Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.12.2015 № 1218 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 810 бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 46/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған);
2) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 47/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 120 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7672 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі
_____________ Ә. Исекешев ____________ Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2015 жылғы «____»___________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 17 тамыздағы № 858
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631
бірлескен бұйрығына
қосымша
Нысан
Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Лицензиаттарға |
|||||
1 |
Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы |
||||
2 |
Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы |
||||
3 |
Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы |
||||
4 |
Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы |
Лауазымдық тұлға (-лар) ______________ _________ ______________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______________ _________ ______________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Тексерілетін
субъектінің басшысы _________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)