Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 тамызда № 11896 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 24.11.2015 № 6001-15-7-6/486 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.

      1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 257-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы                                      І. Испанов

Қазақстан Республикасы   
Жоғарғы Сотының жанындағы 
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
аппараты) басшысының   
2015 жылғы 3 шілдедегі  
№ 336 бұйрығымен     
бекітілген       

Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио-
немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес әзірленген және сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе және бейнежазу құралдарын техникалық қолдану тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бейнеконференцбайланыс (бұдан әрі - БКБ) – адамдардың сот отырысына қашықтан (процеске қашықтан қатысушы-абоненттердің ақпарат алмасуы жолымен) қатысуын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ДБЖ және БКБ жүйелерінің үйлестірушісі (бұдан әрі - Департаменттің үйлестірушісі) – Қазақстан Республикасының барлық соттарында ДБЖ және БКБ жүйелерінің жұмыстарын үйлестіру үшін Департамент басшысымен белгіленетін Департаменттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері;
      3) қызмет көрсетуші ұйым – Қазақстан Республикасының барлық соттарында сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін дыбыс және бейнежазба құралдарын сүйемелдеуді шартқа сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ ДБЖ құралдары мен жүйесі жұмысы үшін жауапкершілік көтереді;
      4) облыстық және оған теңестірілген соттағы ДБЖ және БКБ жүйелерінің үйлестірушісі (бұдан әрі - облыстық соттың үйлестірушісі) – Кеңсе басшысының бұйрығымен белгіленетін және тиісті облыстың барлық соттарында ДБЖ және БКБ жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің қызметкері; жүйелелердің алдағы уақытта қолданылуының техникалық мүмкіндікпен қамтамасыз етілуі үшін жауапкершілік артады;
      5) сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазуды қамтамасыз ететін жүйе (бұдан әрі - ДБЖ жүйесі) – сот отырысын жазып алуды жүзеге асыратын техникалық құралдар кешені;
      6) сот құжаттарының электрондық мұрағаты (бұдан әрі - СҚЭМ) – сот процестерінің аудио- немесе бейнежазбалардың электронды файлдарын сақтауды қамтамасыз ететін қағазсыз технологиялар арқылы ақпарат алмасу үшін жасалған ақпараттық жүйе, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, облыстық және оған теңестірілген соттарда мұрағаттаудың технологиялық процестерін автоматтандыру.
      3. Іске қатысушы адамдарға жазбаларды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасымен айқындалады.
      4. Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарымен жабдықталған сот залдары туралы ақпараттар (соттың атауы, сот отырысының нөмірі көрсетілген, ДБЖ жүйесінің жай-күйі (жұмысқа қабілеттілігі) туралы мәліметтер) Қазақстан Республикасы сот органдарының ішкі порталында орналастырылуы және тиісті соттармен ұдайы жаңартылып отырады.

2. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда ДБЖ жүйесі жұмысы

      5. Сот отырысын өткізу кезінде аудио- немесе бейнежазу құралдары үздіксіз пайдаланылады.
      6. Бірінші және апелляциялық соттардың сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асырады.
      7. Бірінші сатыдағы соттарда сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарының жұмыс істеуін тексеруді күн сайын кеңсе меңгерушісі, апелляциялық сатыларда – қызмет көрсетуші ұйымның қызметкері іске асырады.
      8. Сот отырысының хатшысы ДБЖ жүйесінде сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазбаны, сондай-ақ олардың сот ісіне тіркелетін көшірмелерін бір данада электронды тасымалдаушыларда (CD немесе DVD дискілерде) жазылуын қамтамасыз етеді.
      9. Сот отырысы аяқталғаннан кейін аудио- немесе бейнежазба қолданылып жасалған сот отырысының қысқаша хаттамасы мәтіндік пішімде Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпаратық-талдау жүйесіне (ҚР СО БААТЖ) автоматты режимде жіберіледі.
      10. Егер аудио- немесе бейнежазу құралдарымен жабдықталған бос залдар болған кезде, осы жүйелермен жабдықталмаған басқа сот залдарында сот отырысын өткізуге тыйым салынады.

3. Кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарда ДБЖ
жүйесінің жұмысы

      11. Кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарда сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарының жұмыс істеуін тексеруді күн сайын қызмет көрсетуші ұйымның қызметкері іске асырады.
      12. Кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарда сот отырысының ДБЖ жүйесінде сот отырысының аудио- немесе бейнежазуды қызмет көрсетуші ұйымның қызметкері іске асырады.

4. Соттардағы бейнеконференцбайланыс жүйесінің жұмысы

      13. Соттың техникалық мүмкіндігі болған кезде сот отырысына қашықтан қатысу туралы өтініш түскен жағдайда, отырыс тағайындалған күні БКБ-ні қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыруды қабылдау үшін өтініш білдірушінің мекенжайы бойынша сотқа хабарлайды.
      14. Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын қолдануды бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда – сот отырысының хатшысы, кассациялық және қадағалау сатыларында – қызмет көрсетуші ұйымның қызметкері іске асырады.
      15. Сот отырысына қашықтан қатысу туралы өтініш түскен кезде БКБ арқылы қашықтан қатысу тәртібімен сот отырысын өткізу бойынша сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейне жазу тек сотта ғана жүргізіледі және қашықтан қатысушылар сөздерінің дыбыс жазбасы ғана жазылады.
      16. Судья процеске қатысушының тұрғылықты жері бойынша оның жеке басын, сондай-ақ БКБ арқылы қашықтан қатысу фактісін анықтайды, ал сот отырысының хатшысы бұл туралы қысқаша хаттамада көрсетеді.
      17. БКБ жүйесі арқылы сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарының жұмыс істеуін тексеру күн сайын аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушісі, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында – қызмет көрсетуші ұйымның қызметкері іске асырады.
      18. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда, сот отырысының хатшысы ДБЖ жүйесінде сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасын, сондай-ақ сот ісіне тіркелетін олардың көшірмелерін бір данада электронды тасымалдаушыларда (CD немесе DVD дискілерде) жазылуын қамтамасыз етеді.
      19. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда сот отырысы аяқталғаннан кейін аудио- немесе бейнежазба қолданылып жасалған сот отырысының қысқаша хаттамасы мәтіндік пішімде Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпаратық-талдау жүйесіне (ҚР СО БААТЖ) автоматты режимде жіберіледі.

5. Бірінші және апелляциялық сатыларда сот отырыстарының аудио-
немесе бейнежазбаларының сақталуын қамтамасыз ету

      20. Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазбаға автоматты түрде электрондық цифрлық қолтаңба қойылады және ДБЖ жүйесінің серверінде сақталады.
      21. Тізімдемеде көрсетіліп, іс материалдарына қоса тіркелген бірінші және апелляциялық сатылардағы сот отырыстарының аудио- немесе бейнежазба көшірмелерінің сақталуын судьяның істі қарау кезеңінде және істі мұрағатқа өткізгенге дейін - сот отырысының хатшысы, іс мұрағатқа тапсырылғаннан сәттен бастап - мұрағатшы қамтамасыз етеді.
      22. Мұрағатшы істі қабылдап алу кезінде іске тіркелген сот отырысының аудио- немесе бейнежазба көшірмелерінің электронды тасымалдарының бар болуын және оның тізімдемеде көрсетілуін тексереді.
      23. Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасы күн сайын регламенттелген уақытта бірінші сатыдағы мәліметтерді репликациялай отырып, облыстық соттың ДБЖ жүйесінің серверінде сақталады.
      24. Егер апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттар бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың іс тізімдемесінде көрсетілген сот отырыстарының аудио- немесе бейнежазбасының электронды тасымалы болмаған немесе электронды тасымалдың басқа да ақаулары болса, бұл туралы тиісті сотқа шара қабылдау жөнінде хабарлайды. Бұл ретте, сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазба тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың ДБЖ жүйесінің сервері арқылы қалпына келтіріледі.
      25. Егер сот отырысының бейнежазбасы ДБЖ жүйесінің серверінен жойылған болса және оны қалпына келтіру мүмкін болмаса, тек СҚЭМ жүйесінің серверінен даудиожазбасының көшірмесімен ғана қамтамасыз етіледі.
      26. Кассациялық сатыдағы сот отырысының аудио- және бейне жазбасына автоматты түрде электронды цифрлық қолтаңба қойылады және тиісті облыстық соттың ДБЖ жүйесінің серверінде сақталады, ал қадағалау сатысында автоматты түрде электронды цифрлық қолтаңба қойылып және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ДБЖ жүйесінің серверінде сақталады.

6. ДБЖ және БКБ жүйелерін жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларі

      27. Техникалық ақауларға байланысты сот отырысының аудио- немесе бейне жазу құралдарын пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы соттың кеңсе меңгерушісіне жедел түрде хабар береді, ол облыстық соттың үйлестірушісі мен кеңсе басшысына хабарлайды.
      28. Облыстық соттың үйлестірушісі ДБЖ немесе БКБ жүйелерінде жіберілген ақаудың себебін анықтап, бір сағат ішінде Департаменттегі үйлестірушіге стиісті шаралар қабылдау үшін хабарлайды.
      29. Департаменттегі және облыстық соттағы үйлестірушілерден, сондай-ақ қызмет көрсетуші ұйым өкілдерін ДБЖ немесе БКБ жүйелерінің жарамсыз болу себептерін растағаннан кейін (1 жұмыс күні ішінде) тиісті сотта техникалық акт жасалып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады