Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.05.2016 № 150 бұйрығымен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы № 36 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9807 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісімшарттарды әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
4) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
6) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
7) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
8) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
9) тілдерді дамыту, iшкi саяси тұрақтылықты, қоғамдық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
10) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
11) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;
12) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат беру;
14) Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыру;
15) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;
16) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзiрлеу;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану қағидаларын әзiрлеу;
18) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;
19) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
20) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
21) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау;
22) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметтерін қамтамасыз ету;
23) Қазақстан халқы Ассамблеясында отырыс өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
24) қоғамдық-саяси ахуал жөнінде жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет, ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
25) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
26) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
27) Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
28) заңнамада белгіленген шарттарда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
29) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;
30) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ережесін бекітеді;
3) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
5) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы кәсіпорынның басшысын тағайындайды;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
7) Комитеттің әкімшілік-ұйымдастыру, құқықтық, экономикалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда тиісті заңнамаға сәйкес Комитет өкілі болады;
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
10) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;
11) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы