"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша Департаментінің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11978 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9886 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы»;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
      5-тармақтың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) Сарқан аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Сарқан қаласы, Сарқан, Ақсу аудандары;
      17) Қапшағай қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Қапшағай қаласы, Кербұлақ, Балқаш аудандары, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтері;»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Департаменттің Алматы облысы шегіндегі негізгі міндеттері:
      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
      2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын табу;
      3) арнаулы қызметтердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру және өзге де Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін әлсіретумен және (немесе) оның қауіпсіздігіне өзге де залал келтірумен байланысты іс-әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;
      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;
      5) облыс аумағында терроризм мен экстремизмге қарсы күрес іс-саласындағы қызметті үйлестіруге қатысу;
      6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
      7) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмаларына сәйкес арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
      8) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмаларына сәйкес арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
      9) жасырын тергеу әрекеттерін заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру және өткізу;
      10) жасырын тергеу әрекеттерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
      11) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен анықталатын өзге де мақсаттар болып табылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде Алматы облысының аумағында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының рұқсатымен және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, шет мемлекеттердің үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
      4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен мемлекеттік органдарды қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, экономикалық және қорғаныс әлеуеті негіздерін қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен қорғау бойынша қарсы барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризмге, экстремизмге және өзге де іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, осы салалардағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Облыс аумағында терроризмге қарсы операцияларды өткізуге басшылық жасайды;
      8) террористік қауіп-қатердің сипаты мен өзіндік ерекшелігі туралы олардың басшыларына ақпарат беру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғау бойынша ұсынымдар әзірлеу, терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар террорға қарсы осал нысандарында өткізу мен өзге де шараларды іске асыру арқылы терроризмге қатысты осал объектілерді терроризмге қарсы қорғаудың деңгейін арттыруға ықпал етеді;
      9) мемлекеттік органдардың қауіпсіздік жүйесін және террористік  қауіп-қатерлерді бейтараптандыру дайындығын күшейту бойынша шаралар кешенін іске асыруына, сондай-ақ терроризмге қатысты осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне және олардың басшыларының заңнамамен көзделген талаптарды орындауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      10) азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімінде шақыру комиссиясының жұмысына қатысады;
      11) Қазақстан Республикасы жергілікті әскери орган басқармаларымен ұсынылған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне қажетті шақырылушы контингентке сараптау және мониторинг жүргізеді;
      12) анықтайды, ескертеді және әлеуметтік тұрғыдағы төтенше  ахуалдардың соның ішінде, іргелес жатқан мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жаппай өтулеріне, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту әрекеттеріне, террорлық актілерге, билікті күшпен басып алу немесе билікті күштеп ұстау салдарынан Қазақстан Республикасының Конситуциясын бұзу әрекеттеріне, диверсияға, қарулы көтеріліске, тосқауыл қояды, сондай-ақ, 2003 жылғы 08 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңында қарастырылған өзге де  әрекетттерді жүзеге асырады;
      13) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел-іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;
      14) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қоғамдық қауiпсiздiктi, заңдылықты, құқықтық тәртiптi, елдiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi;
      15) уәкiлеттi органдармен қарсыластың барлау-бүлдiру акциясын жүргiзуi үшiн жағдай жасайтын сыртқы және iшкi факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, соның iшiнде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көшi-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл бойынша шаралар әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
      16) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      17) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      18) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметiн бақылайды;
      19) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсатты ресiмдеуге (қайта ресiмдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргiзумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызмет көрсетулермен байланысты шараларды iске асырады;
      20) Алматы облысы аумағындағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң және халықаралық ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа құзыреттi органдармен өзара iс-қимылда шаралар қолданады;
      21) мемлекеттік қызметке кіретін (онда жұмыс істейтін) Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және шекте міндетті арнайы тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
      22) белгіленген тәртіппен техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
      23) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      24) Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімімен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      25) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;
      26) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық теріс қылықтар бойынша сот дейінгі өндірісті ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;
      27) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;
      28) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша облыс аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;
      29) арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін ресімдейді;
      30) арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қалыпта ұстайды;
      31) мемлекеттің және қоғамның, жеке тұлғаның мүдделеріне залал келтіретін, желі тораптары мен байланыс құрылғыларын қылмысты мақсатта пайдаланудың жолын кесуді және анықтауды қамтамасыз етеді;
      32) жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру барысында ақпаратты жасырын түрде алуға арналған (құрастырылған, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құрылғыларының айналымына бақылауды жүзеге асырады;
      33) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ құпия көмекшілерді қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      34) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      35) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, мекеменің ведомстоволық қатыстылығын, жайлардың және көлік құрылғыларының мұқамдауы бойынша шараларды жүзеге асырады;
      36) Департаменттің жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуін, соның ішінде ғимараттар мен күрделі құрылыстарды салуды және қайта салуды, жөндеуді, тұрғын үй салуды, жөндеуді ұйымдастырады;
      37) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
      38) Қазақстан Республикасының заңнамасына мемлекеттік құпияларды қорғау мақсатына сәйкес, ақпараттық жүйелерді құжаттау тәртібін және құжаттарды басқару үшін, құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыруда, Департаменттегі мұрағаттық істі ұйымдастыру,  оның құрамындағы бөлімшелерінде, мемлекеттік құпияларды қорғауды қолданады;
      39) жедел-қызметтік іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде полиграф (психологиялық-әлеуметтанулық қамтамасыз ету қызметкерлер штат бойынша болғаны), психологиялық-әлеуметтанулық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізеді;
      40) әскери-дәрігерлік сараптама, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азаматтардың ауруларының, мертігулерінің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланыстылығын анықтау үшін психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ есірткіге қатысты тест жүргізеді;
      41) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;
      42) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекшілік қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      43) ғимараттарды, объектілерді күзетуді, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      44) Департаментте құқықтық тәртiптi қамтамасыз етедi;
      45) Департаментте мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
      46) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Президентінің актілерімен, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының нормативтік құқықтық актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Департамент облыс шеңберінде жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, сараптамалық-криминалистикалық, психологиялық-әлеуметтанулық зерттеулер жүргізуге;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектронды хабарды жіберуші құрылғыларын қолдануда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау заңына немесе белгіленген тәртіпті бұзуға алып келетін әрекеттердің жолын кесу;
      3) мақсаттары мен iс-қимылдары мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енудi жүзеге асыру;
      4) барлау іс-шараларын жүргізуде, соның ішінде арнайы техникалық және радиоэлектронды құрылғыларды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерімен бірлесіп атқару;
      5) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келулерінің жолын жабу және одан шығару туралы мәселелерді шешуге;
      6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен көзделген шектерде басқа органдарға міндетті түрде орындалатын тапсырма беруге;
      7) азаматтарды өндірістегі материалдар бойынша Департаментке шақыруға, олардан түсініктеме, анықтама, құжаттар алуға және олардан көшірлемелер түсіруге; шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелуге;
      8) заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауға, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алуды жүзеге асыруға;
      9) терроризмге қарсы операцияларға қатысуда және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етуде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға;
      10) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік туғызған адамдардың ізін кесу мен ұстау, ұсталғандарды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге бару және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін басқа ұйымдарға тиесілі байланыс құралдарды, көлік құралдарын пайдалануға құқылы. Олардың иелерінің талаптары бойынша байланыс құралдары мен көлік құралдарына келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;
      11) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тартуға;
      12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерді іске асыруға себепші болатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына берілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізуге;
      13) арнайы күзетілетін ерекше режимдегі аумақтарға және өзге де объектілерге ену немесе енуге әрекет етумен байланысты құқық бұзушылық жасаған адамдарды әкімшілік қамауға алуды жүзеге асыруға құқылы. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардан түсініктемелер алуға, оларды жеке тексеруді және тексеруді, олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;
      14) шарттық негізде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар және басқа ұйымдардың қызметтік орын-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың тұрғын және өзге де орын-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін пайдалануға;
      15) заңнамада белгіленген тәртіпте әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін медициналық бөлімшелерді иеленуге;
      16) Департамент міндетінің бөлігін орындайтын және әділет органдарда тіркелуге жатпайтын, органның орналасқан жерінен өзге жерде орналасқан арнайы структуралық бөлімшенің болуы;
      17) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының аумақтық органдарымен бірлескен актілерді шығаруға;
      18) Департаментке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден, әскери құралымдар мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алуға;
      19) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберуге;
      20) Департамент қызметіне қатысты мұрағаттық оперативтік, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;
      21) Департамент нысандарына қызмет көрсететін азаматтар мен заңды тұлғаларға оларды тексеру және зерделеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін рұқсат беруді жүзеге асыру;
      22) жеке тұлғалар Департамент объектілеріне және орын-жайларына кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексеруге (күзетілетін адамдардан басқа);
      23) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, Департамент бөлімшелерінің іс жүргізуін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша жұмыс жағдайын, құпия және құпия емес іс жүргізуді тексеруді бақылауды, ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
      24) Департамент қызметкерлерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;
      25) тауарларды жедел-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеулер жүргізуге, олар бойынша тиісті қорытындылар беруге;
      26) арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар (рұқсат беретін құжаттар) беруге, криптографиялық функциялары бар тауарлардың сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу, олар бойынша тиісті рұқсаттарды беру және нотификациялар тіркеу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
      27) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің арнайы және дене дайындығын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ әр деңгейдегі спорт шараларын өткізуге, спорт ғимараттарын жалға алуға, иеленуге;
      28) белгіленген тәртіпте қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау мен қорғаныс құралдарын жабдықталған орында сақтауға;
      29) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Президентінің актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.»;
      мынадай редакциядағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Қойылған қарсы барлау, барлау міндеттерін табысты шешу үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды жасау, қолдау және дамыту жөніндегі басқарушылық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында Департаментте консультативтік-кеңесші орган – Кеңес құрылады. Кеңес қызметін ұйымдастыру белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
      4) Алматы облысы Әділет департаментінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы                                   Н. Әбіқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады