"Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 609 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 қазанда № 12161 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10685 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
      4-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бекітілген жылдық аудиттелген қаржылық есептілік есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың отызыншы күніне дейін болмаған жағдайда, атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және Тізілімге енгізу үшін есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың бірінші күнінен кешіктірмей электрондық есепті (жедел деректер бойынша) Бірыңғай операторға жібереді.
      Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және бекіту (жедел деректер бойынша) мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
      1) Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеуге жауапты компанияның құрылымдық бөлімшесі Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) келесі есепті кезеңнің төртінші айының оныншы күнінен кешіктірмей әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның атқарушы органының қарауына енгізеді.
      Компанияның атқарушы органы күнтізбелік жеті күн ішінде Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) қарайды және оны бекіту туралы немесе пысықтау үшін қайтару туралы шешім қабылдайды.
      Ескертулер бар болған кезде компанияның жауапты құрылымдық бөлімшесі Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) компанияның атқарушы органы айқындаған мерзімде, бірақ ескертулер алған сәттен бастап бес күнтізбелік күннен асырмай пысықтайды және оны компанияның атқарушы органының қарауына қайта ұсынады;
      2) Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) компанияның атқарушы органы бекітеді.
      Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті (жедел деректер бойынша) бекіту нәтижесі бойынша үш жұмыс күні ішінде электрондық есеп оның бекітілуі туралы компанияның атқарушы органы шешімінің сканерленген көшірмесін электрондық есепке қоса бере отырып, Тізілімге қосу үшін Бірыңғай операторға жолданады.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепте және Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепте (жедел деректер бойынша) ұсынылған жедел деректердің уақтылығы және дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 72-бабына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының 2-қосымшасында:
      1.2.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. _________ жағдай бойынша Компания тобының, оның тобына кіретін барлық ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтындарды көрсете отырып корпоративтік құрылымы.»;
      2-нысан мынадай редакцияда жазылсын:

«

                                                              2-нысан

Компания

Бірінші деңгейдегі ұйымдар

Екінші деңгейдегі ұйымдар

n деңгейдегі ұйымдар

ҰҚН

*

БСН

атауы

акциялары % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялары % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялары % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялары % (қатысу үлестері)













































* ҰҚН – ұйымдастырушылық-құқықтық нысан

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны туралы жиынтық ақпарат

ҰҚН

Еншілес ұйымдар

Бірінші деңгейдегі ұйымдар

Екінші деңгейдегі ұйымдар

Үшінші деңгейдегі ұйымдар

n деңгейдегі ұйымдар

Жиыны

АҚ







ЖШС







Өзге де ҰҚН







Жиыны







                                                                  ».

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 14 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады