Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12760 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағы бекiтiлсiн.

      2. "Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 858 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12143 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
22 желтоқсандағы № 1218 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 810 бірлескен бұйрығына
қосымша
  Нысан

Тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 № 472/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 104 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      _______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес

      _______________________________________________________________ қатысты

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы



2

Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы



3

Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының кемінде 10%-ының болуы



4

Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы



5

Жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жобаның болуы



      Лауазымды адам (-дар) __________________________________            _____________
      ауазымы                                     қолы
      ________________________________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________             ______________
      лауазымы                               қолы
      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады