"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11353 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 430 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.05.2016 № 430 бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 16 мамыр

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі   
№ 565 бұйрығымен        
бекітілген          

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал), www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 30 (отыз) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
      2) көрсетілетін қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан дәлелденген бас тарту.
      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз нысандағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін үшін өтінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда дайындалады, басылып шығарылады және қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) энергия аудитін жүргізуге:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге берілетін өтініш;
      тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестатталуы мен мемлекеттік тексерілуіне сәйкес;
      үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестатталуы және мемлекеттік тексерілуіне сәйкес;
      ескертпе: * Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-айырма ведомосімен куәландырылған болуы тиіс;
      штатта жоғары инженерлік-техникалық білімі бар (олардың жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмесін қоса бере отырып) және жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында төрт адамнан кем емес, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың IV және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетиктің болуы;
      үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында екі адамнан кем емес, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың III және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетиктің болуы;
      екі адамнан кем емес персонал қызметкерлерінің оқу орталықтарында энергия аудиті бағыты бойынша курстан өту туралы сертификаттар.
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерілуіне сәйкес;
      үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестациясы және мемлекеттік тексерілусіне сәйкес;
      ескертпе: * Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-айырма ведомосімен куәландырылған болуы тиіс;
      штатта жоғары инженерлік-техникалық білімі бар (олардың жоғары білімі туралы дипломдарының электрондық көшірмесін қоса бере отырып) және жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл білікті персоналдың болуын растайтын құжаттардың элетрондық көшірмесі, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында төрт адамнан кем емес, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың IV және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетиктің болуы;
      үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында екі адамнан кем емес, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың III және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетиктің болуы;
      екі адамнан кем емес персонал қызметкерлерінің оқу орталықтарында энергия аудиті бағыты бойынша курстан өту туралы сертификаттардың электрондық көшірмесі.
      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыруға:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш;
      үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес бекітілген оқу жоспары және оқу бағдарламасы;
      жоғары білімі бар екі оқытушыдан кем емес, оның ішінде техника ғылымының кандидаты (магистр) ғылыми атағынан төмен емес бір оқытушыдан кем емес болуын растайтын құжаттар;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында оқу кабинетінің, компьютерлер мен ақпараттық-өлшеу кешендерінің бар болуын растайтын құжаттар.
      ескертпе: * Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-айырма ведомосімен куәландырылған болуы тиіс;
      порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес оқу жоспары және оқу бағдарламасының электрондық көшірмесі;
      жоғары білімі бар екі оқытушыдан кем емес, оның ішінде техника ғылымының кандидаты (магистр) ғылыми атағынан төмен емес бір оқытушыдан кем емес болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында оқу кабинетінің, компьютерлер мен ақпараттық-өлшеу кешендерінің* бар болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
      ескертпе: * Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-айырма ведомосімен куәландырылған болуы тиіс.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік (қайта тіркелуі) тіркелуі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметінің» шлюзі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызмет берушіге өтінген жағдайда, осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы әр парағына қойылады (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы бұйрықтың қөшірмесін қоса бере отырып) және ұйымның мөрімен әр парағы куәландырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – өтініштің көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің өтінішті тіркелу нөмірі, қабылдау күні мен уақыты көрсетілген мөртанбаны құжаттарды қабылдау және тіркеудің растамасы болып табылады;
      портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тару негіздері:
      1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
      2) ұсынылған ақпараттың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру энергия аудиті және (немесе) сараптамасы бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) соттың мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салуы туралы шешімінің болуы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, Сол жағалау, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шығымында оның атауы, пошталық макенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі, шағым көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті алушының Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz және www.mid.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
саласындағы аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Нысан

___________________________________
(бірінші басшының лауазымы)
___________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органның атауы)
___________________________________
(Т.А.Ә.А.)

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш

___________________________________________________________
(қызмет түрін көрсетіңіз:
1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудиті;
2) үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың энергия аудиті;
3) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру)

жүргізу құқығын иелену үшін
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және БСН
көрсетіледі)
      аккредиттеуді сұраймын.

      Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
5._____________________________________________________________
6._____________________________________________________________
7._____________________________________________________________

Ақпараттық жүйелерде жазылатын, заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
____________________________________ ________ ______________
  заңды тұлға басшысының лауазымы      қолы      Т.А.Ә.А.

М.О.

«Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
саласындағы аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің,
құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша
қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін энергия-аудиторлық
ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар
құрамының тізбесі

      1. Жылу көргіш.
      2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш.
      3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      5. Тоқ қармауыштар.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса).
      11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.
      12. Контактілі термометр.
      13. Манометр.
      14. Газ талдауышы.

«Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
саласындағы аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу
бойынша қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін
энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен
техникалық құралдар құрамының тізбесі

      1. Жылу көргіш.
      2. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      3. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      4. Тоқ қармауыштар.
      5. Анемометр.
      6. Гигрометр.
      7. Люксметр.
      8. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      9. Контактісіз термометр.
      10. Манометр

«Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
саласындағы аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін оқу орталықтары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері құрамының тізбесі

      1. Жылу көргіш.
      2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш.
      3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      5. Тоқ қармауыштар.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса).
      11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.
      12. Контактілі термометр.
      13. Манометр.
      14. Газ талдауышы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады