Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.08.2015 № 858 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.09.2015 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған ғарыш қызметi аясында жеке кәсiпкерлiк саласындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн оның ресми жариялануын;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі Экономикалық даму және
төрағасының міндетін атқарушы сауда министрі
_______________ М. Молдабеков _________ Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғарыш агенттігі
төраға міндетін
атқарушысының 2012 жылғы
16 сәуірдегі № 47/нқ және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 20 сәуірдегі
№ 120 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексерісті тағайындау актісі ________________________________________
(№, күні)
Кәсіпкерлік субъектісінің атауы _____________________________________
СТН (ЖСН, БСН)
Орналасқан мекен-жайы _______________________________________________
№ |
Талаптары |
Сәйкес келеді |
Сәйкес келмейді (-) |
Талап етілмейді (қажеті жоқ) (+) |
1. |
Жеке тұлғада лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің болуы |
|||
2. |
Жеке тұлғада ғарыш кеңістігін пайдалану саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы |
|||
3. |
Заңды тұлғаның бірінші басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы |
|||
4. |
Заңды тұлғаның штатында біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы |
|||
5. |
Меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стенділік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы |
|||
6. |
Жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін технологиялық процестің сипаты, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық жобаның болуы |
Тексерісті жүргізген _________________ ________________ ___________
(лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы) М.О.
Талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда акт құрылған күні мен
нөмірі көрсетіледі (20 __ жылғы «___» ___________ №_____)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келіскен/келіспеген) ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
20 __ жылғы «__» _______________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъект ___________________
(субъектінің атауы)
топқа ауыстырылады («+» белгісімен белгілеу):
тәуекелдің жоғары дәрежесі |
тәуекелдің орташа дәрежесі |
тәуекелдің маңызды емес дәрежесі |
Органның басшысы:
__________________________ _____________________________