Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 588 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11732 болып тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2015 жылғы 15 шілдедегі  
№ 588 бұйрығына қосымша 

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтардың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5


Республикалық орта-медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі

300, оның ішінде 175 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі, соның ішінде 


«Массажист» біліктілігімен

175, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушылар, 


16 орыс тілінде білім алушылар

Ортопедиялық стоматология «Тіс технигі» біліктілігі

25 қазақ тілінде білім алушылар

Зертханалық диагностика, «Медициналық зертханашы» біліктілігі

75 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация «Фармацевт» біліктілігі

25 орыс тілінде білім алушылар

2.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

100, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

50 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация


25 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады