Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ лизинг берушілердің исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жағдайларын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 94 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11660 тіркелді

      «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Егер ағымдағы күні лизинг берушінің лизингтік портфелінің көлемі (лизинг алушылардың ағымдағы мәмілелер бойынша лизинг берушінің алдындағы берешегінің көлемі) исламдық лизингтік қаржыландыру шеңберінде он бес миллиард теңгеден аспаса, лизинг берушілердің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуына жол беріледі.
      3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы № 94
қаулысымен бекітілді   

Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз
сарапшыларға қойылатын талаптар

      1. Осы Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға (бұдан әрі – сыртқы тәуелсіз сарапшылар) қойылатын талаптарды айқындайды.
      2. Лизинг берушілердің исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін тартатын сыртқы тәуелсіз сарапшыларға мынадай талаптар қойылады:
      1) мәмілелердің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы шешімдер шығару саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      2) сыртқы тәуелсіз сарапшы, сондай-ақ оның жақын туыстары (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) сыртқы тәуелсіз сарапшыны тартатын лизинг берушінің басшы немесе өзге қызметкерлері болып табылмайды.
      3. Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың саны тақ болады және кемінде үш адам болуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады