Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволары осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1440 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 224-33-5, 224-33-6, 224-33-7, 224-33-8-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 224-34, 224-35, 224-36, 224-37-жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне

      224-34. "Қазспортинвест" АҚ

      224-35. "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ

      224-36. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС

      224-37. "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" АҚ".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолдағы "2937" деген сандар "3932" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:": деген жолдағы "2651" деген сандар "3646" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28), 29), 30), 31) және 32) жолдармен толықтырылсын:

      "

28)

Қазақ ұлттық өнер университеті

274*

29)

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты

103

30)

Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

256*

31)

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

217*

32)

А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты

145


      ";

      6-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолдағы "2371,5" деген сандар "1376,5" деген сандармен ауыстырылсын.

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолдағы: "1848,5" деген сандар "853,5" деген сандармен ауыстырылсын.

      реттік нөмірлері 3), 9), 12), 13) және 15) жолдар алып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1440 қаулысына
1-қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1440 қаулысына
2-қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      15. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      16. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.

      18. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      19. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      20. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      21. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      22. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      23. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      24. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      25. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      26. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      27. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      28. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады