"Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 582 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11997 болып тіркелді

      «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабының 7-5) – 7-10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (2015 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасында:
      7-тармақта:
      1), 2) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
      «1) осы Қағиданың 11, 12-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;
      2) осы Қағиданың 13, 14-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осы Ережелерге қосымша бойынша форма мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
      3) осы Қағиданың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;»
      15) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      «15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 54-56-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;»;
      9-тармақта:
      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      «1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді осы Қағиданың 11, 12-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруы»;
      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      «3) конкурсты ұйымдастырушының осы Қағиданың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі»;
      6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      «6) конкурсты ұйымдастырушының біліктіліктік іріктеуден өткен әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптаманы өткізу мерзімін белгілеуі.
      Талқылау қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды қайтадан өтеді.
      Әзірленген жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, үлгілік жобалау шешімдері болған кезде, конкурсты ұйымдастырушы оларды концессиялық жобаны іске асыру және оңтайлы нұсқасын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге конкурстық құжаттама құрамында ұсына алады.
      Концессионерді таңдау бойынша конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізген кезде, конкурсты ұйымдастырушы жобаны әзірлеушіден іздестіру қызметінің және/немесе жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензияның болуы немесе болмауын қосымша анықтайды.»;
      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын::
      «10. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің екінші кезеңі:
      1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін;
      Көзделген концессия объектілері табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар саласы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.
      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушы ТЭН-ніде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдер қабылдағаны туралы қосымша кепілхат береді.
      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдер қабылдағаны туралы қосымша кепілхат береді.
      2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, соның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін, қажетті сараптамалардың қорытындыларын қоса, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын;
      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, концессиялық жобаның ТЭН конкурстық өтінімдерге сараптама жүргізу және мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерісіз жолданады»;
      3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып қарауын;
      4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін;
      5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын осы Қағиданың 54-56-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын және келісу тәртібін көздейді;
      6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
      8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
      9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
      10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрығымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
      11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.»
      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      19. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
      2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:
      есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;
      бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудитталған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты, егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті концессионердің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс.
      Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратылы жазылуын. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
      Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуын. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесімен қоса беру қажет. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
      әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігінің, оның таратылуға жатпайтынының, мүлкіне тыйым салынбағанының, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағанының кепіл хаты;
      әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағанының кепіл хаты;
      салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті мемлекеттік кірістер органының белгіленген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;
      заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған нотариалды куәландырылған үзіндіні ұсынады;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.
      Егер заңды тұлға қызметін заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік жарғы негізіне жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариалды куәландырылған үзінді көшірмені (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаса) не конкурсты жариялаған күннен ерте емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;
      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, ЖСН көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
      әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдында үш ай бойы әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелуі тізілімде № 6793 нөмермен тіркелген) қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
      Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтаманың берілгеніне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
      Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік (консорциум) нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидада белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:
      бірлескен қызмет шартының нотариалды расталған көшірмесі;
      қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариалды расталған көшірмесі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
      конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі.
      Концессионерде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражатының болуы:
      заңды тұлғалар бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;
      жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері немесе жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.
      Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
      әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңмен және осы Қағидамен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.
      Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған үш жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
      Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;
      3) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім сонымен қатар мыналарды қамтуы тиіс:
      Концессия шартының жобасы;
      Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда), 10-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, осы бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і:
      мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелуі тізілімде № 10459 нөмермен тіркелген) бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда):
      тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібі;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыру:
      тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесі;
      инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібі;
      пайданы қалыптастыру;
      негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасы;
      негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізу;
      объектілерді күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздері.
      Әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, тиісті тараудың осы шешімдері концессиялық өтінімнің құрамында ТЭН әзірлеу кезінде қолданылады (концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып);
      4) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:
      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;
      мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;
      5) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялар тартуды растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдік ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
      6) әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімі үздік деп танылған жағдайда, концессиялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті концессионерге қаржы беру мүмкіндігін қарауға әзірлікті растайтын қаржылық ұйымдар хаттарының түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;
      7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
      8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға құқығы бар сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысынан басқа әлеуетті концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат;
      9) аса маңызды концессиялық жобалар бойынша әлеуетті концессионер осы тұлғаны конкурс жеңімпазы ретінде таныған жағдайда, осы тұлғаның концессия шартын жасасу мақсаты үшін концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осы жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерді орындауына конкурс жеңімпазының концедентке банктік кепілдік беруі шартымен концессия шартының тарапына айналатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхат түпнұсқасы, егер мұндай тұлға концессиялық жобаны іске асыру мақсатында конкурстық өтінімді беру сатысында құрылмаса.»;
      25-тармақтың 2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«конкурстық өтінімдері бар конверттерде осы Қағиданың 22-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағиданың 22-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:
әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      конкурстық өтінімдері бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;»
      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «33. Комиссия отырысында:
      1) Комиссияның жұмыс органы қатысушыларды:
      Комиссия құрамы;
      конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;
      конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;
      осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;
      2) төрағалық етуші конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашатын адамды айқындайды;
      3) Комиссия Хатшысы:
      өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді»;
      әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.»;
      36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «36. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.
      Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушылар деп тану) рұқсат беру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға Комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған жағдайда сараптамалық қорытындыны немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін. Бұл ретте ерекше пікірі бар Комиссия мүшесі сараптамалық қорытындының немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірінің, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірінің бар екендігі туралы белгімен хаттамаға қол қояды.
      Хатшы немесе Комиссияның жұмыс органы ресми тіркелген Конкурсқа қатысушыларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін Комиссияның отырысы көрсетілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.»;
      39-тармақтын 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.
      Конкурстық комиссия концессиялық өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және талап етілетін құжаттардың болмауы немесе олардың тиісінше ресімделмеуі бөлігінде (ресімді белгілері) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлерді қажет болған жағдайда Жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасай алады.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:
      біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлердің тізбесі және конкурсқа қатысу өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті концессионердің ұсынуы және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестікке келтіруі қажет құжаттар тізбесі.
      Комиссия хатшысы немесе жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының көшірмесін әлеуетті концессионерлерге қол қойылған күні жолдайды.
      Әлеуетті концессионерлер жетіспейтін құжаттаманы Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қосымша әкелуге (алмастыруға) құқылы.
      Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған құжаттама қабылданбайды.».
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларында:
      18-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      1) егер ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға конкурсты өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілсе және концессия шартының тараптары осындай өзгерістің немесе толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;
      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      20. Концессионер концессия объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және салалық уәкілетті органға сараптауға және табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) келісуге жібереді.
      21-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      2) жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптау қорытындысын;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:
      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Концессиялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын, атап айтқанда:
      1) Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу Қағидасы 10 тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда ведомстводан тыс кешенді сараптаманы;
      2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
      3) «Қазақстан Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптаманы»;
      4) қажет болған жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы.
      Жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобалар бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
      1) Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу Қағидасының 10 тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылыс қызметін көздейтіндерге ТЭН-ге салалық, ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге берілген тапсырмаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілер салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есептеулерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке тиісті құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері талап етіледі;
      2) инновациялық қызметті көздейтіндерге салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі.
      ТЭН-ді түзету кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына мына құжаттар ұсынылады:
      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстарды немесе концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша енгізілетін қосымша құрамдауыштарды көрсете отырып, өтінім беруші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұдан бұрын қарастырылған сараптама қорытындылары мен концессиялық жоба ТЭН-і бойынша құжаттар (бастапқы бекітілген ТЭН бойынша).»;
      21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «ТЭН сараптамасы екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, конкурстық құжаттаманың құрамында не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің құрамында ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін концессиялық жоба ТЭН-нің тиісті оң сараптамалық қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
      Концессиялық жобаның ТЭН-інің сараптамасын жүргізген кезде ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа сараптамалар талап етілуі мүмкін.
      Егер, конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар ТЭН-інде көзделген техникалық–технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, ТЭН концессиялық өтінімнің құрамында ведомстводан тыс кешенді сараптама өтуді талап етпейді.»;
      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «23. Құрылыс саласындағы концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптар:
      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Концессиялық жобаның ТЭН бағалау ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН және жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобаның ТЭН жүргізуге қажетті сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының, атап айтқанда:
      1) Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу Қағидасы 10 тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда ведомстводан тыс кешенді сараптаманы;
      2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
      3) «Қазақстан Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптаманы»;
      4) қажет болған жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы.»;
      222324-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «22. Концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің нәтижелері бойынша әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімдерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.
      23. Концессиялық өтінімдердің сараптау нәтижесі болып концессиялық өтінімде ұсынылған шешімдердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестік дәрежесін айқындайтын қорытынды болады (оның ішінде ТЭН, екі кезеңдік рәсімдерді қолдануымен концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда).
      24. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамалық қорытындысы мыналарды:
      әлеуетті концессионерлердің ТЭН-ін бағалау;
      концессия шартының жобасын бағалау.»
      25-тармақ алып тасталсын;
      2627-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «26. Концессиялық өтінімнің құрамында концессиялық жобаның ТЭН-ін бағалау конкурсқа қатысушының конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайларды қоспағанда ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысының бар болуы негізінде жасалады.
      27. ТЭН бағалау нәтижелері концессиялық өтінім қорытындысының құрамындағы концессиялық жобаның ТЭН бағалау бөлімінде көрсетіледі және мыналарды:
      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;
      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;
      жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;
      әлеуетті концессионерлер сұратқан мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ олар бар болған жағдайда конкурстық құжаттамада белгіленген шығындарды өтеу және табыстарды алу көздерін талдауды;
      жоба тәуекелдерін мен оларды төмендету шараларын талдауды;
      тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиіс.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік жекеше әріптестікті дамыту және бюджеттік инвестициялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          Т. Жақсылықов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы
      __________ Р. Бекетаев
      «   »      2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады