Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының, холдингтердің және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 102 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11747 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

       4-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:

       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы кандидат бұрын уәкілетті органмен тиісінше осы қаржы ұйымының немесе холдингтің тиісті лауазымына келісілген не келісілген лауазымнан осы қаржы ұйымының, холдингтің бір органы шеңберінде төменгі лауазымға ауыстырылған жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері келісілуге жатпайды.

      Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) жөніндегі осы қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қаржы ұйымының директорлар кеңесі құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі уәкілетті органмен келісілуге жатпайды.";

       4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісуге уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (бұдан әрі – кандидат) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалған және мыналар қол қойған өтінішхат:

      басқарманың бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) тағайындалған (сайланған) кезде – қаржы ұйымының, холдингтің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін) қаржы ұйымы, холдинг, сақтандыру брокері акционерлерінің бірі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі;

      басқа жағдайларда – қаржы ұйымы, холдинг басқармасының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);

      2) Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басқармасы мүшесінің лауазымына не қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың мыналар қамтылатын лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі:

      осы кандидаттың өкілеттігі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қойған қолы және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күні көрсетіле отырып);

      құрылымдық бөлімшелердің атауы туралы мәліметтер және осы кандидат бақылау жасайтын олардың құзыретіне жататын мәселелер тізбесі;

      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;

      3) қаржы ұйымы, холдинг басқармасының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда – осы қаржы ұйымының, холдинг-акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;

      4) егер кандидат акционерлік қоғам басқармасының мүшесі болып табылатын жағдайда - осы қоғамның директорлар кеңесінің кандидатқа қаржы ұйымында, холдингте жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;

      5) кандидатты қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күні көрсетіле отырып, қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының кандидатты тағайындау туралы шешімінің үзінді-көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнің үзінді-көшірмесінің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).

      Тағайындау (сайлау) күні болмаған жағдайда, кандидатты тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не аталған шешімдегі (бұйрықтағы) жағдайдың басталған күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген жағдай басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      қаржы ұйымының, холдингтің толық атауы және қаржы ұйымы, холдинг басқармасының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;

      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (директорлар кеңесі отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен (бар болса) расталады және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқауды қамтиды;

      6) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы түрлі-түсті фотосурет көлемі 3х4, ашық аяда орындалады) кандидат туралы мәліметтер;

      7) Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      8) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      9) Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат (не бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге құжаттар топтамасын берген кезде Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесі). Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды.

      Көрсетілген құжат сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталынан басып шығарылған нысанда ұсынылады;

      10) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;

      11) Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қаржы ұйымында қажетті рейтингінің болуын растайтын мәліметтер;

      12) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі;

      13) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлердің кәсіптік ұйымындағы (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) мүшелігін растайтын құжат.

      Талап етілетін құжаттар қоса берілген өтінішхат қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қаржы ұйымы, холдинг шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс. Көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылады және нотариатпен куәландырылады.";

       7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін уәкілетті органға оның тағайындалған (сайланған) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық почта мекенжайларын көрсете отырып).

      Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды қаржы ұйымына, холдингке қараусыз күнтізбелік он күн ішінде қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттар бар құжаттар топтамасын кандидаттарды басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде ұсынады. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін құжаттарды қайталап берген кезде оларды уәкілетті органның қарау мерзімі оларды қайталап беру күнінен басталады.

      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, қаржы ұйымына, холдингке почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.

      Қаржы ұйымы, холдинг ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген), Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің оларды қайтарып алу себептерін көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен кандидаттардың уәкілетті органда тестіден өтуіне дейін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қайтарып алуға рұқсат етіледі.";

       11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеу өтетін күн туралы қаржы ұйымына, холдингке жазбаша түрде хабарлайды.

      Уәкілетті орган белгілеген мерзімде кандидат тестілеуден өту үшін келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.

      Уәкілетті орган тестілеуді өткізу күнін қайталап, бірақ Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктірмей белгілейді.

      Кандидаттың уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеуге келмей қалуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.";

       12-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналар болып кем дегенде үш жыл еңбек өтілі болса – басқарманың бірінші басшысы лауазымына кандидат (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға):

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге басқарманың жетекшілік ететін бірінші басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма, филиал) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін қаржылық және (немесе) басқарушы директор;

      5) мыналар болып кем дегенде екі жыл жұмыс істеу стажы болса - директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы ұйымында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;

      басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      6) мыналар болып кем дегенде үш жыл жұмыс істеу стажы болса - бас қаржы ұйымының басқарма мүшесі болып табылатын бірінші басшы және директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы ұйымында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;

      басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      7) қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, басқарма мүшесі лауазымына кандидат;";

       16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар алынып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы, холдинг берген құжаттар жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе жөнінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді. Қағидалардың 15-тармағында, 27-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көзделген жағдайларда хаттама ресімделмейді.";

       1-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

       2-қосымша осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.)заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      6. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзі бұрын келіспеген басшы қызметкерлерді келісуге арналған құжаттар топтамасын ұсынсын.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 102 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына
4-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім
беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын
белгілеу қағидалары

      1. Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын көздейді.

      2. Қордың басшы қызметкерлері мыналар болып табылады:

      1) Қордың директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері;

      2) бірінші басшы, атқарып отырған қызметінің атауына қарамастан бірінші басшының орынбасарларының функцияларын жүзеге асырушы адамдар, Қордың басқарма мүшелері не Қордың атқару органының функцияларын жеке өзі жүзеге асырушы адам және оның орынбасары;

      3) Қордың бас бухгалтері.

      3. Қордың басшы қызметкері болып мына адам тағайындала алмайды (сайлана алмайды):

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) Қағидалардың 4-тармағына сәйкес екі жылдан аз жұмыс өтілі бар;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдауына дейін кем дегенде бір жыл бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы болған тұлға. Көрсетілген талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;

      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына сайлануға (тағайындалуға) берілген келісім қайтарып алынған тұлға. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкері лауазымына сайлануға (тағайындалуға) берілген келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі соңғы жүйелі он екі ай ішінде қолданылады.

      Мінсіз іскерлік беделін – басшы қызметкері лауазымына сайлануға (тағайындалуға) үміткер адамдардың кәсібилігін, адалдығын, алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын фактілердің болуы.

      4. Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек өтіліне кандидаттың Қордағы қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген еңбек өтілі кіреді:

      1) Азия даму банкі;

      2) Еуразия даму банкі;

      3) Еуропа қайта құру және даму банкі;

      4) Ислам даму банкі;

      5) Халықаралық даму қауымдастығы;

      6) Халықаралық қаржы корпорациясы;

      7) Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      8) Халықаралық валюта қоры;

      9) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

      10) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

      5. Мыналар уәкілетті органмен келісуге жатпайды:

      1) Қордың директорлар кеңесінің құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі;

      2) Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) Қордың басшы қызметкері, осы кандидаттың бұрын уәкілетті органмен тиісті лауазымға келісілген болуы не келісілген лауазымнан төменде тұрған лауазымға Қордың бір органының аясында ауысуы және осы кандидаттың Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу шартымен.

      Осындай жағдайда Қор басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы уәкілетті органның шешімінің үзінді көшірмесін, осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы көрсетілген ілеспе хатымен бірге ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      6. Қордың басшы қызметкері уәкілетті органның келісімінсіз өзінің қызметінде, оны сайлаған (тағайындаған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын уақыт болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған соң, және уәкілетті органға келісуге құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, немесе уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, Қор осы тұлғамен еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы тұлғаның өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.

      Уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен артық Қордың басшы қызметкерінің міндетін атқаруға (уақытша жоқ басшы қызметкердің орнында болуға) жол берілмейді.

      Уәкілетті орган өтініш Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған не оны Қордағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы Қордың басшы қызметкері лауазымына сайланады (тағайындалады).

      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына сайланады (тағайындалады).

      7. Келісуді уәкілетті орган Кандидаттардың уәкілетті органның жанындағы қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымына сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып не Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

      8. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кандидаттың Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға сәйкес ұсынылғанын және Қор құжаттамалық жағынан тексерілгенін көрсетумен және оған мыналар:

      Қордың басқармасының бірінші басшысын (атқару органының функциясын жеке өзі жүзеге асыратын адам) (сайлаған) тағайындаған кезде Қордың директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда - директорлар кеңесінің шешімі бойынша (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып) директорлар кеңесінің бір мүшесі;

      Қордың басқармасының бірінші басшысы (атқару органының функциясын жеке өзі жүзеге асыратын адам) не міндетін атқарушы адам (міндетін атқаруды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) қол қойған еркін нысанда жасалған өтінішхатты – қалған жағдайларда;

      2) Қордың басшы қызметіне кандидатты сайлау (тағайындау) күнін көрсете отырып, Қордың уәкілетті органының шешімінің үзінді-көшірмесін не кандидатты (сайлау) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесін (екі және одан да көп кандидатты келісу кезінде олардың әрбіріне шешім көшірмесінің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).

      Сайлау (тағайындау) күні болмаса, кандидатты сайлау (тағайындау) күні Қордың уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не көрсетілген шешімдегі (бұйрықтағы) жағдайдың басталған күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қордың уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінде мынадай мәліметтер бар:

      Қордың толық атауы және оның басқармасының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысы (директорлар кеңесінің отырысы) өткізілген күні, уақыты және орны;

      отырысқа қатысқан адамдар туралы (директорлар кеңесінің отырысы үшін) мәліметтер;

      акционерлердің жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;

      кандидатты басшы лауазымға сайлау (тағайындау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (директорлар кеңесі отырысының) күн тәртібі;

      кандидатты басшы лауазымға сайлау (тағайындау) бөлігінде дауыс беруге қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      кандидатты басшы лауазымға сайлау (тағайындау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қордың уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесіне осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (уәкілетті қызметкерлердің) қойылған қолымен және Қордың мөр бедерімен куәландырылады және үзінді-көшірменің дұрыстығын көрсетеді.

      3) электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы фотосурет 3 х 4 көлемімен ашық аяда жасалады) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кандидат туралы мәлімет;

      4) кандидаттың жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежесін алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжатты (не бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге құжаттар топтамасын берген кезде құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесі). Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;

      7) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;

      8) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі не Халықаралық бухгалтерлер федерациясының нағыз мүшесі болып табылатын шетел институтымен берілген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесі;

      9) Қор басқармасының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда – Қордың директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;

      10) кандидат акционерлік қоғамның басқарма мүшесі болып табылған жағдайда – осы акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің кандидатқа Қорда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі.

      9. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:

      1) "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;

      2) бұрын өздерінің сайлануына (тағайындалуына) уәкілетті органның келісімін алған, бұл келісім қайтарып алынбаған директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы (бір өзі тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысы, қаржы ұйымдарының атқарушы органының мүшелері;

      3) ұсынымхатқа қол қою күнінде уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасары лауазымындағы тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың және ведомстволардың бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары;

      4) экономика және (немесе) заң ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

      5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 4-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті кандидаттарды келіскен кезде - тізбесі "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген) белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген "ВВ+" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, атқарушы орган басшысы мен мүшелері ұсыным беруші тұлғалар болады.

      Қордың (өтініш берушінің) басшы қызметкері, акционері, Қордың (өтініш берушінің) акционерінің басшы қызметкері, сондай-ақ кандидаттың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары), уәкілетті органның тарапынан қаржы ұйымы кандидатты келісу туралы өтінішті бергенге дейінгі бір жыл ішінде шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайды.

      10. Қор бір мезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкері лауазымында болған және уәкілетті органмен келісілген (бұдан әрі - келісілген басшы қызметкер) үміткерді басшы қызметкер лауазымына келісу үшін, уәкілетті органға мыналарды:

      1) ерікті нысанда жасалған өтінішті, онда үміткер туралы мәліметтердің, оның ішінде Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған мәліметтердің Қормен (өтініш берушімен) құжаттамалық тексерілгені және үміткердің Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні көрсетіледі;

      Қордың уәкілетті органының үміткерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзінді көшірмесін;

      3) үміткердің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы нысанында берілген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжатты (не сол бір үміткерді өзге басшылық лауазымына келісуге құжаттар топтамасын тапсырған кездегі құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның анықтамасының көшірмесі) ұсынады. Көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күніне дейінгі үш айдан аспауға тиіс;

      5) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы мәліметтер электрондық және қағаз тасымалдағышта.

      11. Қағидалардың 8 және 10-тармақтарында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парағының сыртында тігін түйіншегіне желімделген, парақтар саны көрсетілген жапсырманың жартылай үстінен қойылған Қордың мөрімен расталған болып ұсынылады.

      Қор шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті – кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс. Көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылуы және нотариатпен куәландырылуы тиіс.

      Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға (ұсынылған құжаттардың көшірмелерін куәландыру құқығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қою құқығы бар Қордың лауазымды тұлғаларының қолымен және көшірменің дұрыс екенін көрсете отырып, Қордың мөр бедерімен (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып) расталады.

      12. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға оның (сайланған) тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмейтін мерзімде құжаттар топтамасын ұсынады.

      Басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, Қорға почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.

      Қор ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      Қор осы Қағидалардың көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган оларды Қорға қараусыз қайтарады. Қор жетіспейтін құжаттарды кандидат басқа қызметке сайланған (тағайындалған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде ұсынады.

      Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қайтару, Қор оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы кандидаттың уәкілетті органда тестіден өткенге дейін рұқсат етіледі.

      13. Азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) Қордың басшы қызметкері лауазымына (сайланған) тағайындалған күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.

      Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер дәйекті емес болып табылады және берілген келісім Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын басшы қызметкері лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан Қорда басшы қызметкер лауазымына тағайындалған күнге дейінгі 10 (он) жылдан кем емес кезеңде кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не жоқ екені жөнінде сұратады.

      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі жоқтығы туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, соның негізінде келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып саналады, сондай-ақ берілген келісім Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.

      14. Комиссия шешімі бойынша Қордың мынадай қызметкерлері ұсынылған құжаттардың негізінде:

      1) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген басшы лауазымына кандидаттың:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында не Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінде бұрын:

      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);

      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;

      бас бухгалтер лауазымын атқарған кемінде үш жыл еңбек өтілі бар болса;

      2) Қордың бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидаттың:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қорда және (немесе) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:

      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;

      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);

      бас бухгалтер ретінде кемінде екі жыл еңбек өтілі бар болса;

      3) Қордың бас бухгалтері лауазымына кандидаттың:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:

      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;

      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы (басшының орынбасары) ретінде кемінде үш жыл еңбек өтілі бар болса шақырмай келісіледі.

      15. Кандидатты келісуді Комиссиямен жүргізеді. Комиссияның қызметі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.

      16. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімде тестілеудің өтетін күні туралы Қорға жазбаша хабарлайды.

      Кандидат тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен уәкілетті орган белгіленген мерзімде келмей қалған жағдайда, Қор бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды. Қайта тестілеу Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім кезеңінде тағайындалады.

      17. Кандидаттарды келісу 45 минут ішінде 30 сұрақ бойынша компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.

      18. Кандидаттарды тестілеу кезінде тестілеуден өтетін тұлғамен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесі қызметкерлерінің және, қажет болған жағдайда, аудармашының ғана қатысуына рұқсат етіледі.

      Кандидат тестілеуден өткен кезінде қандай да болмасын жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды қолдануға тыйым салынады. Осы тармақта аталған шарттарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.

      19. Тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда (кем дегенде дұрыс жауаптардың 70 пайызы) үміткер сайланған (тағайындалған) лауазымға келісілді деп саналады.

      Кандидат тестілеуден өткеннен кейін тесттің қорытындысымен дереу қол қойып, таныстырылуға тиіс.

      Комиссияның қарауына Қор берген құжаттар жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе жөнінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді. Қағидалардың 19-тармағында, Қағидалардың 21-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көзделген жағдайларда хаттама ресімделмейді.

      20. Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.

      21. Уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады:

      1) басшы қызметкерінің Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының, 20) тармақшасының, 54-бабының 4-тармағының, 59-бабының 2-тармағының, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) тестілеудің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тағайындалған уақытта тестілеуге келмеуі не қайта тестілеуді тағайындаған жағдайда – Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті органның кандидатын келісу мерзімі аяқталғанға дейін;

      кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың кемінде жетпіс пайызын құрайды;

      3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескеріп, пысықталған құжаттарды белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;

      4) белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну, осы мерзім ішінде басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иеленеді;

      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішхатты берген күнге дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;

      6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, өзінің өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидаттың шешімдер қабылдау және ол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкцияны қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген деп танылған тарап болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады;

      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.

      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады.

      22. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді мынадай негіздемелер бойынша қайтарып алады:

      1) негізінде келісім берілген мәліметтердің шынайы емес болғанын анықтау;

      2) басшы қызметкерге қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкциялардың қолданылуы;

      3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы.

      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісімді қайтарып алған жағдайда, Қор осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган кандидатуралары өзімен келісілген Қордың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

      24. Қор уәкілетті органды күнтізбелік он күн ішінде басшы қызметкерлердің басқа лауазымға сайлауын (тағайындауын) ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.

  "Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының, банк, сақтандыру
холдингтерінің басшы қызметкерлерін
сайлауға (тағайындауға) келісім беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан



      фотосуреттің орны

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы
Мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында

      тағайындалатын лауазымы көрсетіледі)

      . Жалпы мәліметтер

Туылған күні және орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi, жеке сәйкестендіру нөмірі



      2. Білімі

Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігi

Оқу орны
орналасқан орны

1.







      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі,

      балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі,

      әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы

      және акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрлерi

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1.





      5. Соңғы үш жылда семинарлардан, біліктілік көтеру жөніндегі

      курстардан өту туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Өткізу күні және орны

Сертификат деректемелерi

1.





      6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі атқарған

      (атқарып отырған) лауазымдары, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы

      ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға келісу

      туралы өтінішті берген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"

      акционерлік қоғамында лауазымы туралы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік шара қолданудың бар болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1.







      7. Кандидат қаржы ұйымдарының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік

      беру қоры" акционерлік қоғамының аудитін жүргізу туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

       (ұйымның атауын, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық

      есепке қол қойған күнін көрсету)

       8. Қор және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесінде

      және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келіскен күні (талап етілсе)

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептерi

1.






       9. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да

      жетістіктері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, бар болған жағдайда күні, қандай басылымдарда

      көрсетілді)

       10. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы

      мәліметтер

Күнi

Сот органының атауы

Соттың орналасқан орны

Жаза-ның түрi

Кандидат қылмыстық жауапкершілікке сәйкес тартылған заңнамалық актінің бабы

Соттың процессуалдық шешімді қабылдаған күнi

1.








       11. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамау фактілерінің

      болуы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және

      міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

       12. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы,

      басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары,

      бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысының (банк

      немесе сақтандыру холдингінің) - қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы

      нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі

      мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банктің бас ұйымы болып табылатын

      банк холдингін консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын

      мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында

      белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешімді

      қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы

      болғандығы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

       13. Басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісімді

      қайтарып алу және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

      қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға қаржы ұйымының, "Сақтандыру

      төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, банктік,

      сақтандыру холдингінің бірінші басшысы қызметтік міндеттерін

      орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, сайлауға

      (тағайындауға) келісімді қайтарып алуға негіздемесі және осындай шешім қабылдаған қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

      қадағалау жөніндегі мемлекеттік органының атауы көрсетілсін)

       14. Қаржы ұйымының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"

      акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы

      ретінде қаржы ұйымы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"

      акционерлік қоғамы, банктік, сақтандыру холдингі қызметінің

      мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде

      тартылды ма

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші - қаржы

      ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)

       Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып

      табылатындығын растаймын. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті

      дербес деректерді жинау мен өңдеуге және заңмен қорғалатын құпиядан

      тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін.

       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

       (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

       Қолы _______________________

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен, __________________________________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына сайлау (тағайындау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы __________________


      Күні _______________________________________

  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры" акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға
(тағайындауға)келісім беру мен
қайтарып алу және оларға біліктілік
талаптарын белгілеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      № ______________ Хаттама 200 __ жылғы "____" __________

Комиссияның "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына үміткерді
қарауының қорытындысы ________________________________________________________________

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының

      басшы қызметкері лауазымына үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса)

р/с №

Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қорытындысы: "келісілсін", "келісуден бас тартылсын"

Ескерту (Комиссия мүшесінің ерекше пікірі)

Қолы


2

3

4

5












      Комиссия Төрағасы

      __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Комиссия шешімі: Келісілсін

       Келісуден бас тартылсын

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 102 қаулысына
2-қосымша
  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің
басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға)
келісім беру қағидаларына және
келісім алу үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
1-қосымша

      Нысан



      фотосуреттiң

      орны

Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына
кандидат туралы мәліметтер _______________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және

      _______________________________________________________________

      қаржы ұйымындағы, холдингтегі кандидат келісілетін лауазым

      көрсетiледi)

      _______________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің атауы)

      1. Жалпы мәлiметтер

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі



      2. Білімі

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі)

1.






      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі,

      балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі,

      әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы

      немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.





      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ

      Директорлар кеңесіндегі мүшелігі), оның iшiнде уәкiлеттi органға

      келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымын

      көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек

      қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге

      асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілген болса, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.







      6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы

      мәліметтер

      _____________________________________________________________________

       (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат

      аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету

      қажет).

       7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық

      комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.






       8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау

      фактісінің болуы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

       (иә (жоқ), көрсетілген фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын

      және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

       9. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы

      директор лауазымын атқарғаны туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.






      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен

      қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган қаржы ұйымын, банк холдингін

      консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын

      лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату

      немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте

      оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан

      аспайтын кезеңде кандидаттың бұрын қаржы ұйымының (банк немесе

      сақтандыру холдингінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы,

      басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері,

      жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының бірінші

      басшысы болғандығы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

       (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

       11. Уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға

      (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің,

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының

      қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

      _____________________________________________________________________

       (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім

      қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

       12. Қаржы ұйымының, холдингтің қызметі мәселелері бойынша қаржы

      ұйымының, холдингтің басшысы ретінде сот қарауында жауапкер ретінде

      тартылды ма

      _____________________________________________________________________

       (иә (жоқ), күні, қаржы ұйымының, холдингтің, сот қарауында

      жауап берушінің атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін)

       Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық

      екендігін растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес

      деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

       (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ___________________

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы ___________________


      Күні _____________________________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 102 қаулысына
3-қосымша
  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің
басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға)
келісім беру қағидаларына және
келісім алу үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

      № ______________ хаттама 20 __ жылғы "____" __________

Комиссияның қаржы ұйымы, холдинг
басшы қызметкерлерiнiң лауазымына
кандидатты қарау нәтижелерi ________________________________________________________________

      Кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қаржы ұйымының,

      холдингтің атауы

р/с №

Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қорытынды:
"келісу", "келісуден бас тарту"

Ескерту
(Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі)

Қолдар

1

2

3

4

5







      Комиссияның Төрағасы __________________________________

      Комиссия шешімі: Келісілсін

       Келісуден бас тартылсын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады