Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 тамызда № 11917 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.05.2018 № 393 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы 5 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 475 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша
ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-бабы 32-8) тармақшасына сәйкес әзірленді, пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін анықтайды.

2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша
ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібі

      2. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасаған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға ресми сұрау салу бойынша осындай сұрау салу түскен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне және мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органға – пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша;

      мұнай, газ, көмір және уран саласындағы уәкілетті органға – көмірсутек шикізаты, көмір және уран бойынша;

      елді мекендерінің аумақтарының сыртында су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға – жерасты сулар бойынша.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша (ЭҚАБЖ) электрондық тасығыштарда және поштамен қағаз тасығыштарда жіберіледі.

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат бір данада (электрондық және қағаз тасығыштарда) беріледі және көбейтуге жатпайды.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

  Пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттік балансы бойынша
ақпаратты мемлекеттік
органдарға беру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат

р/с

Пайдалы қазбалар

Компоненттік өлшеу бірлігі

Орташа мазмұны

Баланстық қорлар

Баланстан тыс қорлар

Өсу/кему

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады