"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11791 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.05.2016 № 148 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9823 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (28516) «Егемен Қазақстан» газетінде және 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Комитеттің функциялары:
      1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісім шарттарды әзірлеу;
      2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге белгіленген заңнамалық тәртіпте құқықтық мониторинг жүргізу;
      3) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      4) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;
      5) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      6) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
      7) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      8) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
      9) заңнамада белгіленген шарттарда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
      10) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
      11) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      12) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасы Президентінің-Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлеу;
      14) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлануы және қатысуы кезінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативін әзірлеу;
      15) халықаралық спорттық жарыстар тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелерін ақшалай ынталандыру төлемдері қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныс енгізу;
      16) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және олардың төленуін қамтамасыз ету;
      17) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекіту;
      18) спорттық федерацияларды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
      19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлеу;
      20) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлеу;
      21) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлеу;
      22) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;
      23) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныс енгізу;
      24) республикалық спорт медицинасы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босату;
      25) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзу;
      26) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      27) аккредиттелген спорттық федерациялармен бірлесе отырып, спорт түрлері, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері бойынша, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында республикалық және халықаралық жарыстар өткiзу;
      28) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;
      29) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;
      30) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асыру;
      31) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастыру және үйлестiру;
      32) спортта допингке қарсы іс-шараларды өткізуге бақылауды жүзеге асыру;
      33) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын беру;
      34) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
      35) республикалық және өңірлік спорттық федерацияларды аккредиттеудi жүзеге асыру;
      36) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекіту;
      37) аккредиттелген республикалық спорттық федерациялардың ұсынысы бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын жыл сайын бекіту;
      38) аккредиттелген республикалық спорттық федерацияларыдың ұсынысы бойынша спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрi бойынша ұлттық құрама командаларының) бас жаттықтырушыларын және мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды және лауазымынан босату;
      39) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;
      40) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;
      41) республикалық аккредиттелген спорттық федерациялардың ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
      42) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;
      43) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарыдың ережелерін (регламенттерін) бекіту;
      44) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекіту;
      45) тиісті паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін мүгедектерге арналған дене шынықтыру-спорттық үйымдардағы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесін, даярлық кезеңдерінің бағдарламасын бекіту;
      46) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізу;
      47) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға даярлығын медициналық қамтамасыз етуге қатысу;
      48) халықтың физикалық даму деңгейін айқындау;
      49) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      50) тиісті салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      51) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
      52) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда);
      2) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
      3) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
      4) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынастығы ұйымдар басшыларын тағайындайды;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
      6) Комитеттің Заң басқармасына жетекшілік етеді;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
      8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
      9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселер бойынша шешім қабылдайды.
      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады