Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2019 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е.Досаев
18 маусым 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 7-1/467 бұйрығымен бекітілген |
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық
дәрігерлеріне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы талаптарда мынадай ұғым пайдаланылады:
өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.
2. Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық
дәрігерлеріне қойылатын талаптар
3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзуді жүзеге асыратын объектілердің өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне мынадай талаптар қойылады:
1) ветеринария мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптік бiлiм;
2) жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен еңбек қатынасы;
3) Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын білу.