Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.10.2020 № ҚР ДСМ-114/2020 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 159-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 655 бұйрығымен бекітілген |
Темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің,
импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының барлық
маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін
шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері
туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді
ұсыну қағидаларын бекіту туралы
1. Осы Темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес темекі бұйымдарын өндіруші импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруға ниет білдірген, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін ұсынады.
3. Темекі және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептер мынадай екі бөліктен тұрады:
1) темекі және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп;
2) темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есеп.
4. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген, стандартталған әдістердің негізінде зерттеулер жүргізген зертхананы көрсете отырып, темекі және темекі бұйымдарының барлық маркаларында шайырлы заттар мен никотиннің шекті рұқсат етілген деңгейінен тұруға тиіс.
5. Темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есеп мыналарды қамтиды:
1) өндірілетін және импортталатын темекі бұйымдарының әрбір түрі бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тізімі. Тізімде әрбір ингредиенттің темекі массасына қатынасы бойынша пайыздағы ең көп үлесі көрсетіледі;
2) темекі өнімдерінің әрбір атауы бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының тізімі, егер мұндай ингредиенттердің үлесі темекі бұйымының массасына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының өзге түрлері үшін 0,5 пайыздан аспаса. Үлесі сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының өзге түрлері үшін 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердің болуы тізімде "хош иістендіргіштер" деген сөзбен белгіленеді;
3) темекі емес материалдардың құрамындағы ингредиенттер атауларының тізімі. Темекі бұйымының темекі емес материалдарының құрамына кіретін ингредиенттер олардың құрамындағы темекі емес материалдардың санаттары бойынша көрсетіледі.
6. Темекі бұйымы массасының ингредиенттері туралы есепті дайындау кезінде, бір дана темекі бұйымының (сигарет, сигара, сигарилла (сигарита), папирос, биди, кретек) бір бірлігінің (ылғалдылығын ескере отырып) салмағы, шегетін жіңішкелеп кесілген темекінің 750 миллиграмы, өзге темекі бұйымдарының (кальянға арналған темекі, түтік темекісі, шекпейтін темекі бұйымдары) 1 граммы есептеледі. Темекі бұйымындағы ингредиенттің үлесі рецептураға (өзіндік ерекшелікке) сәйкес есептеледі.
7. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы және темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептер қағаз және/немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
Нысан
Күнтізбелік есепті жылға Қазақстан Республикасының аумағында
өндірушілер немесе импорттаушылар сатқан темекі мен темекі
бұйымдарының құрамындағы ингредиенттер туралы есептің нысаны
1. Темекі бұйымдарының әрбір түрі бойынша темекіге қосылатын
ингредиенттер атауларының жиынтық тізімі.
Темекі бұйымы түрінің атауы: __________________________________
Р/с № | Ингредиенттің атауы | Ингредиенттің темекі салмағына қатысы бойынша ең көп пайыздық үлесі (%) |
1 | 2 | 3 |
2. Темекі өнімінің әрбір атауы бойынша темекіге қосылатын
ингредиенттер атауларының тізімі, егер мұндай ингредиенттердің үлесі
темекі бұйымының салмағына қатынасы бойынша сигарет, папирос және
шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі
бұйымдарының басқа түрлері үшін 0,5 пайыздан аспады.
Темекі бұйымының атауы: _______________________________________
Р/с № | Ингредиенттің атауы |
1 | 2 |
Ескертпе. Үлесі сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп
кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының басқа
түрлері үшін 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердің болуы тізімде
"хош иістендірушілер" деген сөздермен белгіленеді.
Р/с № | Темекі емес материалдардың санаты | Ингредиенттің атауы |
1 | 2 | 3 |
3. Темекі бұйымының темекі емес материалдарының құрамындағы
ингредиенттер атауларының тізімі бойынша көрсетіледі.
Ескертпе. Темекі емес материалдар мынадай санаттарға бөлінеді:
папиростық, сигареттік, жиектік және мүштік қағаз, сүзгіштер
(фицелпа) үшін орау қағазы, сүзгіш материал, желім, сия, соратын
темекі (снюс) өлшемі үшін орау материалы.
4. Темекі бұйымдарының құрамындағы ингредиенттерге қатысты
токсикологиялық зерттеулер жүргізу туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген темекі бұйымын
өндіруші немесе импорттаушы және/немесе олардың тапсырысы бойынша
есепті кезеңде осы есепте көрсетілген ингредиенттерге қатысты
токсикологиялық зерттеулер жүргізілді ме?
_ _
|_| ИӘ |_| ЖОҚ
Қазақстан Республикасының
аумағында өткізілетін темекі өнімін
өндіруші немесе импорттаушы
__________ _______________________________________________ ________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
20___ ж. "___" ______________