адамдар жаппай болатын объектілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық желілер мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      42) мониторинг, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдаланатын жүйелерден алынатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері және туындауы туралы ақпаратпен алмасу жөнінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;
      43) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру және мемлекеттік органдар қабылдайтын шараларды талдау;
      44) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
      45) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
      46) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      47) азаматтық қорғау күштерінің жұмысын қамтамасыз ету;
      48) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
      49) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
      50) азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету;
      51) құлақтандырудың республикалық жүйесін бірден пайдалануға тұрақты әзірлігін құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту;
      52) материалдық-техникалық ресурстар қорларын құру және пайдалану;
      53) запастағы (қалалық, қала сыртындағы), қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды, оларды күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
      54) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен азаматтық қорғау саласында заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер ұсынуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      55) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;
      56) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құралдарын бөлу және пайдалану жөнінде Министрлікке ұсыныстар дайындау;
      57) төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмылдыру;
      58) азаматтық қорғау құралдарындағы қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке ұсыныстар дайындау;
      59) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
      60) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды, қалпына келтіруді және оңалтуды қамтамасыз ету;
      61) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жеке құрамын даярлауды ұйымдастыру;
      62) азаматтық қорғаныс мүддесінде жарақтардың, техниканың, қорғау құралдарының және басқа материалдық-техникалық құралдарының қажеттілігін айқындау үшін Министрлікке ұсыныстар дайындау;
      63) сел және көшкін ахуалына мониторинг жасауды ұйымдастыру;
      64) тау беткейлерінің, биік таулы, мұздақ және мұздық көлдердің қаупін азайту бойынша алдын ала іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      65) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      66) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
      67) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басқарушы құрамы лауазымдарына тағайындалған және белгіленген тәртіпте әскери есептен алынған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізу;
      68) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
      69) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау;
      70) аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік беру;
      71) «Халықаралық сыныпты құтқарушы» біліктілігін беру;
      72) өтініш иесінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі бөлігінде лицензия беруді келісу;
      73) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметін ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;
      74) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау, арнайы байланыстың жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
      75) өз құзыреті шегінде гуманитарлық акциялар дайындау және оны өткізуді ұйымдастыру және оған қатысу;
      76) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      77) азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      78) елді мекендерде және объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
      79) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      80) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;
      81) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын толық немесе ішінара тоқтата тұру, субъектілер өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының жобаларында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу туралы талап арыздарды сотқа жіберу;
      82) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы ұйғарымдар беру;
      83) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар беру;
      84) азаматтарға және заңды тұлғаларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін ұйғарымдар беру;
      85) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын, тексерулер жүргізудің жарты жылдық жоспарларын әзірлеу;
      86) өрттің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру;
      87) елді мекендердің аумақтарын және мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерін өрттен қорғауды қамтамасыз ету;
      88) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      89) өрттің алдын алу және сөндіру, ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды өткізу;
      90) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын отандық және импорттық өндірістің өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру;
      91) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
      92) жобалауға нормалары және қағидалары жоқ ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау шешімдерін (арнайы техникалық шарттарды) келісу;
      93) шетелдік мемлекеттердің нормативтік-техникалық құжаттарын, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану мүмкіндігін келісу;
      94) төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының зерделеуін бақылауды жүзеге асыру;
      95) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасу, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қаматамасыз ету, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап беру;
      96) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізу, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтау және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және бекіту;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және мәліметтерді сұрату және алу;
      3) Комитеттің аумақтық бөліністеріне, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарына қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын орындау;
      4) оның құзіретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық, ұйымдастыру және өткізу;
      5) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеу және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне бекітуге ұсыну;
      6) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне бекітуге ұсыну;
      7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, осындай халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын және халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттерін орындауын бақылау;
      8) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.»;
      Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің – аумақтық бөлімшелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-жолмен толықтырылсын:
      «224. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.»;
      Комитеттің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі реттік нөмірі 1, 2, 3-жолдар алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Функциялары:
      1) құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;
      2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
      3) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      4) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
      5) күзет қызметімен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
      6) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді ұйымдастырады;
      7) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды ұйымдастырады;
      8) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпаратты сұратады;
      9) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;
      10) қамаудағылар мен сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды жүзеге асырады;
      11) күзету халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
      заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
      заңды тұлғаларға:
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындылар;
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
      заңды тұлғаларға:
      жарылғыш материалдар сатып алуға, сақтауға;
      азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтауға;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға;
      атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруді;
      14) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды ескерту жөніндегі профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
      15) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
      16) белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;
      17) жүргізушілер куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды, көлік құралдарын сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеуді жүзеге асырады;
      18) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
      19) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
      20) жол жүрісін реттеуді қамтамасыз етеді;
      21) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
      22) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оны орындау үшін міндетті түрде ұйғарымдар береді;
      23) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
      24) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі уақытында көлік жүргізуге оқыту шеберлерінің тізілімін жүргізеді;
      25) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
      26) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;
      27) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие және өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;
      28) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдар шығарады, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      29) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
      30) арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
      31) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға қарсы іс-әрекеттері, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
      32) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
      33) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлыққа және уытқұмарлыққа шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдемдеседі және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;
      34) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді, оларды ұстауды және арнайы медициналық мекемелерге жеткізуді жүзеге асырады;
      35) өз құзыреті шегінде қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      36) қылмыс жасауда күдіктілер мен айыптаушыларды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды, әкімшілік қамаудағыларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптаушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізетін органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
      37) жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге қатысады;
      38) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
      39) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      40) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса арнайы мекемелерде ұстайды. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
      41) заңнамада бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есепке алуын жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактика шараларын жүргізеді;
      42) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
      43) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
      44) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
      45) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
      46) төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлер мен жұмыскерлердің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
      47) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;
      48) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      49) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы ішкі істер органдары мен бөліністеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігіне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігі) басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық бөлінісі болып табылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Функциялары:
      1) Департаменттің арнайы мақсаттағы бөліністеріне басшылық жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың ұдайы жауынгерлік және жедел әзірлігін қамтамасыз етеді;
      2) Департаменттің құрылымдық бөліністерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігінің қызметін үйлестіруді, ведомстволық бақылауды және жоспарлауды жүзеге асырады;
      3) Ішкі істер министрлігін және мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпараттандырады;
      4) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы республикалық ақпараттық жүйелерді құруға және жұмыс істеуіне қатысады;
      5) құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, әкімшілік жазаларды орындау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      6) жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      7) құқық бұзушылықты және қылмысты ескерту бойынша алдын алу қызметін жүзеге асырады;
      8) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
      9) заңнамада белгіленген тәртіпте лицензианттардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) күзет қызметімен айналысатын субъектілердің, күзет сигнализациясы құралын жинақтауды, баптауды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лаузымдарын атқаратын жұмысшыларды даярлауды және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      11) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады;
      12) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың тәртібін профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      13) қамауға алынған және сотталғандарды күзетуді және айдалуылдауды жүзеге асырады;
      14) азаматтық және қызметтік қарулар мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      15) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
      16) қоғамдық тәртіпті күзетуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
      17) белгіленген тәртіпте көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;
      18) жүргізуші куәлігін беруді, сәйкестендіру нөмірі және олардың есебі бойынша көлік құралын мемлекеттік тіркеуді, сенімхат бойынша көлік құралдарын пайдаланушы адамдарды тіркеуді жүзеге асырады;
      19) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер және ғылыми-техникалық әзірлемелерді өткізуге қатысады;
      20) автокөлік жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электрлік көлік жүйесін, тұрғын үй кешендері және жеке ғимараттар мен құрылыстарды, жол инфрақұрылымдарын, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік және жұмыс комиссияларына қатысады;
      21) жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етеді;
      22) мүгедектердің қажеттілігін ескере отырып, оларға бірдей қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, ұстауға және басқаруға нормативтік, жобалау және техникалық құжаттарды келіседі;
      23) көлік құралдары иесінің және жолаушыларды тасымалдаушылардың көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру келісімшартын жасау қорытындысы бойынша міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      24) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады және орындау үшін міндетті нұсқамалар береді;
      25) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын оқу ұйымдарының тізімдемесін жүргізеді;
      26) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің тізімдемесін жүргізеді және аккредитация өткізеді;
      27) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру процесі кезінде оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдемесін жүргізеді;
      28) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысы ұйымдары жөніндегі құжаттарды белгіленген тәртіпте келіседі;
      29) жол қозғалысы және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені құруға және пайдалануға қатысады;
      30) халықты құқықтық тәрбиелеу бойынша шараларды іске асырады, құқықтық тәртіптің және ішкі істер органдары қызметінің жай-күйі туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
      31) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа тартатын, қоғамға қарсы әрекет жасауға не болмаса балаларға қатысты өзге құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісті түрде орындамаған не болмаса олардың тәртібіне теріс ықпал ететін ата-аналарын және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін, оқытушыларын, тәрбиелеушілерін, оқыту, тәрбиелеу және өзге мекемелердің кәмелет жасына толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті басқа жұмысшыларын айқындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;
      32) кәмелетке толмағандар немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық туралы шағымдарды және хабарламаларды қарайды және оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар шығарады, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      33) белгіленген заңнамалық тәртіпте кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың тәртібіне теріс ықпал ететін ата-аналарына және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты жеке алдын алу шараларын қабылдайды және есепке алуды жүргізеді;
      34) жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесуге қатысады, оның ішінде түзеу мекемелерінде;
      35) құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
      36) карантиндік, санитарлық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
      37) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындауға міндетті ұсыныстарды, жарлықтарды енгізеді;
      38) жедел-алдын алу, іздестіру және өзге де арнайы іс-шараларды өткізу кезінде бақылау-өткізу пунктерін белгілейді;
      39) қаруларды, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нәрселер мен заттарды заңнамаға сәйкес алып қояды;
      40) он сегіз жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса арнайы мекемелерде ұстайды. Қылмыстық жауапкершілік белгіленетін жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ұстаудың ерекше режиміндегі білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, қамқоршысына және оларды тәрбиелеу бойынша заңмен міндеттер жүктелген өзге адамдарға беріледі;
      41) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде қылмыс жасаған күдіктілер мен айыптыларды, белгілі бір тұрғылықты мекенжайы, құжаттары жоқ адамдарды, әкімшілік қамалғандарды ұстауды, күдіктілерді және айыпталушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процессті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларын, анықтамаларын және үкімдерін орындауды ұйымдастырады;
      42) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
      43) өз құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылықты әшкерелеуді, бұлтартпауды, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады;
      44) заңнамаға сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
      45) ішкі істер органдары құзыретіне жатқызылатын қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады;
      46) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, борышкер адамдарды, сотқа дейінгі тергеуден немесе соттан жасырынғандарды, қылмыстық жазаны өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды, із-түссіз жоғалғандарды, хабарсыз кеткендерді және өзге де адамдарды іздестіруді, танылмаған мәйітті сәйкестендіруді жүзеге асырады;
      47) арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп террористік актілердің жолын кесу, кепілге алынғандарды босату және жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;
      48) шет мемлекеттермен экстрадицияланатындарды және сотталғандарды қабылдау-беруді ұйымдастырады;
      49) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарына сәйкес қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шет мемлекеттердің құзыретті органдарының сұрау салуын орындайды;
      50) жедел-іздестіру іс-шараларының және арнайы операциялардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      51) қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге адамдардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын және мүлігін сақтауды бақылауды жүзеге асырады;
      52) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды іске асыруға қатысады;
      53) нашақорлыққа және уытқұмарлыққа шалдыққан адамдарға дәрігерлік-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруда мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетеді;
      54) қызметі есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласымен байланысты қызметкерлердің, сондай-ақ есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдаланатын адамдарды әлеуметтік оңалту, емдеу, алдын алуды ұйымдастыру саласындағы қызметкерлерді оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағылымдамадан өткізуді және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      55) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарған адамдарды іздеуді, ұстауды және арнайы медициналық мекемелерге жеткізуді жүзеге асырады;
      56) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты және стратегиясын өкілетті органдармен бірлесіп ұйымдастыруға қатысады;
      57) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын, осы салада заңнаманы қолдануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      58) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шараларын бақылауды жүзеге асырады;
      59) қолдағы барымен салыстырғанда аса қауіпті емес, анағұрлым тиімді, есірткілік әсері төмен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзірлеу және енгізу процесін бақылайды;
      60) құрамында есірткі бар өсімдіктерді айқындау және жою бойынша, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізеді;
      61) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік консультациялық-кеңесші органдардың қызметін үйлестіруді ұйымдастырады;
      62) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тізіміне және Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорларды заңсыз айналымындағы айқындалған аса ірі емес, ірі және аса ірі көлемге жатқызу туралы жиынтық кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
      63) өңірдегі есірткі жағдайының, есірткінің заңсыз айналымға түсуінің өңіраралық көздерімен және арналарының даму тенденциялары және жағдайын, олардың жолын кесу бойынша шараларды әзірлеуді, тиісті аппраттық-аналитикалық материалдарды дайындауды талдайды;
      64) азаматтық, халық көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      65) босқын деп танылған адамдарға өз құзыреті шегінде шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға көмек көрсетеді;
      66) босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату процедурасын жүзеге асыру бойынша комиссия құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
      67) пана іздеген адамдардың және босқындардың құқығын сақтауды қамтамасыз етеді;
      68) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп шетелдіктердің келуін және кетуін бақылау бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне әкімшілік етеді;
      69) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп шекаралық режимі қағидасын сақтауды қамтамасыз етеді;
      70) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіндегі режимді бұзған адамдарды іздеуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жасаған құқық бұзушылықтарының мән-жайын анықтауға және тексеруге көмек көрсетеді;
      71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған адамдар мен қылмыстық топтар, тұрғылықты мекенжайын белгісіз себептермен тастап кеткен адамдар, Қазақстан Республикасының шекарасына жақын аудандарындағы құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін ақпараттандырады;
      72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде босқындарға шекара аумағында (өңірінде) орналасқан жеке учаскелерге немесе нысандарға әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, шекара бұзушыларды шекаралық іздеу, Қазақстан Республикасының аумағына шекаралас мемлекеттер азаматтарының жаппай өтуі немесе қарулы басып кіруі кезінде уақытша шектейді немесе тыйым салады;
      73) азаматтардың және лауазымды адамдардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың олар үшін белгіленген келу, шығу, тұруы және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік өту қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      74) жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асырады;
      75) профилактикалық есепке қойылған ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде қамаудағы күдікті, айыпты адамдарды криминалистикалық есепке қою үшін суретке түсіру, саусақтарының таңбасын алу, дыбыстық жазба, кино және бейнетүсірілім жүргізу, биологиялық, одорологиялық және өзге үлгілерді алады;
      76) қызмет көрсететін аумақтағы криминогендік ахуалға кешенді талдау жүргізеді және жедел ақпаратты үздіксіз жинауды қамтамасыз етеді;
      77) аумақтық, ведомстволық және жедел есепті қалыптастырады және сүйемелдейді;
      78) нормативтік құқықтық актілер шеңберінде, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер жасаған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бөліністерін, арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарын ақпаратық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      79) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнаманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бөліністердің Департаменттің ақпараттық ресурстарына қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      80) ведомстволық, статистикалық, мұрағаттық және өзге ақпараттарды жинауды, жинақтауды, өңдеуді, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады;
      81) ішкі істер органдарында бірыңғай кадр саясаты жүйесін іске асыруға қатысады;
      82) Департамент қызметкерлерінің және жұмысшыларының кәсіби құзыретіне аттестаттау өткізеді;
      83) Департамент бөліністері үшін кадрларды даярлауды және оқытуды ұйымдастырады, Министрліктің білім беру ұйымдарын бітірушілерді Департамент бөліністеріне жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады;
      84) ішкі істер органдарындағы өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіндік қауіпсіздік бөліністерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырады, Департаментте және оның құрылымдық бөліністерінде жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті, сондай-ақ олардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
      85) бағынысындағылардың құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайына барлық деңгейдегі бастықтардың дербес жауаптылығын қамтамасыз етеді;
      86) қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      87) мемлекеттік құпияны сақтауды, бағынысты ішкі істер органдарының бөліністерінде құпиялық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      88) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерге иелік етеді және ішкі істер органдары жүйесінде құпиялауға жататын мәліметтер тізбесін, сондай-ақ таралуы шектеулі қызметтік мәліметтерді әзірлеуге қатысады;
      89) Департаментте бірыңғай мемлекеттік іс жүргізу жүйесінің жұмыс істетуін қамтамасыз етеді;
      90) Департаменттің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда қорғауды және осы жұмыстарды жергілікті жерлерде үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      91) азаматтарды қабылдауды, ауызша және жазбаша не болмаса электронды, сандық электронды қол қойылған арыздардың, өтініштердің және азаматтардың, лауазымды адамдардың ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;
      92) арнайы және әскери тасымалдауды ұйымдастырады;
      93) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;
      94) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде қылмыс жасаған күдіктілер мен айыпталушыларды, белгілі бір тұрғылықты мекенжайы, құжаттары жоқ адамдарды, әкімшілік қамалғандарды ұстауды, күдіктілерді және айыпталушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларын, анықтамаларын және үкімдерін орындауды ұйымдастырады;
      95) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Департамент бастығының өкілеттігі:
      1) бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігінің қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      2) Департаменттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігінің құрылымы мен штаттары бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар ұсынады;
      3) Департаменттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігінің номенклатурасына кіретін лауазымдарға қызметкерлерді тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, арнайы атақ беру, көтермелеу, қосымша төлем төлеу және марапаттау мәселелерін шешеді;
      5) Департаменттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігінің қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртіпті, заңдылықты, құпиялық режимін сақтауын және кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;
      6) Департаменттегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Өкілдігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруға дербес жауапты;
      7) берілген құқық шегінде құқық қорғау қызметі туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Департамент бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Департаменттің заңды мекенжайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Широкая көшесі 2/2.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 120014 индексі, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 69-құрылыс.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитет төрағалары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы:
      1) ережелерде көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын;
      2) ережелерде көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды жеке құрамның зерделеуін ұйымдастырсын және оларды практикалық қызметте басшылыққа алуды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады