"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11973 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-309/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 7 жинағында 2010 жылы жарияланды;) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК кешенді жан басына шаққандағы норматив) – құрамында АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компонентінен және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын "Бекітілген халық тіркелімі" порталында (бұдан әрі – "БХТ" порталы) тіркелген, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің құны;

      2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындаған қызмет тізбеcі бойынша МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің есептеу құны;

      3) АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив – түзету коэффициенттерін есепке алмай, уәкілетті орган айқындаған қызмет тізбесі бойынша МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есептеу құны;

      4) ауыл халқына ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – құрамында ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бар, "БХТ" порталында, аудандық маңызы бар немесе ауылдың денсаулық сақтау субъектісінде тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегендегі уәкілетті орган айқындаған медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтері кешенінің құны;

      5) ауыл халқына арналған кешенді жан басына нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындаған медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ауыл халқына көрсетілетін ТМККК қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;

      6) базалық мөлшерлеменің құны – ТМККК қызметінің бір бірлігінің есеп айырысу құны;

      7) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – ДСБ);

      8) емделіп шығу жағдайы – пациентке стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын шарттарда емдеуге жатқызылған сәттен бастап жазылып шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;

      9) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әр түрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды есепке алатын коэффициент;

      10) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіпте түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген индикаторлар негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;

      11) кешенді тариф – онкогематологиялық науқастарды қоспағанда (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа), онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген, әкімші бекіткен бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК медициналық қызметтері кешенінің құны;

      12) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеу шығындары бойынша ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары;

      13) коммуналдық және басқа шығыстар (бұдан әрі – КБШ) – жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеуге, жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүккәмал және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар;

      14) медициналық-экономикалық тариф – диагностикалау және емдеу хаттамаларының негізінде қалыптастырылатын бір емделіп шығу жағдайы үшін орташа құн;

      15) МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив – МСАК нысанындағы ТМККК-ні қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындардың нормасы;

      16) онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі – ОНЭТ) – деректері ТМККК орналастыру және оған ақы төлеу кезінде пайдаланылатын онкологиялық патологиясы бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      17) тарификатор – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 35-бабының 5-тармағына сәйкес олардың құны көрсетілген бекітілген медициналық қызметтер тізбесі;

      18) төсек-күн – науқастың стационар шарттарында өткізген күні;

      19) ТМККК қызметінің тарифі (бұдан әрі – тариф) – ТМККК қызметтері бірлігінің немесе кешенінің құны;

      20) түзету коэффициенттері – осы Әдістемеге сәйкес тарифті түзету мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қолданатын коэффициенттер;

      21) шығын сыйымдылығы коэффициенті – КШТ-ның базалық мөлшерлеме құнына шығын дәрежесін айқындайтын коэффициент;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ТМККК көрсететін денаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасының негізінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өзге шығыстарды, оның ішінде интернетті қоса алғандағы байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе, шаруашылық және жанар-жағармай тауарларын сатып алу, басқа тауарлар мен қызметтер, сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеу шығындарын қамтиды.";

      "5. ТМККК медициналық қызметтеріне арналған тарифтер мыналарды қамтымайды:

      1) "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АҚ) ТМККК көрсететін еншілес ұйымдарына пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде негізгі қаражатты жаңартуға арналған шығыстарды;

      Денсаулық туралы Кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасының негізінде айқындалған тәртіппен өтелетін, мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы ТМККК көрсететін ұйымдардың және дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің қаржы лизингі шарттарында лизинг төлемдерін төлеуге арналған шығыстардан;

      тарифке қосылған құны бес миллион теңгеден аспайтын жабдықты сатып алуға арналған шығыстардан басқа күрделі шығыстарды қоспағанда, ТМККК көрсететін ұйымдарға ТМККК көрсету бойынша қызметіне байланысты шығындар өтеледі. Бұл ретте, ТМККК көрсететін ұйымдар осы шығыстарды қалыптасқан үнемдеу қаражатының есебінен ағымдағы қаржы жылында кредиторлық берешегі болмаған жағдайда жүзеге асырады, бірақ ТМККК көрсетуге арналған шарт сомасынан 1 %-дан аспауы тиіс;

      2) рентабельділік пен пайдадан басқа күрделі шығыстар.

      Мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы ТМККК көрсететін ұйымдар коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстардың ұлғаюына байланысты ТМККК көрсетуге арналған шарт сомасынан асқан жағдайда, осы шығыстарды өтеу жергілікті өкілді органның шешімі бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және/немесе астананың жергілікті бюджеті қаражатынан жүзеге асырылады.";

      1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Амбулаториялық-емханалық көмек

      6. АЕК бойынша тарифтерді есептеу:

      осы Әдістеменің 7-15-тармақтарына сәйкес АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша АЕК көрсеткені үшін;

      осы Әдістеменің 16-тармағына сәйкес МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив бойынша МСАК көрсеткені үшін;

      осы Әдістеменің 17-21-тармақтарына сәйкес консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін жүзеге асырылады.

      7. МСАК көрсететін және "БХТ" порталында тіркелген бекітілген халқы болатын қалалық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілеріне (бұдан әрі – МСАК субъектісі) қаржыландыру көлемін айқындау үшін тариф болып АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі табылады.

      8. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі айына "БХТ" порталында тіркелген бір бекітілген адамға есептегенде айқындалады және ол АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін қамтиды.

      9. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті осы Әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес айқындалған қызметтер тізбесі бойынша ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсету бойынша МСАК субъектісінің қызметімен байланысты шығындарды қамтиды.

      10. Кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті:

      1) түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторлары үшін МСАК субъектісінің қызметкерлерін материалдық көтермелеуге;

      2) іссапар шығыстарын қоса алғанда, есепті кезеңдегі МСАК субъектісі бойынша КЖНЫК алынған сомасынан кемінде 5 %-ды құрайтын МСАК субъектісі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға арналған шығындарды қамтиды.

      11. КЖНЫК қаражатының есебінен ынталандыру қолданылатын МСАК субъектісі қызметкерлерінің тізбесі № 429 бұйрыққа сәйкес айқындалады.

      12. КЖНЫК сомасының мөлшері МСАК субъектісі үшін МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторлары (бұдан әрі – түпкілікті нәтиже индикаторы) бойынша нысаналы мәнге қол жеткізу деңгейіне байланысты және осы Әдістеменің 15-тармағымен айқындалатын тәртіппен есептеледі.

      13. МСАК субъектілері үшін айына бір тұрғынға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      КЖНМСАК = КЖНкепіл.АЕК + Sкжнык, мұнда

      КЖНМСАК – айына "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      Sжнык – айына "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы КЖНЫК сомасы;

      КЖШНкепіл.АЕК – айына "БХТ" порталында тіркелген МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      КЖНкепіл.АЕК = КЖНбаз.МСАК х ЖТКМСАК+ КЖНбаз.МСАК х (Кбл.тығыз.–1) + КЖНбаз.МСАК х (Кобл.жылу–1) + Vэкол_мсак / СМСАК / m, мұнда

      ЖТКМСАК – МСАК субъектісі бойынша халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКМСАК =

МСАКk/n х ЖТКМСАК(n))/ СМСАК, мұнда

      СМСАК – "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      СМСАК k/n – "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны n нөмірлі жыныстық-жастық топқа жататын халықтың k нөмірі;

      ЖТКМСАК(n) – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топ халқының медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

      МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша алдағы қаржы жылындағы АЕК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын "БХТ" порталы базасындағы халық бойынша деректердің негізінде айқындалады.

      КЖНбаз.МСАК – түзету коэффициенттерін есепке алынбай айқындалған, барлық МСАК субъектілері үшін Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, айына "БХТ" порталында алдыңғы қаржы жылына тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНбаз.МСАК = КЖНбаз.АЕК(қр) – КЖНбаз.АЕК(қр) х %КДК, мұнда

      КЖНбаз.АЕК(қр) - түзету коэффициенттерін есепке алынбай айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, уәкілетті орган айқындайтын айына "БХТ" порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНбаз.АЕК(қр) = ____ КЖНАЕК(қр).______________________, мұнда

      ЖТКқр+(Кқр.тығыз–1) +(Кобл.жылу–1) +(Кауыл.жылу–1)

      ЖТКқр.– БХТ порталы деректерінің негізінде ел халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша есептелген ел деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

      КЖНАЕК_(қр) – экологиялық апат аймақтарында үстеме ақы төлеуге қаражатты қоспағанда, алдағы қаржы жылына ел бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы АЕК орташа кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНАЕК (қр)_= (VАЕК-қр Vжнык-қр- Vэкол.қр)/Сқр/m, мұнда

      VАЕК(қр) – халыққа АЕК көрсету үшін ел бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Vжнык-қр – республика бойынша ЖЫНК-қа республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жылдық көлемі;

      Vэкол_қала – "Арал өңіріндегі экология салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) және "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, МСАК субъектілеріне экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      Сқр – халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күніндегі ахуал бойынша "БХТ" порталында тіркелген, барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халықтың саны;

      m – МСАК субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

      %КДК – шығыстары Денсуалық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес айқындалған қызметтер тізбесіне сәйкес МСАК субъектілері үшін АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған ТМККК шеңберінде МСАК субъектілеріне бектілген халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетуге арналған қаражат үлесі;

      Ктығызд.обл. – ел бойынша халықтың орташа тығыздық коэффициенті;

      Кжылу.обл.– ел бойынша жылыту маусымы ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті;

      Кауыл.обл. – ел бойынша ауыл аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алудың орташа коэффициенті;

      Vэкол_мсак – "Арал өңіріндегі экологиялық салдардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) және "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, МСАК субъектісіне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      m – МСАК субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

      Кобл.тығыз. – осы облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кобл.тығыз. = 1 + С х ТҚР хал/орта обл.хал. , мұнда

      С – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халқы тығыздығының орташа республикалық деңгейден немесе аудандардардың халқы тығыздығының (облыстық маңызы бар қалалардың) орташа облыстық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ (Пирсон желілік коррелияциясының коэффицицентін есептеу бойынша);

      ТҚР хал/орта – кезеңдегі ахуал бойынша алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Статистика комитеті) деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      Тобл.хал. алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын кезеңдегі ахуал бойынша Статистика комитетінің деректеріне сәйкес облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы) халықтың тығыздығы.

      Кобл. жылу – облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кобл. жылу = 1 + Үжылу х обл. – КҚР/орта.), мұнда

      КҚР/орта.

      Үжылу – облыста (республикалық маңызы бар қалада және астанада) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде өткен жылға облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жылу беруге арналған шығындардың үлесі;

      Кобл. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Статистика комитетінің деректеріне сәйкес облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылу беру маусымының кезеңі;

      КҚР/орта – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Статистика комитетінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылу беру маусымының кезеңі.

      14. МСАК субъектісі үшін АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша АЕК-ті қаржыландыру көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      VМСАК = СМСАК х КЖШНМСАК х m, мұндағы

      VМСАК – алдағы қаржы жылына немесе есепті кезеңге арналған МСАК субъектісін қаржыландыру көлемі;

      СМСАК – халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе есепті кезеңнің алдағы қаржы жылына немесе есепті кезеңге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын айының соңғы күніндегі ахуал бойынша "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      КЖШНМСАК – айына "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісі үшін айқындалған бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі;

      m – қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын кезеңдегі айлардың саны.

      АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша МСАК субъектісін қаржыландыру көлемі көрсетілген қызметтердің көлеміне байланысты емес.

      МСАК субъектісіне бір тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК сомасы алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін айқындау кезінде республика бойынша белгіленген жоспарлы деңгей бойынша, ал есепті кезеңдегі қаржыландыру көлемін айқындау кезінде ИКК-ның алынған нақты нәтижесі негізінде айқындалады.

      15. ЖБНЫК-ны есептеу реттілікпен мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1-қадам: республика деңгейінде айына бір тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК-ның жоспарлы сомасын айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Sжбнык_қр =Vжбнык_қр / Сқр_хал. / mжыл., мұндағы:

      Sжбнык_қр – республика бойынша 1 тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК-ның жоспарлы сомасы;

      Vжбнык_қр – республика бойынша ЖБНЫК-ға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жылдық көлемі;

      Сқр_хал. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күнінде Статистика комитетінің деректері бойынша "БХТ" порталында тіркелген халық санының деректеріне немесе "БХТ" порталының деректеріне сәйкес түзетілуі тиіс республика бойынша халық саны;

      mжыл – ЖБНЫК сомаларын төлеу жүзеге асырылатын жоспарлы қаржы жылындағы айлардың саны.

      2-қадам: өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемін айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vөңір жбнык = Сөңір хал. * Sжбнык қр * mжыл, мұндағы:

      Vөңір жбнык – өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жылдық көлемі;

      Сөңір хал. – ТМККК-ні қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінетін облыстың нысаналы трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) деректерінің негізінде ағымдағы қаржы жылындағы бюджетті есептеу үшін пайдаланылатын, "БХТ" порталында тіркелген, өңір бойынша бекітілген халықтың саны;

      Sжбнык қр – республика бойынша 1 тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК сомасы;

      mжыл – ЖБНЫК-ны есептеу үшін жоспарлы қаржы жылындағы айлардың саны.

      Айына өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландыру көлемі ЖБНЫК-ны есептеу үшін жоспарлы қаржы жылындағы айлардың санына бөлу арқылы айқындалады (Vөңір жбнык./ай).

      3-қадам: МСАК субъектісі үшін ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемін айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vжбнык мұ жоспар= Смсак *Sжбнқк қр*Кмұ * m , мұндағы:

      Vжбнык мұ жоспар – МСАК субъектісінің ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Смсак – халықты еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын айдың күніндегі ахуал бойынша "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      Sжбнык қр – республика бойынша 1 тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК-ның жоспарлы сомасы;

      Кмұ – 1,0-ге тең, ТМККК шеңберінде МСАК қызметтерін көрсету кешенділігіне МСАК-тың нақты субъектісінің сәйкес келу коэффициенті;

      m – ЖБНЫК сомаларын төлеу жүзеге асырылатын жоспарлы қаржы жылындағы айлардың саны.

      Айына МСАК субъектісі бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы көлемі ЖБНЫК-ны есептеу үшін жоспарлы қаржы жылындағы айлардың санына бөлу арқылы айқындалады.

      4-қадам: есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің деңгейіне дейін МСАК субъектісі жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижесі үшін ЖБНЫК сомасын есептеу төрт кезеңде жүзеге асырылады:

      1-кезең: МСАК субъектісінің есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторларының нысаналы мәніне қол жеткізуін бағалау (

ИКК):

      МСАК субъектісі жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижелерін бағалау индикаторларының (бұдан әрі – түпкілікті нәтиже индикаторы) нысаналы мәнін айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      М = Ид – Ид х N, мұндағы:

      М – есепті кезеңде қол жеткізілуі тиіс түпкілікті нәтиже индикаторының нысаналы мәні;

      Ид – өткен есепті кезеңде қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторының деңгейлес мәні өңірлермен келісім бойынша уәкілетті органмен белгіленеді және осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес аумақтық учаскелер бейіндерінің бөлінісінде МСАК субъектілері үшін ең жоғары мүмкін балдар кестесіне (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес есептеу әдісі бойынша есептеледі;

      N – өңірлермен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейтін есепті кезең қорытындысы бойынша түпкілікті нәтиже индикаторларын жақсарту жөніндегі болжалды әсер. N-ды белгілеу кезінде мыналарды есепке алу қажет:

      1) егер N түпкілікті нәтиже индикаторының деңгейлес мәнінің төмендеуін белгілесе, онда N оң мәнде қолданылады (Nтөмен);

      2) егер N түпкілікті нәтиже индикаторы мәнінің ұлғаюын белгілесе, онда N теріс мәнде қолданылады (Nжоғар);

      3) егер түпкілікті нәтиже индикаторының нысаналы мәніне белгілі бір мәнде қол жеткізілуі тиіс болса, онда М = N.

      Есепті кезеңдегі МСАК субъектісі жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижелерін бағалау индикаторларының ағымдағы мәнін айқындау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент" (бұдан әрі – ЖБНҚК) ақпараттық жүйесінде түпкілікті нәтиже индикаторларын қалыптастыру:

      осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жұмысының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторына сәйкес "БХТ" порталының, "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі – "ОНЭТ" АЖ), "Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі", "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" және (немесе) "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" дерекқорларының (бұдан әрі – дерекқор), сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижесінің негізінде;

      ай сайын автоматтандырылған режімде дерекқордағы деректерді жаңартудың күн сайынғы мерзімділігімен;

      дерекқордағы деректерге сәйкес келетін толық көлемде;

      нақты жүзеге асырылады, яғни жүктелім осы Әдістемеге 3-қосымшада айқындалған талаптарға және 4-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көрсететін ұйымы жұмысының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторларын есептеу кезінде есепке алынатын Халықаралық аурулар жіктемесінің Кодтар тізбеге сәйкес жүзеге асырылған;

      2) есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша ағымдағы мәнді (Иа) есептеу дерекқорлардан жүктелген деректердің негізінде "ЖБНҚК"-да автоматтандырылған режімде жүзеге асырылады және мынадай формула бойынша айқындалады:

      Иа = Саб х Ни, мұндағы:

      Иа – есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша ағымдағы мән;

      Са – осы Әдістемеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалған талаптарға сәйкес есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиженің нақты индикаторын есептеу үшін алым бойынша біріктірілген сандық деректер;

      Сб – осы Әдістемеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалған талаптарға сәйкес есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиженің нақты индикаторын есептеу үшін бөлгіш бойынша біріктірілген сандық деректер;

      Ни – осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес айқындалған түпкілікті нәтиженің нақты индикаторын есептеу бірлігінің мәні.

      "Жоқтық" деген болжалды әсері бар индикаторлар ерекше болып табылады. Осы индикаторлар үшін есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша ағымдағы мән (Иа) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Иа = Са , мұндағы:

      Иа – есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша ағымдағы мән;

      Са – осы Әдістемеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалған талаптарға сәйкес есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиженің нақты индикаторын есептеу үшін алым бойынша біріктірілген сандық деректер.

      Балдармен есепті кезеңдегі МСАК ұйымдары жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижесін бағалау реттілікпен мынадай тәртіппен орындалады:

      1) балдармен ең жоғары балға қатысты нысаналы мәніне қол жеткізу деңгейін көрсететін түпкілікті нәтиже индикаторының келтірілген көрсеткіші (ИКК) мынадай формула бойынша есептеледі:

      Nтөмен-дегі нысаналы мән (М) белгіленген түпкілікті нәтиже индикаторы үшін:

      ИКК = М х ИЖК/ Иа, мұндағы

      ИКК - түпкілікті нәтиже индикаторының келтірілген көрсеткіші (бұдан әрі - нақты балл);

      Иа – есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша ағымдағы мән;

      ИЖК – түпкілікті нәтиженің нақты индикаторы бойынша балдың ең жоғары мәні;

      М – есепті кезеңде қол жеткізілуі тиіс түпкілікті нәтиже индикаторының нысаналы мәні.

      Егер ИКК ең жоғары мәннен (ИЖК) жоғары болса, онда ИКК өз ең жоғары мәнінде (ИЖК) белгіленеді;

      Nжоғар-дағы нысаналы мән (М) белгіленген түпкілікті нәтиже индикаторы үшін:

      ИКК = Иа х ИЖК / М, мұндағы

      Егер ИКК ең жоғары мәннен (ИЖК) жоғары болса, онда ИКК өз ең жоғары мәнінде (ИЖК) белгіленеді;

      0-ге тең нысаналы мән (М) белгіленген түпкілікті нәтиже индикаторы үшін:

      егер Иа =0 болса, онда ИКК өз ең жоғары мәнінде (ИЖК) белгіленеді;

      егер Иа >0 болса, онда ИКК 0 ретінде белгіленеді.

      Егер Nтөмен мен Nжоғар-дағы нысаналы мән (М) белгіленген түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша алым мен бөлгіш бойынша деректер болмаса, онда ИКК өзінің ең жоғары мәнінде (ИЖК) белгіленсін.

      2) есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша нысаналы мәнге қол жеткізуге қалалық маңызы бар МСАК субъектісі қосқан үлесінің деңгейі (М%) мынадай формула бойынша айқындалады:

      М% = ИКК/Мбалл х 100, мұндағы:

      Мбалл – есепті кезеңде МСАК субъектісіне жинау қажет болған әрбір түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша ең жоғары балдардың сомасы;

      ИКК – МСАК-тың нақты субъектісі бойынша есепті кезеңде қалыптасқан әрбір түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша нақты балдардың сомасы.

      2-кезең: ИКК-ның алынған нақты нәтижесі негізінде есепті кезеңдегі МСАК-тың нақты субъектісі бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Vнақты./мұ жбнык1= Смұ хал. х Sөңір_нақты жбнык/балл х ИКК х КМҰ, мұндағы:

      Vнақты./мұ жбнык1 – есепті кезеңдегі МСАК субъектісі бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты көлемі;

      Смұ хал. – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      ИКК – осы қадамның 1-кезеңіне сәйкес МСАК-тың нақты субъектісі бойынша есепті кезеңде қалыптасқан әрбір түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша нақты балдардың сомасы;

      Sөңір_нақты жбнык/балл – өңір бойынша 1 балға есептегендегі есепті кезеңде белгіленген ЖБНЫК сомасы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Sөңір_нақты жбнык/балл = Vөңір жбнык/айтіркел. хал.макс.балл, мұндағы:

      Vөңір жбнык/ай – айына өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландыру көлемі;

      С тіркел. хал. – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, өңір бойынша бекітілген халықтың саны;

      Кмакс.балл – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес кестеде көрсетілген барлық индикаторлар бойынша балдардың сомасы;

      Кмұ – есепті кезеңдегі ТМККК шеңберінде МСАК қызметтерін көрсетудің кешенділігіне МСАК-тың нақты субъектісінің сәйкес келу коэффициенті, ол "БХТ" порталының деректері негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      КМҰ= (Ку + КОМҚ+ Кәлеум.қызм/психолог)/3, мұндағы:

      Ку – аумақтық учаскелердің коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ку = (Утер х Ктер+ Упед х КпеджпдхКжпд)/(УмұхКмакс.балл), мұндағы:

      Утер – терапиялық бейіндегі учаскелердің саны;

      Упед – педиатриялық бейіндегі учаскелердің саны;

      Ужпд – жалпы практика дәрігерлері (бұдан әрі – ЖПД) учаскелерінің саны;

      Умұ – МСАК-тың осы нақты субъектісі учаскелерінің жалпы саны;

      Кең жоғары.балл – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес аумақтық учаскелер бейінінің бөлінісінде МСАК субъектілері үшін ең жоғары мүмкін балдардың кестеде көрсетілген барлық индикаторлар бойынша балдардың ең жоғары сомасы;

      Ктер, Кпед және Кжпд – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес кестеде көрсетілген әрбір бейін учаскесіндегі балдардың сомасы;

      ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемін айқындау кезінде барлық МСАК субъектілері үшін 1,0-ге тең Ку белгіленеді.

      Комқ – орта медициналық персоналмен қамтамасыз етілу коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      Комқ= (Кнақты/жпд омқнақты/тер омқнақты/пед омқ)/(Схал. нақты/жпд/ Схал. норм/жпд+ Схал.нақты/тер.хал. норм/тер.+ С хал.нақты /пед./ Схал. норм/пед.), мұндағы:

      Кнақты/жпд омқ, Кнақты/тер омқ, Кнақты/пед омқ – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталының деректері бойынша "БХТ" порталында тіркелген учаскенің тиісті бейініндегі орта медицина қызметкерлерінің бос емес штаттық бірліктерінің нақты саны;

      Схал. нақты (жпд, тер, пед.) – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген учаскенің бейініне сәйкес аумақтық учаскеге бекітілген халықтың нақты саны;

      Схал. норм. (жпд, тер., пед.) – "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттарын және штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген) (бұдан әрі – № 238 бұйрық) бекітілген және учаскедегі 2 мейіргерді есептегенде 1 мейіргер лауазымына айқындалған тиісті бейіндегі аумақтық учаскеде бекітілген халықтың нормативтік саны;

      ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемін айқындау кезінде барлық МСАК субъектілері үшін 1,0-ге тең Комқ белгіленеді.

      Есепті кезеңдегі нақты МСАК субъектісі бойынша Комқ-ны айқындау кезінде мыналар есепке алынады:

      аудандық маңызы бар және ауылдың МСАК субъектілерін қоспағанда, барлық МСАК субъектілері үшін егер нақты мәні 1,0-ден жоғары болса, онда 1,0-ге тең мән қойылады;

      аудандық маңызы бар және ауылдың МСАК субъектілері үшін егер нақты мәні 1,25-тен жоғары болса, онда 1,25-ке тең мән қойылады.

      Кәлеум.қызм/психолог – әлеуметтік қызметкерлермен және психологтармен қамтамасыз етілу коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кәлеум.қызм/психолог = (Кнақты/әлеум.қызм.нақты/психолог)/(Кнорм./әлеум.қызм.норм./психолог), мұндағы:

      Кнақты/әлеум.қызм., Кнақты/психолог – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталының деректері бойынша МСАК-тың нақты субъектісіндегі әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың штат бірліктерінің нақты саны;

      Кнорм./әлеум.қызм., Кнорм./психолог – МСАК субъектісіне бекітілген халықтың нақты санына есептелген әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың штат бірліктерінің нормативтік саны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кнорм./әлеум.қызм. = Смұ хал. хал.норм./ әлеум.қызм, мұндағы:

      Смұ хал. – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      Схал.норм./ әлеум.қызм – № 238 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкердің бір лауазымын белгілеу үшін МСАК субъектісіне бекітілген халықтың нормативтік саны;

      Кнорм./психолог.= Смұ хал./ Схал.норм./психолог, мұндағы:

      Смұ хал – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, МСАК ұйымына бекітілген халықтың саны;

      Схал.норм./психолог – № 238 бұйрықпен бекітілген психологтың бір лауазымын белгілеу үшін МСАК субъектісіне бекітілген халықтың нормативтік саны;

      ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жылдық көлемін айқындау кезінде барлық МСАК субъектілері үшін 1,0-ге тең Кәлеум.қызм/психолог белгіленеді.

      Есепті кезеңдегі МСАК-тың нақты субъектісі бойынша Кәлеум.қызм/психолог-ты айқындау кезінде барлық МСАК субъектілері үшін мыналар есепке алынады:

      егер нақты мән 1,0-ден жоғары болса, онда 1,0-ге тең мән қойылады;

      әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар болмаған жағдайда 0-ге тең мән қойылады.

      Егер МСАК субъектісі қосқан үлестің деңгейі (М%):

      80%-ға дейін болса – қызметтің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге қосқан үлесі ішінара қол жеткізілген ретінде бағаланады, онда есепті кезеңге ақы төлеу ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты қалыптасқан көлемі бойынша жүзеге асырылады;

      80% және одан артық – қызметтің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге қосқан үлесі қол жеткізілген ретінде бағаланады, онда есепті кезеңге ақы төлеу ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты қалыптасқан көлеміне МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімінің болмауы шартында 7-қадамның 2-кезеңіне сәйкес есептелеген 80% және одан артық түпкілікті нәтижеге қол жеткізгені үшін қосымша ынталандыру қорынан бөлінетін соманы қосу бойынша жүзеге асырылады. МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі болған жағдайда осы МСАК субъектісіне ақы төлеу ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты қалыптасқан көлемі бойынша жүзеге асырылады.

      3-кезең: 80% және одан артық түпкілікті нәтижеге қол жеткізгені үшін МСАК субъектілерін қосымша ынталандыру қорын қалыптастыру және оны бөлу қағидалары;

      1) қорды қалыптастыру есепті кезеңде ЖБНЫК-ның жоспарлы сомасының ЖБНЫК-ның нақты сомасынан ауытқуына байланысты МСАК субъектілерінен алынған қаражаттың есебінен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


Қ= V мұ жоспар. жбнык - V мұ нақты жбнык1 , мұндағы:

Қ – есепті кезеңде 80% және одан артық түпкілікті нәтижеге қол жеткізгені үшін МСАК субъектілерін қосымша ынталандыру қоры қаражатының көлемі;

      V мұ жоспар. жбнык – есепті кезеңге арналған МСАК субъектісінің ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vмұ жоспар. жбнык = Смұ хал*(Vжбнык өңір/Сөңір хал)*Кмұ, мұндағы:

      Смұ хал – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      Vжбнык өңір – есепті кезеңге көзделген өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландыру көлемі;

      Сөңір хал – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, өңір бойынша бекітілген халықтың саны;

      Кмұ = 1,0-ге тең.

      V мұ нақты жбнык1 – есепті кезеңдегі МСАК субъектісі бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты көлемі;

      2) 80% және одан артық түпкілікті нәтиженің нысаналы мәнін орындауға қол жеткізген МСАК субъектілері (бұдан әрі – МСАК субъектілері-көшбасшылар) арасында қордың қаражатын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      қордың қаражатынан МСАК субъектісі-көшбасшыны қосымша ынталандыруға бөлінетін 1 балдың құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Sқос.жбнык_өңір/балл =

Қ/(Смұ хал.-80% х

ИККмұ-80% х Кмұ-80%, мұндағы:

      Sқос.жбнык_өңір/балл – МСАК субъектілері-көшбасшылар үшін 1 балға есептегенде белгіленген ЖБНЫК-ның қосымша сомасы;

      Смұ хал.-80% – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген МСАК субъектісі-көшбасшының бекітілген халқының саны;

      ИККмұ-80% – есепті кезеңдегі МСАК субъектісі-көшбасшының әрбір түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша нақты балдардың сомасы;

      Кмұ-80% - есепті кезеңдегі МСАК субъектісі-көшбасшының ТМККК көрсетуі кезіндегі медициналық қызметтер кешенділігінің коэффициенті;

      МСАК субъектісі-көшбасшы үшін қордан бөлінетін қосымша ынталандыру сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Қмұ= (Смұ хал.-80% х

ИККмұ-80% х Кмұ-80%) х Sқос.жбнык_өңір/балл, мұндағы:

      Қмұ – 80% және одан артық түпкілікті нәтижеге қол жеткізгені үшін МСАК субъектісі-көшбасшы үшін қордан бөлінетін қосымша ынталандыру сомасы.

      Егер облыс бойынша 80% және одан артық қосқан үлес деңгейі бар (М%) МСАК субъектілерінің саны облыстың МСАК субъектілерінің жалпы санынан:

      20% және одан артық болса – онда қалыптастырылған қор 80% және одан артық қосқан үлес деңгейіне қол жеткізген, МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі тіркелмеген МСАК субъектілері арасында толық көлемде бөлінеді;

      20%-дан кем болса – онда МСАК субъектілеріне ЖБНЫК сомаларын төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      - 80% дейін (М%) қосқан үлес деңгейі бар МСАК субъектілеріне – ақы төлеу ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты қалыптасқан көлемі бойынша жүзеге асырылады;

      - 80% және одан артық қосқан үлес деңгейі бар (М%) МСАК субъектілеріне МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімінің болмауы шартында ақы төлеу есепті кезеңге өңір бойынша бөлінген ЖБНЫК сомасының шегінде 25%-ға ұлғайтылған, өңір бойынша 1 балға есептегенде есепті кезеңде белгіленген ЖБНЫК сомасы (Sнақты жбнык_өңір/балл) бойынша жүзеге асырылады. МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі болған жағдайда осы МСАК субъектісіне ақы төлеу ЖБНЫК-ны қаржыландырудың нақты қалыптасқан көлемі бойынша жүзеге асырылады.

      25%-ға ұлғаюымен өңір бойынша 1 балдың құнын (Sнақты жбнык_өңір/балл) есептеу 4-қадамның 2-кезеңіне сәйкес ЖБНЫК сомаларын бөлгенге дейін айқындалады. Бұл ретте, өңір бойынша қордан бөлінетін ЖБНЫК сомаларын бөлу толық көлемде жүргізілмейді, өйткені қордан бөлінген ЖБНЫК-ның қалған сомасы 80% және одан артық қосқан үлес деңгейі бар МСАК субъектілеріне 1 балдың құнын 25%-ға ұлғайтумен ЖБНЫК сомасын шегергеннен кейін бюджет заңнамасы айқындаған тәртіппен бюджетке қайтарылуға тиіс.

      Егер 1 балдың құнын 25%-ға ұлғайту есепті кезеңде көзделген ЖБНЫК сомасынан жоғары болса, онда 1 балдың құнының ұлғаюын есептеу 80% дейін (М%) қосқан үлес деңгейі бар МСАК субъектілеріне бөлгеннен кейін қалған қаражатқа сүйене отырып жүзеге асырылады.

      4-кезең: қор қаражатынан бөлінген қосымша ынталандыруды есепке ала отырып МСАК субъектісі-көшбасшы жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижесі үшін ЖБНЫК сомасын есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vмұ нақты жбнык2 = Vмұ нақты жбнык 1+ Қмұ, мұндағы:

      V мұ нақты жбнык2 – есепті кезеңдегі қор қаражатынан бөлінген қосымша ынталандыруды есепке ала отырып МСАК субъектісі-көшбасшы үшін ЖБНЫК-ны қаржыландыру көлемі.

      Егер есепті кезеңдегі халықтың 1 бекітілген адамына есептегенде есепті кезеңдегі қордың қаражатынан бөлінген қосымша ынталандыруды есепке ала отырып МСАК субъектісі-көшбасшы үшін ЖБНЫК-ны қаржыландыру көлемі (V мұ нақты жбнык2) 150 теңгеден артық болса, онда осы МСАК субъектілеріне ЖБНЫК сомаларын төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) V мұ нақты жбнык3 мынадай формула бойынша айқындалады:

      V мұ нақты жбнык3= Смұ хал. – 80% х 150, мұндағы:

      150 – есепті кезеңдегі халықтың бекітілген 1 адамына есептегендегі ЖБНЫК-ның ең жоғары сомасы, теңге;

      2) бюджет заңнамасы айқындаған тәртіппен бюджетке қайтарылуы тиіс немесе уәкілетті органның шешімі бойынша қайта бөлінуі тиіс қаражаттың қалдығы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vқалдық= V мұ нақты жбнык2-V мұ нақты жбнык3

      5-қадам: есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің аумақтық учаскесі (бұдан әрі – учаске) деңгейіне дейін МСАК субъектісі жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижесі үшін ЖБНЫК сомасын есептеу мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:

      1) жұмыстың қол жеткізілген түпкілікті нәтижесі үшін МСАК субъектісінің учаскелік қызметін ынталандыруға арналған қаржы қаражатының көлемін айқындау мынадай формула бойынша:

      Vуч.қызмет жбнык = Vмұ жбнык - Vбілікт. арт. - Vуч.тыс, мұндағы:

      Vуч.қызмет жбнык – есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің учаскелік қызметін ынталандыру үшін ЖБНЫК-ға арналған қаржы қаражатының көлемі;

      Vмұ жбнык – осы Әдістеменің 7-қадамына сәйкес есептелген есепті кезеңдегі 80% дейін қосқан үлес деңгейі бар МСАК субъектісі (V мұ нақты жбнык 1) үшін немесе МСАК субъектісі-көшбасшы үшін (V мұ нақты жбнык2 немесе V мұ нақты жбнык3) ЖБНЫК-ға арналған қаржы қаражатының көлемі;

      Vбілікт. арт. – іссапарлық шығыстарды қоса, МСАК субъектісі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға осы МСАК субъектісі жіберетін, бірақ МСАК субъектісі үшін ЖБНЫК-ға арналған қаржы қаражаты көлемінен 5%-дан кем емес ЖБНЫК-ға арналған қаржы қаражатының көлемі (бұдан әрі – білктілікті арттыруға арналған сома);

      Vуч.тыс. – қосымша персоналды (дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысын, жалпы дәрігерлік практика бөлімдерінің меңгерушілері мен аға мейіргерлерін, учаскелік қызмет бөлімдерінің меңгерушілері мен аға мейіргерлерін, Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлерін (дәрігерлері мен мейіргерлерін)) ынталандыру үшін ЖБНЫК-ға арналған, бірақ біліктілікті арттыруға арналған соманы шегергеннен кейін МСАК субъектісінің ЖБНЫК сомасынан 20%-дан аспайтын қаржы қаражатының көлемі;

      2) учаске жұмысының қол жеткізілген түпкілікті нәтижесін бағалау индикаторларының ағымдағы мәнін айқындау осы Әдістеменің 4-қадамының 1-кезеңіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, учаске үшін жұмыстың қол жеткізілген түпкілікті нәтижесін бағалау индикаторлары бойынша нысаналы мән осы Әдістеменің 4-қадамына сәйкес МСАК субъектісі бойынша сияқты белгіленеді.

      3) "МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі" индикаторын қоспағанда, осы Әдістеменің 4-қадамының 1-кезеңіне сәйкес учаске бойынша балдармен түпкілікті нәтиже индикаторының келтірілген көрсеткіші (ИККуч) есептеледі. Учаскенің қызмет көрсету аумағында бір және одан да артық ана өлімі жағдайы тіркелген жағдайда ИКК мәні осы аумақтық учаскенің барлық индикаторлары бойынша 0 ретінде белгіленеді.

      Учаскенің қызмет көрсету аумағында бекітілген халық ішінде ана өлімінің тіркелуі болмаған жағдайда ИКК мәні "МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі" индикаторы бойынша өз ең жоғары мәнінде (ИЖК) белгіленеді.

      4) есепті кезеңде жұмыстың қол жеткізілген түпкілікті нәтижесі үшін нақты учаскені ынталандыруға арналған қаржы қаражатының көлемін айқындау мынадай формула бойынша:

      Vуч. жбнык = Суч. хал. х Sуч_жбнык/балл х

ИККуч., мұндағы:

      Vуч. жбнык – аумақтық учаске шарттарында қызметтер көрсететін қызметкерлерді (жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер мен педиатрлар, жалпы практика мен учаскелік қызметтің мейіргерлері, аумақтық учаске шарттарында медициналық қызметтер көрсететін акушерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар) ынталандыру үшін ЖБНЫК-ға арналған қаржы қаражатының көлемі;

      Суч. хал. – есепті кезеңде айдың соңғы күніндегі "БХТ" порталында тіркелген, учаскеге бекітілген халықтың саны;


ИККуч – нақты учаске бойынша есепті кезеңде қалыптасқан әрбір түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша нақты балдардың саны;

      Sуч_жбнык/балл – 1 балға есептегендегі есепті кезеңде учаскелік қызмет үшін белгіленген ЖБНЫК сомасы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Sуч_жбнык/балл =Vуч.қызмет жбнык/

уч. хал.х

ИККуч.), мұндағы:

      Vуч.қызмет жбнык – есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің учаскелік қызметін ынталандыру үшін ЖБНЫК-ға арналған қаржы қаражатының көлемі;


уч. хал.х

ИККуч.) – есепті кезеңде "БХТ" порталында тіркелген бекітілген халық саны туындыларының сомасы және нақты учаске бойынша есепті кезеңде қалыптасқан әрбір түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша нақты балдардың сомалары.

      6-қадам: МСАК-тың әрбір қызметкерінің деңгейіне дейін ЖБНЫК сомасын есептеуді № 689 бұйрыққа сәйкес МСАК субъектісінің бірінші басшысының бұйрығымен құрылған ЖБНЫК нәтижелерін бағалау мен төлемдерін аудару жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

      16. МСАК көрсеткені үшін МСАК субъектілеріне жан басына шаққандағы нормативті есептеу 13-тармаққа сәйкес АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компонентінің құрамында және 39-тармаққа сәйкес ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің құрамында халыққа МСАК көрсетуге айқындалған қаражат мөлшерінде жүзеге асырылады.

      17. Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу тарификаторға сәйкес тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде бір консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге арналған тариф (орташа есеп айырысу құны) бойынша жүзеге асырылады.

      18. Қызметтер көрсету стандартына сәйкес тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде бір консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге арналған тарифті (орташа есеп айырысу құнын) есептеу.

      19. Тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде бір консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге арналған тарифті (орташа есеп айырысу құнын) есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Қкдқ_i-Р = Штікелей_i+Шүстеме_i, мұндағы:

      Қкдқi-Р – қызметтер көрсету стандартына сәйкес тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде түзету коэффициенттерін есепке алмай есептелген бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа есеп айырысу құны;

      i – медициналық қызметтер тарификаторына сәйкес тізбе бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтің түрі;

      Штікелей-i – i-ші медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге осы Әдістеменің 4-тармағының 1) мен 2) тармақшаларымен және 3) тармақшасымен көзделген шығыстарды қамтитын бір консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге арналған тікелей шығыстардың орташа есеп айырысу сомасы;

      Шүстемеi – i-ші медициналық қызмет көрсетуге тікелей қатыспайтын денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге осы Қағидалардың 4-тармағының 1) мен 2) тармақшаларымен және 5)-8) тармақшаларымен көзделген шығыстарды қамтитын бір консультациялық-диагностикалық қызметке есептегендегі үстеме шығыстардың сомасы, олар мынадай формула бойынша айқындалады:

      Шүстемеi =ЖАiхkүстеме, мұндағы:

      ЖАi – i-ші медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың орташа есеп айырысу сомасы, ол осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-2) тармақшаларына сәйкес есептелген;

      kүстеме – үстеме шығыстардың коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      үстеме =_ Шүстеме_МҰ/ЖАмп, мұндағы:

      Шүстеме_МҰ – ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің үстеме шығыстарының орташа есеп айырысу сомасы, ол осы Қағидалардың 4-тармағының 5)-8) тармақшаларымен көзделген шығыстарды қамтиды.

      ЖАмп – денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың орташа есеп айырысу сомасы, ол осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-2) тармақшаларына сәйкес есептелген.

      20. түзету коэффициенттерін есепке ала отырып есептелген бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа құнын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Скдқ_i-РР = Скдқ_i-Р_n+ Скдқ_i-Р_n х(K1-1)+…+ Скдқ_i-Р_n х (Kn-1)), мұнда:

      Скдқ_i-РР – қызметтер көрсету стандартына сәйкес тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде түзету коэффициенттерін есепке ала отырып есептелген n түріндегі бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа құны;

      K1, Kn – бюджеттік бағдарлама әкімшісі консультациялық-диагностикалық қызмет құнын түзету мақсатында ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін, Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына және ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақыны төлеуге арналған шығыстарды есепке ала отырып, жылыту маусымының ұзақтығы және басқа коэффициенттер үшін қолданатын түзету коэффициенттері.

      21. Тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде есептелеген, бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа есеп айырысу құны бойынша ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектісін қаржыландыру көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vкдқ_ i-Р = Чкдқ_i-1 хСкдқ_i-РР_1 + Скдқ_i-n х Скдқ_i-РР_n, мұндағы:

      Vкдқ_ i-Р – жоспарлы немесе есепті кезеңге ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін шығыстарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;

      Скдқ_i-1, Скдқ_i-n – жоспарлы немесе есепті кезеңге консультациялық-диагностикалық қызметтердің n түрінің саны.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес айқындалатын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтерінің кешенін көрсететін аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілеріне (бұдан әрі – ауылдың субъектісі) қаржыландыру көлемін айқындау үшін тариф ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив болып табылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті осы Әдістеменің 4-5-тармақтарына сәйкес МСАК, КДК, жедел медициналық көмек, стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек нысандарында көрсетілетін медициналық көмектің, оның ішінде дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін қамтамасыз ету бойынша ауыл субъектісінің қызметімен байланысты шығындарды қамтиды.

      Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің мөлшері әкімші бекітетін медициналық көмектің нысандары (МСАК, КДК, жедел медициналық көмек, стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек) бойынша ауыл субъектілерінің құрылымына байланысты белгіленеді.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ағымдағы қаржы жылы ішінде ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің мөлшерін, ТМККК шартының қолданылуы кезеңінде оның қолданылуы мен таралуын қайта қарай алады";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Ауыл субъектілері үшін бір айға ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      КЖНауыл = КЖНауыл кепіл. + Sжнык, мұндағы

      КЖНауыл – айына "БХТ" порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      Sжнык – айына "БХТ" порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ЖНЫК сомасы;

      КЖНауыл кепіл. – айына "БХТ" порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      КЖНауыл кепіл.= (КЖНмсак баз.х ЖТКауыл+ КЖНмсак баз.х (Кобл.тығыз–1)+КЖНмсак баз х (Кобл.жылу–1)+ КЖНмсак баз. х(Кобл.ауыл-1)) х Кауыл субъектісі + V ауыл _ экол / Сауыл / m + (Vск/сат_ауыл /Сауыл/m) х Кауылсубъектісі + Vммк_ауыл /Сауыл/m, мұнда

      КЖНбаз.МСАК – осы Әдістеменің 13-тармағына сәйкес формула бойынша айқындалатын ауылдың барлық суъектілері үшін Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын түзету коэффициенттері есепке алынбай айқындалған, бір айда "БХТ" порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" порталында тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе "БХТ" порталында тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);

      ЖТКауыл – ауыл субъектісі бойынша халықтың МСАК-ты тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКауыл =

ауыл k/n х ЖТКауыл (n))/ Сауыл, мұнда

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" порталында тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе "БХТ" порталында тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);

      Сауыл k/n – "БХТ" порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны, n нөмірлі жыныстық-жастық топқа жататын халықтың k нөмірі;

      ЖТКауыл (n) – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топ халқының медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

      Ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша "БХТ" порталының базасындағы халық жөніндегі деректердің негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылы ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.

      Кобл. тығыз. – осы Әдістеменің 13-тармағына ұқсас формула бойынша айқындалатын осы облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша халық тығыздығының коэффициенті;

      Кобл. жылу – осы Әдістеменің 13-тармағына ұқсас формула бойынша айқындалатын облыс (республикалық маңызы бар қала мен астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті;

      Кауыл.обл. = 1+0,25 х (Сауылобл. х ЛАауыл), мұнда

      ТҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеу шығындарының үлесі.

      Республикалық маңызы бар қала мен астана үшін ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті 1,0-ге тең;

      Кауыл субъектісі – халқының саны аз болған жағдайда, тығыздығы төмен аумағы анағұрлым көп және бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындаған басқа аумақтық ерекшеліктер жағдайында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл субъектісі үшін белгіленетін түзету коэффициенті. Түзету коэффициентінің мөлшерін есептеуді және оны бекітуді бюджеттік бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.

      Vммк_ауыл – алдағы қаржы жылына бекітілген халыққа жедел медициналық көмек көрсетуге арналған ауыл субъектісі үшін қаражаттың жылдық көлемі;

      Vэкол_ауыл – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы мен СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, ауыл субъектілеріне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген жылдық қаражаттың көлемі;

      Vск/сат_ауыл – бекітілген халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге арналған ауыл субъектісі үшін қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vск/сат_ауыл = Vск/сат_ауыл/обл./ПСск/сат_ауыл/обл.хПС ск/сат_ауыл, мұнда:

      Vск/сат_ауыл/обл – алдағы қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі;

      ЕЖ ск/сат_ауыл/обл.- алдағы қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде облыс бойынша жоспарланатын емделіп шығу жағдайларының саны, ол емделіп шығу сомасы (ЕЖ ск/сат_ауыл) ретінде барлық ауыл субъектілері бойынша айқындалады;

      ЕЖ ск/сат_ауыл – алдағы қаржы жылына бекітілген халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде ауыл субъектісі бойынша жоспарланатын емделіп шыққан жағдайлардың саны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЕЖск/сат_ауыл = ЕЖск/ауыл + ЕЖск/ауыл х %қарқыныск/ауыл + ЕЖсат/ауыл + ЕЖсат/ауыл х %қарқынысат/ауыл, мұнда:

      ЕЖ ск/ауыл – бектіліген халық арасында стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл субъектісінің өткен жылға емделіп шыққан жағдайлардың саны;

      ЕЖ сат/ауыл – бектіліген ауыл халқы арасында стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл субъектісінің өткен жылға емделіп шыққан жағдайлардың саны;

      %қарқыныск/ауыл, % қарқынысат/ауыл – алдағы қаржы жылына тиісті жоспарланатын стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің пайызда көрсетілген өсу немесе төмендеу қарқыны;

      m – ауыл субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

      4. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрінің


міндетін атқарушы

Б. Нұрымбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады