Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағаның м.а. 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 46/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 119 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 мамырда № 7671 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 858 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.08.2015 № 858 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.09.2015 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Стратегиялық жоспарлау және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасы
      Ұлттық ғарыш агенттігі                Экономикалық даму және
      төрағасының міндетін атқарушы         сауда министрі
      _______________ М. Молдабеков         _________ Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғарыш агенттігі
төраға міндетін   
атқарушысының 2012 жылғы
16 сәуірдегі № 46/нқ және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің 
2012 жылғы 20 сәуірдегі
№ 119 бірлескен бұйрығымен
бекітілген     

Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленген.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылған:
      1) ғарыш қызметі саласындағы тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң ғарыш қызметi нәтижесiндегі салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктері.
      3. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу бірінші және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      4. Бірінші бөлу кезінде барлық тексерілетін субъектілер тәуекелі жоғары дәрежеге жатқызылады.
      5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтары бойынша кейінгі бөлу тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
      Тәуекел дәрежесінің өлшемдеріне мыналар жатады:
      1) жеке тұлғада лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің болмауы – 4 балл;
      2) жеке тұлғада ғарыш кеңістігін пайдалану саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болмауы – 4 балл;
      3) заңды тұлғаның бірінші басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болмауы – 10 балл;
      4) заңды тұлғаның штатында біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болмауы – 10 балл;
      5) жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін технологиялық процестің сипаты, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық жобаның болмауы – 15 балл;
      6) меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стенділік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының) болмауы – 30 балл.
      6. Тәуекел өлшемдері бойынша баллдар жалпы қосылған қорытынды шығару үшін қосылады.
      7. Қосылған қорытынды нәтижелері мынадай тәртіпте:
      1) тәуекелі жоғары дәрежесі – 30 және одан жоғары баллдар;
      2) тәуекелі орта дәрежесі – 11-ден 30 баллға дейін;
      3) тәуекелі мардымсыз дәрежесі – 10 баллға дейін (қоса алғанда) тексерілетін субъектілерді тиісті тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу үшін пайдаланылады.
      8. Тәуекелдің бір тобының ішінде жоспарлы тексеріс жүргізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мына принцип бойынша жүзеге асырылады:
      1) тексерілмеген ең үлкен кезеңі;
      2) жиналған баллдың ең үлкен саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады