Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 558 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 414 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 тамызда № 11910 болып тіркелді

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі;
      2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін  Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне және Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы        Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                Ұлттық экономика министрі
      ____________Б. Сұлтанов       ______________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2015 жылғы 20 шілдедегі № 414
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі № 558
бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі
саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын
мәліметтер тізбесі

Салық құпиясын құрайтын мәліметтер атауы

1

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жиынтық жылдық табысы туралы деректер

2

Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары жұмыскерлерінің саны туралы деректер

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2015 жылғы 20 шілдедегі № 414
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі № 558
бірлескен бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті органның сұратуы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының Ішкі нарықты қорғау департаменті (бұдан әрі – тергеп-тексеруді жүргізетін орган) жүргізетін арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеп-тексерулері барысында пайдалану үшін Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің электронды байланыс арнасы арқылы осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Мәліметтерді жібереді. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі болмаған жағдайда Мәліметтер «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжат түрінде жіберіледі.
      3. Мәліметтерді беру Мәліметтерге қол жетімділігі бар лауазымды тұлғалармен ғана жүзеге асырылады. Лауазымды тұлғалардың тізбесі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      4. Мәліметтерге қол жетімділігі бар уәкілетті органның лауазымды тұлғалары алынатын ақпараттың тікелей мақсаты бойынша ғана және оны ұсынған тарапқа залал тигізбей, тергеп-тексеру жүргізетін органды қоспағанда, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады